Педагогические науки/2. Проблемы
подготовки специалистов
Балгабаева Р.Н., Мурадилова Г.С.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университеті,, Қазақстан
ШАҒЫН ТОПТАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ АУДИТОРЯДАН
ТЫС ОҚУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бүгінгі таңдағы заман
талабы жоғары оқу орындарының бәсекелістікке
қабілеттілігінің алғы шартты оқу жұмысын тиімді
орналастыру арқылы сапалы білімге қол жеткізу және
жоғары деңгейдегі мамандарды дайындау болады. Маман дайындау
үрдісінде тек оқыту мәселесіне мән беріп қоймай,
оны өз бетінше білім алуға дайындау кредиттік оқу
жүйесінің
талаптарының бірі.
Өзіндік жұмыстың тиімділігі
оның ұйымдастырылуына жоғары дәрежеде тәуелді
екендігі белгілі. Өзіндік жұмыстың тиімділігінің
қажетті шарттары ретінде мамандар төмендегілерді ерекшелейді:
жұмыс параметрлерінің анықтығы мен
айқындығы - студент орындалған жұмыс есебінің
қашан және қандай түрде тапсыратындығын
анық білуі керек. Сонымен бірге студент үшін нәтиже талаптары
анық болуы қажет. Егер тапсырма нақты әрекеттермен,
амалдармен немесе процедуралармен байланысты болса, онда студент оларды
дұрыс орындай білуі керек. Егер тапсырмада қандай да бір
мәселені шешу қажет болса, онда оған есеп параметрлерін
анықтау құралдарын таңдауда ең жоғары
тәуелсіздік берілу қажет, және де екпін оның
шығармашылығына қойылады. Осындай жұмыстың
тиімділігі баға критерийлерінің анықтылығымен байланысты.
Баға нәтиже мен
шығынның байланысын айқын көрсетіп, салыстырмалы
сипатта болуы керек.
Аудиториядан тыс оқу
жұмысының тиімді шарттарының бірі ретінде оның
шағын топтар жұмысының негізінде ұйымдастырылуы болады.
Осы кездегі жоғары білім беру жүйесінде шағын топтармен
жұмысқа қазіргі уақытта ерекше орын бөлінеді. Осы
әдістің маңыздылығы студенттердің белсенді
жұмысқа қызығушылығын арттыратын тәсілдер
кешенін қамтуымен анықталады, және де саналылығын,
араласу қабілетін, тиімді шешім табуын, өзгеріп отыратын
жағдайда бағыт ұстай білуін, өз
қызығушылығы мен мүмкіндігін топтың басқа
мүшелерінің қызығушылығымен және талаптарымен сәйкестендіре білуін
дамытады.
Мынандай тұлға
сипаттамалары маңызды болады: еңбекке дұрыс
көзқарасы, жұмысқа қабілеттілігі,
жұмысқа қызығушылығы,
қиыншылықтарға қарамастан нәтиже алуға
ұмтылуы, оқушыда жетістікке жету еңбекпен келетіндігі туралы
ойлардың қалыптасуы. Онда студентте бірге әрекеттесу және
өзара көмектесу қабілеті тәрбиеленеді.
Аудиториядан тыс оқу
уақытында шағын топ студенттермен жұмысты ұйымдастыру
аудиториядағы сабақтар кезеңіндегі сондай жұмыстарды
ұйымдастырудан ерекше өзгешеленеді. Ең негізгі
өзгешелігі – шағын топтардағы аудиториядан тыс жұмыста
шешім қабылдауда студенттер қалай жұмыс істейтіндігін,
қайда және қай уақытта жұмысты істейтіндігін,
қашан бірлесіп жұмыс істейтігін,
жұмыс бөліктерінің орындалуы мерзімін
тағайындауда толық еркіндігін көрсетеді.
Аудиториядан тыс топтық
жұмыс студенттің жауапгершілік сезімін, топқа және
өзіне алған міндеттерге бейімділігін дамытады. Толық топ
жұмысының бағасына осы аса әсер етеді, топтың
бірлесіп атқарған жұмыстың соңғы
нәтижесіне оның жеке мүшелерінің қандай
үлес қосқаны талаптандырады.
Топ жұмысының
нәтижелілігі бірнеше ұйымдастырушы элементтермен анықталады:
а) студенттер өзбетімен топ құрамын анықтайды, топ
мүшелерінің саны үштен кем емес және сегізден
артық емес топ шекаралары ұсынылады; б) топ өзбетімен
жұмыс объектісін және нақты істелінетін жұмысты
анықтайды, оқытушы зерттелетін пәнге қатысты тек
жалпылама талаптарды береді; в) оқытушы есеп беру сатысын белгілейді (топ
тізімін беру уақытын, топтық жұмыс аңдатпасын беру
уақытын және т.б.). Ағымдағы жұмысты топ
толық өзі ұйымдастырады.
Шағын топтың аудиториядан
тыс жұмысы жұмыс аяқталғанда өз
«өнімінің» таныстырылымын өткізуге мақсатталған
болу керек. Бұл сатының маңыздылығы өте зор,
себебі ол топтарға жұмысының нәтижелерін
салыстыруға мүмкіндік береді, яғни бәсекелестік
жағдайды нақты бағалайды.
Оқытушы шағын топ
жұмысының нәтижесінің бағасында бұл
жұмысты жүргізудегі қойылған талаптардың
қалай орындалғандығын (ең алдымен аралық есеп
беру уақыттарының орындалуына көңіл бөлу),
басқа топтармен салыстырғанда өз жұмысының таныстырылымын
қалай өткізгендігін, өз жұмысын қалай
орындағандығын (топ жұмысының есебі:
қойылған есеп, жұмыс әдіснамасы, алынған
нәтижелер) ескеру қажет. Баға шағын топқа
толық қойылады.
Шағын топ жұмыс негізіндегі
аудиториядан тыс оқу жұмысын ұйымдастырудың
маңызды нәтижесі студенттердің адамдармен жұмыс істеу
дағдыларын дамыту болады, және де осындай жұмыс студенттерді
нәтижеге жетуге үйретеді.
Оқушы өзбетімен тапсырманы
орындап, топтық іс-шараларға қатысып, баяндама, жоба
және т.б. түрлерінде ақырғы өнім дайындап,
өзінде өмірге, адамдарға, өз кәсібіне деген
көзқарас қалыптастырады.
Жоғары оқу орнында
қазіргі аудиториядан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру
шағын топтармен жұмыс білім беру саласының сапасын
көтерудің маңызды және тиімді құралы
болатыны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді және
жоғары оқу орындарының уақыт талаптарына сай болуына
ұмтылуын көрсетеді.