Экономические науки/2. Внешнеэкономическая деятельность.

Магистрант  Кемал Д. С.

 

Каспийский государственный университет технологии и инжиниринга им Ш.Есенова

 

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болуындағы ауыл шаруашылық саласына келетін әсері

 

 

Қазақстан Республикасының ашық экономикасы мен қайта құрудағы жеткен жетістіктері Қазақстанға әлемдік, ауыл шаруашылық, экономикалық және техникалық үрдістердің дамуына мүмкіндік береді.

Қазақстан экономикасының аса маңызды салаларының бірі ауыл шаруашылығы (азық – түлік өнеркәсібі) болып табылады.

1-сурет. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер көлемі көлемі 216, 7 (млн. га)

 

Ақпарат көзі: Автормен құрылды

Қазақстанда көмекті қажет ететін салалардың бірі - ауыл шаруашылығы. Тек бұл сала бойынша ДСҰ шеңберінде дотациялар мен субсидиялар көзделген. Алайда қосылушы елдердің ең киын келісімсөздер кезеңі осы сала бойынша жүргізіледі. Қазақстан үшін бұл экономика-құраушы салалардың бірі. Ауылда ұлттық генефонд жинақталады, ауыл тұрғындары ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлерді, рухани құндылықтарды өз бойларында сақтайды және таралады. Сондықтан ауылдың дамуы Қазақстан үкіметінің ұзақ мерзімге бағытталған әлеуметтік- экономикалық мақсаттарының бірі. Азық-түлік қауіпсіздігі – сыртқы орта жағдайларын сақтай отыра, қол жеткізімді бағамен, сапасы жақсы, жеткілікті көлемде өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету. 90 жылдары ДСҰ-да 15 елдермен ауыл шаруашылығының көпжақтылық концепциясы қабылданған, ол бұл салаға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. ДСҰ-да бұл концепцияны Жапония, Корея, Швейцария, Норвегия, ЕО қолданылады. [1]

Қазақстан үшін бұл саланың маңызы ерекше. Оның дамуы мемлекетке мультипликациялық әсерін тигізеді. Бір жағынан ол өзі өндіріс салаларын шикізатпен қамтамасыз ететін болса, екінші жағынан өзі ауыл шаруашылық техника, құрылыс, көлік салаларының өнімдерін тұтынады. Осылайша сала басқа салалардағы жұмыс орындары деңгейін сақтай отыра, олардың өнімдеріне сұранысты қамтамасыз етеді.

 Қазақстанның кейбір ерекше жағдайларын ескеру қажет. Астық шаруашылығының көп бөлігі тәуекелі жоғары жер өңдеу зонасында орналасқан: 2-3 жыл жағымды климат жағдайлары 1-2 жыл жағымсыз климат жағдайларымен алмасады. Мал шаруашылығы да үлкен тәуекелмен дамиды. АҚШ және Еуропа елдеріне қарағанда, әр өндіріс үлкен территория өңдеуге, техника және адам ресурстарын тартуға мәжбүр болады. [2]

Ауыл шаруашылығына көмек көрсетуден бас тартуға болмайды, өйткені ол ел үшін көптеген тәуекелді жағдайларды тудыруы мүмкін, өнеркәсіп өндірісінде бәсекенің әсері оларды жаңартуға көмектессе, ауыл шаруашылығы импортталатын тауарлармен бәсекеге түсе алмайды да,  нәтижесінде құлдырауға ұшырайды, 6 млн. адам қалалар мен көршілес мемлекеттерге миграциялауға мәжбүр болады. Онда қалаларда жұмыссыздар саны шектен тыс асып түсіп, мемлекетте кедейлік, қылмыстық өсе түседі де, тұрақсыз саяси жағдай туындайды.

Қазақстан ет пен астықты стратегиялық маңызды өнім ретінде         ДСҰ-ның келісімдерінен алып тастауды талап етуі керек. Алайда мұндай жағдайда ауыл шаруашылық экспортын субсидиялаудан бірден бас тарту қажет болады. Мұны барлық мүше елдер талап етеді және соңғы жылдары ДСҰ-ның құрамына енген елдердің барлығы дерлік оны алып тастады. Сонымен қатар Қазақстанда субсидияларды ауыл шаруашылық өнімдерді өндірушілер емес, делдалдық астық компаниялары алады. Яғни олардан бас тарту фермерлерге өзінің кері әсерін тигізбейді. Ауыл шаруашылық өнімдер импортына тарифтер басқа мүше елдердің тарифтеріне қарағанда едәуір төмен – 16,3%, бұл тариф дамушы елдерде – 18.76%, өтпелі кезеңдегі елдерде – 13,36%, ал дамыған елдерде – 43,41%. Мүше елдер импортты тарифті 6% деңгейіне дейін төмендетуді талап етуі мүмкін, ал 6 жыл ішіндегі орташа салмақтанған кедендік баждардың біртіндеп төмендетілуі тауар өндірушілерге шығарылатын өнім сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Тарифтік қойылымды арттыруға байланысты нарықтық қауіпсіздік деңгейі артпайды, өйткені оның әсері кедендік әкімшіліктің әсерінен жоққа шығады. [3]

 

2-сурет. Астық өндіру көлемі

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі

Қазақстан нарығына халықаралық талаптарға сәйкес келетін шетелдік тауарлардың ағыны төмен сапалы отандық тауарлардың біртіндеп жоғалуына әкеледі, ал бұл сәйкес өнімнің қазақстандық тұтынушылар үшін жағымды факт болып келеді. [4]

Қазақстанның ДСҰ кіруі ұлттық экономиканың біршама өзгеруіне ұшырайтын есептік нүкте болып саналады. Егер Қазақстан берілген үрдісті өңдірістің тиімділігін жоғарылату және мемлекеттің сыртқы экономикалық әрекеттілігін жетілдіру үшін қолдана отырып, жаһандануға бағыттайтын болса, онда ол белсеңді және нәтижелі болады. Қазіргі уақытта Қазақстанның ДСҰ кіруінен қарастырылған оң және теріс жақтары арасындағы тепе-теңдікті байқау мүмкін емес. Мүмкін өзінің экономикалық және сыртқы саяси потенциалына байланысты Қазақстан берілген ұйымға қосылу үшін біршама дайын.

1-кесті. SWOT-талдау. Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық саласының ДСҰ мүше болуындағы мықты, әлсіз, қауіпті тұстары.

Мықты тұстары

Әлсіз тұстары

·     Қазақстан дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық құрылымдарға ықпалдайтын ашық нарықтық экономикасы бар мемлекет деп танылып қоймай, ол ДСҰ барлық мүшелерімен барынша қолайлы жағдай жасау режимі қатынасына ие болады.

·     Қазақстан өзінің тауарларын шығару үшін қосымша және қолайлы жолдарға ие болады. Бұл Қазақстанның өңдеуші кәсіпорындарының отандық тауарларын сыртқы нарығын дамыту үшін маңызды болып келеді.

·     Қазақстанның болашақта қысқа және орта мерзімде кіруі инвестицияларды әкелу, әсіресе  өңдеуші кәсіпорындарға және жоғары технологиялық өңдірістерді дамыту жағынан маңызды.

·     Қазақстан үшін ДСҰ режимі тауарлық таластарда үлкен маңызға ие болуы мүмкін, бұл Қазақстанның экспортты тауарларына қолданатын антидемпингті таластарда тиімді болады. Бұл сәйкес таластарды ДСҰ қарастырылған әділетті негізде шешуге мүмкіндік береді.

·     ДСҰ кіру арқылы Қазақстан өзінің ұлттық көзқарастарын қолдана отырып әлемдік нарықты реттейтін нормаларды шығаруға қатысу құқығы болады.

·     Қазақстанда сыртқы экономикалық саясат туралы жедел мәліметтерді және ДСҰ мүшелері, яғни басқа мемлекеттер үкіметтерінің талаптарынды алуға мүмкіндік пайда болады. Бұл жағдай тиімді нарықтық саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.

·     Ішкі нарықта заманауи технологиялардың, тауарлардың, қызметтердің және инвестициялардың кеңею, сонымен қатар сапаның халықаралық стандарттарын ену нәтижесінде ұлттық өнімдердің сапасын және бәсекеге төзімділігін жоғарлату жағдайлары жасалады.

·     Импорттың кеңеюімен байланысты Қазақстан тұтынушылары тауарлардың кең түрлеріне төмен бағамен қол жеткізе алады.

 

·      Ауыл шаруашылық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің нашарлығы;

·      Салалар бойынша ауыл шаруашылық өндірушілердің жоғары деңгейде жиналып қалған қарыздары;

·      Ауыл шаруашылығының елеулі түрде климаттық жағдайға байланысты болуы;

·      Жануар өсіру және ауыл шаруашылық мәдениетін өңдеуде жергілікті табиғи – климаттық шамасын нәтижесіз қолдану;

·      Егістікті тиімсіз пайдалану;

·      Материалдық, еңбек және т.б. қорларды толыққанды қолдана отырып, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізбейтін көптеген агроөнеркәсіптік құрылымдар;

·      Білікті мамандардың жетіспеушілігі және ауыл шаруашылық өндірісінде төмен өнімділік себебі болып келетін өз бетімен еңбектенетіндер санының өсуі;

·      Ауыл тұрғындарының табыстарының төмен болуы.

 

Мүмкіншіліктері

Қауіпті тұстары

·       табыс пен қызмет балансындағы үлкен теріс сальдоны төмендету;

·       төлем балансының оң сальдосын сақтап қалу;

·       жеке сектордың сыртқы қарыздарының өсуіне жол бермеу;

·       ұлттық валютаның нақты курсын тұрақтандыру;

·       шетел азаматтарының отандық нарықтағы операцияларына мониторинг жүргізу;

 

·  әлемдік нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету тұрақсыз. Ауыл шаруашылығы жалпы тұрақсыз сала, онын өнімдерін тек бірнеше елдер ғана экспорттайды;

·  азық- түлік жетіспеген жылдары ауқатты мемлекеттер оның барлық қорларын сатып алуы мүмкін, ал бұл әлемдік нарыққа кері әсерін тигізеді;

·  өнімдерді сақтау кезінде тез бұзылатынына байланысты резервтерді тек қысқа мерзімге жасау мүмкіндігі.

 

Ақпарат көзі: Автормен құрылды

 

 

Әдебиеттер:

1.            Есентугелов А.Е. На пути вступления Казахстана в ВТО нет серьезных преград // Аль Пари. – 2003. – № 3-4. – С. 12-20.

2.                             Иконников А. Трудный вопрос // Континент. – 2006. – № 4. – С. 11.

3.            Торегожина М.Б. Казахстан и ВТО: проблемы сотрудничества. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2007. – 157 с.

4.            Сагадиев К.А. Вступление Казахстана в ВТО: проблемы, последствия и перспективы // Kazakhstan. – 2003. – № 1. – С. 24-26.

5.                             www.stat.gov.kzҚазақстан Республикасының статистика агенттігі