Нурсеитова
А.А.
А.
Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университетінің аға
оқытушысы,
гуманитарлық ғылымдар магистрі.
«Қазақ тіліндегі жылқыға
қатысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты»
(А.Байтұрсынов шығармалары негізінде)
Фразеологизмдер – тілдің
мағыналық жағының көп ғасырлық
дамуының нәтижесі. Олар бізді қоршаған орта туралы күрделі ұғымдар мен
түсініктерді қысқа әрі ықшамды, бейнелі
және эмоционалды түрде беруге өте қабілетті. Мал
шаруашылығына қатысты фразеологизмдер туралы сөз болғанда,
жануарлар әлемі жөніндегі түсініктерді адамзат
қоғамына ауыстырудың өзіндік тәсілі
алдыңғы қатарға шығады. Фразеологизмдердің
көпшілігі адамға сәйкес ерекшеліктері бар жақсы
үйретілген үй жануарларының сыртқы кескінін,
мінез-құлқын, қылықтарын сырт көзбен
қарап, бейнелі түрде салыстыру негізінде жасалған. Бір
жағынан, жануарлар әлеміне, екінші жағынан, адамдардың
қоғамдағы өзара қарым-қатынасына және
олардың әр түрлі тіршілік жағдайларындағы
мінез-құлықтарына
бақылау жасау негізінде алынған бұл ассоциативтік
параллельдерден фразеологизмдер қалыптастырудың бейнелі-аялық
негізі және олардың мағынасын өзгерту және
ауыстыру уәждері ретінде қызмет атқаратын біраз ортақтықты және
ұқсастықты таба
алады. Мәселен, қазақ тілінде ғана кездесетін «адам жылқы
мінезді» тіркесі адамды жағымды жағынан сипаттайды.
Мұнда көнбістігімен,
өзінің күшін тез қалпына келтіріп алуға деген
қабілеттілігімен ерекшеленетін адам сөз болып тұр.
Жылқыға тән бұл қасиетті көшпелілер
жақсы зерделеп, ұғына отырып, оны ең абзал қасиет
ретінде адамның бойына ауыстырады [1].
Қазақ тіліндегі біз
қарастырып отырған жылқы малына қатысты фразеологизмдер
халықтың тарихи-этнографиялық процестері,
рухани-мәдениеті, әдет-ғұрыптары,
салт-дәстүрлері, дүниені қабылдауы, мифологиясы
жөніндегі нақты ұғым-түсініктерді береді. [2]Оларда
тіл мен этностың, тіл мен рухани мәдениеттің өзара
тығыз байланысы жарқын көрініс тапқан. «Көк атты, көн терілі,
көніп қалған.Сықса да шыдай беру – жұрт жарылмай»
[3. 25]
Тіл дамуының алуан
түрлі кезеңдерінде қалыптасқан фразеологизмдердің
осы зерттеліп отырған тобының сақталып қалуы
олардың дамуының белгілі бір қарқынын, олардың
пайда болуының тарихи сабақтастығын айқындауға
мүмкіндік береді.
Қазақ
ұлтының
мәдени
өмірінің көрінісі
- фразеологизмдер. Сонымен бірге, фразеологизмдер - халық өмірінің айнасы. Қазақ фуанасының негізі –
төрт түлік.Бұған халықтың ертеден бері келе
жатқан ата кәсібі-мал шаруашылығы әсер етсе керек.
Осыған байланысты халық танымында оларға қатысты
символдық мән қалыптасқан. Мысалы, қазаққа
ен даласын танытқан, оның шегі мен шексіздігін сездірген киелі
жануар жылқы – күннің,
қозғалыстың,тұрақтылықтың символы,
айрықша күш-қуаттың, күн нұрынан
дарыған ғажайып
қасиеттің иесі.
Әдетте фразеологиялық мағынаның
пайда болуына дәстүрлі тіршілік пен мәдени
өмірдің әсері мол. Образға негізделген көрініс
тіл арқылы жарыққа шыққанда ондағы
ұлттық қабылдау, ұлттық дүниетаным, ойлау ерекшеліктері
бірден аңғарылады.Фразеологиялық мағынаға тірек,
негіз болатын нәрсе – адамдарың күнделікті күйбең
тіршіліктеріндегі көріп жүрген түрлі заттар,
құбылыстар,көріністер ықпалы.Қазақ
тілінде «пысық, өте икемді,
жеңіл» деген мағынаны беретін «ат
құлағында ойнау» фразеологизмінде қазақтар
өмірінің
көрінісінің бір ізі жатыр, яғи ежелден мал
шаруашылығымен айналысқан халықтың бүкіл тіршілік
көзі малмен байланысты. Сондықтан халқымыз олардың тіршілік табғатын, қадір-қасиетін, терең
сырын түсініп бақты. Қазақтарда атқа міну
үлкен өнер саналған.Оның айғағы ретінде
«... бала күнінен ат құлағында ойнау
қазақтың тұңғыш гимнастикалық жаттығуындай. Былайша айтқанда,
олар ат үстінде туып, ең асау адуынды аттың өзін батыл
да шебер ауыздықтайды». [2.19б], -делінген. Аттың
амал-тәсілін біліп, бірге өскен шабандоздың
мұндай әрекет түрі тіркестің қалыптасуына
уәж болған.Бұл фразеологизм ауызекі тілде етістік
компонентініңтүрленуіне қарай ат құлағында
ойнау, ат құлағында ойнаған жігіт, ат
құлағында ойнап өскен,ат құлағында
ойнауды үйренген ... т.б. қолданыла береді.
Көркем
шығарма кеңістігіндегі байлық - кедейлік концептілері
шеңберінде қолданылатын фразеологиялық тіркестерде тілдік нормаларға сәйкес
келгендіктен ұлттық қауымдастық өкілдерінің
әрбіріне таныс та түсінікті болып қана қоймай, оны
жасаушы автордың, яғни тілдік жеке тұлғаның
танымы мен санасынан да мағлұмат береді. Мысалы; «Енді оның бар
байлығы көз алдында, аузымен оттап, аяғымен жүріп, үлкен
ақ ауылды қоршай жатыр» (Ғ. Мүсірепов), қалтасы
толған am, байлығы көбең семірген жылқыдай гана, т.б.
бірліктерден байлық концептісінің ұлт
дүниетанымында ең алдымен төрт түлікпен, оның
ішінде жылқы малымен байланыстырылатынын
байқаймыз. Бұл метафоралардың қолданысында абстракт ұғым,
яғни, байлықтың мөлшері жанды нәрсемен,
нақтырақ айтсақ, жылқымен салыстырылып
тұр. Ал аталған концепті білдіретін лексикалык бірліктердің
қазіргі дүние бейнесіндегі орнының өзгергендігін еске
түсіру дүние бейнесінің бір орында қатып
қалған нәрсе емес керісінше, үнемі өзгеру, даму үстінде
болатын құбылыс екендігін дәлелдейді. Себебі, қазір байлықтың
өлшемі жылқы емес екендігі мәлім. Айтылған
ойды келесі мәтіндер одан әрі нақтылай түседі; «... Ауымыз
атқа тимей-ак өтетін шығармыз бұл дүниеден»;
бұл үйге жылқы басы құралуды қойған тәрізді
мысалдардан бір кездері кедейліктен арылып, байлыққа қол
жеткізудің жалғыз өлшемі жылқы малын иемдену фразеологиялық
тіркесінде ұлттық психология
жатыр. «Бұл күнде арғымақтан
мәстек озды,Бұрыңғы жақсылардын бәрі тозды» (С.Мұқанов) тәрізді
мәтіндегі метафоралық
қолданыстардың да қазақтардың тұрмыc-caлтандa
жылқының алған орнының ерешгелігін тағы бір аңғартады. Осы сияқты жылқының бойында
кездесетін түрлі қасиеттері (жақсы, жаман) тілімізде
оның мінезіне қатысты фразеологизмдердің туындауына себеп
болған. Мысалы: үйірсек аттай фразеологизмі бір жерді
айналшықтап шықпай жүріп алатын жылқының
мінезінен алынған. Жылқыларда кеңістіктік консерватизм
жақсы дамыған. Ересек жануарлар жаңа жайылымға
ұзақ (2-3 жыл) үйрене алмай, ескі жайылымына қаша
береді. Халық белгілі бір жерге жиі бара беретін адамның
іс-әрекетін бейнелі түрде көрсете отырып, ассоциативті
түрде өз үйіріне немесе белгілі бір жерге үйренген
жылқыға теңейді. Ассоциативті теңестіру екі нысан
іс-әрекетінің ұқсастығы негізінде іске асады. Ал,
«Тақылдап,құр пысықсып сөлейтін көп,
Екпіндеп ұшқыр атша қарқындаған» [3.24]фразеологизмі мінезі
тұрақсыз, құбылмалы адамды сипаттайды. Мұндай
сипаттама осы ат тұқымына бақылау жасау негізінде пайда
болып, ассоциативті түрде жылқының
мінез-құлқындағы белгілер тұрақсыз, сенімсіз,
жауапсыз адамның мінезіне ауыстырылған.
ФТ
этнолингвистикалық сипатын анықтау деп көне дәуірден
келе жатқан тұла бойы тарихқа толы ФТ мағына
қалыптасуының уәждерін, шығу тарихын, дерек
көздерін, қазіргі тілдегі қолданылуын, яғни ауыспалы
мағыналарының қалыптасуын зерттеуді айтамыз. Көктеп мінген еріңнің,
Астында көп жүгірер күлік бар, – деген (Шалкиіз
жырау) жолдардағы күлік сөзі жылқы
мағынасын беріп тұрғанын аңғару қиын емес. Күлік
сөзінің бұдан басқа «ат сыны, атты санатқа
қосу, сынату» мағынасы да бар. Қазақтар тері
алынған, бапталған суытылған жүйріктерін бәйгеге
қосар алдында төреші сайыпкерлердің, атсейістердің
алдынан шұбатып өткізетін, не күлікке
тұрғызып сынататын болған. Әрине, бәйге аты –
сәйгүліктер екіден, төрттен емес, біртіндеп сыналған.
Өйткені төрешілердің міндеті – бәйгеге қосылатын
жүйріктің мүшесін, үстіне мінер шабандозын,
тұрманын тегіс көріп бағасын беру. Одан ұлы
бәйгеге болсын, ұлан бәйгеге болсын жарамайтын, тек ат
қарасын көбейтетін кейбір қужауырын, суыту кезде
саңсырап қалған жылқыларды алып қалу
құқы берілген. «Үміт қып бәйге атындай
талай қосып, Байқадық шабыс түгіл, желісіңді»
[3.36] «Ат тұрмас аяғында
желі болса, Дүрілдеп шапса біреу қиқу салып» [3.47]деген
мәтел осыдан шыққан. Зерттеуші-этнограф
Х.Арғынбаев қазақы ерді дайындаудың сыр-сипатына арнайы
көңіл бөлген. Қазақ ері қайыңнан
шабылып, екі қас, екі қаптал және орта
ағаш деп аталатын бөлшектерден аңғарамыз. Олар
тілдің даму барысын, сөз
мағынасының жылжу процесін байқата келе,
халқымыздың өткен тарихынан, мәдениетінен, салт-дәстүрінен көптеген мағлұмат бере алатын
мәдени тілдік бірліктер ретінде ерекшеленеді.
Қолданылған әдебиет 1
Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті
мәселелері. –Алматы: «Ана тілі», 1998. -304 б.
2. Сыздық Р. Сөздер сөйлейді. - Алматы:
Арыс, 2004.
3.Байтұрсынов А. Б.20 Шығармалары:
Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.