ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ЖҮЙЕЛІК СИПАТЫ
Бектаев Н.А. – Е.Бөкетов
атындағы ҚарМУ-нің магистранты
Патриотизм — қоғамдық сана
нысандарының бірі, бұл тарихи және топтық санат
қоғам дамуымен бірге
дамып, жаңа мазмұнмен толығып отырады.
Патриоттық сезім адамдардың,
халықтардың өміріндегі әлеуметтік-экономикалық
жағдайларының әсерімен пайда болады. Бұл
жағдайлардың патриотизм мазмұнының өзгеруіне алып
келеді.
Патриотизм - әлемдегі бейбітшілік үшін күреспен,
адамзат өміріне қауіп тендіретін термоядролық, экологиялык
және террорлық апаттың алдын алумен, халықаралық
қатынастарды құрумен және әлемдегі жаңа
тәртіптерді бекітумен,
өзара түсіністікті негізге алумен, тәуелсіз елдермен
және басқа да мемлекеттермен
көршілік татуластықпен, іскерлік ынтымақтастыкпен тығыз
байланыста болумен өлшенеді.
Патриот және
патриотизм үғымы алғаш рет 1789 - 1793 жылдардағы
ұлы француз революциясы кезеңінде
қолданыла бастады. Сол
кезде монархистер лагерінен шыққан сатқындар
мен Отанға опасыздық еткендерге қарсы
халық ісі жолында күрескен
республиканы қорғаушылар өздерін «патриот» деп
атаған. «Патриот» ұғымының мәнін анықтайық.
В.И.Дальдың сөздігінде «патриот» ұғымына
мынадай анықтама берілген:
«Патриот - Отанын сүюші, оның игілігін қызу
қолдаушы, Отансүйгіш, Отандас». Тағы бір сөздікте:
«Патриот - өз Отанын сүйетін, өз халқына берілген, өз Отанының мүдделері
жолында құрбандыққа дайын, ерлік жасайтын адам».
Ал «Философиялық сөздікте»:
«Патриотизм (грекше раігіз - Отан) – мазмұны Отанға
сүйіспеншілік, оған шынайы берілгендік, оның өткені мен
бүгінгісі үшін мақтаныш, Отан мүдделерін
қорғауға ұмтылу болып табылатын адамгершілік және
саяси принцип, әлеуметтік сезім» - деп көрсеткен, ал
лексикалық мағынасы: «Патриотизм - Отанға сүйіспеншілік,
өз Отанына, өз халқына берілгендік».
Патриотизм
ұғымы азаматтардың қоғамдық
өмірдің саяси құрылымына және де басқа да
компоненттеріне деген идеологиялық қарым-қатынасын білдіреді.
Әрбір адам осы бір жоғары да ізгілікті сезімді әр түрлі
түсінетіні белгілі: біреулер бұл ұғымды өз
отбасы, істеп жүрген жұмысы, туып-өскен мекен ететін
жерімен астастырса, ал
екінші біреулер үшін
бұл мемлекет, ел, қоғам, қоршаған ортаны
тұтасымен
қамтитын аса кең мағыналы ұғым
ретінде қарастырады.
Тұлғаның патриоттық
құндылықтарын дамыту арқылы
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға
үлкен мән беріліп отырғандығы Қазақстан
Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы «Білім
туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Білім»
бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің
республика халқына Жолдауларында, Қазақстан Республикасы
тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық
білім беру тұжырымдамаларында, үкіметтің
құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен
ағымдағы басылым беттерінде айқын көрсетілген.
Атап айтсақ, А.Әлімұлының
«Патриотизм мен бақ» деген мақаласында патриотизм
ұғымын былай анықтаған болатын: «...патриотизм, ол
аймақтық-азаматтық ұғым да, ұлтшылдық
тектік (ген) – ел-жерлік түсінік», – деген.
С.Т.Иманбаеваның «Ұлттық
патриотизмнің дамып қалыптасу кезеңдері» деген
еңбегінде: «Ұлттық патриотизм дегеніміз –елі мен жері,
халқының бостандығы және мемлекет ретінде жер бетінде
сақталуы үшін, ұлт намысын жоғары дәрежеде
ұстау үшін күресу», – деп тұжырымдайды. С.Иманбаева
оқушыларды Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу керектігін айта
отырып, былай деген:
«Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік
өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік
қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін
бірден-бір күш.
Патриотизм, жалпы
алғанда, ұлттық мәдениеттің, ал, жекелей алып
қарағанда, саяси мәдениеттің элементі болып табылады.
«Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында патриотизм мазмұнына
мыналарды жатқызады:
– адамның өзі
туып-өскен жеріне сүйіспеншілік сезімі;
– анатіліне
қүрметпен қарау;
– Отан мүдделеріне
қамқорлық жасау;
–
азаматтық сезімдердің көрініс беруі;
–
Отанға адалдыкты сақтау;
–
Отанның бостандығы мен
тәуелсіздігін
қорғау;
– әлуеметтік және мәдени жетістіктерге
деген мақтаныш;
– Отанның өткенінежәне одан
қалған мұраларға, дәстүрлерге
құрметпен қарау;
– өз еңбегін, күш-жігері мен
қабілеттерін Отанның гүлденуіне арнауға ұмтылу.
Біз патриотизмге және идеялық-адамгершілік
келбет құрылымдағы оның орнына сипаттама бергенде, біз
әдебиеттердегі идеялық-адамгершілік қасиеттердің
жіктемесін негізге аламыз.
Бұл қасиеттер мынадай үш үлкен топқа
бөлінеді:
1. Адамның өзіне,
адамдарға, тұтас алғанда қоғамға,
оның алуан түрлі
әлеуметтік бірлестіктеріне (халыққа, тапқа, ұжымға) көзқарасын
сипаттайтын қасиеттер.
2. Қызметтің
алуан түрлеріне – білімге,
еңбекке,
ойынға адамның
көзкарасын сипаттайтын
қасиеттер (яғни еңбексүйгіштік, ұмтылушылық,
жауапкершілік және т.б.).
3.Түрлі материалдық
құндылықтарға – табиғатқа, оның
заттарына, адам еңбегінің нәтижесі мен өнімдеріне
адамның көзқарасын сипаттайтын қасиеттер.
Жеке адамның
идеялық-адамгершілік қасиеттерін саралауда біз патриотизмді жоғарыда аталған үш топтың біріншісіне
жататын, бірақ қызметтің сан
түрінде, материалдық құндылықтарға
қатысты алуан түрлі күрделі сапа ретінде де қарастырамыз.
Осы
көзқарасқа сәйкес патриотизмді
Отанға деген сүйіспеншілік сезімі ретінде ғана емес, сонымен
қатар адам бойындағы Отан туралы белгілі бір
білімдер, жеке адамның патриоттық мінез-қүлқында
көрінетін
дамыған ерік-жігер ретінде
де қарастыруға болады. Мұндай көзқарас
педагогтардан патриотизмге тәрбиелеуде
тек санаға ғана емес,
сонымен бірге сезімге және ерік-жігерге ықпал етуді де талап етеді.
Психологтар В.Н.Мякишев,
Б.Г.Ананьев адамгершілік қасиеттерді жеке адамның болмысқа тұрақты орныққан
көзқарасы ретінде
қарастырады. Осы ғалымдардың пікірін қолдай отырып, біз патриотизмді
жеке адамның мінез-құлқында орын алған, түрлі
жағдайларда тұрақты
көрініс табатын,
Отанға деген белгілі бір эмоциялық, оңды
көзқарас ретінде қарастырамыз. Мұндай көзқарас
патриоттық
тәрбие
үрдісінде Отанға деген
оңды, айқын байқалатын эмоциялы көзқарастың жүйелі түрде
көрінуін ұйымдастыру қажеттігінен туындайды.
С.Л.Рубинштейн мен
Л.И.Божович жеке адамның
адамгершілік қасиеттерін жеке
адамның белгілі бір
тұрақты
мотивтерінің немесе ұмтылыстарының және
бұл мотивтерді күнделікті істерде іске асыруға мүмкіндік беретін мінез-құлықтың белгілі бір
әдістерінің синтезі ретінде қарастырады. Осы
көзқарасқа сәйкес, патриотизм Отанға деген
сүйспеншілік, парыз бен жауапкершілікті ұғынып, сезіну,
патриоттық мінез-құлық
мотивтері және Отанға деген сүйіспеншілікті білдіруге
мүмкіндік беретін белгілі бір
мінез-құлық әдістері, өмір мен қызметте
оның алдындағы борышты
сезіну болып табылады.
Адамның
идеялық-адамгершілік қасиеттерін түсінуге байланысты
жоғарыда атап өткен
көзқарастарға сүйене отырып, патриотизм жеке
адамның басқа
адамдарға, біздің жаңа қоғамымызға,
оның материалдық және рухани байлықтарына, қызметтің алуан түрлеріне, Отан
пайдасына жасалатын істерге
қатынасының көрінісі болып табылады деуге болады. Ол Отан туралы, оның өткені мен қазіргісі
туралы білімді де, оның алдындағы сүйспеншілік және жауапкершілік сезімін де
қамтиды. Бұл –
Отанға деген тұрақты оңды
көзқарасты көрсете отырып, пәрменді де белсенді
болуға мүмкіндік беретін жеке адамның ерік-жігерін, оның шеберліктері мен
дағдыларын дамыту.
Адамның тұлғалық
идеялық-адамгершілік келбетінің құрылымын жоғарыдағыдай талдау патриотизмді жаңа қоғамға,
қызметке, еңбекке, Отанды нығығайту мен
қорғауға белсенді көзқарастан көрінетін,
өз халқына, тілге, ұлттық
мәдениетке, табиғатқа терең сүйіспеншілікпен
және шынайы берілгендікпен, басқа
халықтарға және олардың жетістіктеріне
құрметпен қараумен ұштасып жататын адамның идеялық-адамгершілік
келбетінің негізгі бөлігі ретінде қарауға мүмкіндік береді. Жеке адамның
Отанға деген нақ осы сан
қырлы
көзқарасы
патриоттық тәрбиенің
нысанасы болып табылады.
Жеке
адамның
идеялық-адамгершілік
келбетінің
құрылымын талдау арқылы патриотизм
онда аса маңызды орындардың бірін иеленеді деп қорытынды жасауға болады. Бұл қасиет жоғарыда
айтылған
идеялық-адамгершілік қасиеттерге
тән барлық үш топты қамтиды және патриоттық
тәрбиені өз міндеттері мен мазмұны бар
өзгеше процестердің бірі ретінде ғана емес,
сонымен бірге
біртүтас және көп
қырлы тәрбие
процесінің шектеулі
талаптарының бірі ретінде алып қарауға мүмкіндік
береді. Осы біртұтас процесті
үйымдастырудың өзі патриоттық тәрбиенің
тиімділігін де көп жағдайда
айқындап береді. Сонымен бірге оның тиімділігі көп
жағдайда тікелей патриоттық
тәрбиенің міндеттері мен мазмұнын дұрыс
анықтауға, оны дұрыс ұйымдастыруға
байланысты. Тәрбиенің жетекші рөлі жағдайында функционалдық және кешенді
көзқарастардың диалектикалық бірлігі
көріністерінің бірін біз
осыдан көреміз.
Патриотизм
ұғымы әр жылдардағы саясат пен идеологияға
байланысты жаңа мазмұнмен толықтырылып,
жетіліп отырды.
Егемендік пен
тәуелсіздікке ие болу жағдайында Қазақстан
қоғамында идеялар мен рухани құндылықтар жүйесі ретінде жаңа
идеологияны әзірлеу процесі жүріп
жатыр. Бұл процесс бірқатар кедергілерге байланысты күрделі
киыншылықпен, түрлі шектен
шығушылықтарды жеңе отырып, кең пікірталас арқылы өтуде. Сонымен бірге
нақ осы идеология дегеніміз түрлі әлеуметтік және ұлттық топтардың
қоғамдық көзқарастарының жүйесі
жүйесі, олардың
әрқайсысының өз мүдделері мен маңызды
бағдарлары бар екенін есте
ұстағанымыз жөн.
Елбасы
Н.Ә.Назарбаев егеменді және тәуелсіз
Қазақстан үшін жаңа идеологияның қажеттігін
тұнңыш незіздеп, осы идеологияның негізгі жолдарын
бөліп көрсетті: «Мемлекеттік иделогия деген сөздің
ауқымы алдеқайда кең, мазмұны терең. Бұл
идеологияның бас ты мұраты – тәуелсізідігімізді баянды ету,
мына шырғалаңы мол дағдарыс кезеңінен елді аман-есен
алып өту, осыған дейінгі ғасырлар бойы жасалып келген рухани
байлықтарымыздың қайнарларын бұзбай, оны өрісі
кең әлемдік өркениетке ұластыру болса, аса
маңызды идеологиялық міндет – қазақстандық
Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың
өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру».
Бүгінгі күні
тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған егеменді елімі дамыту мен қорғау міндеттерінің тереңдей және күрделене
түсуіне байланысты патриоттық
тәрбие мәселелеріне басты назар аударудың қажеттілігі артып отыр.
Қазақ елі жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы рухани
сілкініс туғызған қайта
түлеу процесі, сол патриотизмнің даму барысын өзгертуге, сөйтіп, шынайы ұлттық патриоттық тәрбие
қағидаларын (ұстанымдарын) кайта қарауға ықпал етті.
Қазакстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің
мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен
тарихымызды кайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп және рухани
кұндылықтардың қорыта өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу бүгінгі
ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату, өзекті мәселелердің бірі болуда.
Кеңес Одағы кезінде орта мектептеоқитын оқушыларды
тәрбиелеудің аркауы болған
«социалистік патриотизм» ұғымы сол идеологиямен бірге
құрдымға кетті. Қазіргі
заманда біздің халқымыздын патриотизмі экономиканы қайта кұруда, қоғамды рухани жаңартып
демократияландыруда, плюрализм пікірін бекітуде және әлеуметгік
орта мен идеологиядағы сол бір токырау кезендерінің әсерінен туған жікшілдік пен
бұрмалаушылықты жоюдағы күреске бар күшті ынталандыру болып табылады.
Мұның бәрі келешек
жас ұрпақты патриоттык және интернационалдык рухта тәрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Қазакстан Республикасының білім беру
жаңа бағдарламасында, коғамның, бүгінгі
күнгі талабы алдағы уақытта да
әрбір адамды Отанын сүюге, туган жерін кұрметтеуге,
ата-бабаның озык
салт-дәстүрлерінің кұндылығын мақтаныш
тұтуға, әлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты
нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек етуді қажет
етеді.
Патриоттық тәрбиенің мақсаты – халық
педагогикасы негізінде, немесе
әлеуметтік топтың патриоттық іс-әрекетке саналы түрде ұмтылысын сипаттайтын саяси-моральдық, кәсіби,
психологиялық және дене қасиеттерін қалыптастыру болып
табылады.
Патриоттық іс-әрекет –
тұлғаның және әлеуметтік топ
әрекетінің әлеуметтік жағымды себептерімен сабақтас және
Отанның прогресшіл элементтерін қорғауға бағытталған кез
келген түрі. Отан элементтері – жеке адамның, әлеуметтік топтың
ұмтылысы мен іс-әрекеттері прогресшілдігінің өлшемі, ол қоғамдағы прогресшіл таптар
мен күштердің мүдделері тұрғысынан алғанда, тарихтың объективтік
барысына, қоғамдық прогреске келуі болып табылады. Демек, патриоттық іс-әрекет дегеніміз – патриоттық сана-сезімнің көрінісі
ғана емес, сонымен бірге тәрбиелеуші фактор болып табылады.
Қазіргі
жағдайда патриоттық тәрбие процесінде идеялық
сенімділік, өз Отанына, ана тіліне, еліне,
жеріне, мәдениеті мен салт-дәстүріне деген,
жалпы ұлттық мақтаныш, өз халқының
тағдыры үшін жоғары туған
Отанның экономикалық, ғылыми, моральдық-саяси
және әскери әлеуметтерін дамытуға
ұмтылыс, оны идеологиялық және саяси жаңынан
қорғауға даярлық қалыптасады.
Егеменді елдің қуатты
өндірістік күштері және өндірістік қатынастарын дамыту, тәрбие жұмысының
материалдық-техникалық базасын, патриоттық тәрбиенің экономикалық негізін
құрайды. Әлеуметтік -саяси негізге
қоғамдық және мемлекеттік құрылыс,
қоғамның әлеуметтік
-саяси және идеялық бірлігі, үкімет басшылығы,
ұлттық армия мен халықтың бірлігі, шетел
халықтарымен интернационалистік және достық қарым- қатынас жатады. Тұтастай
алғанда, үкіметтің ұлттық патриотизм туралы идеологиясы, дүниежүзілік және
қазақ классиктерінің патриотизм, ұлттық патриотизм туралы идеялары патриоттық тәрбиенің
әдіснамалық негізі болып табылады.
Патриоттық
тәрбие педагогика, этнопедагогика, психология, этнопсихология,
әскери ғылымдардың ғылыми теориясына сүйенеді,
олар жеке адамның патриоттық
тәрбиелілігінің мінсіз үлгісін және оған
қажетті қасиетті қалыптастырудағы негізгі
принциптерді, нысандар мен әдістерді айқындауға
мүмкіндік береді. Патриоттық тәрбиенің
құралдары болып қазақтың,
нақты ұлттың және оның
қарулы
күштерінің
еңбек, ұлттық
дәстүрлері болып табылады.
Патриоттық сананы қалыптастыру
барысында жеке әңгімелесу
мен тағы басқа да әлеуметтік
зерттеулер арқылы қажеттіліктерді зерттеу және оның дамуына көмектесу
маңызды, себебі мұның өзі
патриоттық тәрбиенің мәселелерін
тиімді шешуге көмектеседі.
Патриоттық тәрбие
процесінде идеялық сенімділік, өз Отаныңа, ана тіліне, жеріне,
мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік, ұлттық жалпы
ұлттық мақтаныш өз халқының тағдыры үшін жоғары жауапкершілік, туған
Отанның экономикалық, ғылыми, моральдық-саяси
және әскери
әлеуеттерін дамытуға ұмтылыс, оны идеологиялық
және саяси жағынан қорғауға даярлық
қалыптасады.
Патриоттық тәрбие ең
алдымен өз Отанының құндылықтарын танудан
басталады. Тәрбие жұмысы барысында өз халқының,
ұлтының ұлылығын, олардың тіршілік салтының
артықшылық-жетістіктерін, халық саясаты мен жауынгерлер
қызметінің прогресшілдігін терең ашып көрсету, жастарды
патриоттыққа тәрбиелеуде ұлттық
дәстүрлерді, халықтың Отан қорғау ілімін насихаттау,
өмірдегі
жағымсыз салттарды, шовинизмді, нигилизмді және т.б. келеңсіздіктерді дәлелді
сынап отыру қажет.
Біз тәрбие жүйесінде
жастарымызды рухани және
ұлттық
құндылылықтарын дұрыс бағалауға осы білімдерді
пайдалануға
бағытталуы тиіс деп
есептейміз. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
сөзімен айтқанда, патриоттық тәрбие процесінде
«әрбір адам бізідің мемлекетімізге,
оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына қатысты екенін
мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін жасауы қажет. Елдің
проблемалары да, келешегі де барлық адамға әрі түсінікті болуы тиіс...
Әрбір адам бала кезінен Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол
үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп
өсетіндей істеген жөн».