Б.Қуантқан, э.ғ.к.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ РӨЛІ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» дәстүрлі Халыққа жолдауында «Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы» деп атап өткен.

Сондықтан да, әлеуметтік саланың өзекті мәселесі жұмыссыздықты азайтудың бірден-бір жолы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі жоғары екендігін уақыт көрсетіп отыр.

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік экономиканың даму қар-қынын арттыра түсетінін көрсетеді. АҚШ-та барлық жұмыс күшінің 50 пайызы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімнің 33 пайызын нақ солар қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің 80 пайызы шағын кәсіпкерлікте жұмылдырылған, жаллы өнімнің 55 пайызы солардың үлесіне тиесілі. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік ғылыми-зертгеу жұмыстарының 3 пайызын ғана жүзеге асырса да, өндіріске енгізілетін ірі жаналықтардың 50 пайызын қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпорындардың экономикалык тиімділігі соншалықты айқындығы ірі кәсіпорындар жаңа өнім өндіруге жұмсаған бір доллар шығынмен салыстырғанда, осы көрсеткіштерпен шағын кәсіпорындар жаңа өнімдерді 17 есе көп шығарады, шағын фирмалар мен дербес өнертапқыштар жаңа технологияның 90 пайызынан астамын жасайды. Бұл деректер, шағын кәсіпорыңдардың экономикадағы елеулі рөлі мен маңызы туралы бұлтартпас дәлел бола алады.

Шағын және орта кәсіпорындар Қазақстан экономикасында жұмыссыздық мәселесін шешеуге өз ықпалын тигізіп отыр. Қазіргі уақытта республикамыздың еңбек нарығында жұмыспен қамтылғандардың санының өсуіне байланысты жұмыссыздықтың деңгейінің тұрақты төмендеуі (Кесте-1), жұмыспен қамтылудың құрылымдық өзгерістері көрініс тауып отыр. Кестеден көріп отырғандай, экономикалық белсенді халықтың (1997ж. – 7440,1 мың адамнан 2012ж. – 8981,9 мың адамды құраған, яғни абсолютті өсу 1541,8 мың адам болған) және жұмыспен қамтылғандардың санының өсуінде (1997ж. – 6472,3 мың адамнан 2012ж. – 8507,1 мың адамды құраған, яғни абсолютті өсу 2034,8 мың адам болған) жұмыссыздардың саны (1997ж. – 967,8 мың адамнан 2012ж. – 474,8 мың адамға төмендеген, яғни 493 мың адамға) өзгерістері байқалған. Жұмыссыздықтың деңгейі 2012 жылды 1997 жылмен салыстырғанда 7,7%-ға (атаған жылдары олардың көлемі сәйкесінше 5,3%-ды және 13,0%-ды құраған) төмендеген, экономикалық белсенділік деңгейі 2,9% (1997ж. - сәйкесінше 68,8% және 71,7%) өскен, жұмыспен қамтылудың деңгейі сәйкес кезеңдерде 7,7%-ға (1997ж. - 87,0% және 2012ж. -94,7%) өсті.

Кесте-1

Еңбек нарығының негізгі индикаторлары

Көрсеткшітер

1997ж.

1999ж.

2001ж.

2003ж.

2005ж.

2012ж.

Экономикалық белсенді халық, мың. адам

7440,1

7055,4

7479,1

7657,3

7901,7

8981,9

Экономикалық белсенділіктің деңгейі, %-пен

68,8

66,0

70,2

70,0

69,4

71,7

Жұмыспен қамтылған халық, мың. адам

6472,3

6105,4

6698,8

6985,2

7261,0

8507,1

Жұмыспен қамтылу деңгейі, %

87,0

86,5

89,6

91,2

91,9

94,7

Жұмыссыз халық, мың. адам

967,8

950,0

780,3

672,1

640,7

474,8

Жұмыссыздық деңгейі, %

13,0

13,5

10,4

8,8

8,1

5,3

 

1999 жылдан 2003 жылдар аралығында тіркелген жұмыссыздардың саны 108,6 мың адамға төмендеген немесе 43,2%-ға. Бұның себептерінің ішінде ең алдымен экономикалық өсуді атап кеткен жөн. Өз үлесін жұмыспен қамтылудың белсенді саясатын жүзеге асырудағы жергілікті атқарушы органдардың күшейтілген жұмыстары, оның ішінде: жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, шағын несиелерді беру, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу шаралары. Азаматтарды жұмыссыздар ретінде тіркеу талаптарын қатаңдату саясаты (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің берілуіне байланысты) енжарлылардың жұмыс іздеуге кірісуіне әсер етті. Еңбек нарығындағы жағдайды жақсартуда 2003-

2005жж. кедейшілікті төмендету Бағдарламасының енгізілуі үлкен рөл ойнады. 1999-2003жж. аралығындағы жұмыспен қамту органдарымен жұмысқа орналастырылған азаматтардың үлес салмағы (талап етушілердің санынан пайызбен) 20,1% -дан 56,5%-ға дейін өсті (айырмасы 36,4%).

Шағын және орта бизнесті дамытудың және қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары кәсіпкерліктің кеңеюі мен жұмыссыздықты қысқартуда өз әсерін тигізді.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс: ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып дамыту; салалық министрліктердің өңдірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті дамытуға колдау көрсетуі; несие беру ісіне жеке сектордың араласуы; шағын кәсіпкерлікті колдау аясындағы нормативтік-құкықтық актілерді жетілдіру; сақтандыру жүйесін ұйымдастыру.

Сондықтан, несие алу мүмкіндігін кеңейту және несие беру уақытын ұзарту мен пайыздық мөлшерін азайту, шағын және орта бизнесті қолдау, қоргау жөніндегі заңдық базаны жетілдіру мәселелерін шешу бүгінгі уақыт талабы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан халқына Жолдауы //Егемен Қазақстан. – 2014. – 17 қаңтар.

2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Нормативтік актілер жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 234 б.

3. Байболов А. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының жағдайы және даму болашағы //Экономика и статистка. – 2005. - №2, 109-112 б.

4. Байтүгелов О.Б. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының дамуы //Вестник Университет Кайнар. – 2003. - №1, 52-56 б.

5. Қинашева Ж. Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің рөлі //Ақиқат. – 2002. - №2, 57-61 б.

6. Тутенов Б. Роль малого бизнеса в решении проблемы занятости //Транзитная экономика. – 2000. - №3, 69-76 с.

7. Брошюра «Казахстан сегодня» /на русском языке/ 42 стр.