Шарафиденова Г.Т.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті экономика факультеті, 2 курс

 Ахметқали Т.А.

Экономика ғылымдарының магистрі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Қазақстандағы салық жүйесінің қазіргі жағдайы

 

 

Салық – белгілі бір объектілерден төленетін төлем. Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық – салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қозғалысы болып саналады. Салықтың материалдық белгісі – салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді. Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады.

Ал, «салық салу» ұғымына келетін болсақ, көптеген отандық және шет мемлекеттік экономикалық ғылымдарды оқып-біліп, салыстырмалы түрде талдай келе, салық салуға қатысты өзіндік анықтама беруді дұрыс деп таптық (сызба 1 қараңыз).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сызба 1. Салық салуға қатысты өзіндік анықтама

 

*Ескерту әдебиеттер көздері бойынша автормен құрастырылған және жинақталған.

 

Салық салудың негізгі мақсаты – мемлекет қазынасын толтыру, еліміздің экономикасын дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту және кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болып табылады. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салықсыз мемлекеттің және онымен байланысты барлығының да өмір сүруі мүмкін емес. Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді.

Салық жүйесі – мөлшерлемелері, төлеушілер және салық салу объектілері, төлеу тәртібі, жағдайы және мерзімдері, есептеу мен тіркеу әдістері көрсетілген, заңдарға сәйкес белгіленген, көрсетілген уақыт аралығында әрекет ететін барлық салықтар тізімі.

Салық жүйесі өзіне барлық салықтардың түрлері мен оларды басқару әдістерінің жиынтығын қосады. Бұл салық салуды қалыптастыру қағидаларының жиынтығы [1].

Кез-келген салық жүйесінің шешуші түрдегі сапалық сипатын көрсетететін және оны әлеуметтік тұрғыдан бағалаудың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі – оның ауыртпалығы, яғни қоғамның экономикалық және әлеуметтік өміріне салықтардың түсіретін қысымының мөлшері.

Салық жүйесінің азаматтардың материалдық және әлеуметтік жағдайына екі жақты әсері бар: жағымды және жағымсыз. Жағымды жағы сол, заңды және жеке тұлғалар төлеген салықтар бюджет пен бюджеттік емес қорларға жинақталып, олар қайта бөлініп, көп бөлігі тұрғындардың кейбір бөлігіне (зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналар, балаларға) жәрдемақы ретінде беріледі және халыққа түрлі қоғамдық қызметтер көрсетіледі. Жағымсыз жағы үш бөліктен тұрады. Біріншісі, табысы төмен жеке тұлғалардың салық төлеуі (жеке табыс салығы мен ҚҚС) олардың материалдық жағдайына кері әсерін тигізеді, екіншісі, жеке кәсіпкерлердің салық ауыртпалығының жоғары болуы олардың кәсіпкерлікпен айналысуға деген қызығушылығының төмендеуіне әкеледі, соңғысы, барлық коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар еңбек ақы қорынан салық төлейді, соның салдарынан олардың өз жұмысшыларына төлейтін еңбек ақысын қажет мөлшерде төлеу мүмкіндігі азаяды.

Қазіргі кезде ғылыми әдебитеттерде салық ауыртпалығы бір неше түрге бөлініп қарастырылады: экономиканың (мемлекеттік тұрғыдан) салық ауыртпалығы, халықтың салық ауыртпалығы және жұмысшы мен кәсіпорындардың салық ауыртпалығы. Осылай бөлу арқылы қалыптасқан иерархияны ұстана отырып, салық ауыртпалығын екі аспектіде қарастыруға болады: макродеңгей, яғни салық салу ауыртпалығының тұтастай бір елге (экономикаға және тұтастай халыққа тигізетін әсерін қарастыратын болса), микродеңгей – аталған ауыртпалықтың әлеуметтік топтарды құрайтын жұмысшының және қандай да бір кәсіпорындардың көтеретін салық ауыртпалығын қарастырады.

Салық ауыртпалығын салық жүйесінің сапалық көрсеткіші ретінде де қарастыруға болады, өйткені, дұрыс жолға қойылған салық жүйесі мемлекеттің қажеттілігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге, салық төлеушілердің ынтасын төмендетпеуі, әлеуметтік жағдайын әлсіретпеуі керек және оларды шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың жолын іздестіріп отыруға міндеттеуі тиіс.

Заңды тұлға немесе жеке тұлға үшін макродеңгейдегі жалпы салық ауыртпалығының маңыздылығы шамалы, өйткені, бюджетке немесе бюджеттен тыс қорларға төленетін салық сомасы оның табысынан алынады, сондықтан салық ауыртпалығын сипаттайтын басқа көрсеткіш қажет. Қазіргі кезде елімізде қолданылып отырған салық механизмнің әлеуметтік проблемаларды шешуге тигізетін ықпалын, сол арқылы оның әлеуметтік салдарларының қаншалықты екендігін салыстырмалы түрде қарастыру арқылы баға бере аламыз [2].

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, экономиканың тиімділігіне табыстардың бөліну теңсіздігін төмендетуге және қоғамдағы әлеуметтік ымыраға жеткізетін адам капиталына және прогрессивті әлеуметтік шаралар жүйесіне мемлекет тарапынан аумақты инвестиция салу арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Мемлекеттің мұндай жағдайдағы негізгі міндеті экономикалық тиімділік пен салық механизмі арқылы қайта бөлу, әлеуметтік трансферттер және әсер етудің басқа да тетіктерінің арасындағы баланстың сақталуын қамтамсыз ету. Салық жүйесінің әлеуметтік бағыттылығына баға беру үшін, салық салудың жанама түрдегі әлеуметтік салдарларын қарастырамыз. Яғни, жалпы мемлекеттік бюджет шығысындағы әлеуметтік сипаттағы шығыстардың мөлшерін, халықтан түсетін салықтық түсімдердің өсу қарқынын және жан басына шаққандағы әлеуметтік шығындар мен ЖІӨ - дегі шығындар үлесі сияқты көрсеткіштерді талдау қажет.

Қазіргі мемлекеттік бюджеттің жағдайы талдасақ, мемлекеттік бюджет кірістерінің негізін салықтық түсімдер құрайды, шамамен 68-74 аралығында. Нарықтық экономика жағдайында салықтың алатын рөлі өте маңызды, тиімді салық жүйесі болмай, мемлекетте тиімді нарықтың экономиканың болуы мүмкін емес. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің принциптерін салық заңдары мен салық нормативтік актілердің жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды[3].

Қазіргі кезеңде салық жүйесінде келесі проблемаларды шешу қажет (сызба 2 қараңыз):

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сызба 2. Қазіргі кезеңде салық жүйесіндегі мәселелер

 

*Ескерту әдебиеттер көздері бойынша автормен құрастырылған және жинақталған.

 

 

2010 жылдың бас кезінде салық берешегі 100,3 млрд.теңгеге жетіп, 2009 жылмен салыстырғанда 19,4 млрд.теңгеге өскен.

Бүгінгі күннің ең негізгі талабы «көлеңкелі экономика мен сыбайластық жемқорлықпен» күрес жүргізу барысындағы қоғамдық даму заңдылықтарын орындау. Өкінішке орай, қазір мемлекеттің көлеңкелі экономикаға қарсы күресті тиісті деңгейде жүргізбей отыр. Қарсы шабуыл жасауда ең маңызды күш тиімді салықтық басқару болуы керек.

Қазақстан Республикасындағы салықтар – өте күрделі проблемалардың бірі. Өкінішке орай, салық саясаты әрқашанда салық төлеушінің мүддесін қорғай бермейді. Қазіргі қолданылып келе жатқан салық салу жүйесі Қазақстанның стратегиялық даму жоспардың шеңберінде салық заңдылығының негізін құрайтын қағидаларды қажет етеді.

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 125,1 млрд. теңге көлемінде 316 салық төлеушіге қатысты салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша материалдар берілген. Оның ішінде 104 салық төлеушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, 22,6 млрд. теңге өндіріліп алынған.

Бюджетке келтірілген залал көрсеткіші 2012 жылдағы көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары болып отыр екен. Мәселен, 2012 жылы жалпы сомасы 129,7 млрд. теңгеге салықтық тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық белгілері бар 639 материал беріліпті. Оның ішінде 139 заңды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, 9,3 млрд. теңге өндіріліп алынған [4].

Осы мәселелерді шешу үшін кешенді шаралар жүйесі қажет, соның ішінде маңызды рольді салық жүйесі атқарады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Керімбек Г.Е. «Салық және салық салу» әдістемелік оқу құралы, Шымкент

2. Мемлекеттің әлеуметтік дамуына әсер ету тұрғысындағы Қазақстанның қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшелігі // Қаржы-қаражат, 2005. №6. 22-27б.

3. Қазақстан Республикасында салық жүйесін әлеуметтік тұрғыда жетілдірудің алғышарттары // Экономика и статистика. Агенство РК по статистике. –Алматы, 2006. №3. –130-139б.

4. Қазақстан Республикасының бюджет кодексі