Қарағанды
қаласы, Ә.Бөкейхан атындағы №76
білім беретін орта мектебінің қазақ
тілі мен әдебиет
пәні
мұғалімі
Есентаева Гульхан
Булатовна
Қазақ тілін
оқытуда инновациялық технологияны қолданудың
маңызы
Елбасымыз жаңа кезеңдегі
әлеуметтік саясаттың
маңызды құрамдас
бөлігі ретінде ана мен
баланы қорғауды «Қазақстан-2050»
бағдарламасында былай деп атап
көрсеткен. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу
үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.
Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз
болып қалғалы қашан.
Бүкіләлемдік
тәжірибенің көрсетуінше, бүкіл инновациялық
өндірістік циклды жеке бір елде жүзеге асыруға тырысу –
велосипед ойлап шығару деген сөз. Бұл – өте
қымбатқа түсетін және әрдайым нәтижелі,
жемісті бола бермейтін іс. Табысқа жету үшін
ғалымдардың талай буынының тәжірибесіне, тарихи
қалыптасқан ғылыми мектептердің арнаулы ақпарат
және білімдерінің көп терребайт көлеміне негізделген
дербес ғылыми база қажет болады [1].
Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды
қолдануда, ең алдымен, оқу үдерісін қалай
басқаруға болады, соңғы мақсатты нәтижеге
қалай жетуге болады, нені үйрету керек, қандай тиімді әдіс-тәсілдер
арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады.
Сондай-ақ оқытудың жаңа технологиялары – тиімді
әдіс-тәсілдер мен амалдарды, оқушыға білім
берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін
ғылым. Мұғалім қазақ тңлң
сабағында теориялық білім беру арқылы оқушының
өзін қоршаған ортаға көзқарасын
қалыптастырады, Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп
тәрбиелейді. Ондай дағды мен білім, тәрбие беру жаңа
технологиялар арқылы оқыту кезінде іске аспақ. Сонымен бірге
қазақ тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды
қолдану, мұғалімді педагогиканың қыр-сырымен жете
таныстырып қана қоймайды, пәнді тиімді оқыта отырып,
өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді.
Яғни, ғылыми дәлелденген, мектеп тәжірибесінен
сыналған ең тиімді оқытудың әдістері мен
тәсілдерін оқыту барысында пайдалануға мүмкіншілік
жасайды. Сайып келгенде, қазақ тілі сабағында жаңа
ақпараттық технологияларды қолдану,
мұғалімнің творчестволық тұрғыдан
жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге, сабақ берудің
тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.
Қазақстан Республикасының білім жүйесін
реформалауда орта білім беретін мектептердің әлемдік білім
кеңістігіне ену үдерісі педагогикалық технологияның
жаңару қажеттілігін тудырады. Қазақ тілінің
жаңа ақпаратты технологияларды қолдану арқылы
қарқынды дамуы, оқу үрдісінде оқыту
әдістерінің тиімділігін арттырады [2].
Қазақ тілін нәтижелі
үйрету, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, сұранысын
туындыру-бүгінгі күннің маңызды
мәселелерінің бірі.
Ғылыми және ақпараттық технологияларды
қолдану арқылы, заманның талабына қарай
қазақ тілін оқытудың маңыздылығы зор.
Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта
түсуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен
компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік
технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Қазақ
тілін оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге,
электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды
қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту
бағдарламаларын негізге ала отырып жүргізген дұрыс.
Бүгінгі күннің талабына
сай қазақ тілі сабағын жүргізгенде жоғары жетістікке жету барысында компьютерлік
технологияның маңызы жоғары. Қазіргі кезде шапшаң
жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Қазақ тілін даму болашағы
қоғамның даму үрдісімен үнемі келеді.
Қазақ тілі пәні мұғалімдері компьютерге
байланысты бағдарламаларды
игергендер үнемі білімін жетілдіріп, біліктілігін
шыңдаған дұрыс. Өйткені уақыт өткен сайын
техниканың жаңаруы мен дамуына сәйкес бағдарлама
пакеттері ескіріп, жұмыстың тәсілі өзгереді. Осы
айтылғандармен қазақ тілін дамыта оқу үшін,
пән мұғалімдері көштен қалмай үлгеріп
жаңару жұмыстарын жүргізу керек.
Қазақ тілін жаңаша
оқыту барысында сабақта жан жақты технологияларды
ұтымды сабақты түсіндіру барысында қолданып,
оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік
туғызып отыру қажет. Оқыту кезең бойынша
ұйымдастыру, сол арқылы әрбір кезеңде
оқытудың мазмұнын, формасын, әдістерін және
құралдарын сәйкестендіріп таңдап алуды,
нәтижелерді кезең бойынша диагностикалауды есепке алу негізінде
дидактикалық міндеттерді қою мен шешудің логикалық
бірізділігін қамтамасыз ету. Жаңа технологиялар дәуірі
қазіргі мектеп оқушыларының қазақ тілін жеделдете
оқытудың әдістемелік жүйесінің мазмұны
айқындалып, соңғы ғылыми жаңалықтар
негізінде толықтырылады [3].
Қолданылғпн
әдебиеттер:
1 Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту
әдістемесі. –А. Санат, 1991
2 Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап
оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдалану мен
байланысы. – А. 2011
3 Исабаев Ә.
Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – А.
Қазақ университеті, 2010.