Экономические науки/ Экономика предприятия

 

Дулибаева Жанар

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 «Экономика» мамандығының 1 курс магистранты

Ерниязова Жанат Нурахметовна

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к

 

Қазақстан Республикасында электр желілері компанияларының қызметін мемлекеттік реттеу мәселелері

 

Электрмен қамтамасыз ету «қызмет көрсету индустриясы» сияқты тұтынушылардың сұранысына жеткілікті тауар шығаруы тиіс. Мұндай коммерциялық оңтайлану басқалардан бірден ерекше көзге түседі. Көптеген мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың коммуналды қызметтерінде орын алған, олар шығынды есептеудің жетілмеген әдістерін қолданып келеді. Көптеген қарама-қайшы есептерді шешуге мәжбүр және қаржылық қауіп-қатерлер мен ұсынылатын қызмет сапасына аз  көңіл бөледі.

Көптеген экономикалық, әлеуметтік және саяси есептерді шешу үшін мемлекеттік ведомстволар тепе-теңдікті қажет ететін амалдарды пайдалануға тура келеді және де осы есептерді шешу барлық мемлекеттік сектордың құрылымында байқалады, тіпті энергетика кәсіпорнында – бұл қарапайым көрініс. Дәл осылай персоналды басқарудағы мемлекеттік секторда жиі кедергі жасайтын шектеулер кездеседі: жауапкершілікті қамтамасыз етуде және жақсы көрсеткіштер үшін сыйақылардың болмауы. Сонымен бірге, көптеген жағдайларда мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржысы мыналарға: бюджетке, баға құрау облысындағы шешімдерге, саяси ойлау маңызды рөл атқаратын кезде тәуелді. Аталған факторлар өндірісті оңтайлы түрде ұйымдастыруға  жиі кедергі келтіреді. Осы жерде өндірушілерді, энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдарды және тұтынушыларды да ынталандыру  керек. Себебі энергетикалық ресурстар уақыт өте қымбаттайды. Ал энергияның қымбаттауы – бұл объективті нәрсе, мүкіндігінше бағаның көтерілуіне дайын болу керек. Егер баға көтерілген болса, бұған техника, ақпараттар жағынан әр уақытта дайын болу керек [1].

Қазақстан Республикасының электр энергетикасының нарықтық қатынастарын ары қарай дамыту мақсатында және электр энергетикасы салаларын басқаруда Қазақстан Үкіметінде қаулы қабылданды. Онда 2011-2020 жылдар кезеңі бойынша негізгі тапсырмалар белгіленді. Бұл қаулының қолдауымен Қазақстан Республикасының электр энергетикасының нарықтық қатынастарының ары қарай дамуының тұжырымдамасында талап етілген келесі негізгі мәселелеріне тоқталып кетейік, олар:

- өндіріс-тұтынуының келісімдік және нақтылық шамасы арасында тепе-теңдікті ұстап тұруды қамтамасыз ететін, және «осы уақыт» тәртібіндегі Қазақстанның Біріккен энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын тасымалдауда реттеу мен басқарудың жетілген нарықтық механизмінің болмауы;

- нормативті және нормативтен жоғары шығындарды азайтуға аймақтық электр желілері компанияларындағы ынталарының жоқтығы және аймақтық деңгей желілерінде электр энергиясын тасымалдаудың баға бойынша реттеу әдістемесінің жетілмеуі;

- бөлшек сауда тұтынушылардың электр энергиясын тасымалдау мен тарату бойынша қызметтерін яғни негізгі функцияларды іске асырудағы шығындарды басқару механизмдерінде аудандық электр желілерін бөлек есепке алмауы.

Электр энергетикасында нарықтық реформаларды жүргізудің жалпы мәселесі: ішкі нарықтағы электр энергиясын сағаттық сатуды басқарудың, есепке алу және бақылаудың және нарық субъекттеріндегі шығындарды коммерциялық есепке алудың қажетті жүйелерінің болмауы болып табылады. Белгіленген мәселе желілік компаниялардың қаржылық тұрақтылығына мүмкіндік туғызбайды, электр энергетикасы саласындағы қарқындылықты азайтады, нарықтық қатынастардың ары қарай дамуын тежейді.

Электр энергетикасы саласында мемлекеттік реттеу механизіміне келесілерді жатқызуға болады:

1.       Нарықта бәсекелестік жолымен жеткізушілердің электр және жылу энергиясын таңдау құқығына тұтынушыға кепілдік беретін, электр және энергия тұтынушыларының сұранысын мүмкіндігінше қанағаттандыру.

2.       Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кешенін тұрақты және сенімді қамтамасыз ету.

3.       Мемлекеттің әлеуметтік және шаруашылық–экономикалық кешендерінің өмір сүруін қамтамасыз етудің маңызды жүйесі ретінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасының кешенін басқарудың тұтастығы.

4.       Басқару негізінде электр энергетикасы кешенін және бәсекелестікті дамыту.

5.       Тұтынушыға кез келген жеткізушінің электр және жылу энергиясын таңдау құқысын беруі.

6.       Табиғи монополия саласында іс-әрекетті реттеу, сонымен қатар мемлекеттік энергия өндірушілерді реттеуде шарттар жасау.

7.       Энергияны жан-жақты және үнемді қолдану.

8.       Электр энергетикасы кешенін дамыту мен қайта жаңартуға инвестиция салу.

9.       Қоршаған ортаны қорғау, электрлік және энергетикалық қондырғы мен электр энергиясын тасымалдау желісін пайдаланудағы құрылыс қаупсіздігі мен сенімділігі бойынша шарттар құру.

Сонымен желілік компанияларды реттеу органдарының қызметтеріне тоқталайық.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласына мемлекеттік басқаруды және бақылауды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органы ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігі болып табылады. Ол, сонымен қатар, лицензиялауды және мемлекеттік энергетикалық қадағалауды жүзеге асырады.

Монополистердің өнімге және қызметке бағаларды (тарифтерді), сондай-ақ бөлшек тұтынушыларға арналған соңғы тұтынушылар тарифтерін мемлекеттік реттеуді ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі жүзеге асырады.

ҚР ұлттық электр желілерін пайдалануды және барлық электр энергетикасы жүйесіндегі субъекттерді шұғыл-диспетчерлік басқаруды «KEGOС» АҚ - Ұлттық компаниясы жүзеге асырады.

Тұтасымен, электр энергетикасын мемлекеттік басқару құрылымы электр энергиясы рыногының жұмыс істеуіне және дамытуға байланысты  жүзеге асады [2].

Энергия өніміне бағаны мемлекеттік реттеу энергияның өндірушілер мен пайдаланушылар арасындағы қызығушылықтардың тепе–теңдігін есептей отырып, жылу және электр энергиясының тарифін реттеу жолымен жүзеге асады. Теңдестірілген тарифтер мыналарды қамтамасыз етеді:

- электр және жылу энергиясы құнының монополиялық өсуін болдырмайды;

- энергетикалық кәсіпорындардың өзін - өзі қаржыландыруы;

- белгілі бір уақытта электр энергетикасы саласында жұмсалған қаржыларды қайтару.

Қызығушылықтардың тепе – теңдігі, сонымен қатар:

а) энергиямен қамтамасыз ету сенімділігінің деңгейі мен құны;

ә) қоршаған ортаны (ауа, су, жер) қорғауға кеткен шығындар;

б) энергетикалық қондырғылардың (кернеу, шу, электрстатикалық өріс және т.б.) қауіпсіздігі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шығындары арасындағы келісушіліктердің қажеттілігінен туындауы керек.

Энергетика саласындағы мемлекеттік реттеу келесі негізгі мақсаттар мен міндеттерді анықтайды:

- бар заңдылықпен сәйкестендіріп отын – энергетика кешеніндегі табиғи монополиялардың өнімге деген баға мен тарифті мемлекеттік реттеу;

- табиғи монополия субъекттерінің өнімдерін (қызметтерін) пайдаланушылар үшін арзаншылықты қамтамасыз ететін отын – энергетика ресурстарын өндірушілері мен оны тұтынушыларының экономикалық қызығушылықтарының тепе – теңдігіне жету;

- отын–энергетика кешеніндегі табиғи монополиялық субъекттер қызметінің саласында бәсекелестік ортаны қалыптастыру.

Негізгі функциялар болып:

- бағалық реттеуді қосқандағы электр және жылу энергиясын тарату бойынша табиғи монополиялар субъекттерінің қызметін бақылау және реттеу [3];

- міндетті түрде қызметке жататын пайдаланушыларды анықтау немесе табиғи монополия субъекттерімен іске асатын өнімнің (қызметтің) қажеттілігінің толық көлеміндегі қанағаттандырудың мүмкін болмаған жағдайда оларды қамтамасыз етудің минималды деңгейін анықтау;

- электр және жылу энергиясына тарифтерді мемлекеттік реттеу болып саналады.

Мемлекеттің жағынан кез-келген компанияға енгізілген капиталдың альтернативті құндылығы мен өндірістік шығынын жабу қажеттілігін реттеудің дұрыс ережесі әрқашанда монополистерге ұйғарымды табыс деңгейін алуға мүмкіндік беретін желілік компаниялар қызметінің «табиғи монополист» болмауына қандайда бір деңгейде тірек болып тұра алады. Алайда, ондай 100 % тиімді реттеуге мүмкіндік беретін механизмдер жоқтың қасы.

Өткенге тоқталатын болсақ, ресми мәліметтер бойынша энергия өндіруші ұйымдарды жекешелендіргеннен кейін олардың бір жылдың ішінде өзінің бағасын 2%-ға төмендеуі кездейсоқ жағдай емес, ал аймақаралық деңгейдегі желілермен тасымалданатын электр энергиясының бағасы осы кезеңде 1%-ға, аймақтық деңгейдің желілері бойынша оның жолына кеткен орташаланған тариф деңгейі 14,5%-ға қымбаттады. Осының өзі аймақаралық пен аймақтық желілері компанияларының қызметтерінің бағаларын төмендетуге бағытталған реттеу механизмдерін жетілмегенін көрсетеді.

Мемлекеттік реттеудегі әр түрлі механизмдер мен түсініктерге қарамастан реттеу құралдарының қатарына мыналарды жатқызуға болады:

-                       басқаратын нормативтерді орнату;

-                       орындауға міндетті жеке ережелерді алдын-ала дайындау;

-                       өтініштерді, сұрауларды, қаулыларды және тағы басқа «төменнен» шығатын ынталарды қарастыру;

-                       әртүрлі қарқындарды қолдану;

-                       қызметті қадағалауды іске асыру мақсатымен басқарылатын шешімдерді орындау процесін бақылауды жүзеге асыру.

Мемлекет бағалар мен табыстарды реттеумен қатар, энергияны сақтау (үнемді жұмсау) саясатын жүргізіп келеді. Бүгінде жұмыс істеп тұрған шығын ұстанымы бойынша тарифтерді қалыптастыру әдіснамасы (методолгиясы) салық салу әдісімен бірге электр және жылу энергетикалық кәсіпорындарын энергия сақтауға ынталандырмайды. «Энергия сақтау жөніндегі» заңда, энергия сақтау жүйесін энергиямен қамтамасыз ету жүйесін эффективті дамытуға жауапкершілік қарастырылмаған.

Энергия ресурстарын үнемдеу мәселесін екіге бөлуге болады: өндірушілердің үнемдеуі және тұтынушылардың үнемдеуі.

Өндіруші бүгінде жеткілікті күрделі жағдайдан өтуде. Ол бүгінгі сұранысты қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде «неліктен ?» және «қалай ?» деген сұрақ туады. Өндіруші тапсырылған көлемде өндірісті және энергия ресурстарын тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті болған жағдайда ол сұранысты басқаруға ұмтылады. 

Бүкіл әлем тұтыну көлемінің артуын қадағалайды. Аз тұтынсаң – аз төлейсің. Бізде халық электр энергиясының шынайы құнының 50%-ін төлейді. Әр-қайсысы энергия ресурстарының өз нормасын алуға тиіс.

Энергия сақтау (үнемдеу)  мен энергия тиімділігін көтеру болашағы бәрінен бұрын ресурсты сақтау мен экологиялық басымдылықтардың жалпы әлемдік беталысының арқасында болады. Бұл жағдайда энергия сақтау технологияларын ғана емес, сонымен қатар оны жүзеге асырудың ұйымдық – қаржылық әдістерін қолдану болып табылады.

Осы ережелерді анықтау аспаптарын айтуға болады, олар - тұтынушыларға арналған бірыңғай «мөлдір» тарифтер белгілеу, 5-10 жылға саланы жаңартудың және техникалық қайта жарақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы.

Әлемдік тәжірибе энергия сақтау ресурстарының жаңа энергетикалық қуаттарды салудан арзанға түсетінін дәлелдеді. Энергетикалық компаниялардың тура немесе жанама дамуы тарифтерді жиі көтеру нәтижесінде қаржыландырылады. Тұтынушылардың энергия сақтау бағдарламасын қаржыландырудың қайнар көзі, энергия сақтаушы компаниялардың қалдықтар үшін төлемдері болуы мүмкін. Бұл барлығына әрі аймақтарға өзара тиімді.

Тұтынушылардың энергия сақтау мекемелерімен өзара қарым–қатынасуға қызығушылығының мәселесі, энергия сақтаушы мекеме, тұтынушыға сенімді, тұрақты және сапалы энергия сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Энергияны тұтынушыға беру кезеңіндегі кез-келген жүйедегі ақау, апат оның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, энергияның босқа шығындалуына әкеп соғады. Тұтынушы орнатылмаған энергия үнемдеуші технология құнынан, әлдеқайда көп шығынға ұшырайды. Энергия сақтаушы мекеме азаматтық кодекс бойынша, энергия сақтауға байланысты жұмсалған шығынды қайтаруы тиіс. Тұтынушы энергия үнемдеуші технологияны енгізу нәтижесі энергияны тұтыну көлемінің  азаюына алып келсе, өндіруші не тасымалдаушы кәсіпорындар үшін олардың бюджетіне келіп түсетін қаражатының қысқаруына әкеп соғады.

Тұтынушылар электр энергиясының үнемделуіне мүдделі. Энергетикалық кәсіпорындар бұл мәселеге қызығушылық көрсетпейді. Алайда, энергияны үнемдеу өндірістік зиянды қалдықтардың қысқаруына әкеледі. Энергетикалық кәсіпорынның энергияны тұтынушыларға үнемдеуге қызығушылығы, кәсіпорынның қалдықтарға салықтың төмендеуімен іске асырылуы мүмкін. 

Кез-келген электр энергиясын тұтынудың төмендеуі энергиямен қамтамасыз етуші кәсіпорынды шығынға ұшыратады. Энергиямен қамтамасыз етуші кәсіпорын тарифтерді көтеру туралы мәселе қоюға құқылы. Нәтижесінде мәселені шешу үшін барлық қатысушылардың ұйымдық және зерттеу шараларын жүргізу керек.

Айта кететін бір мәселе, эффективті басқару сенімді ақпаратсыз жүзеге аспайды. Сызықты басқарушылар, мамандар әрқашанда көптеген стратегиялық және тактикалық шешімдерді қабылдауға арналған еңбек ресурстары және басқа да ресурстары жайлы жаңа деталды аналитикалық ақпаратты қажет етеді [4].

Көбінесе статикалық ресурс деп аталатын статикалық мәліметтердің жинақталуын және өңделуінен құрылған «адамзат ресурстары» немесе өзіміз айтып өткендей белсенді жүйелер теориясындағы белсенді элементтер ұйымдастыруы керек. Динамиканы бақылайтын көрсеткіштері, мекеме спецификасы- қызметтің түрі мен масштабын, стратегиялық бағытын, мекемелік құрылымын және мәдениетін адамзат ресурстарының бөлімі ұйғаруы тиіс. Бірақ әр мекеме статикалық көрсеткішінің мәніне сай жұмысының қызмет көрсету динамикасына (еңбек өнімділігі, жұмыс күшіне шығындалуы, кәсіпкерлік білім беру) үлкен көңіл бөлінуі тиіс.

Осыдан мекеменің шапшаң дамуы және онда қазіргі заманғы ақпараттың және телекоммуникациялық технологиялардың енгізілуі келіп шығады. Айнымалы шығынды кеміту өнеркәсіптің интеллектуалды потенциалы, ғылым және білім арқылы жүзеге асады. Мұндай интеграция қатысушыларға өте қарапайым және өзара қолайлы, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар негізінде бірыңғай ақпараттық кеңістік шартында орындалады. Маңызды шығынды талап етпейтін біріктіру көзін табу керек.

Қазіргі кезде объективті экономикалық факторларға байланысты АЭК-тің көпшілігі электр энергиясын өндіретін жергілікті энергия көздерінен алады және көбінесе ауылдық тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету қызметімен айналысады. Сонымен қатар нормативті құжаттарға қарамастан, олар «KEGOC» АҚ (ұлттық аймақаралық электр желілері компаниясы) жағынан негізделмеген бәсекеден қорғалынбаған.

Сонымен бірге Үкіметтің орта және ұзақ мерзімді бағдарламалық құжаттарында айтылған жергілікті деңгейдегі мемлекеттік саясат энергия көзімен қамтамасыз етудегі желілердің бүтіндігін сақтау, олардың ұзақ мерзімде дамуын және электр энергиясы нарығындағы бәсекенің адал реттелуі және дамытылуы болып отыр. Мемлекетпен басқарылатын АЭК-лар тек қана осы шарттарды орындағанда ғана, жергілікті жерлердегі (көбінесе ауылдық жерлердегі) электр энергиясын тұтынушыларға сенімді және сапалы кепілі бола алады. Ал мемлекеттік саясаттың екінші бір жағы ол - жақын болашақта ауылдық жерлердің әлеуметтік жағдайын жаңарту болып табылады [5].

Өнеркәсіп тұтынушысы энергияға тарифтің орнатылуына қатыса алмауы тұтынушылар мен өндірушілердің экономикалық ынтасын, теңпайдалылық принципін бұзады. Зерттеулер энергетикалық компаниялар тарифтің өлшемді бағамы жоғары болған кезеңінде жергілікті монополияға қарсы органдарда өз тарифін бекітіп алып, содан кейін ұзақ мерзімде олардың қайта қаралуы жөнінде ұсыныс бермейтінін айтуға болады. Жалпы айтқанда, тұтынушылар қымбат энергияға төлеуді жалғастыруда.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1     Храпунов В.В. Электроэнергетическая политика Казахстана. - Алматы: Гылым, 1996. - 160 с.

2     Андреев В.В. Проблемы мотивации руководителей и специалистов на промышленных  предприятиях // Управление персоналом. – 1998. – №10.

3     Виссема Х. Менеджмент в подразделениях фирмы. – М.: БИНОМ, - 1997.

4     Алимбаев А.А., Ахметов С.Н., Жунусов К.М. Формирование и развитие информационных систем управления в промышленности Казахстана: концепция комплексного реинжиниринга.- Караганды:Арко, 2001.-261с.

5     Жамуханов Т.У. Региональный оптово–розничный рынок  электроэнергетики и развитие электроэнергетического сектора // Энергетика и топливные ресурсы Казахстана. - 2001. - №3. – С.48-54.