Маңғазқызы Жанна
Қазақстан
Инновациялық Университетінің 1 курс магистранты
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ
ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУГЕ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАТЫСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мемлекеттің билігі елдегі әртүрлі өндірушілер мен
тұрғындар топтарының мүдделерін келістіріп, солардың
ішінде жастардың, олардың еңбек пен іскерлік
әрекеттерінің белсенділігін белгіленген біржақты
мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалануы қажет.
Экономикалық мемлекеттік реттелуі кейде иерархиялық жүйе
ретінде құрылады. Ең жоғарғы мемлекеттік
деңгейде Заң шығарушы және оны атқарушы
билік тармақтары ажыратылып, олардың қызмет атқару
шектері айқындалған. Парламентке экономикалық саясаттың
негізгі бағыттары талқыланады және қабылданып бекітіледі
немесе қайта қайтарылады. Қабылданған эконономикалық
саясатгың өмірге енгізіліп, оның іске асырылуьн
атқарушы билік тармағы - үкімет жауап береді. Үкімет
өз кезегінде саясат мақсаттары мен тапсырмаларын іске асыру
құқықтарын мемлекеттің әр түрлі
мекемелеріне (институттарына) бөліп береді [1].
Бүгінде Қазақстан Республикасы 100
астам елдермен сауда - экономикалық қатынастарын жүзеге
асырады, оның негізгі экономикалық серіктестеріне ТМД елдері,
Европа, Латын Америкасы, АҚШ, Канада, Қытай және тағы
басқа Азия елдері жатады. Осы сауда - экономикалық қатынастарда
еліміздің импорттап, экспорттап жаткан тауарлардың
құрылымына көңіл аударсақ онда импорттық
тауарлардың басым бөлігі дайын өнім,
құрал-жабдықтар, халық тұтынатын тауарлар,
электроника және тұрмыстық техникаларды құраса,
экспорттық тауарларымыздың көбі шикізаттардан
құралған. Мемлекеттің экспорттық импорттық
тауарларына қарай отырып, сол елдің экономикалық
деңгейі қаншалықты дамығанын және
қаншалықты дұрыс саясатты ұстап отырғанын
байқауға болады.
Болашақтағы Қазақстан
Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары
мына бағдарлама құжатында анықталады:
«Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму
стратегиясы» бағдарламасында (1992 жыл) Назарбаев Н.Ә. экономика
саласындағы, яғни қоғамдық өмірдін шешуші
саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық
жүйеге өтуді жалғастыру болатынын
атап керсетті:
- I кезең 1992-1995 жылдарды макроэкономикалық тұрақтандырудың екі
негізгі процестерін қамтиды: меншіктің едәуір бөлігін
жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру;
- II кезең (1996-2005
жылдар) экономиканың шикізат базасын өзгертуге қадам басу
үшін, телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту,
сонымен бірге дамыған тауар және валюта нарықтары, капитал,
жұмыс күші, бағалы кағаздар мен интеллектуалды меншік
нарықтарын қалыптастыру үшін қажет;
-
III кезең (2006-2012 жылдар) экономиканың ашық типін жедел
қарқынмен дамыту, осының негізінде өтпелі кезеңде
стратегиялық мақсаттарға жету және
Қазақстанның әлемдік индустриалды елдер қатарына
кіруі мен әлемдік саудада позициясының нығайуымен
сипатталады.
1997 жылдың караша айындағы
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында өтпелі
кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың
қортындысы шығарылды, тежеуші факторлары айқындалып, 2030
жылға дейін жүзеге асыруға көзделген жеті ұзақ
мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді (22
тарауды караңыз).
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру мына үш
кезеңде болуы қажет:
- 1998 - 2000 жылдар;
- 2001 - 2010 жылдар;
- 2011 - 2030
жылдар.
Ұзақ мерзімді басымдылықта Қазақстан
Республикасы ІІрезиденті:
«Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік-нарықтық
экономика құрудамыз» деп тағы да атап көрсетті.
Сыртқы сауда саясаты мәселесіне келетін
болсақ онда, сыртқы саудада дұрыс саясатты
ұстанған жөн, әйтпесе мемлекеттің экономикасы
өте баяу дамып, экономикалық дағдарыс пен құлдырау
мүмкін. Сол үшін әр мемлекет өзінің
экономикалық дәрежесіне байланысты әр түрлі саясат
колданады.
Бұл өте күрделі
сұрақтардың бірі, мәселен егер мемлекетіміз еркін сауда
саясатын ұстанса онда: мемлекетіміздің барлық нарығы
ашылып, отандық тауарлардың орнын импорт тауарлары басады
және көптеген отандық өндіріс орындары жабылуы
мүмкін, себебі олар шетел тауарларымен бәсекеге түсе алмайды,
еркін сауда кезінде импорттық тауарларға сұраныс
көбейіп, отандық тауарларға сұраныс азая бастап,
отандық тауарлар қысқарып, мыңдаған адамдар
жұмыссыз қалып, экономикаға қауіп төнуі
мүмкін.
Сол үшін мемлекет протекционистік саясатты
ұсынады: отандық өндірушілерді қорғау үшін,
жоғарғы кедендік тарифтерді импорт тауарларына көтеріп, содан
кейін оны қандай дәрежеге түсіруін немесе көтеруін
ұсынады. Ол рыноктағы еркін іс-әрекеттерге жол бермейді.
Бірақ бұл саясатты ұзақ мерзім бойы пайдалану
экономиканың тоқырауына әкеледі, өйткені шетелдік
тауарлармен бәсеке болмаса, жергілікті кәсіпкерлердің
техникалык деңгейі, өндірісті жоғарлату ынтасы
төмендейді.
Мемлекет өз экономикасына қолайлы жағдай туғызу
үшін осы екі саясатты алмастырып ұстанған жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития
Казахстана как суверенного государства. - Алма-Ата, 1992.
2. Сыртқы экономикалық қызметті
мемлекеттік басқару : оқу құралы / Камали Қ. М. -
Алматы : Экономика, 2005.
3. Щебарова Н. Государственное регулирование: соотношение свободы торговли и протекционизма // Мировая экономика и международные отношения. - 2003. - №3.