БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУҒА ЫНТАСЫ МЕН ЕСТЕ САҚТАУЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Камардинова Ү.О. – п.ғ.к., доцент

Оңласбекова Р.Д. – магистрант

Қазақстан инженерлі –педагогикалық халықтар достығы университеті

Шымкент қ., Қазақстан

 

Ес процесінің тарихи даму мәселесін түсіндіруде Л.С.Выготскийдің пікірі басқаша болып келеді. Ол кішкентайлардың ес процесінің дамуы мнематикалық әдістердің жетілуімен және басқа таным процестері мен психикалық қасиеттердің дамуымен бірге жүреді деп көрсетеді. Тарихи даму барысында адамдар өзінің материалдық және рухани баюымен бірге есте сақтау құралдарының тиімділерін тапқан. Олардың ішіндегі ең үлкен рөль атқаратыны жазу болып табылады. Жазу тілдің көптеген формаларының ішінде адамның еске сақтау процесін өз еркімен басқаруға мүмкіндік туғызды.

Балалық шақтағылардың еске сақтауы ойлау процесімен ұштасып барлық көрген білгенін бала бұрынғы тәжірибесімен салыстыра бастайды. Бала дамуында бұл процесс үлкен рөль атқаратынын көрсете отырып Л.С.Выготский баланың еске түсіруін ойлаумен қатар жүретінімен дәлелдейді. Кіші жастағы баланың ойлауының дамуының негізгі бағыты – көрнекі-әрекеттік ойлау түрінен  көрнекі-бейнелі ойлауға және одан соңында сөздік-логикалық ойлауға ауысуы. Бұл Ж.Пиаженің терминологиясында кездесетін репрезентативті интеллектіге (көрініс арқылы ойлауға) сәйкес келеді. Осыдан, ойлаудың даму жолы ес процесінің даму жолын қайталайтыны олардың бір-бірімен тығыз байланысты жүретінін көрсетеді.

  Есте сақтаған заттар мен құбылыстар бейнесімен бірге оның сөздік белгісі де есте сақталады. Бастауыш мектеп кезеңде  тілдің өте жедел дамуы баланың жеке сөзден біртіндеп түсініктерді, ұғымдарды меңгеруіне қарай жылжиды. Л.С.Выготский оларды көрнекі – әрекеттік байланыстар жүйесінен құралған «тұжырымдық ұғымдар» және  вербальды – логикалық анықтамалар жүйесіне енгізетін «ғылыми ұғымдар» деп бөледі. Тұрмыстық немесе эмпирикалық ұғымдар әрбір жекеленген құбылыстардың ұқсастықтарын салыстыру негізінде саралайды. Ал ғылыми немесе теориялық ұғымдар құбылыстардың объективті байланысын көрсетеді. Балалардың түсінігі тұрмыстық деңгейде қаланғанымен, түсінік мазмұны біртіндеп кеңейе түседі.

Бастауыш мектеп жасы баланың есте сақтауы бірқатар ерекшеліктерге ие. Балалар затқа баға беруде әдетте ерекшеліктеріне мән берместен, сыртқы белгілері арқылы бағалайды (кішкене затты жеңіл, ал үлкен затты ауыр деп есептейді) .

Бастауыш мектеп жасы шақта бала алдында тұңғыш рет практикалық  қана емес, сонымен бірге білім алуға бағытталған айрықша танымдық міндеттер де пайда бола бастайды. Мұндай міндеттердің үлес салмағы біртіндеп арта түседі. Атап айтқанда, танымдық белсенділік шеңберінде ақыл-ой іс-әрекеттерінің жоғары типтері қалыптасады Бастауыш мектеп жасындағы бала бейнелі ойлайды, өйткені оның тұжырымдау логикасы әлі дамымаған. Баланың ойлауының ерекшеліктерін Л.Ф.Обухова өз тәжірибелерінде зерттеген. Ол Ж.Пиаженің жүргізген экспериментінде пайдаланған кейбір сұрақтарын Ресей балаларына қайталап қойып, 6-7 жастағы балардың логикасы әлі қалыптаспағандықтан көптеген мәселелерді дұрыс түсіндіре алмайтынын көрсеткен. Сондықтан олардың есте сақтауы, жаттап алуы сол нәрселерге толық түсінегенінің көрсеткіші емес. Мысалы, «Жұлдыздар неге жерге түспейді?» деген сұрақ бергенде бала оған: - «Олар кішкентай, өте жеңіл» деп жауап берген. «Жел неге соғады?» деген сұраққа жауаптары: – «Өйткені, бұл қайықтағы желкендерге көмектеседі, жел соқса, қайық жүзеді». Осындай балалық логикаға қарамастан мектепке дейінгі балалар кейбір нақтылы мәселелерді дұрыс тұжырымдап, күрделі тапсырмаларды шеше алады. Ал күрделі мәселелердің мән-мағынасына әлі түсінбегендіктен балалар тапсырманы жаттап алуы керек. Осыдан, үйрету барысында баланың әрекеттерін өзіндік тәжірибесіне сай қорытынды жасай алатындай етіп ұйымдастыру керек деген тұжырым жасаған.

  Балаларға түсінікті қызықты тапсырмаларды орындатқанда және олардың өздеріне түсінікті фактілерді бақылағанда бала логикалық тұрғыда дұрыс тұжырымдай алады, сондықтан ол мәселелерді және оны шешу жолдарын есте сақтайды.

   Мектеп жасына келген балаланың ес процестерінің барлық түрлері көрініс берген болуға тиіс. Есте сақтаудың ұзақтығына байланысты есті қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және оперативті түрлерге бөліп қарастырады. Қысқа мерзімді есте сақталған нәрселерді ұзақ мерзімге өткізу арқылы оқыту процесі жүзеге асырылады.

Балалық шақтағы тікелей және жанама әсер еткен нәрселерді есте сақтау ерекшеліктерін анықтау үшін А.Н.Леонтьев арнайы зерттеулер жүргізді. Зерттеу нәтижесінде баланың тәжірибесі молайған сайын тікелей әсер еткен нәрсені есте сақтауға пайдаланған бір мнематикалық әдісті ол, біртіндеп, жанама түрде әсер еткен нәрселерді есте сақтауға пайдаланылады. Бұл ес процесімен қабылдаудың ұштасып жүретінін дәлелдейді. Қабылдау саналы жүретін  таным процесі. Ол тілмен, шешім қабылдаумен байланысты жүреді. Мектепке дайындық тобындағы баланың қабылдауы бірнеше қасиеттермен сипатталады және нақты көрген заттар бейнесімен байланысты болады. Дегенмен мектеп жасындағы баланың қабылдауы адамға даяр түрде берілмеген қасиеттермен сипаттала бастайды. Бала өз тәжірибесінде әр заттың формасын және ішкі құрылысын меңгереді. Осы тәжірибеге сүйене отырып әр жаңа заттың мән-мағынасына түсінуіне бұрынғы көрген нәрселерін есіне түсіріп, сонымен жаңаны салыстырып, оның ұқсас және айырмашылығын табуға мүмкіндік туады. Осылайша талдау мен жалпылау элементтері көрген нәрсені түсінуге, сондықтан оны өз тәжірибесінде пайдалана алатындай етіп есінде сақтамайды.

  Балалардың есте сақтауы біртіндеп мағыналы және таңдамалы бола бастайды. Таңдамалылығы арқылы бала көптеген объектлердің ішінен біреуін, қазіргі кезде өзіне қажеттісін немесе бұрынғы тәжірибесінде болып оны пайдалану жолын есіне түсіргенін іріктеп алады. Сонымен қатар қабылдаудың тұрақтылығы еске сақтаған заттардың кейбір қасиеттері сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан бір қалыпты болып сақталатыны ол заттың барлық қасиеттерін алдын ала меңгеріп, есіне түсіруімен байланысты жүреді. Ю.З.Гильбух өз зерттеулерінде баланың алыстағы тау мен жақындағы үйді салыстырғандағы кеңістіктің қабылдауға тигізетін әсерін ажырата білуіне баланың бұрынғы білімдерінің тигізетін әсерін анықтаған.

Балалардың есте сақтау процесін дамыту үшін оларды ұғымдарды жүйелі түрде меңгеруін қамтамасыз етіп оны есте сақтауға арналған мнематикалық жүйелерін қалыптастыру қажет. Оқыту барысында баланың ұғымдық қорын қалыптастырудың бірнеше шарттарын А.Н.Леонтьев анықтаған. Оларды келесідей тұжырымдармен көрсетуге болады.

Оқу қызметінің сипаты туралы мәселені шешкенде ең алдымен жаңа материалды меңгеру қандай білім мен іскерліктерді талап ететініне талдау жасау қажет. Егер бала белгілі бір бейнелерді, ұғымдар мен іс-әрекеттерді әлі меңгермеген болса, онда оқытуды заттық танымдық іс-әрекеттен бастау керек. Мұндай іс-әрекеттер барысында бала көрнекілерді және үйренуге қажетті материалдарды өз қолымен жасауы керек. Бұдан кейін оларды сөздер арқылы атап, пысықтай отырып, бірте-бірте оларды орындауды оңды (ішкі) жоспарға көшіруі тиіс. Ал, егер бала кажетті негіздік үғымдар мен іс-әрекеттердің арсеналын меңгеріп алған болса, онда ол оқуды тікелей ішкі танымдық іс-әрекеттен бастай алады. Мұндай жағдайда балаға тиісті сөздерді ұғындыруға болады өйткені бала бұл сөздердің нені білдіретінін және олармен қандай іс-әрекеттер жасау қажет екенін біліп алған. Хабарлау және көрсету әдісімен дәстүрлі оқыту негізделген. Ф.В.Ипполитов оған оқытудың тыңдау, оқу, бақылау секілді тәсілдері сәйкес келетіндігін анықтады.

Алты жасар балаларды оқыту арнайы режимді (сабақтың ұзақтығы (35 минуттан көп емес, үзділістерде жаттығулар, ойындар немесе серуендер, күндізгі ұйқы, үй тапсырмаларының берілмеуі және т.б.), оқу материалдың шағын көлемін (бастауыш мектеп бағдарламасына сәйкес), дамытушылық сабақтардың мол көлемін (дене шынықтыру, ән-саз, ритмика, бейнелеу өнері, еңбек), денсаулық жағдайын медициналық бақылауды, арнайы оқыту бағдарламалары мен әдістерін қамтиды. Көптеген мектеп директорлары мен мұғалімдерінің осындай оқыту принциптерін жүзеге асыруға талпынғанына қарамастан, бірқатар проблемалар, ең әуелі психологиялық мәселелер. 

Сабақ жалпы тақырыпты қамтыған бірінші білімнен құралуы керек. Дәстүрлі оқыту әдісіне тән тапсырмаларды беруге болмайды. Сол үшін сабаққа ойын элементтерін енгізіп, арнайы дидактикалық және дамытушылық ойындарды ұйымдастырған дұрыс.

Алты жастан ерікті мінез-құлықта әлі біршама қиындықтар орын алады, себебі мектеп жасына дейінгі кезеңде еріктілік енді қалыптаса бастайды. Оның үстіне, алты жасар балаларда әлеуметтік нормалар мен ережелерге сүйенетін қызметтің регуляциялық механизмі толыққанды қалыптаспайды. Алты жасар балалармен авториторлық қатынас стилі тіптен қажет емес, балалардың көңіліне әрдайым түсінікпен қараған жөн.

Барлық алты жасар балалар бейімделу қиындықтарына кезігеді. Олар физикалық та, психологиялық та жағынан қиналады. Кейбіреулерінде әлсіздік, жылау пайда болып, тәбет пен ұйқы бұзылады,  ашуланшақтық пен ызақорлық бойын билейді. Балалар мектептегі жүктемелерден шаршайды. Шаршау еркеліктер мен ызаға әкеледі.

Көптеген психологиялық зерттеулерде ата-аналарыдың өз балаларының ерекшеліктерін зерттеу арқылы жүргізілген. Баласының дамуын бақылаған В.С.Мухина мынадай аффектілі реакцияны байқаған: «Мен ойнағым және серуендегім келеді. Мен көп сабақ оқыдым, енді оқығым келмейді».

Салыстармалы қолайлы оқыту жағдайларында психологиялық ызақорлық әдетте мектепке барғаннан соң 1,5-2 айдан кейін төмендей бастайды. Егер балаға қаталдық көрсетілген жағдайларда ол психологиялық және соматикалық тұрғыда кері эффектіні туғыза отырып, ұзақ уақыт сақталады.

Баланың мектепте оқуға психологиялық дайындықтың құрамдас бөліктері ретінде жеке тұлғалық еріктік және интелектуалдық ақыл-ой даярлығы қарастырылады. Жеке тұлғалық немесе мотивациялық мектепке даярлығы баланың жаңа әлеуметтік орынға ұмтылысын жатқызады. Бұл позиция баланың мектепке, оқу іс-әрекетіне, мұғалімдерге және бала ретінде өзіне-өзі қатынасынан байқалады.

7 жасқа қарағанда бала үшін кез-келген тапырма мұғаліммен қарым-қатынас жағдайына байланысты. Бала оқытылып жатқан  пәнге мән бермей – мұғалімді ең басты қатынасушы адам ретінде қабылдайды. Оқыту мазмұны – байқаусыз қалады. Осындай жағдайда мұғалімнің басты міндеті балаға оқытылатын пәнді ұсыну және оны жаңа мазмұнға араластыру, қайта ашу болып табылады. Оқыту мазмұны мен таратушы, яғни мұғалім – баланың санасында бөліну қажет. Егер олай болмаған жағдайда оқыту материалында алға жылжу мүмкіндігі жойылады. Оқыту пәнін белгілеу және оны ересектерден бөліп алу – оқи білудің негізгі жағдайы болып табылады.

Сонымен, баланың мектепке жеке тұлғалық даярлығына тек әлуметтік мотивтері ғана енгізбейді «бала болу», «қоғамда өз орнына ие болу», сонымен қатар мұғалім ұсынып отырған оқу мазмұнына деген танымдық қызығушылықтың болуын көздейді. Мектеп өмірі баладан мінез-құлық ережелерін дәл орындауды, өз іс-әрекетін өз бетінше ұйымдастыра алуды талап етеді. Ересектердің талабы мен ережелеріне бағына алу қабілеті мектептегі оқуға ерік даярлығының басты көрсеткіші болып табылады.  

Мектептегі  оқыту инттелектуалдық дайындықты да қажет етеді. Бала өзінің мектепке дейінгі эгоцентризмін жеңіп, шындықтың әртүрлі жақтарын ажыратуы тиіс. Бала заттардың жеке жақтарын, параметрлерін көре білуі. Ол танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін меңгеруді шамалайды: қабылдауға сенсорлық эталондары, ойлау сферасында кейбір интеллектуалдық операцияларды меңгеруін. Мектепке интеллектуалдық даярлықтың маңызды жағы ол баланың ақыл-ой белсенділігі мен танымдық қызығушылығы, яғни жаңалықтарды білуге деген құмарлық, бақылаған құбылыстардың мәнін түсіну, ақыл ой міндетін шешуге ұмтылу.

Баланың өзі қаламаған нәрсені үйретудің қаншалықты қиын екені көпшілікке мәлім. Баланың үлгерімі жоғарылауы үшін бала ең алдымен жаңа мектеп өміріне, «байсалды» сабақтарға, жауапкершілікті талап ететін тапсырмаларға ұмтылуы керек. Нәтижесінде баланың бойында баланың ішкі ұстанымы қалыптасады. Әуелгіде балаларды мектеп өмірінің жаңа атрибуттары: түрлі-түсті портфельдер, әдемі қаламдар, пеналдар т.с.с. қызықтырады. Жаңа әсерлерге, жаңа жағдайлар, жаңа достарды табу  мұқтаждығы туындайды. Тек содан соң ғана оқуға, жаңа білімдерді меңгеруге талпыныс пайда болады.

Баланың жаңа әлеуметтік жағдайға ұмтылысы – кіші мектеп жасындағы көптеген психологиялық ерекшеліктердің қалыптасуы алғы шарты және негізгі талап болып табылады. Осы ерекшеліктердің негізінде оқу міндеттеріне жауапкершілік қатынасы дамиды.

Оқуға жалпы қатынастан бөлек мектепке түскелі жүрген бала үшін мұғалімге, құжаттарына және өзіне деген қатынасы маңызды. М.И.Лисинаның сипаттамасы бойынша, мектепке дейінгі шақтың соңында бала мен адамның арасында жағдайдан тыс-тұлғалық қатынас формасы қалыптасуы тиіс. Ересек адам еліктеу үлгілісіне айналды. Оның талаптары орындалып, оның ескертпелеріне ешкім ренжімейді, керісінше қателіктерін түзетуге, дұрыс орындалмаған жұмысты жөндеуге тырысады. Осы тұрғыда мектептік оқытуға дайын бала оқу қатынасының шарттылығын түсінеді және мектеп ережелеріне бағына отырып, сабақтарда адекватты мінез танытады.

Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесі баланың мұғаліммен ерекше қатынастарын ғана емес, сондай-ақ басқа балалармен айрықша қатынастарды қамтиды. өз мағынасы жағынан оқу қызметі – ұжымдық қызмет. Балалар бір-бірімен іскерлік қатынасқа, сәтті өзара әрекет ете білуге, өзара ете білуге, өзара оқу қызметтерін орындауға үйренуге тиіс. Құрдастармен жаңа қарым-қатынас формасы мектептік оқытудың ең басында қалыптасады. Кішкене бала үшін бәрі күрделі, құрдастармен араласудан бастап сұрақтарға жауап беруге дейін қиын.

Мектепке тұлғалық дайындық өзіне нақтылы қатынасты қамтиды. Өнімді оқу қызметі баланың өз қабілеттеріне, жұмыс нәтижелеріне, мінез-құлқына, яғни өзіндік сананың нақтылы даму деңгейіне адекватты қатынасты қамтиды. Баланың өзіндік санасы асырмалы және дифференциалды болмауы керек. Осылайша мектепке оқытуға тұлғалық дайындықтықтың құрамды компоненттері баланың ішкі ұстанымы, оқуға талпынысы, оқуға, құрдастарына, өзіне деген оңды қатынас болып табылады.

Мектепте оқуға интеллектуалды дайындықтың бір көрсеткіші ретінде ойлау процестерінің келесі операцияларды жүргізуге жетілгендігі саналады: объектелерді салыстыру, оларды жіктеу, сәйкестендіру айырықша белгілерін ажырату, себеп–салдарлық  байланыстарын анықтау, қорытындылар жасау қабілеттерінің дамуымен байланысты. Мектептік оқуға интеллектуалды дайындық дәрежесі балалардың дербес даму ерекшеліктерінің деңгейі арқылы айқындалады.

Бала тұлғасының ойлау қызметінің нақтылы даму деңгейі де маңызды. Ерекше мән бақылауға, абстракциялық тәсілдерге, салыстыру мен сәйкестендіруге бөлінеді. Заттар мен құбылыстар әлемі туралы сан алуан ақпаратты бірыңғай көзқарастар жүйесіне біріктіретін ішкі шарттарды құраушы процестерге ерекше зейін аударылады.