Тұрақты сөз
тіркестерінің қолданысы
Кульбаева
М.М., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің
аға оқытушысы , филология
магистрі
Ветеринарлық
және мал шаруашылық факультетінің студенті Айдарханова Г.
Тұрақты сөз
тіркестері – сөздердің орны әбден қалыптасқан
және құрамындағы сөздерден мүлдем
басқа мағына беретін тіркестер. Тұрақты
тіркестердің құрамындағы сөздердің орнын
өзгертуге, басқа сөзбен ауыстыруға келмейді.Тұрақты сөз
тіркестерін көркем шығарманың қай жанрында болсын,
мейлі прозалық, мейлі поэзиялық жанрда қолдануда
автордың әдіс-тәсілдері сан түрлі.
II. Бұрыннан белгілі,
қалыптасқан тұрақты сөз тіркестерін автор жалпы
мағынасын, образдылығын сақтай отырып, стильдік
мақсатпен өзінше өндеп, эмоциялық-экспрессивті
қуатын әсерлі ету үшін кейбір компоненттерін мәндес,
мағыналас синоним сөздермен алмастырып немесе семантикалық
трансформация негізінде фразеологизмнің басқа варианттарын жасайды.
Бұл ретте айта кететін бір жат, стильдік
мақсат пен өзгертіліп қолданылатын фразеологизмдердің
жасалу тәсілдері жазушының шеберлігіне байланысты және ол
шеберлік барлық жазушыда бірдей емес. Сондықтан «бас түрлі
болса, ой «р түрлі» дегендей, жиналған мысалдарды сүрыптап жіктеуде
ортақ, ұқсас жақтарына көбірек көңіл
бөлдік. Барлық ерекшеліктерді санамалап жіктеу жұмыстың
аясына сыймайтынын ескердік.
Төменде талдайтын мысалдар арқылы осы
екінші ерекшелікттің айналасынан туындайтын түрлі
әдіс-тәсілдерді сөз етпекшіміз.
Фразеологизмнің жалпы мағынасын
толық сақтап, құрамындағы компоненттердің
бірін басқа мәндес бір семантикалық өрістегі
сөздермен ауыстыру арқылы жаңа нұсқа пайда
болады.
Мысалдар: Қабақ
қаққандай бір оқыс әрекет ішінде сол
уақиғаны өзіде көргендей болды (М. Ә.). Олай
болса кірпік қағымда өте шығатын қысқа өмірде жан сезімін, ар-қятты
адал сақтай білгенге не жетсін (С.Ә.).
Мұндағы асты сызылған «кірпік
қағымда,қас қаққанша»,лезде-көзді
ашып-жұмғанша . Бұл вариантты тіркестер – «қабақ,
кірпік» сөздері арқылы семантикалық трансформация негізінде
пайда болған жаңа варианттар.
Фразеологизмнің қалыптасқан
үлгісіндегі бір компоненттік әрекеттің,
түр-түсінің жақындығына, функционалдық
ұқсастығына байланысты басқа сөзбен ауыстыру арқылы
тіркестің эмоциалды әсерлігін арттыра аламыз.
Мысалы:Жылаған Байдалы,Байсалдарды
көргенде Абайдың сай сүйегі босап кетті.Аттан түсе бере
шын аяныш жасын төгіп еңіреп жіберді (М.Ә.)
Осындағы «сай сүйегі босап» - «сай
сүйегі сырқырау (шымырлау)» орнына, «жас төгіп еңіреу»
- «зар еңіреу» - тіркестерінің орнына қолданған соны
қолданыс бүкіл сөйлемнің өн бойына өзгеше
толғаныс дарытқан, сезім күйі үшін автор ұтымды
пайдаланған.
Кейде бір сөйлем ішінде
бірнеше тұрақты тіпкестер қатар келеді.Мысалы:Кешелі бері
мұнда ТМД мемлекеттерінің басшылары ат басын тіреп,
үзеңгі суытып үлгерді .
«Ат басын тіреу» - межелі жерге жету, тоқтау
.мағынасында.Ал «үзеңгі суытып үлгеруінің»
дұрысы – ат суыту – аттың терін басып, демін алдыру . Бірақ
автор бір сөйлем ішінде екі рет «ат» сөзін
қайталағаннан гөрі «аттың» орнына «үзеңгі»
сөзін әдейі пайдаланып отыр.
Тілімізде «жер бауырлап жату» - қатты
қайғыру, уайымдау, жылау деген мағынадағы тіркес . Мына
мысалды автор окказионалды өзгеріспен былай деп алған:
Түйелер қоршай түскен сайын дауысын үдетіп, жер
бауырлай жалынған .
Фразеологизмдерді мағына
жағынан және сырт құрылысын өзгертіп
қолдану – стильдік мақсаттан туған тәсіл. Бұл
тәсіл шығармада, контексте танылатын әр жазушының
халықтың тіл байлығын пайдаланудағы өзіндік
ерекшелігі саналады. «Жер бауырлай жалынудың» алдындағы «дауысты
үдетіптің» арғы жағында жылату тұр. Бірақ
ол көмескі тартып, кейіпкер әрекеті басқа ойда.Мысалы:
Төбесімен тік тұру (төбеге көтеру – бар бейілімен
жүгіріп жүріп, құрмет көрсету.
Жазушы сөйлемедегі ойдың
эмоциялық әсерін күшейту мақсатында
жоғарыдағы тіркесті әдейі өзгертіп, былай
құрған. Татар жазушылары бізге төбесімен жүріп
қызмет қылды (Т. Ахт.). Әріне, «төбесімен тік
тұрды», «төбесіне көтерді» десе де айтылар ой солғын
тартпас. Әңгіме автордың белгілі бір стильдік мақсатты
көздеуінде ғой.Кейде көпшілікке таныс тұрақты
сөз тіркестерінің үлгісінде жаға сөз орамдары
арқылы мағынасы мүлде басқа тіркестер дүниеге келеді.
Тұрақты сөз
тіркестерін қолдану барысында құрамындағы
компоненттердің сандық өзгерістерге ұшырауы не кемуі,
ұзаруы – заңды құбылыс. Бұл туралы өткен
тарауларда арнайы сөз болған. Фразеологизмнің мұндай
эллипсисті түрлері көркем шығармада өте жиі кездеседі.
Тіліміздегі сан алуан
фразеологиялық тіркестердің этимологиялық-лексикалық
варианттарына назар аудармасқа болмайды.Сөйлеу тілінде айтушы
(сөйлеуші) өз ойын сан түрлі сөздер сипатымен
әрлеп, құбылтып, бір ұғымды неше түрлі
нұсқаларымен (варианттарымен) жеткізеді. Бұл – оның ана
тіліндегі тұрақты сөздер тіркесін жетік меңгеруі,
білуі, әрі танымдық қасиетінің тереңдігіне орай,
метафоралы сөйлеуге затты, оқиғаны бір нәрсеге
ұқсатып қиыстырып айту шеберлігі.Мәселен, «түк
ақшам жоқ» деп айтқымыз келсе, әлгі
мағынаға өз көңіл-күйіміздің жайын
қоса үстеп, «басқа бояу» жаға сөйлегенді
ұнатамыз. Себебі айтайын деген ойымыз көріктене түседі, тіпті
дәлеліміз де жоқ сияқты...
Сонымен, «түк ақшам жоқ» деген
сөйлемді тұрақты тіркестер арқылы қалай
өңдеп жеткізуге болады?Бір (бес,жалғыз) тиын
жоқ;Соқыр тиын жоқ;Тесік тиын жоқ;Көк тиын
жоқ.
Мұндағы «бір
соқыр,тесік,көк» синонимдер емес, тіпті мәндес сөздер
де емес, олар тек тірек – «тиын» сөзімен ғана тіркесіп,
бірінің орнына бірі лексикалық варианттар ретінде қолданыла
береді. Ал осы сөздердің шығу төркініне зер
салсақ.Бір (бес,жалғыз) тиын жоқ – түк, ешбір
ақша қалмау.Соқыр тиын... теңгенің әдетте
екі жағына түрлі өрнек таңбалар салынады. Не
елтаңбаның суреті немесе кісі бейнесі, т.б. Келе-келе
қолдан-қолға өткен бедері жойылып кеткенде
«соқыр» тиын сөзі шығуы мүмкін.Тесік тиын... – 1.
Ертеде қытай саудагерлері сауда жасағанда теңге, тиындарды тесіп,
мойнына салып жүрген дегенді естігенбіз. 2. Бұрын, әсірес,
күміс теңгелерді бағалы әшекей ретінде тесіп, кішкене
балалардың бас киіміне қадаған.
Қыз-келіншектердің сырт киімдерінің екі өңіріне
қатарлап тігіп, әсемдеген (бұл әдет күні
бүгінге дейін бар.)
Жоғарыда тілге тиек
болған мәселелерден фразеологизмнің және оның
варианттарының көркем прозада қолданылу аясы кең де
өрісті екені байқалады. Тұрақты сөз тіркесі – қалам
қайраткерлерінің алтын қоры. Мәнерлі де бейнелі
фразеологизмдер сөзді жандандырып, тіл байлығын ұштайды,
ойымызға өткірлік сипат береді. Бұл жерде академик Ә.
Қайдаровтың «чем больше бывает фразеологических синонимов и
вариантов в обращении, тем больше они получают стилистическую шлифовку и
дифференциацию» дегенін есімізге
алсақ, онда көркем шығарма авторлары жалпы
халықтық тілдің тұрақты тіркес
құрамынан ең
қажетін талғай отырып, мүмкінділігіне орай, оларды
түрлендіріп пайдаланады. өзінің мазмұндап отырған
оқиғасына байланысты
фразеологизмнің стильдік бояуын ажарлай түсіп, атқаратын қызметін
күрделендіреді. Сөйтіп сапалық мазмұнын күшейту
арқылы тұрақты сөз тіркестерінің сан алуан
варианттарының қалыптасуына жағдай жасап, өміршең
болуына жол ашады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
С. Кенесбаев. К вопросу об экспрессивно-стилистических функциях
фразеологизмов (На материале казахского языка). –Тезисы докладов конференций
«развитие стилистических систем литературных языков народов СССР».
Ашхабат,1996,стр.28-29.
2.
ҚТФС – Қазақ тілінің фразеологиялық
сөздігі. 334 б.,58 б.,23 б., 198 б.
3.
Э. Севортян. ЭСТЯ – Этимологический словарь тюркских языков. Москва, 1977,
стр.378.
4.
Р. Шойбеков. Қазақ зертгерлік өнерінің
сөздігі.Алматы,1991.37 б.
5.
А. Кайдаров. Особенности стилистического употребления синонимных и
вариантных фразеологизмов в уйгурском литературном языке. – В кн. Исследование
по тюркологии. Алма-ата,1969.стр.156.