ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕРСОНАЛДЫ
БАСҚАРУДЫҢ МІНЕЗДЕМЕЛЕРІ, ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Мұхамбетова Л.К., э.ғ.к., доцент
Бирсарина А., 2 курс магистранты
Экономика, қаржы және халықаралық
сауда Қазақ университеті
Астана
қ., Қазақстан
Персоналды басқару — бұл
ұйымдық-экономикалық,
әкімшілік-басқарушылық, технологиялық,
құқықтық, топтық және жеке факторлар,
кәсіпорынның табысының тиімділігін жоғарлату үшін
персоналға ықпал ететін тәсілдер мен әдістер
туралы кешенді қолданбалы ғылым. Осы
ғылымның объектілері жеке тұлғалар мен
ортақтықтар (ресми және бейресми топтар,
кәсіби-біліктілікті және әлеуметтік топтар, ұжымдар мен
біртұтастай мекеме) болып табылады.

Сурет
1 - Персоналды
басқару ғылымының объектісі
Персоналды басқару ғылымының
мәні бірлескен еңбек жағдайларында адамдардың
және ортақтықтардың мінезін анықтайтын, негізгі
заңдылықтар мен қозғаушы күштер болып табылады.
Ал міндеті, персоналдың
жеке тұлғалардың және топтардың мүдделерін
есепке ала отырып, ұйымның табысқа жету мақсатында
қолданылатын заңдылықтар мен факторлардың мінезін танып
білу.
«Персонал» түсінігі көбінесе «адам
ресурстары» түсінігімен алмастырылады. Ресурстарға ақшалай
қаражаттар, құндылықтар, қорлар,
мүмкіндіктер және табыс пен қаражат көздері жатады.
Адамдарды ресурстарға есептегенде, оларды «объект» дәрежесіне
ауыстырады, «субъектіге» қарағанда олар басшылықты
түсінудің мүмкіндігін шектейді.
Қазіргі заманғы ғылымдар мен
практиктердің ойынша «кадр», «штаттық бірлік», «қор»,
«адамдық фактор» терминдерінің орнына «персонал» терминін
енгізілуі, адамдардың өндірісте меңгеруінің
өзгерісін, тұтынушы қарым-қатынасынан гуманистік
үрдіске ауысуын қамтып көрсетеді.
Персоналды басқару қызмет түрі
ретінде – бұл тірі еңбекті, адамдарды, потенциалды
сарқылмайтын, айрықша қиын және перспективті
кәсіпорынның қорын басқарады, шешуші деңгейде
қызметтің нәтижелігін және ұйымның
бәсекеге жарамдылығы мен өміршендігін анықтайды
[1].
Персоналды басқарудың
тұжырымдамасы - персонал басқаруын түсіну және
мәнін, мазмұнын, мақсатын, тапсырмаларын, критерийлерін,
ұстанымдарын, әдістерін анықтау және нақты
ұйым шарттарында механизмдердің өңделуінің
жүзеге асыруының теориялық әдістік
көзқарастар жүйесі. Ортақ тұжырымдама
кадрлық саясат және кадрлық жұмыс арқылы
айқындалады.
Персоналды басқарудың негізгі
мақсаты:
- бүгінгі
күннің экономикалық ойлаумен және кәсіптік абырой
сезімінің дамуының, жоғары білікті, персоналдың
берілген тапсырмасын жауапты тұлғаны қалыптастыру;
- ұжымның әлеуметтік тиімділігін қамтамасыздандыру.
Персоналды басқару бүтіндік жүйе ретінде мынадай
функцияларды жүзеге асырады:
- ұйымдастырушылық – персоналды толықтыруының
талаптар мен қайнар-көздерін жоспарлау;
- әлеуметтік-экономикалық – персоналдың тиімді
пайдалануына және бекітуіне бағытталған жағдайлар мен
факторлардың жиынтығын қамсыздандыру;
- жаңғырту — персонал дамуының қамсыздандыруы.
Демек,
персоналды басқару – бұл кәсіби қызметінің
жағдайларында адамдарды тиімді басқаруының өнері де,
ғылымы де болып табылады. Бұл персоналды ұтымды
қолданудың, оның дамуының және оңтайлы
жинақтаудың механизмдері, әдістер мен принциптердің
жүйесі.
Персоналды
басқару кәсіпорынның даму тұжырымдамасына жауапты болу
керек, жұмыскерлердың қызығушылықтарын
қорғауын және персоналды қабылдағанда,
рәсімдегенде еңбек туралы заңнамаларының
сақталуының қамтамасыздандырады.
Олай
болса, келесі тапсырмаларға жіктеледі:
-
ағымдағы кезеңге және болашаққа керекті
көлемде және сапада кәсіпорын персоналын
қамтамасыздандыру;
- жұмыскерлерді пайдалы жұмыспен
қамту және еңбек тиімділіктерінің мүмкіндіктерін
құру;
-
персоналдың тұтынушылықтарын қанағаттандыру;
-
жұмыскердің еңбек әлеуетінің
лайықтылығын мен жұмыс орынның талаптарына сәйкес
оның психофизиологиялық мәліметтерін қамсыздандыру;
-
жұмыс орнында барынша мүмкіндікті әр түрлі
операцияларды орындау [2].
Мекеменің
персоналын кейбір классификациялық белгілер бойынша жіктеуге болады:
1) басқарушылық
құрылымда персоналды орны бойынша жетекшілерді (жоғары
буынды, орынбасарларды, орта буынды, сызықтық), мамандарды
(заңгерлерді, экономистерді, психологтарды, маркетологтарды және
т.б.), техникалық персонал, жұмыскерлерды (негізгі,
қосалқы), қызмет көрсетуші персоналды (еден жуушыларды,
жүкшілерді) жіктеуге болады;
2) кәсіптік құрылым бойынша –
инженерлік-техникалық жұмыскерлер, маркетологтар, экономистер
және т.б.;
3) біліктілік дәрежесі бойынша – мысалы,
1-6 разрядты жұмыскерлер;
4) жастық және жыныстық
құрылым бойынша – ерлер мен әйелдер, әр жастық
топтағы жұмыскерлер;
5) жұмыс өтілі бойынша – жалпы
және арнайы, жұмыскерлер жалпы немесе арнайы жұмыс
өтіліммен (1 жыл, 5, 10, 25 жыл және т.б.);
6) білім
дәрежесі бойынша – ғылым дәрежесімен, жоғары,
аяқталмаған жоғары біліммен, орта-арнаулы, орта,
аяқталмаған арнаулы біліммен жұмыскерлер – және
басқа классификациялық белгілер бойынша [3].
Персоналды
басқару әдістері – бұл ұйымның алға
қойылған мақсаттарына жету үшін
басқарушылық объектіге әсер ететін әдістердің
жиынтығы.
Персоналды
басқару әдістері төмендегіше топтастырылады:
Ұйымдастырушылық-әкімшілік
әдістері еңбек тәртібінің қажеттілігін,
жауапкершілікті, адамның белгілі бір ұйымда тікелей
директивалық нұсқауларға негізделген жағдайларда
еңбек ету керек екенін түсінген
саналы мотивке бағытталған.
Экономикалық
әдістер қызметкерлерді экономикалық ынталанлыруына
негізделсе, ал әлеуметтік-психологиялық әдістер оның
әлеуметтік белсенділігін жоғарылату мақсатында
қолданылады. Экономикалық
әдістердің көмегімен ұжымның, жеке
жұмыскерлердің материалдық ынталандыруы орындалады.
Элеуметтік-психологиялық
әдістер еңбек ұжымында кездесетін жеке
қарым-қатынастар байланысына әсер ететін арнайы
әдістердің жиынтығын білдіреді.
Әлеуметтік-психологиялық әсер ету әдістемелері мен
тәсілдері көп жағдайда жетекшінің дайындығы, жете
білім деңгейі, ұйымдастырушылық қабілеті мен психология
саласындағы білімдерімен анықталады [4].
Компания
персоналы технологияларға, капиталға және шикізатқа
қарағанда азғантай оңтайлығымен ерекшелінеді,
себебі олар тез арада қолайлы болуы мүмкін. Бірақ жұмыс
барысында тез тозатын негізгі және сыртқы қорларға
қарағанда, адами капитал уақыт өте келе өмірлік
цикл шегінде тәжірибеге, дағдыға ие болады.
Ұйымның
нәтижелі жетістіктерге жету үшін кәсіпорында персоналды
басқарудың айрықша табысты мағынасын ұсынамыз.
Бұл күш қуатты және потенциалды қызметкерлерге
арнайы әдістердің қолдануының ықпал ету
үрдісі. Персоналды
басқарудың орталық буыны – персоналды басқару бойына
ұйымның міндеттерін мамандырылып жүзеге асыратын, персоналды
басқару қызметі болып табылады. Бүгінгі күннің
персоналды басқару қызметі өзінің жүйесі,
әдістері, принциптер және жұмыс істеу технологиясы бойынша дәстүрлі кадр
бөлімінен айырықша ерекшелінеді.
Кеңес
дәуіріндегі кадр бөлімі негізінде өзіне тән есеп
бойынша немесе кадр қызметін жүргізді. Сөйтіп, бүгінгі
таңдағы персоналды басқару қызметінің
есебінің үстінінен басқарушылық қызметінің
түрлері: уәждемені, жанжалды, күйзелістерді басқару,
жұмыскерлердің дамуы, жаңа енгізілімдер айрықша басым
болады. Қазіргі персоналды
басқару ғылымының даму кезені үшін ұйымның
ортақ құрылымына қызметкерлерді басқаруын
жатқызады.
Бүгінгі
кезендегі персоналды басқарудың мәні - ұйым
жетекшілігінің жоғары дәрежесіне адам ресурстарын
басқару жүйесін енгізу; компанияның
ұйымдастырылған құрылымына және
анықталған стратегиясына адам ресурстарын басқаруын
қатыстыру; әр түрлі дәрежедегі барлық
жетекшілердің бірыңғай кадрлық саясаттың
жүзеге асыруының қатысуы; корпорацияның барлық
деңгейлерінде және барлық бөлімшелерде персоналмен
байланысқан, кадровиктер мен жетекшілердің интеграциясы,
біріншілердің жетекшілердің кеңесшілері түрінде
сұрақтарды шешуге үнемі қатысуы; мекеменің
бірыңғай кадрлық тұжырымдамасы негізінде адам
капиталының жүйелік, комплекстік сұрақтарын шешуін
құрайды.
Жоғарыда
айтылып өткеннің барлығын ескере отырып, персоналды
басқару жүйесі ұйымның табысқа жетуінде,
анықтаушы болып табылатынына ешбір күмәніміз жоқ. Бұл жүйені орындау
нәтижелігінен, кадрлық саясаттың тиімділігі мен
біліктілігінен, ұйым қызметкерлері оның жаңа
көзқарастарын қалай қабылдайтыны байланысты болады
және ұйымның жаңа күйге көшу үшін
қандай күштер салады. Сонымен қатар, бұл жүйе
менеджерлерді дайындайтын немесе олар біліктілікті көтеретін колледж
немесе университеттерде персоналға бүгінгі күннің
әдістемелік амалдарының оқытылуымен рассталады. Мысалы,
Гарвард және Слоундық бизнес мектептерінде магистрларды
дайындағанда, «Персоналды басқару» және
«Ұйымдастырушылық мінез» атты пәндері оқытылады.
Әдебиет:
1. http://www.bibliotekar.ru/upravlenie-personalom-2/3.htm
2. http://uprperson.ru/upravlenie_personalom_sutj_zadanie_osnovnye_principy
3. http://lib.rus.ec/b/204676/read
4. Рахметов Б.А.
Персоналды басқару: Оқу құралы – Алматы, 2005. - Б. 14.