Әл-Фараби
атындағы
Қазақ Ұлттық Университеті
Факультет: ЭжБЖМ
Кафедра: Экономика
Орындаған: Шмадияр
Г.О
Жетекші: Садуллаева А.П
Қазақстан экономикасының энерго-экологиялық тұрғыдан дамуы
Қазіргі
таңдағы негізгі ғаламдық проблемалардың бірі
экологиялық мәселелер екені баршаға мәлім.
Дамыған және дамушы елдердің экономикалық өсуі
артқан сайын экологиялық проблемалары да соған сәйкес
жоғарылау үстінде. Осы мәселелермен әр түрлі
экологиялық ұйымдар ашылып жатса да, олардың бұл
проблемаларды шешуге қауқарлары жетпей, ғаламдық
мәселеге айналдырды. Бүгінде бүкіл жаратылыстану
ғылымдарының негізгі зерттеу мәселесі - ғаламдық
экологиялық проблема.
Экологияның
және экологиялық мәселелердің шешілуінде және
кең өріс алуында энергетиканың маңызы зор, себебі
қолға алынып жатқан энерго экологиялық стратегиялар мен
жоспарлар ең шулы тақырыптар кезегінде әлемдік мәртебе
иесі болып отыр.
Қазіргі таңда нағыз экономикалық
даму сатысына шыққан Қазақстан Республикасының
энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралары,
онымен күресетін ұйымдары және демеуші болып отырған
халықаралық одақтар шешімдерімен 2011ж Астанада V KAZENERGY Еузазиялық
форумы ашылды. Форумның негізгі мақсаты қос
құрлықтың энергетикалық шикізат көздерін
дамытумен қатар мақсатты түрде энергеэкологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. осы оқиға
Қазақстан Республикасының экологиялық
дағдарысқа қарсы жылжуының тағы бір дәлелі
бола алды десек қателеспейміз. 2013 жылдың қорытындысы
бойынша ішкі жалпы өнім Қазақстан Республикасында 6
пайызға өсу деңгейін көрсеткен. Демек, осыған
байланысты энергетикалық шикізатқа деген сұраныс та жыл сайын
арта бермек. Ендеше, энергетикалық қауәпсіздік
Қазақстанның маңызды мәселелерінің
күн тәртібінен түспек емес. Қазақстан
бір бөлігі болып табылатын Каспий өңірі халықаралық
энергетикалық рынокта барған сайын өскелең рөл
атқаруда. Каспий аймағының бұл көкейкесті
мәселедегі рөлі, энергетикалық шикізат
көздерінің жаңа мүмкіндіктері, өңірдің
экологиялық ахуалы, жаһандық жылыну үрдістері “Еуразияның
энергетикалық картасы: тәуекелдер тепе-теңдігі және
жаңа мүмкіндіктер” тақырыбымен өтіп жатқан
Қазақстан форумдарының негізгі арқауына айналып
үлгерді. [4]
Бүгінгі күні «Самұрық-Энерго»
АҚ-тың инвестициялық жобалар ірі-ірі 12 жоба бар. Олардың мақсаты – алдағы 10
жылдың ішінде жұмыс істеп тұрған станциялардың
қуаттылығын арттыру және жаңаларын салу арқылы
электр энергиясы тапшылығын жою. Мәселен, 2013 жылдың 2
тамызында «Самұрық-Энерго» Қапшағайдағы
куаттылығы 2 мегаватт болатын күн электростансасын іске қосты.
Ал осы айда компания Ерейментаудағы қуаттылығы 45 мегаватты
құрайтын жел электростансасының құрылысын
бастады. Болашақта оның қуаттылығын 300 мегаватқа
дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Балқаш ЖЭС-нің
қуаттылығы 1320 МВТ болатын алғашқы модулі мен
Экібастұз ГРЭС-нің қуаттылығы 600-650 мегаваттық
үшінші энергоблогының құрылысы жалғасып жатыр. Бүгінде
әлемдік қоғамдастық үшін жаһандық
энергетикалық дағдарыстың тереңдеуі және
планетада қолайсыз климаттық өзгерістер қатерінің
өсе түсуі аса өткір проблемалар болып табылады. [1]
Қазақстан бір бөлігі болып табылатын
Каспий өңірі халықаралық энергетикалық рынокта
барған сайын өскелең рөл атқаруда. Бүгінгі
күні Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде
7-ші орын, газдың қоры бойынша – 6-шы орын, уран қоры бойынша
2-ші орын алады. 2017 жылға қарай Қазақстан
әлемдегі аса ірі мұнай өндірушілердің ондығына
кіреді. Қазақстан елде өндірілетін газдың көлемін
де ұлғайтуда. Уранның ірі қорына ие бола отырып, біз
атом энергетикасын дамытуда маңызды рөл атқаратын боламыз.
Бұл ретте Қазақстан жаһандық энергетикалық
тепе-теңдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген өз
жауапкершілігін толық мәнінде сезінеді.
Энергия тасымалдаушылардың тұтынушыларға
жеткізілімін одан әрі әртараптандыру, сондай-ақ энергия
ресурстарын өндірушілер үшін кепілдік беру мақсаттарында
Қазақстан Энергия жеткізілімдерінің Еуразиялық
тұрақтылық негізін қалауды қолға алса игі
іс болар еді. Бүгінгі
таңда экономика мен энергетиканы дамыта отырып, экологиялық
қауіпсіздікті назардан тыс қалдырмау қажет. Бұл осы
күнгі жаһандық күрделі проблема. Қазіргі
заманғы ғаламдық үдеріс жағдайындағы
энергоэкологиялық мәселелерді шешу жолдары қазақ елі
Президенті Н.Ә. Назарбаевтің
«ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты
дамудың энергоэкологиялық стратегиясы» атты ғаламдық энергоэкологиялық
стратегиясында(монографиясында) көрініс тапқан. Бұл
құжаттың маңыздылығы 2011 жылдың маусым айында Бразилияда өткен БҰҰ-ның конференциясында
қаралды.
Экологиялық және
энергетикалық қауіпсіздік мәселелері - бүгінгі
таңдағы ең ауқымды әрі маңыздылығы
өте жоғары, кезек күттірмейтін жаһандық
күрделі проблемаға айналып отыр. Энергетикалық және
экологиялық қауіпсіз әлемді қалыптастыру
мәселелерінен қазақ елі шет қалмақ емес. Мемлекет
басшысының бастамасымен ХХІ ғасырдағы тұрақты
дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы
әзірленді. Экология, экономика және энергетика. Әлем елдері
алдағы уақытта осы үш бағыттың
тепе-теңдігін қамтамасыз етуі керек. Яғни, тек энергияны
теңгерімді пайдаланудың бірлескен жолын даярлағанда
ғана әлемдік қауымдастық жаһандық
экологиялық қауіпсіздіктің негізін құра алады.
Ғаламдық энергоэкологиялық стратегияда осы мәселе
айқындалған. Ең бастысы - экономика мен энергетиканы дамыта
отырып, экологиялық қауіпсіздікті естен шығармау қажет.
[2]
Энерго-экологиялық мәселелерді нәтижелі
шешудің, тұтынуды тиімді етуден бастап,
энергоүнемдеудің тиімділігін арттыру, энергияның баламалы
және жаңарып тұратын көздерін инновациялық
тұрғыда дамыту секілді барлық жолдары қарастырылуы тиіс.
ҚР Президентінің бұл сөздерінен инновация– энергетика–
экология– энерго-экологиялық экономика тізбегін шығаруға
болады. Яғни инновациядан жаңа заманның тиімді энергетикасына,
тұтынудың экологиялық жүйелеріне қарай
жүру. Нәтижесінде электро-экологиялық экономикаға
қол жеткізуге болады. [3]
«ХХІ ғасырдағы жаһандық
тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы»
атты кітаптың алғашқы тарауында бүгінгі таңда
әлемде қалыптасып отырған жағдайға
жан-жақты талдау жасалады. Сонымен қатар, мұндай
күрделі мәселені шешудегі әлемдік институттар
атқаратын іс-шаралардың бағыт-бағдары мен
стратегиялық міндеттері де алға қойылады. Ал кітаптың
екінші бөлімі тұрақты энергоэкологиялық дамуды
жүзеге асырудың қағидалары мен әдістеріне
арналған. Сөйтіп, жаңа еңбектің үшінші
бөлімінде Қазақстанның және ЕурАзЭҚ
мемлекеттерінің үлгісінде энергоэкологиялық стратегияны
іске асырудың мүмкіндіктері кеңінен ашылған. Айта
кететін тағы бір жәйт, монографияда бірқатар мемлекеттердің
энергоэкологиялық дамуының алгоритмдері мен нақты схемалары
да барынша қамтылған.
Ең
ауқымды әрі маңыздылығы өте жоғары, кезек
күттірмейтін жаһандық күрделі проблемаға
айналып отырған экологиялық және энергетикалық
қауіпсіздік мәселелері кеңінен қамтылған
еңбек туралы өз пікірлерімен бөліскен ресейлік және
қазақстандық көрнекті ғалымдар тұжырымы
бір арнаға тоғысты. Оның өзіндік себептері де
жеткілікті, өйткені Қазақстан Президентінің монографиясындағы
айтылған идеялардың қай-қайсысының болмасын
көкейкестілігі жоғары екендігі талас тудырмайды.
Қазіргі
және болжанатын үрдістер бойынша энергоэкологиялық
қауіпсіздік пен дамудың келесідей ресурстық әлеуеттерін
айтуға болады:
1. Табиғи ресурстар
- Құрамында
көміртек бар ресурстар;
- Атом энергетикалық
ресурстар;
- Жаңартаылатын
энергетикалық ресурстар;
2. Адам факторының тиімсіздігін
жеңу ресурстары
- биоэнергетикаға
арналған жер ресурстары;
- энергия тұтынудың
тиімсіз құрылымындағы ресуртар;
- экономиканың
жоғарғы энергосыйымдылығындағы ресурстар;
Жер бетін жайлаған адам
санының жедел өсуіне байланысты қалалар мен қала
шаруашылықтары күрт дамып, егістіктер мен мал жайылымдықтары
тарылды. Құнарлы деген жерлердің біразы ауыл шаруашылығы
айналымынан шығарылып, басқа салалардың игілігіне берілді.
Оның үстіне өндірістік
және экологиялық проблемалар (табиғи, климат
өзгерістері) жылдан-жылға асқына түсті. Бүкіл
әлем бойынша алғанда адамдардың жермен қамтылу көрсеткіші
уақыт өткен сайын төмендеу үстінде. Бұдан 10-15
жыл бұрын әлем бойынша егістік жер 1 адамға 0,45-0,5
гектардан айналса, қазіргі уақытта осы көрсеткіш бар
болғаны 0,25 гектарды ғана құрайды. Осыдан барып
жердің материалдық игілік көзі ретіндегі бағасы да
артқан үстіне артуда.
Былтыр 29 миллион тоннадан астам
астық бастырып, рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік.
Мақта шаруашылығында да соңғы бес жылда болмаған
мол өнім алынды. Әрине, осылардың барлығы бізде жүргізілген
реформалардың, соның ішінде жер реформасының дұрыс
бағытта екендігін білдірсе керек.
Еліміздің
егістік жерінің келешек мүмкіндігі жоғары екендігін мына
мысалдан көруге болады. Әлемнің әртүрлі елдерінде
халықтың егістік алқаптармен қамтамасыз етілу
көрсеткіші мынандай: Канадада 1 тұрғынға – 1,48 гектар,
АҚШ-та – 0,63 гектар, Қытайда – 0,08 гектар, Жапонияда – 0,03
гектар жерден келсе, біздің Қазақстанда 1
тұрғынға 1,51 гектар жерден айналады.
Құрамында көміртегі бар
энерготасымалдаушылар
Қазіргі
таңда құрамында
көміртек бар энерготасымалдаушыларға мұнай, газ,
табиғи газ, көмір, шымтезек, метан гидраттары, жанғыш
тақтатас т.б ресурстарды жатқыза аламыз. Табиғи газ,
мұнай, көмір ресурстары табиғи ресурстардың
дәстүрлі түрлеріне жатады. Ал шымтезекті келешекте де, қазіргі
таңда да ауыл шаруашылығының тиімділігінің дамуына
қолдануға, сонымен қатар энергетикалық
өсімдіктерді өндіруде пайдалануға болатындығын
көптеген зерттеулер дәлелдеп шықты.
1-кесте
Құрамында көміртегі бар
энерготасымалдаушыларын өңдейтін және өндіретін
өндіріс орындарының қалдықтарын салыстыру*
|
Кәсіпорын атауы |
Есептік
кезеңдегі атмосфераға шығарылған зиянды заттар
қалдықтары көлемі, (тонна) |
Өндіру
және тұтыну қалдықтарының көлемі, (тонна) |
Ағынды су
шығару көлемі, (мың
м³) |
|
"ҚазМұнайГаз
Өнімдері" АҚ |
1824 |
6899 |
17 |
|
"Атырау
МӨЗ" ЖШС |
4437 |
3307,16 |
2273,5 |
|
"ПҚОП" ЖШС |
17050 |
548 |
1991,5 |
|
"ПМХЗ" ЖШС |
20410 |
5078 |
1864 |
*Ескерту: «ҚазМұнайГаз –
өңдеу және маркетинг» АҚ жылдық есебі ақпарат көзінің материалдары негізінде
автормен құрастырылды.
Қазіргі таңда мұнай және газ, т.б
энерготасымалдаушыларды
өңдейтін өндіріс орындары парниктік газдар
қалдықтарының көздерін түгендеу бойынша әр
түрлі шаралар жүргізу үстінде. ҚР Экологиялық
кодексінің талаптарын орындау мақсатында еңбекті
қорғау, техникалық қауіпсіздік және төтенше
жағдайлар секторларының, өндірістік филиалдардағы экология
секторларының мамандары парниктік газдарды бекітілген әдістемелік
нұсқаулар негізінде түгендеудің маңызы
энергоэкологиялық қауіпсідік саласында ерек орын алады.
Жалпы алғанда, табиғатты
қорғауға бағытталған іс-шаралар құны 5 699 182 370 теңгені
құраса, қоршаған ортаны ластау үшін бюджетке
төленетін төлемдер 477 072
500 теңгені иеленіп отыр.
2011 жылы қоршаған ортаны
қорғау мен өндірістік қауіпсіздікке 1 095 676 400 көлеміндегі
қаражат жұмсалғанын бақылай отырып, ҚР
энергоэкологиялық қауіпсіздік шараларының ел экономикасына
сай түрде жүргізіліп отырғандығына көз жеткізуге
болады.
1-сурет. Инвестициялық баңдарламаның қаржыландыру
көздері.*
*Ескерту:
«Рейтинговое агентство
РФЦА» АҚ талдаулық есебі ақпарат көзінің материалдары және
«ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты
дамудың энергоэкологиялық стратегиясы» еңбегі негізінде
автормен құрастырылды.
Энергетикалық дамудың және өркендеудің
қазіргі тірегінің бірі ретінде жұмыс істеп тұрған
генерациялаушы қуаттарды жаңғырту және жаңаларын
енгізу бойынша ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты әзірлеу мен
оны іске асыру мақсатында 2007 жылы 10 мамырда тіркелген
«Самұрық-Энерго» АҚ
атай аламыз. Негізі қызмет түрлері және негізгі
өндірілетін өнімдері электр
энергиясы өндіру, жылу энергиясы өндіру, электр энергиясын беру және бөлу, энергетикалық көмір
өндіру, энергетикалық нысандарды жаңғырту,
кеңейту және салу болып табылады. АҚ 2020 жылға дейінгі
мерзімге инвестициялық жоспармен электр энергетикалық
қондырғылар нысандары мен электр энергиясын тасымалдау желілерін
салу, өндіру қуаттарын жетілдіру және қайта
жаңғыртуды қолға алу, генерациялық жаңа
нысандардың құрылысын салу, халықаралық
экологиялық стандарттарға жауап беретін заманауи
құрал-жабдықтарды өндіруді көздеп отыр.
Инвестициялық баңдарламаның
қаржыландыру көздері:
• Несие қаржылары
–капитал жұмсалымдарының жалпы сомасының 53,9%
• Меншікті қаражат –
капитал жұмсалымдарының жалпы шамасының 35,0%
• мемлекеттік бюджет
қаржысынан қаржыландыру – капитал жұмсалымдарының жалпы
шамасының 11,1%-ы болып табылады.
Қорыта айтқанда, мемлекеттің энергоэкологиялық
қауіпсіздігінің даму дәрежесі оның
экономикалық-әлеуметтік абыройы мен нарықтық
ортадағы алатын орнына әсерін тигізеді. Қазақстан
Республикасының қазіргі таңдағы энергоэкологиялық
қауіпсіздікке деген қарқыны бәсеңдеу
нәтижесін көрсетпейтін болса елдің энергетика
саласындағы дамуы экономикамен және экологиямен байланысын
нығыздай отырып дамудың, экономикалық өркендеудің,
инновациялық - индустриялық қауіпсіз
қаржыландырылудың негізі болады деп сенім артуға толық мүмкін
болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Н.Ә.Назарбаев, «ХХІ ғасырдағы жаһандық
тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы»
2. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан.
4. «ҚазМұнайГаз
– өңдеу және маркетинг» АҚ жылдық есебі ақпарат
көзінің материалдары
5. «Рейтинговое агентство РФЦА»
АҚ талдаулық есебі ақпарат
көзінің материалдары