Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі

Жетекші:Садуллаева Айгүл Пайзуллаевна

Орындаған:Жанакова Балнұр ,

экономика мамандығы 3-курс

 

Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік

 

      Кәсіпкерлік-бұл  коммерциялық табысқа жетуді көздейтін , кәсіпкердің белгілі бір шаруашылықпен айналыса  отырып,қоғам сұранысын қанағаттандыруы  болып табылады.Ол нарықтық экономика жағдайында  қоғамның тұрақты өмір сүруінің  кепілі ретінде саналады.Қазіргі таңда Қазақстан үшін кәсіпкерліктің дамуы экономикаға  тек оң әсерін тигізетіндіктен , мемлекет үшін оның дамуы аса маңызды факторға ие.    Шағын кәсіпкерліктің  артықшылықтары: бәсекелі нарықтық өрісін кеңейтеді; айрықша қажеттіліктерді(пәтерлерді жөндеу, көшірме, көлік жөндеу, ұсақ сауда т.б.) қанағаттандыру мүмкіншілігі, өзгерістерге тез икемделу қабілеттілігі; жаңа тауарларды, жұмыстардың жаңа тәсілдеріне тез бейімделуі. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген.Бұл бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс:

-ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып дамыту;

-салалық министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсетуі;

-несие беру ісіне жеке сектордың араласуы; шағын кәсіпкерлікті қолдау аясындағы нормативтік – құқықтық актілерді жетілдіру.

     Тәуелсіздік  алған жылдардан бастап шағын және орта бизнесті дамыту  туралы 6 ірі бағдарлама қабылданған.Кәсіпкерлік қызметті дамыту жөнінде  «Даму » қоры да құрылған.Дүниежүзілік Банктің рейтингісінде  Қазақстан Республикасы  шағын және орта бизнестің даму қарқыны бойынша жыл сайын алдыға жылжып келеді,дәл қазіргі таңда 47-ші орынды иеленген. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Атамекен»бірлестігі  ,әр түрлі ассоциациялар ,консалтингтік компаниялар т.с.с шаруашылық институттар жұмыс жүргізуде.

   ҚР бойынша  шағын және орта бизнесті қолдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:-шағын және орта бизнес үшін кадрлер дайындау,кадрлердің біліктілік деңгейлерін  көтеру;

-субъектілердің лицензия алуын,мемлекеттік тіркелуін оңайлату жұмыстарын ұйымдастыру;

-шағын және орта бизнес субъектілеріне жеңілдіктер жасау (салықтардан босату,кедендік баждардан жеңілдіктер қарастыру т.с.с)

-инвестицияларды тарту жүйесін жетілдіру,шетелдік инвестициялар тарту;

-шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру бағдарламаларын дамыту,тиімді қаржы көздерін қарастыру.

 Республика бойынша 2013- жылы  шаруашылық субъектілерінің ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі  93%,бұл дамыған елдермен салыстырғанда жоғары көрсеткіш.Мысалы салыстыратын болсақ, Германияда бұл көрсеткіш небәрі -57%, Ұлыбританияда -52%,АҚШ-та 52%,Францияда -50 %.

 

*Дүниежүзі бойынша елдердің шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі,%

   

    Негізінен ҚР-ның  шаруашылық субъектілері көбіне өндіруші салаларда басым қызмет атқарады.Статистикалық деректерге сүйенетін болсақ ҚР-ның шаруашылық субъектілеріның   80 %- өндіруші сала,20%-  өңдеуші  салаға бейімделген.

    Шағын кәсіпкерлік негізінде жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі анық байқалды.

Талдау бойынша 2007 жылы жұмыспен қамтылғандар саны 1,610054 адам болса,ол 2012 жылғы көрсеткіш бойынша ол   1,882340 адамға артып отыр.Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірісі  орта  кәсіпкерлік субъектілерінің өндірісінен 48%-ға артық.

 .

*ҚР-ның шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндіріс көлемі, млн тг

   Диаграммада көрсетілгендей  шағын кәсіпкерлік бойынша өндіріс көлемі 2011жылы-5369524млн тг,2012 жылы -7275779млн тг,2013 жылы -9252896 млн тг-ні құрап отыр.Бұл пайыздық көрсеткіш бойынша жыл сайын өндіріс көлемінің  25%-мөлщерде артқандығын көрсетіп отыр.

   ҚР-ы Президентінің «Жаңа онжылдық-Жаңа экономикалық өрлеу-Жаңа мүмкіндіктер» жолдауында  индустриалдық-инновациялық  дамудың басты бағыты ретінде аймақтардағы жеке кәсіпкерліктің шикізаттық емес секторда дамуын атап көрсеткен болатын.Осы жолдау негізінде «Жол картасы -2020» бағдарламасы іске қосылды.Бұл бағдарлама келесі бағыттарды жүзеге асырады:

1.Тауарларды экспортқа шығаруда қолдау көрсету

2.Кәсіпкерлік секторды  дамыту

3.Жаңа бизнес идеяларды қолдау

     Тек жеке кәсіпкерлікті қолдау мақсатында: «Қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерлікті қаржыландыру», «Бизнес-кеңесші»,мүмкіндігі шектеулі жандар  үшін «Даму-көмек» т.с.с бағдарламалар іске қосылған.

    Республикада шағын бизнесті дамыту жолындағы көптеген кедергілер бүгінгі күні жойылып жатқандығы айқын. Алайда, шағын бизнестің дамуына тежеу болатын күрделі проблемалар әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі проблемалар: шағын бизнесті қолдау, қорғау жөніндегі заңдық базаның күшінің төмендігі; шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі; несие беру құжаттарын толтырудың тым қиындығы; білімді кадрлардың жетіспеуі. Ал шағын бизнестің басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал,  кепілдікке беруге жарайтын мүлік шағын кәсіпорындардың керек несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан шағын кәсіпорындар кадр даярлау, банктік несие  алу ақпараттық қызметтеріне мұқтаж.Мемлекет қолдауымен жоғарыдағы бағдарламалар бойынша  2013 жылдың тамыз айының көрсеткіші мен   шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру ел экономикасын несиелендірудің жалпы көлемінің 13,6%-ын құраған.Шағын кəсіпкерлік субъектілерін несиелендіру 2013 жылдың  басынан бері 3,6% өссе, 2013 жылғы тамызда 1462,6 млрд.теңгеге дейін 0,2%-ға артқан. Салалар бойынша банктердің экономиканы несиелендіру анағұрлым айтарлықтай сомаға: саудаға – 19,4%, құрылысқа - 13,0%, өнеркəсіпке - 11,9%, көлікке - 3,3% жəне ауыл шаруашылығына - 3,1% тиесілі. 
   
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытпай, нарықтық экономиканы қалыптастыру да мүмкін емес. Өйткені, бұл – нарықтық қатынастарды алға жетелеуші буын болып саналады. Шағын кәсіпорындардың  дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек өндірістер  мен механизмдерді шығару жағдайында немесе жартылай фабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істей алатындығымен тиімді табыс көзі бола алады. Бұл арқылы шағын кәсіпкерліктің иесі де,сонымен бірге мемлекетте,ең бастысы қарапайым орта тап өкілдері өз сұраныстарын қанағаттандыра алады.

     Сондықтан шағын кәсіпкерліктің ҚР аумағында дамуы едәуір жоғарылауы, бұл- мемлекет тарапынан қолдау мақсатындағы бағдарламалармен дәлелденсе, ал олардың әлі күнге жоспардағыдай орындалмауы ,бұл-тікелей қарапайым халықтың бұл бағдарламалардың өзектілігімен ,тиімділігін жеткіліксіз деңгейде қабылдауы деп есептеймін.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     ҚР Статистика агенттігінің ресми сайты. www.stat.kz

2.     Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Экономика,2012 - №52,21-26 желтоқсан

3.     «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ж

4.     Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010

5.     ҚР кәсіпкерлікті қолдау қорының ресми сайты.  http://www.damu.kz