Ораз Кулянда

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистранты

 

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИН СӨЗДЕР

 

Мектеп табалдырығын жаңа аттап басқан адам үшін өнер-ғылымның ордасы бастауыш сынып болмақ. Әліппеден басталған сапар алгебра, геометрия пәндерінен бірақ шығады. Алайда, бұл жолда бала санасына салмақ түсіретін бірден-бір қиыншылық термин сөздерді меңгеру болып қала бермек.  Бүгінгі күні мектеп оқулықтары термин сөздерден кенде емес.   Терминдерді оқытудағы басты мақсат –сөздік қорды байыту, яғни үйренген терминдерді күнделікті өмірде,  келешекте қызмет барысында қолдануға машықтандыру. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін бастауыш мектеп мұғалімдері терминдермен жұмыс жасауда термин сөздердің жасалу ерекшеліктеріне көңіл бөлуі қажет.

Тіл – қоғамдық құбылыс болғандықтан, бастауыш сынып оқушыларына термин сөздерді құрғақтай жаттатқызудың  пайдасы аз, сол сөздердің басқа сөздермен тіркесе алуы, өзіне жұрнақтар мен жалғаулар жалғай алуға қабілетті болуы керек. Термин сөздерді түрлендіру арқылы бастауыш сынып оқушысында мынандай дағдылар қалыптасады:

Ø    сөйлем құрастыру жолдарын үйренеді;

Ø    сөздердің мағналарын жете түсінеді;

Ø    жұрнақтар мен жалғаулардың жалғану ерекшеліктерін іс-жүзінде үйрене алады.

Мысалы, бастауыш сыныпта оқытылатын жалқы есім. Жалқы есім — жеке заттың, құбылыстың атауы болатын сөз, сөз тіркесі.[ 1 ]

«Жалқы» сөзіне байланысты түсіндірме сөздікте төмендегідей деректер берілген:

ЖАЛҚЫ 1 Бiреу ғана, жалғыз, сыңар. Ағайын туғаны жоқ ~ жiгiт. жалқы есiм (лингв.) - жеке-дара заттардың атауы.

ЖАЛҚЫ 2 Көңiл қайтып жеру, айну. Бүгiн сүйсем, сенi алсам - ертең жалқып, Суып қайтар қөңiлiм желше шалқып (Абай).

ДЕДУКЦИЯ  псих. Ойлаудың бүтiннен бөлшекке, жалпыдан жалқыға көшу жолы.

ЖАЛҒЫЗ   1. Тек бiр өзi ғана, дара, жалқы. Сабыр ағайдың ~ ұлы, ~ үй, ~ қабат.

ЖАЛҒЫЗ-ЖАЛҚЫ      Бойдақ, жалғыз басты. Бiз секiлдi жалғыз-жалқылар жатақханада тұратынбыз (Н.Ғабдуллин).

ЖАЛҚАЯҚ            Түр бітімі үрлеп ұшырған сабын көпіршігіне ұқсас шырышты ақ шарбы ішіндегі жалқық. Жылқының iсiгiнiң жалқаяғын ағызу үшiн жуан бiзбен шабақтайды (Х.Арғынбаев).

ЖАЛҚАЯҚТАН  1. Көлкiлдеп iсiну, шырыштану, жалқылану. Ауру малдың мойын терiсiнiң астына жалқаяқтанып сары су жиналады (Төлеуғалиев). 2. Ауыс. Тұтанып қоздап жану. Қазандық астындағы жаңқа әлі сөнбей жалқаяқтанып жылтырап жатқан (Cараев).

ЖАЛҚАҚ  Көлкiлдеп тұратын сұйқылтым жалқылдаған нәрсе, жалқақ. Жараның iшiн жалқақ iрiң кеулеп кеттi (Жәкенов).

ЖЕГЕНЕ    кәсіб. Жалғыз, дара, жалқы. Қой жегене қозы туды (Диал. сөздiк).

ИНДУКЦИЯ       1. филос. жалқыдан жалпыға, белгiлiден белгiсiзге қарай ой қорыту тәсiлi. 2. физ. Электр тогiнiң магнит жолында немесе магнит өрiсiнiң өзгеру кезiндегi, белгiлi бiр өткiзгiштегi қозуы. Индукция заряды- элекрт тогi жүрген кезде пайда болатын уақытша зарядтар.

НЕКЕН       көне. Жалғыз-жарым, жеке; жалқы. Жалғанда құдай деген сен бiр некен (Ғашық-нама).

ОНОМАСТИКА грамм. Тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдер жиынтығын зерттейтiн саласы.

САРЖАЛҚЫН    Қызғылт реңдi сары түс. ~ көйлек (бояу).

СИНЕКДОХА     Жекенiң орнына көпше, жалқының орнына жалпының не осылардың керсiнше айтылу ерекшелiгiн көрсететiн стильдiк белгi.

ТАЛАУРА 1. Шапақ шашып, қызыл жалқындалу. ~п күн шығып келе жатты. 2. Қызара бөртiп қабыну, iсiну. Денесi талаурап қызарған ("Соц.Қаз.").   [ 2 ]

Сөздікте берілген сөздерді оқушы бірден меңгермейді. Алайда, «жалқы есім» термині арқылы келешекте естіген немесе оқыған сөзін ойша жорамалдай алады.

Осыған байланысты С.Қ. Серғазинаның «Мамандыққа байланысты терминдерді  меңгертудің тиімді жолдары» атты мақаласында: «Белгілі бір терминді сөздік арқылы меңгерту үшін ең алдымен, тіл үйренушінің өзіне берілген сөзді сөздіктен іздетіп, таптыру қажет; екіншіден, оны тақтаға жаздыртып, дұрыс айтуға машықтандыру қажет; үшіншіден, жаңа терминнің ұғымын кең ашу үшін оларды қатыстыра отырып, сөз тіркесін жасату,  сөйлем құрату, ол сөздердің контекстегі мағынасын ашу қажет; төртіншіден,  жаңа сөздерді тірек сөз ретінде пайдаланып,  мәтін, диалог, әңгіме,  құрастыру қажет» - деген тұжырым жасалады. [3 ]

            Бастауыш мектеп оқулықтарындағы термин сөздердің  мағынасын ашуда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:

 - терминдердің мағынасын болжалдатқызу, туындаған болжамдарды  сөздіктегі нұсқасымен  салыстыру;

- салыстыру арқылы ұқсас белгілерді тапқызу;

- сөзді контекске енгізу;

- синоним сөздермен ауыстыру;

- антонимдер тапқызу;

Осындай әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданған жағдайда,  бастауыш сынып оқушыларына терминдерді  тиімді  меңгертуге болады. Терминдердің табиғатын тану үшін  мектеп оқулықтарын қарастырған жөн.

Бастауыш мектеп оқулықтарындағы мәтін тілін зерделеу арқылы сирек қолданылатын сөздер, оның ішінде терминдерді  анықтау қиынға соқпайды. «Бастауыш сыныпта есім сөздерді оқыту» тақырыбында жазылған дипломдық жұмыста Г. Усербаева  төмендегі кестелерде берілген мәліметтерді көрсетеді:

 

1-сынып.

 

Оқулық

оқулықтағы барлық сөз қолданыс

оқулықтағы түбір сөз (лексикалық единица)

оқулықтағы сирек қолданылған сөздер

 %

Қазақ тілі

19633

2614

1598

61.16

Ана тілі

46725

8692

4871

56.05

Математика

25986

1384

802

58

Дүниетану

18415

2876

1748

60.8

Барлығы

110759

6566

1942

29.57

 

2-сынып

Оқулық

оқулықтағы барлық сөз қолданыс

оқулықтағы түбір сөз (лексикалық единица)

оқулықтағы сирек қолданылған сөздер

 %

Қазақ тілі

17738

1816

1128

62.14

Ана тілі

39107

4819

2803

58.17

математика

21682

1409

815

57.89

Дүниетану

16614

2886

1637

56.75

Барлығы

95141

4930

1481

30.04

 

3-сынып

 

Оқулық

оқулықтағы барлық сөз қолданыс

оқулықтағы түбір сөз (лексикалық единица)

оқулықтағы сирек қолданылған сөздер

 %

Қазақ тілі

19633

2614

1598

61.16

Ана тілі

46725

8692

4871

56.05

Математика

25986

1384

802

58

Дүниетану

18415

2876

1748

60.8

Барлығы

110759

6566

1942

29.57

 

 

 

 

 

4-сынып

 

Оқулық

оқулықтағы барлық сөз қолданыс

оқулықтағы түбір сөз (лексикалық единица)

оқулықтағы сирек қолданылған сөздер

 %

Қазақ тілі

23612

3227

1797

55.7

Ана тілі

54283

9716

4721

48.6

Математика

22818

1762

806

45.8

Дүниетану

20916

3216

2087

64.9

Барлығы

121629

7862

2670

33.96

 

Байқағанымыздай,    бірінші   сыныпта -   1259   сөз,   екінші сыныпта-1481, үшінші сыныпта- 1942, төртінші сыныпта- 2670 сөз сирек қолданылады екен [4]. Бастауыш сынып оқулықтарын зерделей отырып, сирек қолданылған сөздер қатарының басым бөлігі термин сөздер екенін байқауға болады. Сондықтан терминдерді бастауыш сыныпта оқыту мәселесі ерекше назарға алынуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.                 Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-    

          Словарь", 2005.

2.                 Онлайн түсіндірме сөздігі: mtdi.kz/tusindirme-sozdik

3.                 С.Қ. Серғазина.  «Мамандыққа байланысты терминдерді  меңгертудің 

          тиімді жолдары». Халықаралық конференция материалдары: «Наука и        

          образование». Польша, 2012.

4.                 Г. Усербаева. Бастауыш сыныпта есім сөздерді оқыту: дипломдық жұмыс.