Педагогические
науки/5 Современные методы преподавания
П.ғ.к., доцент
Мұратбекова А.М.
П.ғ.к., доцент Сыздықова Ж.М.
С.Сейфуллин
атындағы ҚАТУ, Астана қаласы
Студенттердің танымдық қабілетін
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту жолдары
Қоғамдағы
өзгерістерге сәйкес студенттерге бүгінгі таңда
тиянақты білім беру үшін олардың танымдық
қабілетін дамыту басты мақсат болып отыр. Еліміздің
ұлттық білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету
үшін оқытудың жаңа технологияларын қолдана
отырып, терең білімді, ізденімпаз, белсенді, шығармашылық
бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта
алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға ерекше мән
берілуде. Бұл туралы Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан
халқына арналған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат. Бір мүдде.
Бір болашақ» Жолдауына: «ХХІ ғасырдағы дамыған
ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты
азаматтар. Оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен
ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Біріншіден,
барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру
жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық
буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс
күтіп тұр», - деп атап көрсетті [1].
Қазақ
тілі сабақтарында инновациялық технологияларды, жаңа
әдіс-тәсілдерді қолдану студенттердің танымдық
қабілетін арттырып, ой-өрісін дамытуда оқу үрдісін
жоғары деңгейде өткізуге ықпал етеді.
Студенттердің танымдық қабілетін арттырудың тиімді
құралдарының бірі – студенттердің өздік жұмысы мен өздігінен
білім алу әрекеті. «Таным дегеніміз – сабаққа, оқыту
жүйесіне жоғары талап қою, яғни оқушылардың
ойын, өзіндік дербес жұмыс істеу қабілетін арттыру,
шығармашылық ойлау жүйесін қалыптастыру» [2,4]. Студенттердің
танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда жобалап оқыту
технологиясы білім берудің тиімді жолдарын қалыптастырып, оқу
үрдісін нәтижелі ұйымдастырады. Жоба жұмысы –
студенттердің өз бетінше жоспарланған және
өздігінше осы жоспарды жүзеге асыратын жұмысы. Е.С. Полат «Новые педагогические и информационные технологии
в системе образования» атты еңбегінде
төмендегідей пікір айтады: «Метод проектов предполагает определенную
совокупность учебно-познавательных приемов, которые позволяют решить ту или
иную проблему в результате самостоятельных действий учащихся с обязательной
презентацией этих результатов. Популярность метода проектов обусловлена тем,
что в силу своей дидактической сущности он позволяет решать задачи развития
творческих возможностей учащихся, умений самостоятельно конструировать свои
знания и применять их для решения познавательных и практических задач,
ориентироваться в информационном пространстве, анализировать полученную
информацию, поскольку в разные моменты познавательной, экспериментальной или
прикладной, творческой деятельности учащиеся используют совокупность всех
перечисленных интеллектуальных навыков и умений [3, 67].
Ресей ғалымдарының
осы саладағы еңбектерін саралап қарағанда, С.Т.
Шацкий, В. Петрова, Н.К. Крупская, профессор Б.В. Игнатьев, В.Н. Шульгин, М.В.
Крупенина т.б. ғалымдардың теориялық зерттеулері мен
практикалық тәжірибелерінің нәтижесінде енгізілгені
анықталды. Олардың еңбектерінде бұл әдіс оқушының практикалық
тапсырмаларды орындау үшін білімі мен білігінің арасындағы
байланысқа негізделген шығармашылық ынтасын және
өздігінен жұмыс істеу қабілетін арттыруға септігін тигізетіні атап көрсетіледі.
Жобалап оқыту технологиясының сапалы білім берудегі
тиімділігі студенттің жеке басының ізденімпаздық
қабілетінің дамуымен байланысты анықталады. Бұл туралы А.А.
Сатбекованың пікірі келесідей: «Жобаны орындау барысында студенттің
қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу
дағдыларын дамыту өзін-өзі бақылау мен
басқару арқылы саналы түрде жүріп отырады. Осы
үдерісте студенттің ерік-жігері, тілдік қабілет ресурстары,
тілдік сезімі ұштала түсіп, есте сақтау қабілеті мен
сөйлеу дағдылары жетіледі. Бұл технология қазақ
тілін үйренуші студенттің дүниетанымдық
көзқарасы адамгершілік қасиетімен тоғысқан жеке
тұлға ретінде, кәсіби маман ретінде қалыптасуына,
әлеуметтенуіне қызмет етеді» [4].
Жаңа
кезеңде жобалап оқыту технологиясын қазақ тілін сапалы әрі тиімді оқыту
жүйесі ретінде таңдап алудың бірнеше себептері бар. Жобалап оқыту технологиясын қолданып, проблемалық
тақырыптың мазмұнын ашу, пікірталасқа түсу,
өзіндік ойларын ғылыми дәлелдеудегі мұндай оқу
ынтымақтастығын тудыратын топтық жұмыстардың
мүмкіндіктері мен тиімділігі мол. Мысалы, жобалап оқыту
технологиясының ең басты сипаты адами тілдік қатынасқа
негізделуі болса, оның адам өміріндегі мәнін ғалым
Ф.Оразбаева былай тұжырымдайды: «Тілдік қатынас – сөйлеу тілі
арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп,
жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры
тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар,
қоғамның дамуы үшін ең қажетті
қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың
жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алысуы, адамдық
қатынастың түп негізі дегенді білдіреді» [5, 241]. Сөзді
қатысымдық тұлға ретінде қолдану
бағытындағы жұмыс түрлері жүзеге асырылды.
Мысалы, кез келген жоба жұмысының сәтті шығуы
студенттің тақырыпқа қатысты глоссарийді
анықтауына байланысты.
Жобалау технологиясын
қолданудағы негізгі мақсат – студенттердің
қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын
жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық
бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни
тұрғыдан ойлау мен танымдық қабілетін арттыру
арқылы студентті болашақта әр түрлі жағдаяттарда,
әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі
көрсете білуге бейімдеу. Жобалап оқыту технологиясы арқылы қазақ
тілін оқыту – тілдің заңдылықтарын және
оның бай қорында
жинақталған ұлттық мәдени мол мұраны
студенттің ішкі құндылықтар жүйесіне
енгізудің тиімді жолы. Сондықтан студенттер жобаларды орындау
арқылы қазақ тілін меңгеруі барысында
тілдің құрылымдық-жүйелік
заңдылықтарын ғана емес,
сонымен қатар қазақтың ұлттық
мәдениетін де сіңіре алатын үдерістен «өтеді».
Жобалап оқыту технологиясы
арқылы орындалатын жұмыстарды өз деңгейінде дұрыс
ұйымдастыру үшін олардың типтерін білу – басты талап. «Жоба
түрлері: 1) әрекет түріне қарай: зерттеушілік,
шығармашылық, рөлдік, қолданбалы, моножоба,
пәнаралық; 2) пәндік-мазмұндық сипатына
қарай: моножоба және пәнаралық; 3)
қарым-қатынас тәсіліне қарай: тікелей
қарым-қатынас; коммуникациялық технология; 4) үйлестіру
сипатына қарай: тікелей, жанама; 5) байланыс сипатына қарай:
аймақтық, оқу орнында орындалатын және
халықаралық; 6) қатысатындардың санына қарай:
жекелік, жұптық, топтық; 7) орындалу уақытына
қарай: қысқа мерзімдік, орта мерзімдік, ұзақ
мерзімдік деп іштей топтастырылады. Бұл жобалар мазмұндық
сипаты жағынан іштей екі үлкен топқа: ғылыми-ізденіс және
қолданбалы-практикалық болып біріктіріледі. Ғылыми-ізденіс
жобаларының түрлеріне зерттеу, шығармашылық,
пәнаралық, т.б. жобалар жатады. Оларды аралас жоба типтері деп
атауға да болады». Қолданбалы-практикалық жобалар
рөлдік, қолданбалы, моножоба деп бөлінеді. Бұл жобалар
студенттердің белсенділігін дамытуға бағытталған
және алдын ала әбден талқыланып барып жүзеге асатын
жоба түрі болып есептеледі [4].
Жобалауда
технологиялық ақпарат құралдарын пайдалана
әртүрлі формадағы тапсырмаларды орындау білім
алушылардың танымдық әрекетінің белсенділігін
арттыруға мүмкіндік береді. Тапсырма түрлерін
төмендегідей саралауға болады: «Егер «Невада-Семей» полигоны
жабылмаса, Қазақстан қандай жағдайда болар еді?»
тақырыбындағы жоба жұмысының міндетін
анықтаңыз. «Қазақстан
бүкіл әлемге әйгілі ел ме?» жобасына жоспар
әзірлеңіз. «Наурыз мейрамының түп төркіні»
жобасының нәтижесін қандай нысанда көрсетуге болады?
«Қазақстанда қарттарға қамқорлық жайы
қандай?» жобаның негізгі мақсаттарын анықтап, орындалу
кезеңдерін белгілеңіз. “Шешендік
сөздердің құндылығы неде?» т.б. Білім
мазмұны студенттерден өз бетінше білім алуға, оны практикада
қолдана білу қажеттілігін, яғни студенттерді зерттеу мен жоба
жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде
тәрбиелеуге бағытталған. Студенттердің өзіндік
әрекетінің нәтижесінде олардың бойында тіл
үйренуге деген қызығушылығы, ынтасы, жеке
тұлғалық құзыреттілігі, тілдік
қорының кеңеюі, еңбек етуді бағалай білуі,
өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздығы, өз
ойының дербестігі, басқа студенттердің түсіндірмелеріне
сыни бағалау сияқты қасиетттері қалыптасады.
Қорыта
айтқанда, студенттердің танымдық қабілетін жаңа
технологиялар арқылы дамытуда студент білімінің жоғарылауы олардың
баяндау дәрежесінен, фактілерді салыстыра алуынан, өзіндік пікірі
болуынан, талдау жасай алуынан, айтылған ой-пікірді
қорытындылауынан көрініс табады. Сондықтан жоғары оқу орындарында қазақ тілін
жобалап оқыту технологиясы негізінде меңгерту білім сапасының
көтерілуіне, студенттің жеке тұлғалық
қабілеттерін заманауи талаптарға сай дамытуға мүмкіндік
береді.
Әдебиет:
1. Елбасы
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014
жылғы 17 қаңтар.
2. Тасболатов Қ. Әдебиет сабағындағы
оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттыру жолдары. – Алматы,
1974.
3. Полат Е.С.
Новые педагогические и информационные технологии в системе образования, 2000.
4.
Сатбекова А.А.
Қазақ тілін өзгетілді
дәрісханада жобалай оқыту технологиясының
ғылыми-әдістемелік негіздері. –
Автореферат, Алматы, 2009.
5.
Оразбаева Ф.Ш. Тілдік
қатынас. Оқулық. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. – 272 б.