ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ – ТӘРБИЕ
НЕГІЗІ
Айтжанова Р.М., Сахиева Г.Н.
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Отан дегенміз - халық. Халық дегеніміз - адам. Адамды
сүю оған жақсылық
жасау. Ендеше отаншылдық - сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім.
Отансүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын
қасиет. «Азаматтық сана» – біліммен қаруланған,
аға ұрпақтың қалдырған
мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері
мен елінің рухани-материалдық, мәдени
құндылықтарын бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген,
жеке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен келешек үрпақ
алдындағы парызбен ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы
болуды талап ететін құбылыс. Қазақстан Республикасы
этномәдени білім беру тұжырымдамасында «Бізге қажетті - жаны
да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін,
тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге
сіңірген, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық
парызым деп ұғатын
ұрпақ тәрбиелеу» -
деп атап көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын
ұрпақ тәрбиелеу, білім берудің барлық
салаларының алдындағы негізгі міндеттердің бірі.
Қазiргi кезде
республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда
тұлғаның патриоттық құндылықтарын
дамыту арқылы
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға
үлкен мән берiлiп отырғандығы Қазақстан
Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы “Бiлiм
туралы“ Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм“
бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң
республика халқына жолдауларында,
Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру,
Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, “Адам
құқықтарының жалпыға бiрдей
декларациясында“, “Бала құқығы туралы
декларацияда“ және
үкiметтiң құжаттарында, ғылыми-зерттеу
жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерiнде айқын
аңғарылады.
Ұрпағымызды
кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін
өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды келешек
ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің
болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік білім
құжаттарында маңызды орынды патриотизм, патриоттық
тәрбиеге береді. Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары
өзінің «қазақстандық» екенін мақтанатындай
етіп тәрбиелеу үшін педагогика, халық педагогикасына
сүйену қажет екенін айтады [1].
Патриоттық
тәрбиенің мазмұны мынадай қасиетті қалыптастыруды
көздейді: Отанын сүю және азаматтығын мақтан
тұту; өз отанының болашағы үшін, мамандығы үшін
қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу
халқының салт – дәсүрін, ерекшеліктерін білу, дінге,
тарихи мұраларға құрметпен қарау, өз
отандастарына, сондай – ақ басқа ұлт өкілдеріне
адамгершілік көзқарас білдіру.
Қазақстандық
отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, елдегі барлық
халықтарды достық қатынасқа тәрбиелеу аса
маңызды міндет. Қазір Қазақстан Республикасы –
тәуелсіз мемлекет. Мұнда көптеген ұлттар мен
халықтардың бір – бірімен тату – тәтті, сыйластық,
ынтымақта қатынас жасауы тиіс. Қазақстан олардың
бәрінің отаны болғандықтан біздің елді мекендеген
барлық халықтар отаншылдық рухында тәрбиеленуі
қажет. Мектеп оқушылары арасында жүргізілген
жұмыстарымызда, сабақтарда оларды қазақстандық отаншылдыққа
тәрбиелеуге ерекше мән беруіміз керек. Ал қазақ
жастарын отаншылдыққа тәрбиелеуге үлкен міндеттер
жүктеледі. Өйткені, Қазақстанның байырғы
тұрақты халқы – қазақтар, жердің де,
елдің де негізгі, түпкі иесі солар. Сондықтан да алдымен
қазақ жастарын отаншылдыққа,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу ерекше маңызды.
Патриоттық
тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру үшін әр
уақыттағы қазақ халқының басынан
өткен оқиғаларды айта отырып, түсіндіру қажет.
Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруда
тарих сабағының маңызы зор. Өйткені, тарих
адамзаттың басынан өткізген тарихи – мәдени
тәжірибесін, алдымен құндылықтарын оқытып
үйретуді мақсат етеді [2].
Сабақтың
тәрбиелік міндетін толық жүзеге асыру үшін
мұғалімге қосымша материалдар пайдалануға тура келеді.
Сабақтың тәрбиелік міндетін анықтау өтілетін
тақырыптың мазмұнына байланысты негізінен, бұрыннан белгілі
оқу – тәсілдерінен бөлек, өлке материалдарын
пайдалану да оқушыларға Отан тарихын, өлке тарихын
сүюге, құрметтеуге шақырады. Өз жерінің
қадір – қасиетін біліп, танып өскен ұрпақ сол
елдің азаматы болмақ. Тарих пәні небір қаншама тарихи
фактілерді, оқиғаларды баяндайды, осылардың бәрі
олардың жүрегіне, сезіміне әсер етеді, адамгершілігі
жоғары сапалы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.
Оқушыларды
тарих сабақтарында тарихи материалдарды оқыта отырып, ерлікке,
жауынгершілікке, батылдыққа тәрбиелеу де
отаншылдыққа тәрбиелеумен тікелей байланысты.
Қазақ халқы кейінгі тарихи оқиғаларда
өзгерісті кезеңдер де, әсіресе Ұлы Отан
соғысында, өзін патриотизм мен халықтар
достығының жолын ұстаушы ретінде көрсетті. Бұл
туралы мерзімдік басылымдардың беттерінде де жарияланды. Александр Берт
өзінің кітабында былай деп жазды: «Қызыл армияның
солдаттарының көбі қазақтар болды: жалпы алғанда
бүкіл соғыс барысында қазақтар өздерін жақсы
жағынан көрсете білді, ал Сталинградта өте жақсы
солдаттардың көбісі орта азиялық халықтар –
қырғыздар, қазақтар және башқұрттар
болды»:
Бір жылға
жоспар құрсаң егін ек,
Жүз
жылға жоспар құрсаң ағаш ек,
Болашаққа
жоспар құрсаң баланы тәрбиеле, деп шығыс
нақылында айтылғандай, жас ұрпақты патриоттық
тәрбие негізінде тәрбиелесек егеменді еліміздің көк
байрағы көк аспанда мәңгілік желбіремек.
Отаншылдық
Отанға деген махаббатты сәулелендіреді, тарихымен,
мәдениетімен, жетістіктерімен, өзекті мәселелерімен ,
азаматтық көзқарасты қалыптастырады , Отанға
қызмет етуді мақсатқа алады.
Жаңашыл мектепте
тұлғаны әлеуметтік, азаматтық және рухани
дамытуда патриоттық сезім мен халықаралық
қатынастарды қалыптастыру тәрбие үрдісінің маңызды
бөлігі болып табылады. Отанға деген ыстық махаббат тек
отаншылдықтың көтеріңкі сезімі мен ұлттық
құндылықтардың негізінде нығайа түседі,
еліңнің кұдіреттілігіне , абырой мен егемендігіне, рухани
әрі мәдени құндылықтардың сақталуына
жауапкершілік пайда болады, тұлғаның абзалдылығы арта
түседі [3].
Отаншылдықтың басты белгілері:
Ø
туып –өскен
ортаға деген бауырмашылдық сезім;
Ø
өз
халқыңның тіліне құрметпен қарау;
Ø
отанға
деген азаматтық парызды және адалдықты көрсету;
Ø
өз
еліңнің әлеуметтік және мәдениеттегі
жетістіктерімен мақтану;
Ø
отанға,
мемлекеттік рәміздерге, өз халқыңа деген
мақтаныш;
Ø
отаныңның
бастан кешірген тарихына, өз халқыңа,
салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына
құрметпен қарау;
Ø
өз
еліңнің және халқыңның тағдырына,
болашағына жауапкершілік таныту,өз еліңнің нығаюы
мен гүлденуіне өз үлесіңді қосу;
Ø
рақымшылық,
адамгершілік құндылықтар [4].
Адамның
жеке психологиясының әскери қызметтегі маңызын аша
келіп Б.Момышұлы "патриотизм -
Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық,
мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну,
өзінің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті
нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау,
қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның
барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен
қарым-қатынасын біріктіреді" деп терең, жан-жақты
анықтама берген. Қаһарман жазушы біз іздеп
отырған "ұлттық патриотизм",
"қазақстандық патриотизм" ұғымдарына
философиялық анықтама беруге ұмтылған. Ол «ұлттық патриотизм - бұл
ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті,
өз халқына деген сүиіспеншілігі, өз халқымен
қан жағынан да және шыққан
тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі,
мінез-қүлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері
қалыптасқан, тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес
басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты»
дейді. Жазушының пікірін жіктей отырып бүгінгі патриотизмнің
мазмұнын анықтау әбден мүмкін.
Бұдан
келіп шығатын тұжырым: Б.Момышұлы көрсеткен рухани
ерекшеліктерді сақтау ұлттық патриотизмнің критерийі
болып табылады. Жаңа қалыптасып келе жатқан жас
мемлекетіміздің болашақ азаматтарын патриотизмге тәрбиелеуде,
міне, осылар оның негізгі ұғымдарын құрауы керек.
Ойымызды айқындай түссек, Б.Момышұлы айтып отырған
белгілердің педагогикалық негізі тұлғаның
патриоттық сана-сезімін қалыптастыру, патриоттық
іс-әрекетін үйымдастыру, мінез-құлқына
патриоттық сипат беру, мектептегі оқу-тәрбие ісінің
өзегі болуы керек. Бұл оқулықтар
оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнынан бастама алып, сабақтан тыс
тәрбиелік жұмыстарда жалғасуы орынды [5].
Қазақстандық патриотизмнің арқауы
қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына
сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір
қазақстандық өзі өмір сүріп, күн
көріп отырған мемлекетін - "Отаным" деп тануы, оның
негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,
оның заңдарына бас ию, рәміздеріне құрмет,
жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың
жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің
белгілері болуы керек деген ой келіп туады. Қазақстан егемендік
алғаннан кейін мерзімді басылымдарда "қазақстандық
патриотизм" және "ұлттық патриотизм" жайлы
сұрақтар жарияланып, оған көптеген белгілі
ғалымдар, ақын-жазушылар өз пікірлерін білдірген болатын. Сол
пікірлерді және басқа да педагог ғалымдар мен
философ-психологтердің пікірлерін зерттей келе біз бір кездегі "Советтік
патриотизм" ұғымы "қазақстандық
патриотизм" болуы керек деп түйдік. Оның туындап, қалыптасып, тәлім-тәрбие
айналымына енуі өз қолымызда. Берілген сұрақтар
бізге патриот адамдардың мінез-құлық, іс-әрекеті,
ой-сана сезімдерінің белгілеріне қарап оған сипаттама беруге
көмектеседі. Бұл өз ретінде жас буындардың көз
алдына нақты мысалдарды көлденең тарту арқылы
өнеге көрсетуге шарт түзеді.
Мектеп
оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң мазмұнын
саралағанда төмендегiдей қорытынды
жасауға мүмкіндік берді:
- Тұлғаның бойындағы патриоттық
құндылық - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, халықтардың
мәдениетіне құрметпен
қарайтын, халықтар арасындағы достықты
нығайтатын, Отанды қорғауға және
жалпыадамзаттық тыныштықты сақтауға,
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіруге өз үлесін
қосатын патриот азамат тұрғысынан
қарастыралады.
- Мектеп оқушыларына патриоттық
тәрбие беруге арналған оқу-әдістемелік кешен
арқылы тұлғаның бойындағы патриоттық
құндылықтарды қалыптастыруға болады.
1. Шаймерденов Б. Ертеңіміз жастар. - Егемен Қазақстан. –
Алматы, 2004 ж. - № 79. –Б. 1-3.
2. Раев Д. Қазақстандық
патриотизм мен гуманизм. –Ақиқат. – Алматы, 2000 ж. - № 8. –Б. 11-12.
3. Жалпы білім беретін мектептің
оқу бағдарламалары патриоттық сезімді қалыптастыру. - Қазақстан мектебі журналы. -Алматы,
2006. - №2. – Б. 24-25
4.
Рахметова С, П.Жаманқұл, Б.Қабатаева. Менім отаным. – Алматы:
Ана тілі, 2004.- Б.18-20.
5.
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие
берудің теориясы мен әдістемесі. –Алматы, 2007ж. - №11. –Б. 67.