Г.Е. Самашова1 Н. Райханова2 Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің доценті, п.ғ.к.1, КО-11-1 тобының студенті2

С.Ғ.Құрымбаев3 Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, п.ғ.к.

 

 ДИФФЕРЕНЦИЯЛАП ОҚЫТУДЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІ

 

Келер ұрпақты қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде болашақ мамандардың инновациялық ic-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін мeңгepyi–маңызды мәселелердің бipi.Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мамандарды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бipi және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі әрекеттің нәтижесі болып табылады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру білім беру ордасының басты міндеті болып саналады.

Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күні оқу орындарының алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді мамандар тәрбиелеп шығару.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру жүйесінің алдына жаңа тұлғаны қалыптастыру және оны дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқытудың заманауи теориясы мен тәжірибесіне сәйкес келетін оқытудың оңтайлы жолдарын табуға мүмкіндік беретін педагогикалық технологияны үнемі іздейді. Сапалы білім мен біліктерді жүйелі сабақтастыра отырып, кәсіби міндеттерін білімділікпен шеше білетін болашақ мамандарды– оқытудың түрлі технологиялармен қаруландыру жоғары оқу орындарының міндеті. Сондықтан  жоғары оқу орындарында білім алушылардың кәсіби бағыттағы білім нәрімен сусындандырудың жаңаша сипатта қарастырып, олардың білім сапаларын дамыту негізінде меңгерген білімдері мен білік, дағдыларын  өзгермелі өмір жағдайында, болашақ кәсіби іс-әрекетінде қолдана білуге үйрету маңызды.

Көрсетілген мәселенің өзекті тұстары Қазақстан Республикасы-2030 жылдарға дейін стратегиялық дамуын жүзеге асыру бағдарламасы мазмұнында, «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы «Білім» бағдарламасында, Қазақстанда білім беруді дамытудың 2015-жылдарға дейінгі мемлекеттік бағдарлама талаптарымен үндеседі.Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі білім алушыға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер–оқытушы мен білім алушыға тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

20 жылдардың ортасына қарай өмірге енгізілген жаңа тәсіл өңделді. Кеңестік мектепте дифференциалды оқытудың алғашқы формасы дарынды дәрежесі бойынша дифференциация болып табылады. Дарынды балалармен жұмыстың  тәжірибесінде әдебиеттер мен әдістемелер болмағандықтан дифференциалды оқытудың аталған формасы баланың психикасына  яғни, тым ашушаң, қызбалы болуына әкелді. Бірақ оның жағымды да жақтары болды: үлгерімі нашар және даму жағынан кем балаларды есіркеру және соған байланысты әдістемелер қолданылды. Дифференциация латын сөзінен аударғанда- айырымдау, бөлшектеу, жіктелу, саралау деген мағынаны білдіреді. Даралаудың ерекшелігімен байланысты студенттің жеке тұлға бейнесін ашудағы студентке өзіндік оқу жолына түсуге мүмкіндік беруге, оның өзіндік қабілеттілік деңгейіне және оқу материалының көлеміне қатысты. Білім беру жүйесіндегі ішкі факторлар ең алдымен әр студенттің мүмкіндік қажеттіліктерінің әртүрлі болуы кәсіптік оқытудың пайда болуына себепкер болды. Дифференциациялау және даралап оқыту жүйесінде туындаған мәселелер уақыт өте жалпылама оқыту жүйесінде туындайды.Иа,бұл оқыту жекелеп,педагогтардың оқыту жүйесін студенттің қызығушылығына оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеру арқылы жасалған.

Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру қажет. Ол – оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптердің талаптарына сәйкес әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар оқулықтар, оларға қосымша әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.

Бұл аталған педагогикалық технология арқылы студенттер жүйелі білім алып және алған білім негізінде біліктілігі мен дағдысы қалыптасады, сабаққа деген қызығушылығы артады, өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді.

Шетелдік мектеп сабақтары тәжірибелерін сабақтай саралай отырып, біз өзіміздің жеке кәсіптік оқыту жүйесін қалыптастырудамыз. Көптеген экономикалық дамыған елдердегі педагогикалық жүйеде кәсіптік білім беру нәтижелі жүріп келеді, ол сыртқы болмысы мен негізгі ерекшеліктері жағынан елдің мәдени, тарихи құндылықтарымен тығыз байланысқан. Бұл айырмашылықтарға қарамай дифференциациялау мен даралаудың жалпы идеяларының пайда болуы кәсіптік оқытумен бірге байланыста пайда болды.

Атақты Ежелгі грек ойшылдары Пифагор (б.з.д V ғ.), Гераклит (б.з.д. 520-460), Демокрит (б.з.д. 460-370), ғалым-сопылар (б.з.д. V-IV ғ), Платон (б.з.д. 427-347), Аристотель (б.з.д. 384-322 жж.) әр түрлі сұрақтар бойынша философиялық ойларымен қатар білімнің мазмұны, оқытудың тәсілдері жайлы педагогикалық көзқарастарын айтты. Осылайша біздің күнімізге дейін Пифагор теоремасы, эвристикалық әңгіме, Платонның таным (білместік, өзін-өзі тану, толық білім) туралы ілімдері жетті. Мысалы, Аристотель былай деп жазған:«Оқушылар биіктен көріну үшін алдыңғыларға жетіп,соңындағыларды тоспауы керек»[1, Б. 22]. Аристотельдің ойы ХХ ғасырда жеке және дифференциалды оқыту теориясында өзінің негізін тапты.

Әлемдік тәжірибе XXI ғасырда білім беру жүйесін қарқынды дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр.Білім беру қоғам дамуының тұжырымдамасын анықтайды. Сонымен қатар білім беру жүйесінің мақсаты мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын айқындау−қоғам талабы. Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын,танымдық жәнеөмірлік қажеттіліктеріне,бейімділіктеріне сәйкес қамтамасыз ету болып табылады. Дифференциалды оқытудың артықшылығы– студенттің тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін,оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге асыратын жалпы білім беру. Бұл оқыту әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде студенттердің қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда,тұлғаның танымдық, болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады.Дифференциациялап оқыту -білім алушылардың мүдделерін,бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі,яғни білім беру процесін ұйымдастыру.Дифференциациялап оқытужалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді[2, Б. 7].

Дифференциациялап оқытудың негізгіартықшылығы:студенттің кәсіби бағдары мен өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, студенттердіңсаналы кәсіби таңдауын жүзеге асыруға қажетті мүмкіндіктерін туғызу. Бұл оқыту технологиясының қарастыратын міндеттері келесілер:

- жалпы білім беруді мектеп түлектерінің еңбек нарығына ену процесіне назарын күшейте отырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;

- оқушылардың таңдаған бейініне қарай жалпы орта білім көлеміндегі жеке пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- мектепте білім беру процесінің вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын қамтамассыз ету,оқушының білім алу әрекетіне деген қызығушылығын арттыру;

- білім беру мазмұнын жаңғырту және оның компонентін күшейту негізінде білім алу процесінің практикалық бағдарлануын іске асыру;

- оқушының әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлегін жоғары кәсіби білім алуға тиімді түрде даярлау[3, Б. 56].

Тәуелсіз Қазақстандағы ЖОО-ның даму үрдісі Қазақстандық жоғары білім беру жүйесінде бакалавриат, магистратура, PhD деңгейлерін,  дәстүрлі оқыту жүйесінен басқа TASIS жүйесін, кредиттік оқу технологиясын енгізу арқылы дүниежүзілік тиімді және жоғары білімді маман даярлаудың озық модельдерін таңдаумен байланысты жүргізілді. Отандық жоғары оқу орындарында білім беру сапасын дамытуда жалпы білім беру саласының барлығына тән жалпы заңдылықтар жүйесі ұстанылды. Оның аясына білім беруді дифференциалдау, білім беруді шығармашылық тұрғыда жүзеге асыру, оза оқыту, білім беру сапасы рөлін арттыру, үздіксіз білім алу, білім берудің көп деңгейлілігі мен шоғырлылығы, білім беруді жеделдету, білім берудің мақсатты бағдарларының ауысу, білім беруді компьютерлендіру және білім берудің ұлтаралық және халықаралық деңгейлерге өту заңдылықтары енді. Зерттеу жұмысында бұл заңдылықтардың сипаты жобалай оқыту технологияларымен сабақтастықта қарастырылды. Мәселен, қазіргі ЖОО тәжірибесіндегі кредиттік оқу жүйесінің өзіндік ерекшелігіне сай таңдау курстары ұсынылады. Білім беруді дифференциалдау заңдылығы студенттің өзінің мүмкіндігі мен қажетіне қарай білім алу құқығын сақтай отырып, болашақтағы кәсіби өсу жолына қажетті курстар мен тақырыптарды дұрыс іріктей білу жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Білім беруді дифференциалдау – студенттің  өзіндік білім бағдарламасын құруымен ғана шектелмей, өзіндік жұмысты оқытушымен бірге отырып жүзеге асыратын ерекше процесс. Ал бұл оқыту технологиясы талаптарымен де толық үндеседі, өйткені бұл технологияның мәні - студенттің өзіндік шешімдеріне тәуелді болып келеді[4, Б. 6].

Білім беру мазмұнын жетілдіру әр түрлі білімді қолдануға, керекті іскерліктерді жинақтауды, бағдарламаға енгізуді талап етті. Осыған байланысты «Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламаларына  (Алматы,1997), «білім, білік, дағдыларды күнделікті бақылап бағалауға қойылатын негізгі талаптар» деген бөлім енгізілді. Төменде оларға тоқтала кетелік:

Бірінші топ- арнайы (немесе жеке) іскерліктер оқушылардың бойында нақты оқу пәндерін оқу процесінде қалыптасады. Олар оқу материалымен, жұмыс істеуге керекті және оны түсінуге елеулі ықпал етеді. Бұл топқа үйірме, факультативтік курстар, экскурсияны жатқызуға болады.

Екінші топ - оқушының оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерліктері:оқу материалдарын меңгеру,талдау, оларды түрлі танымдық міндеттерді шешуге қолдану, жұмысты безендіру, өз жұмысын бақылау, оның нәтижелерін түзету, өзінің іс-әрекетін басқару. Екінші топтың қатарына семинар, саяхат, факультатив, қосымша, конференция, өндірістік оқу, тәжірибелік-зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада түрлерін жатқызуға болады.

Үшінші топқа интеллектуалдық іскерліктер енеді. Олар: талдау және жинақтау, қорытындылау және саралау, абстракция және нақтылау, салыстыру және ұқсату, себеп-салдарлық байланыстарды табу [5, Б 58]. Бұл топтың қатарынаолимпиада, әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар, ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады.

Әрбір топтағы іскерліктер оқушының теориялық, ішкі және сыртқы, репродуктивтік және өнімді іс-әрекетінде көрінеді.

Жоғары оқу орнында Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері жүргізіп жатқан реформалар, білім берудің жаңа парадигмасын іздеу, білімденудің инновациялық технологияларының нәтижелі болуына бағдарлану, студенттің тұлғалық моделі мен сапасын әрбір өтілетін пәннің мазмұны арқылы дамытуға бетбұрыс жасады. Білім беруді студенттердің игеруге тиісті мамандығын кәсіби құзыреттілігі сапада меңгерулеріне білімденудің кредиттік технологиясы басқа технологиялармен интеграцияланып өркендеуіне мүмкіндік береді: ол мәнді және сондықтан әр студенттің даралық келбетін анықтаушы, оның одан әрі иерархиялық жоғарыға көтерілуіне жол ашушы, яғни ең алдымен парасатты іс-әрекет сезімінің оянуына ықпал етуі тиіс деген сенімді орнықтырады.

Білім берудегі тұлғалардың ілімі интеллектуалдығына қарай өркендеу, өзін-өзі айқындау, өзін-өзі дамытуы, үзіліссіз болашақ мамандығын шыңдауға қуат жинау, осыларға деген қызығушылығы мен қажеттіліктері инновациялық түрде ұйымдастырылған топтық және жеке жұмыстарды саралауға мүмкіндік береді.

Оқытудың барлық түрі, әсіресе бағдарламалап оқыту дифференциалдап оқыту толықтай жүзеге асыуға мүмкіндік береді – деп болжауға болады. Саралап оқытуды қолданған мұғалім әрбір оқушының мүмкіндіктерін тексереді және талап-тілектерін ескереді.Қорытындай келсек, дифференциалдап оқытудың артықшылығы–студенттердің білім алуға деген қызығушылығын ояту. Дифференциалдап оқытуда оқыту мазмұны өзгертіледі, оқушыларға әдістемелік көмек беріледі.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.       Ахметжанова Ү. Жаңа педагогикалық технология-оқу үрдісінде // Бастауыш мектеп. - 2009. - №11. -Б. 20-22.

2.       Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар //Қазақстан мектебі 2010. - №4. - Б.5-8.

3.       Оқушыларды дайындаудағы оқытуды жекелендіру және дифференциялау технологиялары [Текст] / С. Қ. Аметова // Шетел тілін оқыту әдістемесі = Методика обучения иностранному языку. - 2011. - № 1 (39). - Б. 54-56.

4.       Бекеева. А. Дамыта оқытутехнологиясын пайдаланудың теориялық негіздері// Бастауыш білім. - 2009. - № 6. - Б. 6-7.

5.       Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру-міндет// Қазақстан мектебі. – 2005. - №9-10. - Б.58-60.