ЮРИСЛИНГВИСТИКА-ТІЛ
БІЛІМІНІҢ ЖАҢА САЛАСЫ
Саменова Ақбота Жаңалыққызы А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің магистранты
Тіл мен қоғам
қатар жүретін процесс. Себебі, қоғам дамып
жаңғырған сайын әлеуметтік қажеттіліктерге
байланысты жаңа
инновациялық теориялар мен концепциялардың ғылыми ағымын қажет етіп отыратындығы белгілі.
Осы тұрғыдан алғанда, заң қызметкерлері мен құқықтық
қоғам құрудағы
жалпы мемлекет арасындағы
байланысты
қалыптастыруда
юрислингвистиканың немесе заңнамалық лингвистиканың алар орны ерекше.
Демократиялық
құқықтық мемлекет құруға талпынған әрбір мемлекеттің басты мақсаты да,
заңнамалық
құрылымдарды
жетілдіруде жатыр. Ал ол
жетілдірулерді жүзеге асыруда сол мемлекеттің заңдарын ұлттық әдеби тіл арқылы жетілдіріп, сол
қоғамға сіңіру
болып табылады. Мұндай қажеттіліктерді ХХ ғасырдың
соңғы он жылдығында
пайда болған тіл білімінің жаңа
саласы –юрислингвистика ғылымы өз зерттеу нысанына
айналдырып келеді. «Юрислингвистика»
термині алғаш рет Ресей
Федерациясында енгізілген болатын. Кейін неміс және
ағылшын ғалымдары, тіпті
қазіргі таңда
елімізде соттық сараптамаларда
юрислингвистика
бағытының тіл
біліміндегі орнын айқындап келе жатқандай. Бұл терминге 1976ж.
неміс ғалымы А.Подлех «құқықтық лингвистика» деген атау берген болатын. Заңнамалық лингвистиканың ғылым
болып қалыптасуына Ресей
ғалымдары А.Н.Баранов, Н.Д.Голев, П.А.Катышев, Т.В.Чернышев т.б
ғалымдары мол еңбек
сіңірген. Ғалым Н.Д.Голев: «Юрислингвистиканың объектісі- тіл
мен құқықтың өзара байланысы.
Тілдің заңға қатысын-юрислингвистика, ал
заңның тілге қатысын- лингвоюристика зерттейді» деп бұл екі ғылым арасында диалектілік байланыс
бар екендігін анықтаған болатын [1,43б.].
Заңнамалық лингвистика саласы ― қазақ тіл
білімінде əлі де қарастырыла қоймаған өзекті
мəселе. Көкейтесті сауалдарды қарастыру үшін
заңнамалық лингвистиканың анықтамасын, нысанын, субъектісін
жəне түрлерін айқындап алу қажет. Ғалым Н. Д.
Голевтің зерттеуі бойынша заңнамалық лингвистика ― тіл
мен заң ғылымдарының түйіскен тұсында пайда
болған қолданбалы лингвистиканың саласы. Заңнамалық лингвистиканың зерттеу нысаны- тіл мен құқықтың белгілі бір жүйеде байланыстыра қарастыру болып табылады. Заңнамалық лингвистика
қолданбалы лингвистиканың
барлық салаларымен, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, паралингистика, лингвоэкология
т.б. ғылым салаларымен тікелей
байланысты. Отандық лингвистердің
зерттеуі нәтижесінде заңнамалық лингвистиканың базистік
міндеттеріне бірнеше
ғылыми бағыттар кіреді:
-
Қайшылықтардың
/қақтығыстардың/ тілдегі қызметі.Сөз
қақтығысының тілдегі
көрінісі;
-
Тіл және
тілдік саясатты заңнамалы-лингвистикалық аспектілерді қалыптастыру;
-
Заңнама тілінің арнайы
құқықтық
коммуникацияға
қызмет етуін жүйелеу;
-
Соттық сараптаманың дұрыс дайындалуын
қадағалау. Заң ғылымдарын терминдік, лексикографиялық, аудармалық
қызметтермен қамтамасыз
ету;
-
Құқық саласында қызмет ететін
қызметкерлердің
лингвистикалық құзіреттілігін жетілдіру
болып табылады [1,44б.].
Заңнамалық
лингвистиканың қазіргі
кездегі тұрған
алғашқы тармағы- заң мәтіндерінің стильдік тұрғыдан дұрыс
құрылуы. Сөйлемдердің, сөйлемдегі
сөздердің, сөз тіркестерінің орынды қолданылуы болып табылады.
Заңнамалық
лингвистиканың келесі тармағы- құқықтық коммуникация. Ресейдің
белгілі ғалымы А.Любимов «коммуникация» жалпы теориясын
түсіндіре отырып: «Құқықтық
коммуникация дегеніміз құқықтық
ақпаратты заң
шығарушыдан заңды қолданып, қоғамдық өмірде
пайдалануды жеткізу»,- деп
түсіндірген болатын [1,45б].
Заңнамалық лингвистиканың үшінші тармағы- заңнама
тілінің түсінікті болуы. Германияның
құқықтық мәліметтері бойынша
ғалым Б.Эккарт зерттеу жүргізген болатын. Заңнамалық лингвистиканың бұл
тармағы «Заңнамалық тілді
қалай түсінікті етуге болады?» деген
сұраққа жауап
іздейді. Ғаламдық тәжірибеде бұл
сұраққа екі түрлі мәселемен қарауды қажет етеді.
-
Құқық тілінің қарапайым жалпы халықтық тілден әдеби тілдің функциялық стильдерінің бірі
ретінде қарау;
-
Заңнама тілін жалпы әдеби тілдегі стильдердің бірі ретінде қарау
болып табылады [2,36б.].
Отандық ғылымда бүгінге дейін тілдің
заңдық аспектісі және тіл білімінің юриспруденциямен
байланысы мәселелері зерттеу объектісіне айналмай келеді. Кейбір
дереккөздерде ғана бұндай аспектінің объективті
түрде бар екендігі және лингвистика ғылымындағы
мәнінің маңызды екендігі айтылады.Бұл сала тіл мен
құқықтың тоғысқан байланысынан пайда
болғандықтан пəнаралық сипаттарға ие. Тіл мен
құқықтың өзара байланысы мəселелерімен
заңгерлер де, лингвисттер де шұғылданып келеді.
Заңнамалық лингвистиканың сауалдарымен көне Рим
заңгерлері заң мəтіндері мазмұнының нақты да
түсінікті болуы тұрғысында айналысқан.
Қазақстан үшін жаңа ғылым –
юрислингвистиканың бұл контекстегі теориялық және
практикалық мәселелерін зерттеу, оның фундаменталды
және қолданбалы аспектілерін қарастыру бүгінгі таңдағы мақсат-міндеттерге
ие.
Заңнамалық лингвистика-тіл біліміндегі жаңа тармақтардың
бірі болып табылады. Себебі, заң
бойынша бірнеше сараптамалар жүргізілетін болса, соның ішінде лингвистикалық
сараптама белгілі бір тілдік сөйлеудің деңгейі (сөз,
сөз тіркесі, сөйлем, азат жолы, мəтін), субъектісі ―
басқа əдіс-тəсілдермен айқындау мүмкін емес
мəліметтерді тілдің, тіл маманының көмегімен алу деген
сөз.Ол ең алдымен,
заң қызметкерлерінің
лингвистикалық
құзіреттілігін арттырса, екіншіден, заң алдына жүгінген әрбір адамның ар-намысы мен абыройының
сақталуы мен қатар, заңнама тілінің түсінікті және айқын болуын мақсат етеді.
Бұл сауалға жауап іздеудің түпкі мұраты
құқықтану тілінің қарапайым жалпы
халықтық тілден əдеби тілдің функционалдық
стильдерінің бірі ретінде ерекшеленетінінде жатыр. Онда
қолданылатын терминдер мен ұғымдар, сөз тіркестері мен
сөйлемдердің синтаксистік құрылымының белгілі бір
ережеге бағынған тұрақтылығы бар. Зерттеушілер
əдеби тілдің басқа стильдік тармақтарындай тең
түсінілуі үшін халықтың ізденісі мен сауатының
мəдениеті көтерілуі керек деген түйін жасалады.
Лингвистикалық сараптама заңнаманың қылмыстық
іс, азаматтық-құқықтық жəне
əкімшілік тəртіпсіздік секілді негізгі салаларымен тікелей де
тығыз байланысты.
Еліміздің лингвист-ғалымдарымыз да заңнамалық
лингвистика саласымен айналысып келеді. Соттық сараптама барысында тек қылмыстық істерді
анықтау ғана емес, сондай-ақ, тілдік сараптама
психологиялық-филологиялық
зерттеуді өз міндеттеріне алып келеді. Мамандардың айтуы бойынша
соңғы кездегі БАҚ, ғаламтор сайттарында
әртүрлі жәбірлеу, басқа біреудің ар-намыс,
абыройын төмендету
мақсатындағы мәліметтердің пайда бола бастағандарын айтады. Конституция бойынша
әрбір қазақстандықтың ар-намыс абыройы мен жеке басының
құқығының
қорғалуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда,
елімізде тілдік сараптама 2004 жылға дейін тек Алматы қаласында жүргізіле бастаған
болатын. Ал, қазіргі
таңда Астана, Шымкент, Өскемен, Орал қалаларында психология-филологиялық сараптамалар
жүргізіліп келеді [3,12б.].
Елімізде юрислингвистикалық
сараптама жүргізуде сарапшы лингвисттің құзіретіне:
-жеке тұлғаға қарсы (жеке басына қол
сұғушылық, ар-намысын
төмендету);
-барша адамзатқа
қарсы (әлеуметтік,
діни, ұлттық наразылықтарды
тудырмау);
-ұлт, дін аралық, əлеуметтік араздықтар мен
экстремистік əрекеттерге үндеу тілдік мазмұн
тұрғысында баға беру жатады.
-заң
мәтіндерінің дұрыс
құрылуы, дұрыс
бағытталуын қарастырады. Сондай-ақ,
сөздердің орынды
қолданылуы мен
лексика-фразеологиялық
орамдарды дұрыс
қолдану, сөздердің семантикалық мағынасын дұрыс қолдана білуін қарастырады.Тіпті
соңғы кезде сарапшылар
видео, аудио құрылғылардағы, телефонмен
сөйлескендегі басылымдардағы тіл
мәдениетінің
сақталуын тексереді.
Құқықтық
мемлекет орнатып, барша
халыққа заң тілінің
түсінікті, әрі
айқын, нақты
болуымен қатар, заңнама
тілінің құрылымдық лингвистикада коммуникативті-прагматикалық қызметін
көрсетуде заңнамалық
лингвистикның алар орны ерекше. Себебі, заң тілінің заң қызметкері емес
қарапайым
халыққа заң
терминдері мен заң
мәтіндерінің
түсінікті болуын қамтамасыз етуде заңнамалық
лингвистиканы әлеуметтік
феномендік тіл
білімінің жаңа саласы деп
атаймыз. «Заңнамалық лингвистика» термині өткен ғасырда ғана пайда
болса да, қазіргі қоғамымызда антропроцентристік
бағыттағы жаңаша ізденісте бұл ғылым саласының қажеттілігі күн санап артып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Жүзбаев Б.Т. Криминалистикалық сараптамаларды жіктеу мәселелері/Б. Т. Жүзбаев //
ҚР ішкі істер министрлігі Қарағанды академиясының
хабаршысы=Вестник Карагандинской академии Министерства внутренних дел РК, 2011.
т.№4.-С.43-45
2. Жалмаханов Ш.Ш. Заңнамалық лингвистиканың
(юрислингвистиканың) жалпы сипаттамасы/Ш. Ш. Жалмаханов, Ж. Ш.
Жалмаханова // ҚР ішкі істер министрлігі Қарағанды
академиясының хабаршысы=Вестник Карагандинской академии Министерства
внутренних дел РК, 2012. т.№3-4.-С.49-52
3. Д.Амирова «Зри в корень» Юридическая газета 25 желтоқсан 2012ж.
4.
Юрислингвистика-3: проблемы юрислингвистической экспертизы:
Межвузовский сборник научных трудов / Под ред. Н. Д. Голева. Барнаул:
Изд-во Алт. ун-та, 2002