Ж.Көпбаева-Оңтүстік
Қазақстан педагогикалық университетінің аға
оқытушысы
А.Альбаева-Қазақстан инженерлі
педагогикалық Халықтар достығы университетінің
магистранты
Йассауи хикметтеріндегі тұйық етістік категориясы
Етістіктің түбірі мен негіздеріне,
етістерге, күрделі етістіктерге -у жұрнағы жалғану
арқылы тұйық етістік жасалады. Жалпы етістік атаулыға
қимыл негіз болатын болса, қимылдың атын білдіретін
етістіктер тұйық етістік тұлғасында беріледі.
Етістіктерді зерттеуші Ы.Маманов оқулықтарда мысал ретінде
берілетін етістік түрлері тұйық етістік түрінде
қолданылу керек дегенді алға тартады. Демек, тұйық
етістік тұлғасындағы тілдік бірлік инфинитив деп аталады.
Ендеше, қимылдың атауы тұйық етістік
тұлғасы болып саналады. Осы себепті тіліміздегі тұйық
етістік қимыл есімі деп те аталады. Қазіргі тіліміздегі
тұйық етістіктің -у тұлғасы – ең
көп қолданылатын аффикс. Тұйық етістік
тұлғасындағы етістік
субстантивтеніп, зат есім орнына да жұмсалатын жағдайлар кездеседі.
Йасауи хикметінде тұйық етістігінің жұрнағы
жалғанған, субстантивтенген зат есімдер бар. Мысалы,
субстантивтенген зат есім:
Мәні
хикмәтләрім дәрдіңә дару, Чықарса
көксідін һәр кім өлсә қылғай арман
(6а, 5-6). Нә оқуды аны 'алимға айтты (8а, 5). Мункир
Нигар суруғыға йетмәгәйді (28а, 4). Муса
кәби бу йолларны дәһбәрі бар, Азғұрғучы
самири дек сахиры бар (27б, 11-12).
Түркітануда тұйық етістік туралы
жазылған еңбектер өте
мол. Бұл тұйық етістік жұрнағының әрі
етістік, әрі зат есім мағынасында жұмсалуымен байланысты
ғалымдар қызығушылығын тудырған. Әзірбайжан
тіліндегі тұйық етістігі туралы жазылған еңбегінде
М.Т.Мамедов -ма, ме және -мак, -мек тұлғалары
жайында: “аффикс -ма, -ме более близок к именам, а аффикс -мағ, -мәк к
глаголам” [12, 67 б.].
Ал қимыл есімін зерттеуші ғалым
А.Б.Салқынбай түркі тілдерінде -ма, -мә, -мақ, -мек
формалары жеке-жеке семаларға ажырап, жіктеле бастағанын
аңғаруға болатынын, ал қазіргі қазақ тілі
үшін -мақ, -мек тұлғалары мұндай
қызмет атқара алмайтынын айтады [13, 18 б.]. Дегенмен, -мақ,
-мек тұлғасы арқылы тілімізде жасалған қармақ, салмақ
шормақ, тармақ, шақпақ секілді атаулар
тұйық етістік тұлғасының көне
формаларының бірі деуге болады. Осындай тілдік бірліктер Йасауи
хикметтерінде кездеседі:
Субстантивтенген -мақ тұлғалы етістік:
Һу
дегәндә сүйәкләрің чақмақ
чақсун (22 б, 2).
Шақпақ сөзі де етістік тұлғасынан заттанғанын осы мысал
дәлелдеп бере алады. Шақмақ
(шақпақ) – толық субстантивтенген сөз. Ал
толық субстантивтенбеген немесе етістіктің өз қызметін
атқарып тұрған тұлғалары төмендегідей:
Қабрінің
ічідә тұрмақкә йоқ зәрра
мәжәлің (35а, 1). Нә бұл 'ажаб ічмәк
йәмәк рахат үчүн (39б, 6). Уммәт болсақ
зикрин айтмақ бізгә суннәт (49б, 6). Суфийа сән малыны
алмақ үчүн қылдың жәдәл (67б, 1). Бу
дүнйадын расул сафар қылмақ үчүн (69б, 7).
Һеммет бірлә ахирәткә бармақ үчүн
(70а, 7). Жаһаннамдын өзләріңіз
құтқармақ үчүн (70б, 2). Хирқа сыны
аңа йермәк үчүн (71а, 9). Пайғамбардың
йәтим болұб қалмақ үчүн (71а, 2.). Мал-у
'айәл хисабыны бермақ үчүн (72б, 4). Жан
бермақдын қаттығ 'ишқ йүз 'азаб (76б, 5). Суд-у
зийан болмағыны түймәс ерміш (85а, 13). Тәрк
әйлә кечә йатмак 'адәт қыл та'ат етмәк Ол мәйні үлүш алмак,
нигә мұнча йатарсән (88б, 1-3.). Андағ мурадыға
йетмақ керәк (97а, 5). Қийаматда Тонғұз йаңлығ
қопбақ керәк (97а, 13). Көб йығлағыл
тыңла анда көрмәк керәк (97б, 3). Бұ
дүнйаны тәрк тәслим етмәк керәк (97б, 7).
Мұндын өтүб ол мәнзилгә кетмәк керәк
(97б, 11.).
-мәк тұйық
етістіктің жіңішке тұлғасы өте сирек
жалғанған: Мал-у 'айәл
хисабыны бермақ үчүн (72б, 4). Жан бермақдын
қаттығ 'ишқ йүз 'азаб (76б, 5). Осындағы бермақ үчүн,
бермақдын сөздерінде сингармонизм заңы ешқандай
сақталмаған.
Сонымен қатар тұйық етістіктің -у
жұрнағының мағынасымен сәйкес келетін -ар
жұрнағы да Йасауи хикметтерінде кездеседі:
Бір ләхза қарарың йоқ бу күн кәун-у
мәкәндә (28 а, 6), Күйдүргучі, йақдұрғучы һич тұрарың йоқ (28 а,
10). Тағдын ағыр
гунаһім 'узр айтаргә тілім
йоқ (32 б, 10.). Пирсіз
хизмәт сәңә үшбу тамашалар керәк (98 а, 8).
Жалпы -у тұйық етістік
аффиксінің тұлғасы көне ескерткіштер тілінде -ғу,
-гу болғаны белгілі. -ғу аффиксінің өзі
жалғанған түбір немесе егіз тұлғасына қимыл
атауы мағынасын үстейді. Йасауи хикметтерінде -ғу, -гу
тұлғалары жалғанған лексемалар көп емес,
дегенмен, дәлелдеуге тұрарлық мысалдар кездеседі:
Муса кәби бу йолларны
дәһбәрі бар, Азғұрғучы самири дек сахиры бар (27б, 11-12).
Мән мән сарай бұзғучы (105 а, 9), Хатун пеуа қылғучы (105 а, 10), оғлан
йатим қылғучы (105 а, 10), Күйдүргучі, йақдұрғучы
һич тұрарың йоқ
(28 а, 10).
Орта ғасыр ескерткіштері тілінде де, көне
түркі ескерткіштерінде де, қазіргі түркі тілдерінде дәл
осы секілді қимыл есімінің тұлғаларын кездестіруге
болады. Ал қазақ тілінде -ғу, -гу
тұлғасынан гөрі -у тұлғасы
қолданылады.
Жеке тұрғанда тұйық
етістіктің -у тұлғасының қандай мағына
беретіні белгісіз. Оның мағынасы тек етістіктің түбір
тұлғасына жалғанғанда ғана анықталады.
Сонымен қатар тек сөзде ғана емес, сөйлемде,
мәтін ыңғайында нақты көрінеді. Етістіктерге
жалғанғанда процестік мағына берсе, заттық семаны заттану
процесі арқылы білдіреді. Йасауи хикметтерінде бұл
жұрнақтың процестік мағына беретіндігі де, сонымен
бірге заттық мағына беретін тілдік бірліктер де кездесті.