Әлеуметтік
педагогтарды кәсіби іс-әрекетке даярлау мазмұны
Әл –Фараби атындағы
ҚазҰУ,
философия
және саясаттану факультеті,
жалпы және этникалық
педагогика
кафедрасының аға
оқытушысы Рамазанова С.А.,
ассистент Ертарғынқызы Д.
Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан
жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Қазақстан халқына жолдауында халқымыздың рухани
жаңару үдерісінің егемендікпен келген рухани бостандық,
ұлттық дүниетаным мен тарихтағы дербес
танымдардың қалыптасуы нәтижесінде болғанын атайды.
Қоғамдағы
әлеуметтік толқулар, экономика, мәдениет, білім берудегі
дағдарыстар бала мінез-құлқына кері әсер етуде.
Соның нәтижесінде балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс
саны артып, жасөспірімдік алкоголизм, жезөкшелік,
нашақорлық әлеуметтік мәселе болып, физикалық
және психикалық дамуында ауытқушылығы бар
жасөпірімдер саны көбейіп келе жатыр. Осы ретте көмекке
мұқтаж балаларға қолдау көрсететін
мамандандырылған әлеуметтік педагогтарды даярлауда қажеттілік
туып отыр.
Әлеуметтік педагог-кәсіби
дағдыларға, педагогикалық қабілетке және
жаңаны танып білуге ұмтылатын қабілеттерді меңгерген
рухани бай, шығармашылық тұлға.
Әлеуметтік педагог
кәсіби іс-әрекеті педагогикалық шынайылықтың
нақтылы бір саласымен байланысты. Әлеуметтік педагогтың
идеялық- адамгершілік көзқарасы белгілі бір кәсіби
қасиеттерді талап ететін тәрбие жұмысының
әдістемесінде көрініс табады.
М.А
.Галагузова, Ю.Н. Галагузова, Б.П. Дъяконов, Е.Я. Тищенко, Г.Н. Штинова секілді
ғалымдар жалпы білім беретін мекемелер шеңберінде әлеуметтік
педагог балаларды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік
бейімделу, мінез-құлқын түзету және дамыту
бойынша жұмыстар жүргізіледі деп атап көрсетті [1].
Әлеуметтік
педагогтың кәсіби іс-әрекетке даярлық мазмұнына
тоқталмас бұрын «даярлық» сөзінің мағынасын
ашып алайық. Ғылыми әдебиеттерде «даярлық»
мәселесі кәсіби дайындықтың маңызды факторы
ретінде ұзақ жылдар бойы зерттелініп келе жатыр. Психологиялық
әдебиеттерде «даярлық» ұғымына әр түрлі
анықтамалар берілген. Соған байланысты даярлықтың
нақтылы бір формаларына: кәсіби іс-әрекетке, спорттық
іс-әрекетке, тәрбие жұмысына даярлық
ұғымдары талданады.
Левитов
Н.Д. [2], Мясищев Н.В. [3] даярлық «белгілі бір жұмысқа
адамның жарамдығы немесе жарамсыздығы, жұмысқа
қабілеттілігі мен қабілетсіздігі...» ретінде қарастырады.
Жалпы және ұзақ мерзімдік даярлықтан басқа
уақытша даярлық болады. Оны «дайындық алды» кезең деп
те атайды. Дьяченко М.И. Кандыбович Л.А. даярлықтың маңызды
көрсеткішін тұлғаның мотивациялық аймағымен
байланыстырады. Авторлар даярлықтың аспектілері ретінде
эмоционалды-еріктік және мазмұндық операциялық компоненттерді
жеке бөліп зерттейді.
Психологиялық-педагогикалық
әдебиеттерде даярлық кез келген іс-әрекетті сәтті
орындаудың бастапқы іргелі шарты болып табылады. Зерттеу
жүргізу барысында даярлықтың мазмұны мен
құрылымы туралы нақтылы бір анықтама жоқ екені
анықталды. Дьяченко М.И., Кандыбович Л.А. [4] даярлық
құрылымына төмендегілер жатады деді:
- Қандай да бір іс-әрекетке, мамандыққа оң
көзқарас;
- Іс-әрекет, кәсіп талаптарына мінез-құлық,
темперамент, мотивацияның сәйкес келуі.
- Қажетті білім, білік, дағдылар;
- Тұрақты кәсіби-маңызды ерекшеліктер:
қабылдау, зейін, ойлау, эмоционалды және еріктік процестер.
Зерттеушілердің
тағы бір тобы даярлықтың: мотивациялық
(іс-әрекетті орындауда жауапкершілік); операциялық (қажетті
білім, білік, дағдыларды және іс-әрекет
әдіс-тәсілдерін меңгеру); еріктік (өзін-өзі
бақылау, басқару); бағалаушылық (кәсіби міндеттерді
шешуге сәйкес өз даярлығын бағалау) [5]
құрылымдарын қарастырады. Осылайша, психологиялық
даярлық күйі мамандыққа қойылатын талаптарды
ескере отырып тұлғаның жан-жақты дамуы.
Педагогикалық психология еңбектерінде кәсіби
іс-әрекетке даярлық күйін зерттеуге
тұлғалық тұғыр маңыздылығы аталады.
Әлеуметтану ғылымында Буева Л.П. [6], Кон И.С. [7],
Смирнова Е.Э. [8] даярлықты
тұлғаның әлеуметтік ұстанымы,
құндылық бағдары ретінде зерттейді. Смирнова Е.Э.
даярлықты тұлғаның білімі мен білігін
қоғамдық жұмыстарға арнауын атайды.
Келесі
бір зерттеушілер тобы жоғарыда айтылған көзқарастармен
қайшы келмейді, даярлықты сыртқы және ішкі
күштердің негізінде қалыптасатын тұлғаның
тұрақты қырлары ретінде қарастырады. Сыртқы
күштерге іс-әрекет, іске асырылатын нақтылы бір
жағдайды, ішкі күштерге – белгілі бір адамға тән
тұрақты психологиялық ерекшеліктерді жатқызады.
Даярлық құрылымына адамгершілік, психологиялық,
кәсіби компоненттер енеді.
Педагогикалық әрекетке даярлық аспектісін Кузьмина Н.В.
зерттеді [9], [10]. Автор мұғалім тек педагогикалық
қабілетке ие ғана болып қоймай, балалар психологиясын біліп, оларға
және педагогикалық ұжымға жауапкершілік, жағымды
қатынас танытып, педагогикалық техника мен технологияны,
педагогикалық қарым-қатынас өнерін, оқушылар мен
әріптестерімен өзара қарым-қатынас орната алу
қабілетін игеру керек деп есептейді. Бұл тұжырымға
басқа көзқарастар қайшы келмейді [11].
Әлеуметтік-педагогикалық әрекетке даярлық
мәселесі бойынша да зерттеу жұмыстары бар. Масленикова В.Ш.
кәсіби даярлық - әлеуметтік-педагогикалық
әрекетті жүзеге асыратын көп деңгейлі, интегративті
тұлғалық қасиеттер деп анықтама береді [12].
Осылайша,
жоғарыда келтірілген зерттеулерді талдай келе, адамның белгілі бір
іс-әрекетке даярлығы теориялық тұжырымдамалар
ерекшеліктері мәселесі функционалдық немесе
тұлғалық деңгейде қарастырылуына байланысты
негізделеді. Даярлықтың мазмұны мен құрылымына
байланысты, кәсіби даярлық көптеген сыртқы және
ішкі факторлардан тәуелді динамикалық күрделі
құбылыс болып табылатыны белгілі. Даярлық
психологиялық-педагогикалық ұғым ретінде жалпы
қабылданған анықтамасы жоқ. Мысалы, Сластенин В.А. [13] өзінің бастапқы
еңбектерінде даярлық деп мұғалім меңгеруге тиіс
жалпы педагогикалық біліктер жүйесі деп түсінілсе, кейінгі
шыққан еңбектерінде өзара байланысқан
құрылымдық компоненттердің:
мотивациялық-құндылықтық
(тұлғалық) және орындаушылық (іс-әрекеттік)
байланысты «ерекше психологиялық күйі» ретінде қарастырады.
Ендігі кезекте кәсіби даярлық құрылымына:
психологиялық (бағыттылық, ұстаным);
ғылыми-теориялық (кәсіби білімдер жүйесі);
практикалық (жалпы педагогикалық біліктер жүйесі); психофизиологиялық
(нышандар, қабілеттер); физикалық (денсаулық жағдайы)
даярлық және кәсіби жұмысқа қабілеттілік
жатады.
Рубинштейн
С.Л. даярлыққа «кәсіби іс-әрекетке даярлық
мазмұны мұғалімнің іс-әрекетке қажетті
адамгершілік-психологиялық қасиеттерін, ақыл-ой және
теориялық қабілеттер, қоғамдық-саяси және
психологиялық-педагогикалық білімдер кешені, сонымен қатар
бағдарламалық әдістемелік білімдер мен дағдылар жатады»
деп анықтама береді.
Жоғарыда
аталған зерттеулерді талдай келе әлеуметтік педагогтың кәсіби
іс-әрекетке даярлығы – кәсіби іс-әрекетке бағдарланған
әлеуметтік педагогтың кәсіби тұлғалық
сапалары, теориялық, тәжірибелік, әдіснамалық білім,
білік, дағды жиынтығы деп анықтама береміз.
Кәсіби
іс-әрекетке даярлықты қарастыратын зерттеулердің ішінен
біздің тақырыбымызға Н.Д.Хмельдің тұжырымдамасы
сәйкес келеді. Ол өз зерттеуінде белгілі бір кәсіпке ие адам
кәсіби іс-әрекетке даярлық негізін
мотивациялық-құндылықтық, мазмұндық
және іс-әрекеттік компоненттердің тұрақты бірлігі
ретінде анықтады [14].
Біздің пікірімізше, әлеуметтік педагогтың кәсіби
іс-әрекетке даярлығы осы үш компонентті меңгеруді талап
етеді.
Кейбір
қазақстандық зерттеушілер Никитенкова Л.В., Хан Н.Н., Абенова
Ш.Н., Есенова М.И., Неустроева Н.А., Жақсылыкова Н.Е., Жүкенова
К.А. және т.б. ғалымдар Хмель Н.Д. тұтас педагогикалық
процесс тұжырымдамасына сүйене отырып мұғалімнің
кәсіби іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру
мәселесін зерттейді. Никитенкова Л.В.болашақ мұғалімдердің
педагогикалық құбылыстарды түсінуге даярлықты
зерттей келе, бұл даярлыққа мұғалімнің
ақыл-ой даярлығының әр түрлі аспектілерін
сипаттайтын тұлға қасиеттерін,
кәсіби-тұлғалық сапалар ретінде анықтама береді.
Неустроева
Н.Н. болашақ мұғалімдердің педагогикалық
үдеріске қатысушыларды іскерлік қарым-қатынасқа
ұйымдастыруға даярлауды зерттей келе, оны болашақ
мұғалімдердің жоғары оқу орнында оқыту мен
тәрбиелеудің нәтижесі ретінде қарастырады.
Н.Д.Хмельдің кәсіби білім беру теориясына сүйене отырып, даярлықтың
мотивациялық, мазмұндық және операциялық
компоненттерін бөліп көрсетеді.
Жүкенова
К.А. болашақ мұғалімдерді қиын балалармен
жұмысқа даярлығын оқу және оқудан тыс
әрекеттер барысында тұлғааралық
қарым-қатынасты реттеуге қажетті білім, білік, дағды
жүйесін сипаттайтын кәсіби іс-әрекеттің аспектілерін
жүзеге асыруға даярлық нәтижесі ретінде
түсіндіріледі.
Әлеуметтік
педагогтың девиантты мінез-құлықты балалармен
жұмысының мәні мен ерекшеліктері әлеуметтік
педагогтың іс-әрекет түрлерінің ролін анықтайды.
Өз кезегінде әлеуметтік педагогтарды даярлау қажеттігі туып
отыр. Бұл ең алдымен болашақ әлеуметтік педагогтарды
даярлауда теориялық-әдіснамалық тұғырларды
қарастыруды талап етеді.
Қазіргі
кезде ғылыми әдебиеттерде, педагогтарды, соның ішінде
әлеуметтік педагогтарды даярлауда жоғары оқу орны білім беру
үдерісін ұйымдастыруда жүйелілік, ақпараттық,
контекстік, тұлғалық бағдарланған,
іс-әрекеттік, интегративтік және т.б. тұғырларға
көңіл бөледі. Жүргізілген зерттеулерге сүйенсек,
әлеуметтік педагогтарды девиантты мінез-құлықты
балалармен жұмысқа даярлығын қалыптастыруда
жүйелілік, іс-әрекеттік,
контекстік, рефлексивтік және партисипативтік тұғырларды
қолдану тиімді деп есептеледі.
В.И.Андреев,
Р.Е.Фейджин, А.Д.Холл, У.Росс Эмби, Т.Е.Климова және т.б. зерттеушілерге
сүйене отырып тұғырларды жетекші және қосымша деп
бөлеміз. Жетекші тұғырлар жүйелілік және
іс-әрекеттік, ал қосымша тұғырларға контекстік,
рефлексивтік, партисипативтік тұғырлар деп бөлеміз. Егер
жүйелілік және іс-әрекеттік тұғырлар зерттеу объектісін
қамтыса, онда қалған тұғырлар субъектіге
ықпал етуші тәсілдер мен іс-әрекетті қамтиды.
Жалпы
білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагогтардың девиантты
мінез-құлықты балалармен жұмысқа даярлығын
қалыптастыру мәселесінің логикасын ашу, оның теориялық
мазмұнын ұғыну жүйелілік тұғырсыз
мүмкін емес (В.Г.Афанасьев, В.П.Беспалько, Т.А.Ильина, В.Н.Садовский,
А.Н.Уемов, Э.Г.Юдин және т.б.). Біз өз зерттеуімізде 1) зерттелініп
отырған педагогикалық объект жүйе ретінде
мақсатының болуын; 2) зерттелініп отырған объектіні
жүйе ретінде қалыптастырудың жолын
құрастыру; 3)
жүйенің әр түрлі негіздерін зерттеу
(заңдылық, фактор, шарт); 4) зерттелініп отырған
объектінің жалпыланған үлгісін құрастыруды
қарастырамыз [15].
Әлеуметтік
педагогтарда әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің
белгілі бір түріне даярлықтың қалыптасуы
мәселесін зерттеуде дарлықтың негізгі мазмұнын ашуда
іс-әрекеттік тұғыр маңызды болып табылады. Іс-әрекеттік
тұғыр девиантты мінез-құлықты балалармен
жұмыс жасау технологиясын, нормалары мен құндылықтарын
меңгеруге, тұлғалық қасиеттердің
жетілдіруіне барлық педагогикалық шаралардың
бағыттылығын қамтамасыз етеді (Л.С.Выготский, И.Ф.Исаев,
А.Н.Леонтьев, Г,И.Щукина және т.б.) [16].
Сонымен
қатар әлеуметтік педагогтың девиантты
мінез-құлықты балалармен жұмысқа даярлығын
қалыптастыруда партисипативтік, контекстік және рефлексивтік
тұғырлар басшылыққа алынады.
Рефлексивтік
тұғыр әлеуметтік педагогтардың девиантты
мінез-құлықты балалармен жұмысқа даярлығын
қалыптастыруда студенттердің тұлғалық-
мәндік көзқарасты ұстануға, іштей
өзін-өзі жетілдіру алғашқы орында тұратын
тұлғалық кемелдену ортаны құруға
мүмкіндік береді. Бұл тұғырдың негізгі талаптары
педагогикалық шарттарда көрініс тапқан.
Партисипативтік
тұғыр дәстүрлі басқару қызметтеріне
(талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, басқару мотивация, бақылау,
реттеу) сүйенеді. Алайда олар келесідей ұстанымдарға
(студенттердің өзін-өзі анықтауы; кері
байланыстың басымдылықтары; педагогикалық үдеріс
субъектілерінің өзара ықпалдасуы; индивидуалды жауапкершілік
үшін еркін кеңістік құру және т.б.),
басқарудың парисипативтік әдістеріне (шешімге,
мақсатқа, шешім қабылдауға және т.б. әсер
ету), рефлексивтік механизмдер арқылы жүзеге асады. Олар а)
студенттердің субъективті қызметтерін кеңейтуге; б)
студенттің өз іс-әрекетін ұйымдастыруға; в)
студенттерде өзіндік жұмыстарды орындауға
дағдыландырады.
Контекстік
тұғыр оқу-танымдық іс-әрекеттен оқу
кәсіби іс-әрекетке көше отырып имитациялық моделдеу,
технологиялық, мәселелік, икемділік конструктивтік өзара
ықпалдасу ұстанымдары негізінде өзіндік кәсіби іс-
әрекетке жүйелілік, бірізділік, үздіксіз үйренуді
қамтамасыз етеді. Бұл тұғырдың әдістемелік
қаматасыз етілуі әлеуметтік педагогтарда девиантты мінез-құлықты
балалармен жұмыс бойынша сұрақтарда кәсіби және
әлеуметтік біліктіліктердің қалыптасуын қамтамасыз ете
отырып пәндік және әлеуметтік пәндер мазмұны
арқылы жүзеге асады.
Осылайша,
жоғарыдағы зерттеулерді қорытындылай келе, келесідей
тұжырымға келуге болады:
·
әлеуметтік педагогтардың кәсіби әс-әрекетке
даярлық мазмұны балалардың қызығушылықтар
мен қажеттіліктерін қанағаттандыру мен есепке
алуға, әлеуметтік бейімделуді
дамытуға көмектесетін, балалардың оқу және бос
уақытындағы педагогикалық ұжымдардың жоспарлы
және жүйелі жұмысын жорамалдайды.
·
бұл қызмет балалардың барлық контингентімен
жұмыс істеуде педагогикалық мақсатты формалар,
тәсілдер, әдістерді жүзеге асыруға, балалармен жеке
жұмыс істеуге негізделеді және әрбір жеке
тұлғаның және бүкіл қоғамның
сұранысына бағытталады.
·
әлеуметтік педагогтардың тәрбиелік алдын алу
қызметінің тиімділігін арттыруда өзінің
дүниетанымын кеңейтумен, бос уақытын толтыруға
және мамандығын анықтаумен байланысты, баланың
қажеттіліктері мен қызығушылықтарын жүзеге
асыратын қосымша білім беру инфрақұрылымын ұйымдастыру
көмектеседі.
·
әлеуметтік педагогтың балалармен тәрбиелеу алдын алу
жұмысын жүзеге асыратын мектептің басқа
әлеуметтік институттарымен бірлесіп жұмыс істеу жүзеге
асыруда қосымша және жалпы білім беру арасындағы
байланыстырушы буын басты рольді әлеуметтік педагог атқаратын
әлеуметтік-педагогикалық қызмет бола алады.
Қорытындылай келе,
әлеуметтік педагогтарды кәсіби іс-әрекетке даярлығын
қалыптастыруда жоғары оқу орындарында оқытылатын
психологиялық-педагогикалық циклдармен қатар
әлеуметтік-педагогикалық пәндердің маңызы зор деп
айтуға болады. Осы пәндер әлеуметтік педагогтардың
кәсіби сапаларының қалыптасуына негіз болуы тиіс.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1
Галагузова М.А. Категориально-понятийный проблемы социальной педагогики//
Понятийный аппарат педагогики и образования:Сб.науч.тр./Отв.ред.М.А.Галагузова.-Екатеринбург,1998.-Вып.3.
2 Левитов
Н.Д. О психологический состояниях человека.-Л.: 1966-202с. Крутецкий
В.А. Психология
обучения воспитания школьников. М.: Просвещение,1976.
3 Мясищев Н.В.
Личность и неврозы.-Л.: Изд. Ленингрдаского университета, 1960. -426 с.
4 Дьяченко
Кандыбович А.А. Психологические проблемы готовности к деятельности.-Минск:
БГУ,1976.176с.
5 Дьяченко М.И.
Кандыбович Л.А. Понамаренко В.А. Готовность к деятельности в напряженных
ситуациях. Психологический аспект.Минск.: Изд.-во Университетское, 1985. -206с.
6 Буева Л.П.
Человек: деятельность и общение.-М.: Мысль, 1978.
7 Кон И.С. В поисках себя: личность и ее самосознание. –
М., 1984.
8 Крутецкий
В.А. Основы педагогической психологии.-М.: Просвещение, 1972.
9 Кузьмина Н.В. Очерки психологии
труда учителя. Психологическая структура деятельности учителя и развитие его личности.-Л.: 1967.
10 Веретенникова Л.К. Подготовка
студентов к воспитательной работе: Автореф. Канд.дисс. – М., 1985.-16с.
11 Волошкина М.И. Подготовка
студентов пединститутов к внеклассной воспитательной работе с младшимим
школьниками: Автореф. Канд.дис. – М.-1977.-16с.
12 Масленникова В.Ш. Формирование
профессиональной готовности студентов к деятельности социального педагога:
Автореф. Докт.дис.-Казань,1996.
13 Сластенин В.А. Формирование
личности учителя школы в процессе
профессиональной подготовки. -М.: Просвещение, 1976.-160с.
14 Хмель Н.Д. Теоретическое основы
профессиональной подготовки учителя: Автореф. канд. дис. Киев, 1986.
15
Профилактика и преодоление отклонений от норм поведения у подростков / Сост.
Е.Д. Дедков, Е.г. Диденкус. – Челябинск, 1985.34 c.
16
Выготский Л.С. Педагогика подростка // Собр. Соч.: В 6 т.- М.: Педагогика,
1984.- трудное детство.- Т. 5.C. 137-198.
|
|
|
|