Право/1.История
государства и права
Адильбекова Қ.Қ.
"Жалпықұқықтық және арнайы
пәндер" кафедрасының аға оқытушысы
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ - АЛТЫН АРҚАУ
Елбасымыз Назарбаев
Н.Ә. сөзімен айтқанда: «Ата-бабаларымыздың сан
мың жылдан бергі асыл арманы –
әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,
әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет
атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу
ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын
бақытты Ел болу еді. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз
Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Тәуелсіздікке
қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру
әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде
ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи
шындық. Өзара
алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай
елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне
төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер
қаншама» [1]. Бұдан байқап
отырғанымыз, кез келген мемлекеттің экономикалық,
әлеуметтік және рухани гүлденуі мен
қауіпсіздігінің түпкі бастауында ұлттық негіз
және ұлттық болмыстың жатқандығы
баршамызға таныс құбылыс екендігі дау туғызбаса керек. Ұлттың
сапалық
құрамын
арттыру
тек
қан
тазалығын
жақсартумен
ғана
шектелмейді, рух
тазалығын
тәрбиелеу
арқылы
да
биік
мұратқа
жетуге
болады. Осы тұста ұлттық
тәрбие
нәр
алатын бастаулардың бірі - төзімділік
туралы айтқанда қазақ
халқының
тарихи
тағдыры
қалыптастырған, тарихтың
сүзгісінен
сараланып
өткен
рухани
құндылықтарының бірі ретінде сипат берілуі керек болар. Тәуелсіздікке
қол жеткізгеніне аз уақыт өткен Қазақстан
Республикасы жас
мемлекет
болғанына
қарамастан, қоғамдағы
сонау
дала
демократиясынан
бастау алатын елімізде
өзара
төзімділік
және
сыйластық
қағидаларының әу
бастан
көрініс
табуына
негіз
қаланғаны
белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың пікірінше, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі еуропалық өркениеттің маңызды нәтижесі саналатын толеранттық пен төзімділік күн өткен сайын белсенді пікірталастың өзегіне айналып бара жатқандығы айқын құбылыс екендігін білеміз [2].
Қазірігі
саяси өмірімізге латын тілінен француз
тіліне, кейін еуропа тілдеріне енген шыдамдылық, яғни
басқалардың пікіріне, мінезіне және т.б. шыдамдылық
таныту дегенді білдіретін толеранттық ұғымы - адамның,
қауымдастықтың, мемлекеттің, басқалардың
өзінікіне ұқсас емес пікірлерін тыңдап, сыйлай білуін,
оларға өшпенділікпен қарамауын қамтитын
ұғым [3].
Осы тұрғыдан алғанда,
толерантты деп - әр түрлі мәдениетке, ұлттар мен
нәсілдерге түсіністікпен қарайтын, басқаларының
құқықтары мен бостандықтарын сыйлайтын,
ешқандай күш қолдану мен қысымсыз-ақ
басқаларымен келісіп тіл табысуға тырысатын адамды білеміз. Толеранттық қасиеті тек жеке адамдарда ғана емес,
ол кез келген әлеуметтік құрылымдарда – әлеуметтік топтарда, қоғамдық институттарда немесе тұтастай қоғамда да болады [4].
Сондай
қауымдастықтардың ішінде жастар қоғамы
қазіргі кезде тәрбиелік мән беретін көптеген
мәселелерді қайта қарауды және оларды жалпы
Отанның өткендегі ерлік істерін терең сезіммен
ұғынуға баулитындай тәрбиенің ерекше тиімді
үлгілері мен әдістерін қарастыруды талап ететіндігін
өмір көрсетіп отыр. Осы тектес
қасиеттер бүгінгі жас мемлекетіміздің жаңа бағыт
алып даму жолында ата-бабаларымыздан мұраға қалған байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық, білім
ғана
емес, шыдамдылық көрсету қажет
болып
отырған
уақытта
аса
маңызды.
Қазақ – төзімділікке
қоса, құдыреттілігі, имандылығы, адамгершілігі
көзінен, жүрегінен көрініп тұрған,
патриоттығы ішінде ұйып жатқан кең халық екендігі
ғасырлармен мойындалған. Сондықтан,
еліміздің бүкіл
білім
беру
жүйесі
арқылы
осы тектес қасиеттерді сыртқа шығару, жоғарғы
дәрежеге
көтеру
қажет, ол
үшін
сапалы
рухани тәрбие керек. Бұл
сырттан
ғана
келетін
әсер
емес, ол
іштен
шығатын, дамитын, қалыптасатын
ерекше
қасиет. Ол
қазақ
менталитетінің
ғасырлар
бойы
қалыптасып
келе
жатқан
халыққа
тән
санамен
келген
ойлау
нәтижесі
болмақ. Әрбір
халықтың
тарихи
өмірінде
қол
жеткізген
ең
құнды
дүниелері
- рухани және адами қасиеттер
бар. Сондықтан
да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие
- ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі
болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін
замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар
және биік ізеттілік пен құлықтылық
тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін
нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың
даналық өмір-салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен
қағидалар құрайды. Ұлттық тәрбие -
адам өмірінің алтын арқауы бола отырып жалпы адамзаттық
рухани құндылықтарды жоққа шығармай,
қайта солармен үндесіп жатқан жағдайда ғана олар
бір-бірін байытып, құнарландырып отырады [5].
Қазіргі заман
талап етіп отырған ұлттық тәрбиеден тереңдеп
нәр алған жас – рухани бай
адам жалпы адамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани
құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп,
толық әрі кәміл адам дәрежесіне тезірек жетеді. Осындай жас
ұрпақты тәрбиелеу жұмысы қазіргі білім
жүйесінің қажетті компоненті болып табылады.
Тәрбиенің күрделі үрдісінің маңызды бір
қыры жастардың толеранттылыққа негізделген рухани
тұлғасын тәрбиелеу болуы тиіс. Қазіргі заманда
жастардың бойындағы толеранттық және рухани
қасиеттердің негізгі өзекке айналуы экономиканы қайта
құруда, қоғамды рухани жаңартып
демократияландыруда, плюрализм пікірін бекітуде және әлеуметтік
орта мен идеологиядағы жікшілдік пен бұрмалаушылықты
жоюдағы күреске бар күшті ынталандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беру жаңа
бағдарламасында қоғамның, бүгінгі күнгі
талабы алдағы уақытта да әрбір адамды Отанын сүюге,
туған жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық
салт-дәстүрлерінің құндылығын
мақтаныш тұтуға, әлемде халықтар арасындағы
бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде
талмай еңбек етуді қажет санайды.
Жастардың бойында осындай қасиеттерді қалыптастыру
тек қоғам мен мемлекеттің сұраныстарына ғана
емес, әрбір жастың дара тұлғалық дамуына
бағытталған қоғам талабының қазіргі
бағыттарына да сәйкес келуі қажет. Өйткені,
Отанға деген сүйіспеншілік адамның өзін
тұлға ретінде сезінуіне, өз елін мақтан тұтуына,
өзін онымен байланысты сезінуіне мүмкіндік береді, ал бұл
болса, оның өмірде өзіне сенімді болуына, рухани және
адамгершілік құндылықтарының артуына септігін тигізеді.
Осындай қасиеттер Қазақстан азаматының өзін осы
елдің төл баласы нағыз азаматы ретінде сезінгенде,
Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген
жағдайда ғана қалыптасады. Осы аталған
қасиеттерді еліміздің әрбір азаматтарының санасына
сіңіру кезек күттірмейтін мәселе. Жастардың бойында рухани сананы қалыптастыру бағытында атқарылатын жұмыс аға буындарының ең
өзектісі, ең маңыздысы болып белгіленуі қажет деген
ойға толықтай қосыламыз.
Осы тұста
Елбасымыз Назарбаев Н.Ә. өз Жолдауында баса айтқан пікірлері
біз үшін өте құнды: «Біз үшін
болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып,
ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол –
Мәңгілік Ел идеясы. Біз өзгенің қателігінен,
өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол
сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел
болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді
үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да
болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің
қарашығындай сақтай білуіміз керек».
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдаған Жолдауы. 17 қаңтар 2014 жыл.
2. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Астана қаласы, 2012 жылғы 14 қаңтар.
3. Саяси түсіндірме
сөздік. – Алматы, 2007.
4. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме
сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007.
5. А.Айталы. Толеранттылық – өзара сыйластық. Астана, 2008.