“
Педагогикалық ғылымдар”/5. Мамандарды дайындау
мәселесі.
С.Қ. Әбілдина
Карағанды Мемлекеттік
университетінің БОП мен Ә кафедрасының
менгерушісі, п.ғ.д.
Досова Л.А. аға оқытушы
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
Қарағанды
облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Бастауыш сынып оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімнің дайындығы
Білім беру
жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің
бірі. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы мен «Интеллектуалды ұлт-2020» [2]
бағдарламасымен тікелей іске асырылуымен байланысты орта білім беру
мазмұнына функционалдық сауаттылықты енгізу болып табылады.
«Болашақ»
бағдарламасының стипендиаттарымен болған кездесуде (Астана
қаласы, 2008 жылғы 30 қаңтар) Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде
қазақстандықтарды жаңа формацияда тәрбиелеуге
және Қазақстанды адам капиталы бәсекеге қабілетті
елге айналдыруға ықпал ететін интеллектуалды ұлттың
дамытудың маңызды аспектілерін атап өтті. Әсіресе,
білім беру жүйесін инновациялық дамыту қажеттілігін ерекше
атап өтті: «Білім беруге деген дәстүрлі тәсіл
оқушыларға ақпарат пен білімнің барынша кең
көлемде берілуін мақсат тұтады. Қазіргі
ұғым бойынша функционалдық сауаттылықты білімнің
(бірінші кезекте, жалпы) көп жоспарлы адам әрекетімен байланысын
біріктіретін жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделу
әрекеті ретінде түсінуге болады. Бұл функционалдық
сауаттылықтың ерекшелігі жылдам өзгеріп отыратын
қоғамда барлығы үшін қажетті қолданбалы
білімдер негізінде әртүрлі қызмет салаларында өмірлік
мәселелерді шеше алуымен сипатталатыны оның анықтамасында
берілген (Бранд О. [4]. Жалпы білім беретін мектептің жағдайында ол
әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық
қызметтің педагогика негіздеріне, сондай-ақ өмір бойы
өз білімін жетілдіруге қызмет етеді.
Осы орайда, бастауыш
сынып мұғалімінің функционалдық сауаттылығын
дамытуға қатысты
теориялық әдебиеттер мен бастауыш сынып
мұғалімдерінің
біліктілігін
арттырудың нақты
тәжірибесін талдау барысында байқалғаны:
• қазіргі қоғам
сұранысының талаптарына сай бастауыш сынып
мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамытудың қажеттілігі
біліктілікті арттыру жүйесінде қалыптастырылуда;
• бастауыш сынып
мұғалімінің қазіргі жағдайы және
кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы
мүмкіндіктерге жол ашылуда;
• оқытудың заманауи жаңа
технологияларын өздері
таба алатын, жаңғырту мен даму тенденцияларына сай өзінің
кәсіби қызметіне рефлексивті өзгерістер енгізе алатын
кәсіби құзіретті
педагогтерді
қалыптастырудың теориялық және
ғылыми-әдістемелік
жолдарының біліктілікті
арттыру курстарында қарастырыла бастады.
Сонымен қатар
курс барысындағы
фунционалдық сауаттылықты қалыптастыруға
арналған педагогикалық
технологияларды меңгерту, педагогтердің технологияларды түсініп,
дұрыс қолдана білуін,
адам және оқушы рөлін жаңа
түсіністікпен қабылдауын, білім беру үдерісін жобалауына
ықпал етеді.
Бағдарламадағы
мазмұндық модульдың мазмұнындағы түрлі
әдіс-тәсілдер сындарлы
оқыту теориясы негіздерінде қарастырылған. Өйткені,
бүл теория педагогтің ойлауын дамыту олардың
бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе түрлі
дерек көздерінен, әріптестерінен алған білімдерімен
жүзеге асуға негізделген.
Сындарлы
теорияның тиімділігі дайын білімді бермей жаңа біліммен өзара
байланыстыруға да мүмкіндік тудырады. Бұл оқу
бағдарламаларының сындарлы теорияның негізінде
құрастырылуы дәстүрлі модельден рационалды модельге
көшудің тиімді жолын қарастырады.
Сындарлы
оқытудың мақсаты – тындаушылардың курста
қарастырылатын тақырыптарды терең түсіну
қабілетін дамыту, алған білімдерін өз тәжірибесінде
қолдану, кез келген жағдайда тиімді пайдалана
Педагогикалық
технологиялар білім беру жүйесіндегі идеялар мен көзқарастарды біліктіліктті арттыру курстарында орынды қолдану оқу
үдерісін
нәтижелі етеді
педагогтердің кәсіби дайындық сапасын көтеруге
мүмкіндік береді.
Кәсіби
құзыретті мұғалімдерге қойылатын талаптар
қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам
мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана
емес, рухани дамыған,
шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын
түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген,
ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған
болуы тиіс.
Өзгермелі қоғамдағы
жаңа формация мұғалімі – педагогикалық
құралдардың барлығын меңгерген,
тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани
дамыған, толысқан шығармашыл тұлға.
Осы
айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация
мұғалімі - рефлексияға қабілетті, өзін-өзі
жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық,
зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік
тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және
тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары
деңгейімен сипатталатын рухани - адамгершілікті, азаматтық жауапты,
белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Біліктілік арттыру
жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты
білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде
өзіндік іс - әрекетке енуге және жеке өміріндегі
тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады.
Дамыған мемлекеттермен салыстыра келе,
біздің де жан-жақты білім алуымыз үшін осы әдіс-
тәсілдердің атқаратын қызметінің зор екендігін де
айта кеттім. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі
білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар
қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім
беру жүйесінде білікті мамандар даярлада кәсіби білім беретін
оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту
ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене
отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін
адамның құзырлылық қабілетіне сүйену
арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін
ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті
мәселелердің бірі.
Мұғалімнің
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда
педагогикалық практика үлкен рөл атқарады. Оның
шығармашылық және педагогикалық
құбылыстарды зерттеуге деген қабілеті дамиды,
педагогикалық шеберліктің негіздері қаланады. Кәсіби
құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті
дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы,
күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез
бейімделуді қажет етеді.
Сонымен қатар, курс барысындағы
нәтижеге бағдарланған функционалдық сауаттылықты
қалыптастыруға арналған педагогикалық технологияларды
меңгерту, педагогтердің технологияларды түсініп, дұрыс
қолдана білуін, адам және оқушы рөлін жаңа
түсіністікпен қабылдауын, білім беру үдерісін жобалауына
ықпал етеді.
Әдебиеттер
тізімі:
1. Оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл
жоспарының орындалуы барысы туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 11 қыркүйекте болған
отырысы.
2. Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы, 2010 ж. 7 желтоқсан.
3. Бранд О. Функциональная неграмотность в промышленно
развитых странах. – Ж. Перспективы, 1988. - № 2. - С. 37-51.
4. Жоғары
педагогикалық оқу орны жүйесінде болашақ
мамандардың кәсіби
құзырлылығын қалыптастыру Кенжебеков Б.Т.
Пед.ғыл.докторы диссер. Қарағанды. 2005., 267-б.