Ұ.С Қайырбекова
-филол.ғ.к., доцент ҚИПХДУ
М.С.Сауранова -ҚИПХДУ магистранты
СӨЗДІҢ КОММУНИКАТИВТІК САПАСЫНЫҢ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Лингвистикалық сөздің коммуникативтік сапаларын
зерттейтін саласы сөйлеу мәдениеті туралы ілім деп аталады.
Оның пәні - "Сөздің (сөзжұмсамның)
оны коммуникативтік әсері тұрғысынан алғандағы
тілдік құрылымы"
[1;7].
Тіл — сөз
(речь) қосарлыбірлігіндесөзмәдениетітуралыілімсөзді
(речь) зерттейді. Ол сөз "тіл таңбаларының оның
заңдары бойынша және жеткізіліп отырған мазмұн
қажеттіліктеріне сәйкес ұйымдастырылған
дәйектілігі ретінде" түсініледі [1;12].
Тіл
мәдениеті ілімінің негізгі теориялық үғымы
саналатын сөздің коммуникативтік сапалары дегеніміз —
сөздің, сөйлеудің коммуникативтік жетілгендік
дәрежесін анықтайтын белгілері, объективті өмір сүретін
қасиеттері. Б.Н.Головин: "Тіл стильдерінің саны аса көп
емес, ал сөз стильдерінің саны өте көп, оны ешкім
санамаған... Дегенмен, сөз стильдерін ажыратуға,
олардың аражігін айқындауға қажетті бірнеше негіздеме
бар", - деп, оларды санамалап береді: а) тіл стилъдері. Олардың
әрбірі сөйлеу стильдерінде жұмсалып, іске асырылып отырады.
Сондықтан оқырмандар еркін түрде көркем,
публицистикалық, ғылыми сөйлеу стильдерін ажырата алады;
ә) қарым-қатынастың мақсаттары мен міндеттері.
Яғни бір нәрсе туралы ақпарат, адамдардың
мінез-құлқына және көңіл күйіне
әсерету т.б.; б) көркем
және көркем емес әдеби жанрлар (роман, юморлы
әңгіме, лирикалық өлең, қарасөзбен
жазылған өлең, фъелетон, газеттік мақала,
ақпараттық шолу, баяндау, саяси митингідегі баяндама, ғылыми
баяндама, оқу барысы т.б.). Бұл жанрлардың әрбірі
тілдің стильдік жүйесінің даму процесінде сөз
стилінің өзіндік түріне ие болуы мүмкін; в) қарым-қатынас
ситуациясы, яғни, сатушы мен алушының, мұғалім мен
оқушының арасындағы сұхбат, мәжілістегі
талқылау, қала саябағындағы жастардың,
дастарқан басындағы қонақтардың
әңгімесі, досқа жазылған хат... Ситуациялық
сөз стильдері жанрлық стильдер сияқты санжағынан аса
көп және әлі детолық, жеткілікті түрде сипаттай
түсуді қажет етеді; г) сөз авторы тұлгасы. Оның
даму дәрежесі, темпераменті, адамдарға, табиғатқа деген
көзқарасы және оның өзге де индивидуалдық
қасиеттері[1;263].
Коммуникативтік
сапалар сөздің кез келген белгілері емес, оны
қарым-қатынас құралы ретінде сипаттайтын белгілер. Ол
сөздің өз функциясын қалай атқаратынын
анықтайды. Мәселен, сөздің, оны ақиқат
ортадағы материалдық құбылыс ретінде алсақ,
акустикалық (естілім) қасиеттері бар. Олар алуан сипатты болады,
бірақ бәрі бірдей коммуникативтік мәнге ие бола бермейді.
Әуез (тон), тембр, дыбыс қарқынының жоғары немесе
төмендігі — дауыстың индивидуалдық ерекшеліктері ретінде
маңызды бола бермейді, ал егер осы айтылған параметрлер
сөйлеушінің эмоциясын, белгілі бір мәселеге
көзқарасын жеткізуіне байланысты әдейі, саналы түрде
өзгертілген болса, коммуникативтік мәнге ие болады.
Сөздің
тілге, ақиқат болмысқа, сөйлеушінің және
адресаттың санасына қатынасы — тұтас алғанда сөз
сапаларын бөліп көрсетуге, сипаттауға негіз болады. Сөз
тіл бірліктерінен тіл заңдары бойынша құралатындықтан,
онымен (тілмен) тығыз байланысты болады. Бұл ішкі байланыс,
өйткені тіл мен сөз — бір құбылыстың екі
коммуникативтік күйі. Тілмен байланысы сөздің
компоненттік құрамын және ұйымдасуын, оның
құрылымын анықтайды. Бұл байланыс сөздің
құрылымдық сапалары - дұрыстық пен байлықты
қалыптастырады және оларды үғынуға
көмектеседі.
Сөз
функциясы — белгілі бір мазмұнды (ақпаратты) құрастыру
және жеткізу. Мазмұн дегеніміз — ақиқат, шындық
көрінісінің және сана жұмысының нәтижесі.
Яғни сөйлеуші жасаған, белгілі бір мазмұнды
қамтитын сөздік дәйектілік (речевая последовательность)
ақиқатпен және санамен арақатынаста болады. Бұл -
сыртқы байланыстар. Сөздің ақиқатпен және
санамен байланысы оның дәлдік, логикалылық, бедерлілік,
түсініктілік, әсерлілік сияқты сапаларын құрайды
және ұғынуға мүмкіндік береді. Бұл жерде
мына мәселелер есте болуы керек: 1. Құрылымдық сапалар
мен функционалды сапалар өзара байланысты және өзара
шарттасқан болады; 2. Олар бір ғана сөздік
ақиқатты сипаттай отырып, өзара әрекеттеседі. Бір
ғана сөздік дәйектілік (сөздер тізбегі) құрылымы
жағынан (дұрыс-дұрыс емес, бай-жұтаң) және
функциясы жағынан (дәл-дәл емес, әсерлі-әсерлі
емес т.б. деп) анықталады.
Сөйлеуші
сөзін құрастырғанда өзі жеткізуге тиіс
мағынадан құрылымға қарай, яғни сөзді
ұйымдастыруға ұмтылады. Ол өзі жеткізуге тиіс мағынаны,
мазмұнды білдіру үшін керекті тілдік құралдарды
таңдайды, іріктейді және белгілі бір тәсілмен
ұйымдастырады (ойын таңба (сөз) арқылы кодқа
салады). Ал қабылдаушы (адресат) осыған керісінше жолды жүріп
өтеді: сөз құрылымын қабылдай отырып, берілген
мағынаға қарай жылжиды (кодты ашады). Алайда екеуі де
тұтас жасалым ретінде танылатын сөзбен (речь) жұмыс істейді.
Сөз
(речь) - жүйелі құбылыс, онда барлық сапалар
өзара байланысты болады. Мысалы, дұрыс сөз тілдік
бірліктерді жүйе мен нормаға сай етіп дұрыс
құрастырып, жеткізетіндіктен, дәл болады, ал дәл
құрастырылған сөз адресат үшін түсінуге
жеңіл болады. Бұған қарсы бағытта алсақ
- сөз құрылымындағы ауытқулар
(жүйенің бұзылуы), яғни дұрыс еместік дәлсіздікке
себеп болады. Ал сөз дәлсіздігі адресат үшін тусініксіз,
анық емес болады. Демек, дұрыс қолданылмаған
сөз сапалары теріс нәтиже береді. Сөздің негізгі
құрылымдық және функционалдық сапаларының
ара қатынасын мынадай кесте түрінде көрсетуге болады:

құрылымдық функционалдық
![]()
Сөзді
оның коммуникативтік сапалары аспектісінде қарастыру сөз жүйелілігін (речевая
системность) айқындауға, сипаттауға мүмкіндік береді.
Сөз жүйелілігі, біріншіден, сөздің коммуникативтік
сапаларының вербалды бірліктермен, ақиқат болмыспен
және санамен байланыстарының жүйелілігі; екіншіден,
коммуникативтік сапалардың өзара байланысының
жүйелілігі; үшіншіден, әр түрлі деңгейдегі тілдік
бірліктердің сөз сапаларының әрбірін қалыптастыру
барысындағы өзара әрекеттестігінің нәтижесі ретінде
пайда болады.