Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік
университеті
м.ғ.д. профессор Тыныбаев Б.Г. магистрант Нурмуханова А.И.
Топырақтардың
мұнай және мұнай өнімдерімен ластануынан туындайтын
зардаптар.
Атырау облысы бұл- топырақ
жасақталудың далалық-шөлді типіне тән,
атмосфералық жауын-шашын мөлшері аз мөлшерде түсетін,
булану мөлшері жоғарғы, ауасы құрғақ,
көбіне-көп шығыстан құрғақ жел
соғатын аймақ. Бірақ бұл аталған фактілермен
қатар, топырақ жасақталу процесіне Каспий және
Жайықтың сулары да қатысады. Сондықтан топырақ
жамылғысының негізгі сипаттарына оның дамыған
микрорельефімен байланысты кешенділігі жатады. Мұнда жауын-шашынның
таралуындағы аз ғана өзгешеліктердің өзі
топырақтағы өсімдіктерге, топырақтың тұз
режиміне және гумификация процесіне айтарлықтай әсер
етеді.
Жайық өзенінің жағалауында
орналасқан көптеген ірі өнеркәсіп
орындарының суды,
құрлықты, атмосфералық ауаны ластауын және де жер
асты байлықтарын игеру кезіндегі олқылықтары салдарынан жедел
экологиялық жағдайлар туындайды. Бүгінгі күннің
өзекті мәселелеріне жерлердің экологиялық
балансының бұзылуы, Каспий теңізінің және
оның жағалауының мұнай және мұнай
өнімдерімен ластануы, акваторияның тұрмыстық
қалдықтармен ластануы, т.б. жатады.(Кочуров, 2003)
Топырақ жамылғысы – жер биосферасының
ең маңызды компоненттерінің бірі. Өйткені ол
биосферадағы көптеген процестерді реттейді. Топырақтың
негізгі қасиеті мен функциясы бұл- оның
өнімбергіштігінде, өйткені онда органикалық биомассаның
түзілуі жүреді. Топырақ өсімдіктердің
өсіп-өнуін қамтамасыз етеді, ал өсімдіктер өз
кезегінде күн энергиясын мұхиттың тірі организмдерімен
салыстырғанда 9 есе интенсивті тұтынады. Топырақ арқылы
биосферадағы оттегі, көміртегі, азот, фосфор, калий, магний,
күкірт т.б. маңызды элементтер айналымы жүреді. Топырақтың
тағы бір маңыды тұстарының бірі онда түрлі
органикалық, химиялық заттар және энергия жинақталады.
Бұлармен бірге топырақ жамылғысы түрлі ластаушыларды жұтушы,
ыдыратушы және нейтралдаушы болып табылады. Осылайша топырақ
биосферадағы ауыстырылмас механизм түрі саналады.
Жерлердің өнімбергіштігінің
төмендеуінің негізгі себептері эрозиямен, суармалы жерлердің
2-ші ретті тұздануымен, кәсіпорындар, елді-мекендер, жолдар
салуға арналумен, сондай-ақ әртүрлі зиянды заттармен
ластануымен байланысты. Топыраққа мүлде көп
мөлшерде түсетін әсерлер мен ауыртпалықтар салдарынан
далалық фитоценоздардың деградациясының дамуына және
аумақтың шөлейттенуіне әкеп соғады.

Жел және су эрозиясы.
Жер ресурстарына және жалпы қоршаған
ортаға орны толмас зиянды топырақ эрозиясы тигізуде. Ал су эрозиясы
болса топырақтан оның құрамындағы
байланыспаған бөлшектерді, азот, фосфор, калий, кальций және
т.б. элементтерді әкетуде. Сумен шайылған аймақтар
көбіне батпақтанады немесе сорланады да ұзақ
уақытқа дейін қолданыстан шығады.
Топырақтардың өздігінен қалпына келуі
өнімбергіштікті жоғалтқан күннен бастап 2-10 жыл
аралығында жүреді. Топырақтардың шалшық,
қар, жауын-шашын суларымен 3 градус еңістікте шайылуы салдарынан
ойыс- шұңқырлар пайда болады. Бос топырақтарда жел
эрозиясы жылдың әртүрлі мезгілдерінде және кез-келген
желде орын алады. Эрозияның бұл түрі әсіресе көктемде
жер жыртылған, бірақ әлі ауыл шаруашылығы
өнімдері дами қоймаған кездердегі 15 м/с жылдамдықпен
соғатын желдермен қауіпті болып саналады.
Топырақтың
тұздануы. Жерлер мен
топырақтың тұздануы кезінде олардың
құрамында суда еритін кешенді натрий және магний
иондарының жинақталуы жүреді. Жалпы айтқанда
тұздану бұл - оның құрамына артық
мөлшерде суда еритін тұздардың жинақталуы және
топырақ ортасының катионды-анионды құрамының
өзгеруімен сипатталады.
Сілтілі топырақтардағы зиянды
заттарды бастапқыда күкірт қышқылымен және темір
сульфидімен өңделген гипспен нитралдайды, ал содан соң пайда
болған тез еритін тұздарды сумен шаяды. Тұздалған
топырақты мелиорациялаудың бұл тәсілі өте
кең таралған, бірақ оның нәтижелігі шаятын
сулардың мүмкіндігіне тікелей байланысты. Кей кездерде шаятын сулар
жер асты суларымен бірігіп, олардың дәрежесін арттыра түседі
де, кері әсер етеді. Нәтижесінде жер асты суларының
көтерілуі салдарынан топырақтың 2-ші ретті тұздану
қауіпі суармалы массивтерде көбейе түседі.
Топырақ
жамылғысының деградациясы. Топырақ бұл баяу қалпына келетін сыртқы ортадан келіп
түсетін әсерлерге белгілі мөлшерде жауап қайтаратын
құрылым. Бұл әсерлер топырақ
компоненттерінің өзара және өзге де биосфера
компоненттерімен әсерлесуі нәтижесінде пайда болады. Бірақ
топырақтың бұл қалпына келу қабілеті
үздіксіз емес.
Топырақтың
мұнаймен ластану себептері. Мұнайды өндіру және
өңдеу кезінде пайда болатын негізгі ластаушылар
көмірсутегілер-48% және көміртегі оксиді 44% болып табылады.
Бұлардан басқа мұнай құрамында 30 түрлі металдар
кездеседі, олардың ішіндегі концентрациясы жоғарылары ванадий мен
никельге тән.
Көптеген
басқа антропогендік әсерлерден, мұнаймен ластанудың
айырмашылығы олар қоршаған табиғи ортаға кешенді
түрде әсер етеді де тез байқалатын жағымсыз кері
әсерлермен сипатталады. Мұнай және мұнай өнімдері
қоршаған ортаны кең көлемде ластаушылардың
негізгісі саналады. Барлық дерлік мұнай тасымалы кезіндегі апаттар
табиғат кешендеріне орны толмас зардап әкеледі. Мұнай өндіруде орын алатын
апаттық жағдайлардың пайда болуы көбіне
бұрғылау қондырғыларының және
мұнай-газ өндіруші құрылғылардың ескі типін
қолданудан болады. Көпшілік кәсіпорындар мен өндіріс
орындары қазіргі заманғы талаптарға сай емес, және олар
физикалық тұрғыдан ескірген әрі сенімділігі аз.
Бұлармен қатар мұнай төгілу апаттары мұнай тасушы
құбырлардың ұзындығымен және төменгі
сапалығымен байланысты. Тіпті кейбір мұнай тасушы құбыр
желілер технологиялық талаптарға сай емес жасалған.
Мұнай төгілу апаттарының басым
бөлігі табиғи кешендерге өте ауыр және көп
жағдайларда қалпына келуі қиын залалдар әкеледі. Осы
апаттар кезінде мұнай топырақтың терең
қабаттарына, тіпті жер асты суларына дейін сіңіп кетеді.
Органогенді горизонттарда жоғарғы молекулулы мұнай
компаненттерінің аккумуляциясы жүреді. Олардың құрамында
смолалы-асфальтті заттар және циклді байланыстар болады. Метанды
көмірсутектер, смолалар және асфальтті заттар баяу ыдырайды,
сондай-ақ топырақтың сулы – физикалық
құрылымын бұзады. Неғұрлым қозғалмалы
жеңіл фракциялар жер асты суларына дейін жетеді, бірақ
олардың көп бөлігі жыл ішінде ыдырап кетеді және
буланады.
Ұңғылардың
жұмысы кезіндегі мұнай мен газдардың үнемі
төгілуі салдарынан ландшафтардың деградациясы пайда болады.
Осылайша, мұнайды өндіру, өңдеу және тасымалдау
бүгінгі күні Атырау облсы ғана емес, бүкіл Қазақстан
үшін айтарлықтай экологиялық мәселеге айналып отыр.
Қоршаған ортаға
неғұрлым зиянды болып табылатыны бұл- мұнайдың
сыртқы ортаға төгілуі. Оның қауіптілігі сонша,
қоршаған табиғи орта бұл апаттардан өсімдіктер
мен жануарлар дүниесіне еш зияны келместен қалпына келу механизмін
әлі жасап шығарған емес.
Мұнайдың төгілулері
барлық дерлік тіршілік иелерін жойып жібереді, оған мысал ретінде
қурап кеткен ормандарды, сорларды, батпақтарды, жарамсыз боп
қалған жерлерді алуға болады. Көптеген зерттеу жұмыстары
жүргізілсе де, мұнай және мұнай өнімдерінің
экожүйе компоненттеріне әсері толығымен зерттеле
қойған жоқ.
Егер де осы баға жетпес «топырақ»
деп аталатын құрылым көп мөлшерде бұзылса немесе
жойылса, онда бүкіл биосферадағы функциялар да бұзылады.
Осыған байланысты қазіргі таңдағы топырақ
топырақ жамылғысын және оның антропогендік
әсерлер салдарынан бұзылуын зерттеу ең өзекті кезек
күттірмес мәселелердің бірі.
Мұнай төгілулерін тазалау
бұл тек аумақтағы санитарлық жағдайды
жақсартып қана қоймай, сол аумақпен шектесетін
технологиялық объектілерді, су және ауа қоршаған орта
жағдайларына да әсер етіп жақсартады. Мұнай тасушы
құбырларды жүргізу кезінде тек қана топырақ
жамылғысына ғана әсер етіп қоймай, түгел
ландшафтқа да әсер етеді. Топырақ жамылғысының
механикалық әсерлермен бұзылуы бір ендірілетін
технологиялық қондырғылар мөлшеріне, ал екінші
жағынан әртүрлі аумақтардың табиғи
ортасының жаралануымен байланысты болады. Құрылыс – монтажды
және жөндеу жұмыстары
топырақ қабаттарына, гумустықұрамына,
өнімділігіне әсер етіп қана қоймай, оны токсинді
заттармен де ластайды.
Сондықтан қандайма болсын
топыраққа тікелей немесе жанама әсер кезінде де,
қоршаған ортаға әсерін толық қанды зерттеп
алған дұрыс. Сонымен қатар бүлінген, ластанған
жерлерді қалпына келтіру қалтамызға қанша қиын
тиседе, маңызды болып қала бермек.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1 Облыстық
қоғамдық-саяси «Атырау» газеті, №136. 14 қараша, 2009
ж.
2
Микробиологические и физико-химические исследования почв Казахстана.
Алма-Ата – 1963 г. Труды Института
почвоведения. Том 14. 3-62 б.
3
АТЫРАУ: Энциклопедия. –Алматы: Атамұра, 2000.-10 – 40 бб.
4 Жамалбеков
Е., Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы
мен
экологиясы: Оқулық. –
Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 50-64 б.
5 Онгарбаев Е.К., Мансуров З.А. Нефтяные отходы и способы их утилизации. - Алматы: 2003.- 160с.-№4.-С. 134-140.
6
Жанбуршин Е.Т. Проблемы загрязнения окружающей среды нефтегазовой отраслью
Республики Казахстан // Нефть и газ. - 2005. - №2.-С.84-92.
7
Трофимов С.С., Таранов С.А. Особенности почвообразования в техногенных
экосистемах // Почвоведение. - 1987. - № 11. – С.25-30.
8 Пиковский Ю.И. Трансформация техногенных потоков нефти в
почвенных экосистемах. М.: Мир. - 1988. - С.89-91.
9 Горлов В.Д., Лозановская И.Н. Биолого-экологические критерии
рекультивации земель и их эффективность // Почвоведение. - 1984. - № 10. -
С.35-40.
10 Терещенко
Н.Н., Лушников С.В. Биологическая рекультивация нефтезагрязненных земель//
Нефть и газ Казахстана. - 2005. - №2. – С.
11 Терещенко
Н.Н., Лушников С.В., Митрофанова Н.А., Пилипенко С.В Особенности биологической
рекультивации нефтезагрязненных и техногенно засоленных почв // Экология и
промышленность. - 2005. - №6