Қазақ лексикасына енген жаңа сөздер формалары

Кульбаева М.М., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік                университетінің аға оқытушысы , филология  магистрі

Ветеринарлы және мал шаруашылық факультетінің  студенті Майорова Л.

Қоғам дамуындағы болып жатқан оң өзгерістер мен мыңдаған жаңалықтар тілдің қарым-қатынас жасауда аса маңыздылығын, өміршеңдігін танытып отырғандығы аян. Қазақ  тілінің  негізгі  байлығы - оның  сөздік  қоры. Ол байлықтың  қалай  жиналғанын, алуан  түрлі  сөздердің  қыры  мен  сырын, олардың  қалай  қалыптасқанын, басқаша  айтқанда, бай  лексикалық  қордың  жасау  тетігін  жүйелі  түрде, арнайы  зерттеу -бүгінгі  күннің  талабы.Осы  жағдайлардың  бәрі  ескеріліп, қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесі  осы  жұмыста  жеке  зерттелді.Қазақ  тілінің  сөзжасамы  тіл  білімнің  дербес  саласы  ретінде  қаралғанда, ол  оның  басқа  салаларымен  байланысын  жоққа  шығару  деп  түсінбеу  керек. Біріншіден, тілде  бір - бірімен  байланыспайтын, байланысты  керек  етпейтін  ешбір  тілдік  құбылыс  жоқ. Екіншіден  әр  тілдің  сөзтудырым  жүйесі  соңғы  кезге  дейін морфологияның, кейде  лексикологияның  құрамында  қараулы  олардың  байланысына  негізделгенін  естен  шығаруға  болмайды.                              Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізеннен кейін тіліміздегі жаңа сөздерді жаңаша қолданысқа түсіре бастадық. Нарықтық экономика саясатына орай жаңа сөздер лексикалық қорымызды молайта түсуде. Бұрын лексикамыздың бір саласы болып есептелетін неологизмдер туралы қазақ тілі ғылымында аз зерттеу болған жоқ. Неологизмдер тілімізге орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздердің дәрежесімен өлшеніп келді. Ескі Одақ кезінде қаймағы бұзылмай, тілдік ережелерімізді елемей кірген шет сөздер қазір ретіне қарай аудармаларын таба бастады. Әрине, бәрін бірдей «қазақшалау науқанында» тіл заңдылығына бағына отырып, газетінде  мағыналық дәлдіктен алшақтай алмаймыз. Бүгінгі таңда неологизмдер мағынасы мен формасына қарай іштей бөлінеді.                                      Неологизм деп өндіріс пен ғылымның, мәдениет пен шаруашылықтың түрлерімен байланысты тілде жаңадан пайда болған және әзірше көпшілік арасында толық қалыптаспаған жаңа сөздерді айтады. Жаңа сөз үнемі жаңа болып тұрмайды, көпшілік қауым бүл сөздерді меңгерген кезде, олар жалпы халықтық сипатқа ие болады да, халық тәжірибесінде жүріп екшелегеннен кейін қолданыла келе неологизм болудан қалады.                                                                                                  Қазақ тілі лексикасындағы сөздер де неологизм түрінде болды. Мысалы: алтын шаю (золотопромывания), amna (извержение), желі (жила), теміртас (железняк), құмтөбе (дюра), алыс өлшем (дальномер), керегетас (горсть), сөппе (вкрапленность), шөктіру (усаждение), шөгінділер (осадки) т.б. Жаңа ұғымды білдіретіндіктен, бүл сөздер де неологизм болып табылады. Шөктіру деген сөздің мағынасын салыс-ырыңыз. Бүл сөз бұрын түйені еріксіз жатқызуды білдірді, ал қазір ол геология термині болып та есептеледі. Дәл осы секілді желі деп бұрын тек бие байлау уақытында құлындарды тізіп байлап қою үшін қазыққа керілген арқанды атаса, қазір тау жынысын білдіретін атау болып қалыптасып отыр. Бұл сөздер қазақ тілі сөздік құрамына, бір жағынан, неологизм болып, екінші жағынан, термин болып кірді.                                                                                                                    Белгілі тарихи кезеңде тілдің сөздік құрамына жаңадан еніп, сол тілде сөйлеуші қалың бұқараның көпшілігіне түсініксіз болып бірте-бірте қалыптасу барысында жүрген бірқатар сөздер тілдің өсу, даму сатыларында неологизм болудан қалып та қояды. Мысалы, қосшы одағы, қызыл керуен деген сөздер совет өкіметі орнаған алғашқы кезде тілде бұрын болмаған жаңа ұғым атауы ретінде неологизм сөздерінің қатарында қолданыла келе, кейін қатардағы сөзге айналып, қоғамдық өмірдің дамуымен байланысты ол атаулар ескіріп: қолданудан шығып, ескірген (архаизм) сөздерге айналды.                 Неологизм – жаңа сөз. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер – жаңа сөз ағынының негізі. Жаңа ұғым, зат пайда болған соң жаңа атау қажеттілігі туады. Жаңа сөздің (жаңа атаудың) мазмұны да, формасы да жаңа болуға тиіс. Мысалы: коммерсант, бизнес, бартер, валюта, менеджер, компьютер, т. б. Бұлардың бәрі – нарықтық экономикаға байланысты жаңа мазмұнда, жаңа формада тілімізге енген сөздер. Ал, жаңа қолданыстар – жаңа сөздер емес. Жаңа қолданыстардың өзіне тән екі түрлі сипаты бар. Біріншісі, жаңа сөз қолданыстар ескі мағынада, жаңа формадағы сөздер. Мысалы: ғарышкер, ұшақ, мұражай, бағдарлама, ұжымшар, құжат, әуежай, құқық, т.б. жаңа қолданыстары ұзақ уақыт «неологизм» болып келген «космонавт, самолет, музей, программа, совхоз, документ, аэропорт, право» сөздерінің жаңа формада қолданысқа түсуі.                                                                     Екіншісі, жаңа сөз қолданыстар – жаңа мағына, ескі формадағы сөздер. Мысалы: нарық, бәсеке, әкім, іскер, т.б. сөздер бұрынғы мағыналарынан әлдеқайда кең көлемдегі жаңа мазмұнға ие болып, жаңа қолданысқа түсті. Сонымен, жаңа сөз бен жаңа сөз қолданыстардың айырмашылығын төмендегідей тұлғада көрсетуге болады.

         1) Жаңа сөз – жаңа мазмұн, жаңа форма.

         2) Жаңа сөз қолданыс.

         1) ескі мазмұн, жаңа форма.

         2) жаңа мазмұн, ескі форма.

         Осыған сәйкес жаңа сөз бен жаңа сөз қолданыысты жеке-жеке қарастырған орынды.Жаңа сөз бен жаңа сөз қолданыстарды жасау процесінде қосымшалардың атқаратын қызметі зор. Жаңа сөздер мен жаңа сөз қолданыстар көбінесе зат есім тұрғысында келеді. Сол арқылы басқа сөз таптарына қосымшалар арқылы түрленеді. Тілімізде айтарлықтай өнімді емес жұрнақтар сөз қолданысында өнімділік және реңктік мәнге ие болады.

Байырғы лексикалық қорымызды кездесетін «саудагер, айлакер, даугер, құныкер, айыпкер,сайыпкер, мұрагер» сөздерінің құрамындағы –гер, -кер, қосымшалары реңктік жағынан жағымды және жағымсыз, қызметі жағынан өнімсіз болып есептеледі. Адамға қатысты ұғымдық атауларды білдіретін –гер,-кер жұрнақтары жаңа сөз бен жаңа сөз қолданыстар жасауда өнімді қызметке көшті. Бұрын жағымды, жағымсыз реңк тудыру қызметіне ортақ болса, қазір тек қана жағымды мен тудыратын қасиетке ие екенін көреміз.

         Жаңа сөздер: қаламгер, майдангер, ардагер.Жаңа сөз қолданыстары: заңгер (юрист ), ғарышкер (космонавт), иегер (ковалер ордена).Сонымен –гер, -кер қосымшалары жаңа сөз бен жаңа сөз қолданыстар жасау процесінде төмендегідей сипаттама алатынын байқаймыз:

         а) тек қана жағымды реңк беру;

         ә) сөз жасау қызметіне қарай өнімді жұрнақ.

         Қосымшалар зат есім тұлғасындағы жаңа сөз бен жаңа қолданыстар басқа сөз таптарын тудырған кезде жаңа сөз тіркестерінің жасалуына ұйытқы болады. Тіліміздегі есім сөздерден зат есім де, сын есім де тудыратын –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары жаңа сөз бен жаңа сөз қолданыстарға жалғанғанда екінші қызметке лайықтау екенін танытып жүр.

         Жаңа сөздер «экономика мен экология», жаңа сөз қолданыстар «нарық пен құқық» сөздерінің осы қосымшалармен түрленіп, жаңа сөз тіркестерін жасау келбетіне назар аударайық.Экономикалық сауығу, экономикалық былық, экономикалық тиімділік, экономикалық еркіндік, экономикалық кеңістік, нарықтық экономика, нарықтық психология, нарықтық сана, нарықтық қатынас, экологиялық сауатсыздық, экологиялық сауықтыру, экологиялық апат, экологиялық ауыртпалық, экологиялық қасірет, құқықтық идея, т.б.

         Жаңа сөз тіркестері жасалады деуіміздің өзі – аталмыш қосымшалардың сөз тіркесі құрамында ғана белгілі реңке ие болатындығы.

Берілген қосымшалардың қатарына жаңа сөз бен жаңа сөз қолданыстар жасау процесіне өнімді түрде қатысатын –ман, -мен жұрнақтары да жатады. Бұл қосымшалар қызметі жағынан реңктік және адамға қатысты мәндерге ие. Байырғы сөздерімізге (шабарман, аларман, өлермен) етістіктен зат есім тудыратын қасиетімен танылса, қазіргі ұсынылып жүрген баламаларда зат есімдерге де жалғанғаны кездеседі (базарман, таразбан). Жаңа сөз бен жаңа сөз қолданыстардың тілімізге енгендерінде бұрынғы қызметін сақтаған (көрермен, оқырман, тындарман, т.б.). Жоғарыда аталған –гер, -кер жұрнақтары секілді –мен, қосымшалары да жаңа сөз қолданыстар жасау кезінде тек қана жағымды реңкті беретінін аңғарымыз. Қандай тілде болмасын жаңа сөздермен жаңа сөз қолданыстардың грамматикалық өзгеріске түсуі сол тілдердің ішкі заңдылықтарына бағынатыны белгілі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Балақаев М.Б., Есенов Қ.М., Жанпейісов Е.Н., Оралбаева Н.О. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, «Ғылым».2009ж.

2.     Исаев С. «Қазақ тілі» Алматы, «Қайнар» 1998ж, 32 б.

3.     Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.Алматы, «Анатілі», 1992ж, 181 б.

4.     Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттелулер. Алматы, «Ғылым».