“ Педагогикалық ғылымдар”/5. Современные методы преподавания.
Шаушекова Б.К. п.ғ.к
Е.А.Бөкетов
атындағы
Қарағанды
Мемлекеттік университеті
Шадетова А.К. аға
оқытушы
«Өрлеу» БАҰО»
АҚФ Қарағанды облысы
бойынша педагогикалық
қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
Бастауыш сынып
мұғалімдерінің
кәсіби
құзыреттілігін
дамытудың
педагогикалық шарттары
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы «Қазіргі заманғы білім беру
жүйесін құру, оқытудың инновациялық
нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің
тұлғасына және кәсіптік құзыреттілігіне
жоғары талаптар қоюда»
және педагогтердің
кәсіби құзіреттілігін дамыту «Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл»
жоспарының мақсатын жүзеге асыруға да бағытталады.
Ол мақсат оқушылардың білімдерін өмірде тиімді
қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім
жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің
негізі болып табылады.
Елбасының «Қазақстан жолы –
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
халыққа жолдауында оқытудың келесі
нәтижелеріне, яғни «сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс
пен ақпаратты терең талдау машығын игеруге» жетуді
міндеттеді.
Бұл міндеттер
уақыт талабы
(қоғамның жаһандануы, адам ресурстарының
мобильділігі, АКТ саласындағы үлкен өзгерістер,
қолжетімді және алуан түрлі ақпаратқа көшу
(Интернет), БАҚ пен технологиялар ықпалының артуы, ғылымдағы
инновациялар) мен білім беру
саласындағы
инновациялардың (күтілетін білім беру нәтижелерін
нақтылау,білім беру мазмұнын жаңарту, оқытудың
жаңа әдістері мен тәсілдері, объективті бағалау
жүйесі, білім беру ортасын жаңарту, өмір бойы оқу,
мектепті басқарудың
инновациялық және ашық жүйесі)
қарқынды дамуынан
туындады.
Бұл
өзерістерге дайын болу
үшін білім беру
жүйесінде
қарқынды
жұмыстар жүргізілуде. Ал, бұл өзгерісті
жүзеге асыратын педагогтер.
Педагогтерді
өзгерістерге дайындау,
олардың кәсіби құзіреттілігін дамыту біліктілікті арттыру жүйесінің еншісі.
Бастауыш сынып
мұғалімінің ерекшелігіне байланысты ол бастауышта
оқытылатын барлық пәннің теориялық мазмұнын
жетік біліп, оны оқушыларға
жеткізе алатын кәсіби құзыреттілігі болмаса, ондай
мұғалімнің еңбегі нәтижелі бола алмайды.
Психологтер де,
педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби
шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің
әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді. Мысалы,
ұлы педагогтер А.Дистерверг, К.Ушинский А.Макаренко, В.Сухомлинский, т.б
мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан
дүниесі, рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып,
педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес
қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда
педагогикалық шеберлік-кәсіби әрекетті жоғары
деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке
қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі.
Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің
кәсіби құзіреттілігін дамытудың төмендегідей
критерийлерін анықтаған.
Обьективті критерийлер.
Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты
сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі
қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші,
әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу
біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.
Субьективті критерийлер. Адамның
мамандығы қаншалықты оның табиғатына,
қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес
қаншалықты ол өз ісінен қанағат
табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі
субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық,
кәсіптің маңыздылығын, оның
құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне
позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
Нәтижелі критерийлер. Мұғалім
өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге
қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан
қарастырады. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың
білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер
олардың қарым-қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері
оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда
ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың
психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық
әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік
мәселелерін шешуге қолдана алуы.
Шығармашылық критерийлер.
Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы,
сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы
жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін
біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз
жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға
ұсына алуының, шығармашылық
бағыттылықтың болуының мәні зор.
Кәсіби
құзіреттіліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны
әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова
оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі:
ü мұғалімнің өз мамандығына бейімделу
кезеңі:
ü мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:
ü мамандықты еркін меңгерген кезең:
ü мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен
кезең.
Осылайша ғалым
кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын
шебер-мұғалімнің, жаңашыл-мұғалімнің,
зерттеуші-мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне
көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде
қарастырады.
Ғалымдардың
зерттеулеріне сүйене отырып, қоғамның және
мұғалімнің жеке ынтасы мен
қызығушылығының үйлесімі
мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін
дамытудың төмендегідей мақсаттары мен міндеттерін
айқындайтынын байқауға болады:
1. Кәсіби
құзіретті мұғалімді
дамытуда жоғары пәндік, педагогикалық,
дидактикалық және әдістемелік деңгейге жетудің
критерийлері:
ü бастауышта оқылатын пәндерге байланысты базалық білім
деңгейінің болуы (кәсіби деңгей);
ü мамандыққа байланысты арнайы пәндерден академиялық
білім деңгейінің болуы (іргелі білім деңгейі);
ü бастауышта оқылатын әр пәнді оқытуға
қызығушылығының болуы (танымдық
қызығушылық);
ü әдістемелік және технологиялық біліктерінің
базалық деңгейі.
2. Шығармашылық белсенділігін
қалыптастыру:
ü мәселені шешуде қалыптан тыс тәсілдерді қолдана
білуі;
ü мәліметтер жинау (портфолио), ілгері жылжу және болжамды
тексеру,
ü нәтиже (рефлексия);
ü ғылыми ойлау амалдарын қалыптастыратын оқу және
зерттеушілік
ü сипаттағы міндеттер тізбегі (анализ, синтез, модельдеу, фондық
көрнекілік т.б.).
3. Кәсіби
тұлғалық қасиеттерін дамыту:
ü педагогикалық шеберлік;
ü математикалық ойлау;
ü қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу, өзінің іс -
әрекетіне өзі талдау жасау сияқты психиканың
функционалдық тетіктері;
ü ерік, жігер, темперамент, мінез, қабілет
Біліктіліктті арттыру курстарының мақсаты
осындай педагогті дамыту.
Бастауыш сынып
мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін
біліктілікті арттыру курстарында
дамытудың
педагогикалық шарттары:
ü «12 жылдық білім
беру жағдайында бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
кәсіби
құзыреттіліктерін
арттыру» тақырыбындағы
біліктілікті арттыру курсында
дамыту;
ü мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін
педагогикалық-психологогиялық және әдістемелік
көмек көрсету арқылы
дамыту;
ü теориялық және
практикалық дайындықтың үздіксіздігі;
ü оқу үдерісін оқытудың белсенді әдістері мен
технологиялары негізінде ұйымдастыру;
ü мұғалімдердің зерттеу-жобалау жұмыстарын
жүргізуі арқылы дамыту;
ü мұғалімдердің әдістемелік өнімдер мен
жарияланымдар әзірлеулері арқылы дамыту
Жоғарыдағы көрсетілген педагогикалық
шарттар қысқа мерзімді
біліктілікті арттыру курстары мен курс аралық кезеңдерде оқу
бағдарламаларының
келесі мазмұны арқылы жүргізіледі.
Бастауыш сынып
мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту
мақсатындағы біліктілікті
арттыру курстарының
оқу бағдарламасы инварианттық
және вариативтік
компоненттерден тұрады.
Инварианттық компонентте жалпы мұғалім меңгеруге
тиіс: нормативтік, әдістемелік көмек, оқушылардың
сабаққа ынтасын, қызығушылығын тудыра білу,
оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін, жаңа
педагогикалық және ақпараттық технологияларды
қолдана білуін, оқушылармен
қарым-қатынас мәдениетін, оқушылар білімін тексеруін
және бағалауын, сабақтың тәрбиелік мақсатын
жүзеге асыруына қажетті білімдерін дамыту болса, вариативтік компонентте бастауыш сынып мұғалімдерінің
өзекті проблемаларына байланысты таңдау дәрістері мен
мастер класстар ұйымдастырылады.
Теориялық тұрғыдағы әдебиеттерді талдай келе,
бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-құзыреттілігін
дамыту проблемасы қазіргі ғылымда тоқтамды шешімін
тапқан жоқ.
Әдебиеттер:
1.
Мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық
іс-қимыл жоспары,-
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы, 2012.
2.
Қазақстан Республикасының білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы, - Қазақстан
Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы
Үкіметінің актілер жинағы, 2010.
3.
И.А. Зимняя.
Педагогикалық психология . Алматы · «TST-company» · 2005
4.
Маркова А.К.
Психология профессионализма. М., 1996.
5. Маркова А.К. Психология труда учителя. М., 1993.
6. Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. М., 1994.