Юриспруденци/ 6. Борьба с экономическими преступлениями.

 

Сембекова Б.Р., ҚІЖжК  кафедрасының доценті.

Сарсенбеков Н.Ж., Ю-62 тобының магистранты.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Қазақстан

 

Ұлтаралық ұйымдасқан қылмыскерлік

 

Қылмыскерлік бұл жағымсыз әсері бар әлеуметтік құбылыс, ол мемлекет пен заң бар жерде, қоғамның объективті, яғни нақты бір жағдайына сәйкес дамиды. Соңғы жылдарда жүргізілген есептеулер бойынша қылмыскерліктің саны жағынан өсуі ғана емес, оның сапалық сипатының өскені де анықталды. Соның ішінде жанданып келе жатқан ұйымдасқан және ұлтаралық қылмыстар. Қылмыстың бұл түрлері бұрыннан бері белгілі болғанымен мұндай кең өріс алмаған болатын. 

Ұлтаралық ұйымдасқан қылмыскерлік іс жүзінде өз ішіне барлық кең көлемдегі халықаралық дәрежедегі қылмыс түрін кіргізеді, оған бір немесе бірнеше мемлекет қатысты болуы мүмкін. Қазіргі таңда ұлтаралық ұйымдасқан қылмыс түрін есірткінің заңсыз айналымы, шет ел азаматтарын заңсыз тасымалдау, адам сату, ақша жымқыру, заңсыз қару жарақ тасымалы және саудасы, контрафакттық тауарлар, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің, кейбір мәдени байлықтардың  заңсыз саудасы, сонымен қатар киберқылмыскерліктің кейбір түрлері сияқты қылмыстармен сипаттай аламыз. Ұлтаралық ұйымдасқан қылмыс бүкіл әлем және адамзат өміріне қауіп төндіруде, сонымен қатар адамдардың құқығы мен бостандығына, дүние жүзіндегі барлық экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси қауымдастықтардың дамуына зиян келтіруде. Осы қылмыс түрімен байланысты үлкен қаражат айналымы заңды экономиканы жойып жіберуге және басқару түріне тікелей әсер етуге қабілетті. Мысалы, сыбайлас жемқорлық және сайлаушылардың дауысын сатып алу.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев әлденеше рет терроризммен күрестегі ахуалды,  халықаралық терроризм, діни экстремизм  және ұлттық қауіпсіздік жайлы өз ойын білдірген болатын. Сонымен қатар, елбасымыз Лондонда өткен «Қазақстан – алға бастайтын жол» конференциясында: «Қазақстан – бұл ТМД елдері,  Каспий және Орталық Азия аумағына орнаған экономикалық кеңістіктегі сенімді көпір. Біздің еліміз жаңа идеялар үшін ашық және біз әлемдік тәжірибені ықыласпен меңгерудеміз», деп айтып өткен болатын.

Қылмыстың жаһандығы өз арнасын сыбайлас жемқорлықта табуда, бұл қылмыстық экономиканың ішкі жүйесінің жалғасы болып табылады.    

Халқаралық дәрежеде біз жаһандык қылмыскерлікпен бетпе-бет келсек, қоғамдық ұнам аясында әр түрлі көзқарас,әдет, құндылық және әр тұрлі мінез құлықпен әр түрлі дәстүр,тап өкілдерімен бетпе-бет келеміз. ХХІғасырдың халықаралық қылмысына 3 нәрсе тән сандық өсімі, ұйымдасқандығының жоғарылығы, бұрын бар белгілі болған қылмыс түрінің жаңарып келуі.

Халкаралық қылмыстық ұйымның кірісі көптеген ірі мемлекеттердің бюджетінен әлдеқайда көп.Осы қылмыстық ұйымдардың арасында кең тараған түріне заңсыз есірткі айналымы; заңсыз қару жарақ, химиялық және ядролық қару тасымалы; ішкі және халықаралық терроризм; адамды тұтқынға алу; тапсырыс аркылы адам өлтіру, сату, соның ішінде әйелдер мен балаларды; адамның дене мүшесін сату жатады. Қазіргі таңда ұйымдасқан қылмыскерлік зандастырылған (легальді) кәсіппен мемлекеттік аппаратқа бетбұрыс алуда.

Әлі күнге дейін ұйымдасқан, топтық, кәсіби қылмыс түрлері кең өріс алуда. Өкінішке орай кәсіби және ұйымдасқан қылмыс түрлері мемлекеттік есептеуге алынбай отыр.

Қазіргі кезде ұйымдасқан және ұлтаралық қылмыс түрі туралы түсінік жүйелік сараптамаға алынбайды және жекелеген қылмыстық топтардың тіркелуі арқылы ашылмайды. Негізінен, қылмыстық топ, қылмыстық ұйыммен жасалатын қылмыс түрлерін тіркеу рұқсат етілген. Бірақ, ұйымдасқан қылмыстық топпен жағдай басқаша. Бұл қылмыс түрлерінің бір бірінен қауіптілік дәрежесіне, біріккен өкілеттілік мерзіміне байланысты айырмашылығы айтарлықтай. Бірақ бұлардың барлығы статистика түрінде белгіленеді. Осыған орай бұл топтардың әр түрлі сипатта, яғни шын мәнінде ұйымдасқан түрінен бастап, кездейсоқ жасалған қылмысқа дейін болатынын естен шығармауымыз керек.

Ұйымдасқан қылмыскерлік ұйымның қылмыстық топқа қарағанда қоғам үшін тигізетін қауіп қатері үлкен екендігі айдан анық. Қоғамға төнетін қауіп қатердің саны мен сапасы жағынан өсуі осы қылмыстық ұйымдардың кең көлемде етек жайып таралуына, тәжірибесі мен ұйымдасқандығының артуына байланысты.

Біздің құқық қорғау ұйымдарымыз ұлтаралық және ұйымдасқан қылмыскерлікке қарсы тиімді күрес жүргізуге дайын емес болып шықты. Бұның бір себебі қылмыстық кодекстың жеткілікті дәрежеде жетілмегендігі.

«Жалпы алғанда ұйымдасқан қылмыскерлікті жалпы қылмыскерлік және аш көз шаруашылықтық жаңа, сапалы негізде біріктірілетінін , сонымен қатар ауыр қылмыс түрлері, қылмыскерлердің ұйымымен жасалатынын түсінгеніміз жөн. Бұл ұйымдар тұрақты, мобильді, жақсы жасырынған, бұған қоса белгілі бір басшы немесе көшбасшымен басқарылады. Сонымен қатар бұл ұйымдардың мақсаты мен тәсілі бір және материалдық жағынан жақсы жабдықталған.

Ұйымдасқан қылмыстық топтардың криминологиялық сипаттамасы белгілі бір қылмысқа ортақтастығы жоқ деген тұжырым береді.

Жаһандану шарттарындағы қылмыскерлікке қарсы негізгі іс шаралар-сараптама, нормативті құқықтық негіздерді жетілдіру. Осы жоспарды іске асыру үшін халықаралық конвенциялар маңызды қызмет атқарады. М: « Терроризмді қаржыландырумен күрес» конвенциясы, «Терроризммен, сепаратизммен, экстремизммен күрес» туралы Шанхай конвенциясы, БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы.

 Қазақстанның ішкі заңдылығы уақыт өте келе халықаралық жүйеге сәйкес реттелуде. Бірақ, ішкі нормативтік сала мен мемлекет аралық аспектілерде  жаһандық криминалдық үрдіске байланысты шешілмеген мәселе көп. Бұған біркелкілік тұжырымдаманың жоқтығы да әсер етеді.

Жедел әзірлеу және технологиялар: Қылмыстық әдеттілік жүйелері және құқық қорғау тәсілдері қуатты қылмыскерлік топтарға қарсы сәйкес күрес жүргізе алмайды. Жүйелік зерттемелер әдісін жетілдіру керек, ол үшін арнайы құқық қорғау бөлімдерін даярлап, оларды заманауи техникамен жабдықтау керек.

Аталған мәселені шешу үшін дамып келе жатқан мемлекеттерге осы қауіпке байланысты қарсы әрекет аясында әлеуетті жоғарылату жағынан көмектесу керек. Бұл мемлекеттерге көмектесетін негізгі құрал БҰҰ-ның ұлтаралық ұйымдасқан қылмыскерлікке қарсы конвенциясы болып табылады. Бұл конвенция 170 қатысушымен бекітілген және әмбебап құқықтық негізді қамтамасыз етеді.    

Қазіргі таңда адамзат алдында тұрған жаһандық өзекті мәселелердің бірі ұлтаралық ұйымдасқан қылмыспен күрес. Оның негізгі түрлеріне терроризм, заңсыз есірткі айналымы, заңсыз адам сату және т.б. жатады. Осының барлығымен күресу бүкіл әлемдік ұйымдардың алдында тұрған бірінші кезектегі өзекті мәселе!!!