Магистрант Досумбаева Гульнур Тулепбергеновна
«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан
АДАМ МЕН АЗАМАТ
ҚҰҚЫҚТАРЫН БОСТАНДЫҚ-ТАРЫН
ҚОРҒАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы - сонау
көне дәуірден казіргі заманға дейін әлеуметгік нормалар
арқылы басқарылып келді. Сондықтан, жеке адамның
құқығы мен бостандығы туралы теорияның
мыңдаған жылға созылған тарихы және мол
тәжірибесі бар.
Біз осы тарихқа, осы мол тәжірибеге сүйене отырып,
әлеуметтік нормалардың диалектикалық объективтік даму
процесімен танысамыз. Адам қоғамының әр формациясында
азаматтардың қандай құқығы, қандай
бостандығы болғанын білеміз.
Адам құқығы - тарихи,
табиғи, объективтік құбылыс.
Сондықтан әлеуметтік норма әр уақытта даму процесінде
болады. Әлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге
өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғамдағы
жүздеген, мыңдаған қарым-қатынасты реттейтін,
басқаратын әлеуметтік норма.
Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын
әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның
әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де,
кеңістігі де молаяды, күрделенеді.
Жеке адамның
құқығы қоғамдағы
құқықпен тығыз байланысты Бірі болса, екіншісі де
болады, ал бірі болмаса, екіншісі де
болмайды. Бұл екеуін бір- бірінен
ажыратып қарауға болмайды. Сонымен
адамның құқығы, бостандығы олардың
мазмұндық
дәрежесі қоғамның даму деңгейімен байланысты [1, 47].
Адамдар тек құқықтық жүйедегі
қоғамда өмір сүре алады. Бұл объективтік тұжырымды адамдар мыңдаған
жылдар өмір тәжірибесінен сезініп білді. Біздің заманымыздан
бұрынғы 5-6 мыңжылдықтан бастап адам қоғамы
әлеуметтік нормасыз өмір сүре алмайды. Норма объективтік тұрғыдан қоғамның
өмір сүруінің ең қажетті құралы болды. Осы тәжірибеге
сүйене отырып гректің ойшыл-ғалымдары Ликофрон, Антифон
(б.з.б. V- IV мың жылдықта) адамның табиғи
бостандығы, құқықтары
бар, оны ешкім жоя алмайды - деген.
Бұл пікірді кейін Аристотель, Локк, Монтескье, Руссо, Канттар да
қостаған. Сөйтіп табиғи құқықтық теория өмірге келген [2, 61]. Бұл
теория Англияның 1215 ж. Ұлы
бостандық хартиясында, 1689 ж. Құқық
петициясында, АҚШ 1776 ж. Декларациясында, 1791 ж. Конституциясында, Францияның 1789 ж.
Конституциясында мемлекеттік заңға айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1948 жылғы
Декларациясында адамның Табиғи құқық теориясы қабылданып, әр мемлекеттің
құқығының
негізі болсын деген қаулы қабылданды. 1966 ж. БҰҰ Халықаралық
пакт атты қаулы қабылдап, онда адамдардың экономикалық, әлеуметтік және
мәдени құқықтарын әлем көлемінде
дамытуды, жақсартуды міндеттеді.
Қазіргі заманда адамдардың
бостандығы мен құқықтары барлық
мемлекеттердің Конституциясына, Декларациясына енгізіліп, ең негізгі ресми саясатқа айналды.
Қазақстан Республикасының 1993-1995 жж. Конституцияларында адамның бостандығы
мен құқықтарына арнаулы бөлім беріліп,
Қазақстан Республикасы бұл мәселені жан-жақты
дамыту, жақсартуды өзінің мемлекеттік міндеті деп жариялады.
Адам
дүниеге келген күннен бастап өзінің
құқықтарына ие болатыны белгілі. Қазақстан
Республикасы Конституциясында былай делінеді: «Адам кұқығы
мен бостандығы әркімге тумысынан бастап беріледі, абсолюттігі мен
ажырамастығы мойындалады, заңдар мен өзге де нормативтік
құқықтық актілердің мазмұнымен
қолданылуын анықтайды». Құқық - адам бойына
енгізілген өзіндік құндылық,
құқық - адам бостандығының өлшемі.
Бостандық - бұл өз құқықтарыңды
жүзеге асыру мүмкіндігің, деп көрсетеді В.М. Корельский
мен В.Д. Перевалов, бұл жеке адамның өмірін, адами
қасиеттері мен қоғамдық өмірдің
барлық саласындағы іс-әрекет бостандығын
қамтамасыз ететін табиғи мүмкіндіктер [3, 133].
Осылайша,
адам құқығы - жеке тұлғаның
табиғи мүмкіншіліктері арқылы қоғамның
барлық саласында іс-әрекет жасап өзінің
қадір-қасиетін, ар-намысын, абырой беделін қорғап,
жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуі.
Заң
ғылымында адам құқығы, азамат
құқығы, жеке тұлға
құқығы деген ұғым бар. Мәселені ашып
көрсету үщін, оларға қысқаша түсінік
берейік. Адам құқығы - табиғи
құқық, табиғи бостандықтар субъектілері
оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ. Еғер
де ол табиғи құқықтарды мемлекет бекітсе онда ол
адам сол мемлекеттің адамы болады.
Азамат
құқығы - табиғи кұқықтар
жинақталып, жүйеге келтірілуі мемлекеттің заңдарында,
нормативтік актілерде көрсетіліп, мемлекеттің
қорғауында болып адамдар сол қоғамның азаматы
болу.
Жеке
тұлғаның құқығы - жеке адамның
құзыреті, іс-әрекет жасау мүмкіншілігі. Оның
шеңбері жеке тұлғаның саяси-қоғамдық,
әлеуметтік, экономикалық мәртебесінің шеңберіне
байланысты. Жеке тұлғаға жататындар: адам, азамат,
шетелдердің азаматы, азаматтығы жоқ адамдар, саяси-
экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан қашқындар
[4, 58].
Қазіргі
заманда мемлекеттердің көпшілігі бұл үш
ұғымды бір мағынада қолдана береді. Жеке
адамдардың құқықтарында объективтік және
субъективтік деген түсініктер бар. Олардың мазмұны деректерде
былай деп көрсетілді.
Объективтік
құқық - заңды формалардың бір жүйесі,
оның мазмұны, нормалардың өмірге келуі жеке адамдармен
қатысы жоқ. Субъективтік құқық -
субъектілердің бостандығы мен құқықтары
объективтік құқықтағы іс- әрекеттерді
орындауға байланысты.
Азаматтардың,
адамдардың негізгі құқықтары мен бостандығы
халықаралық актіде және әр мемлекеттің
Конституциясында толық көрсетіледі. Оның түрлері:
азаматтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени,
экологиялық, ақпараттық құқықтар. Осы
орайда олардың мағынасын ашып көрсету қажет.
Азаматтық
құқық - адамның табиғи бостандығы мен
құқықтары. Адам не істесе де ерікті, тек
қоғамға, жеке азаматтарға зиян келтірмеуге міндетті.
Экономикалық
құқық - табиғи бостандық пен
құқықтың экономикалық талаптары - жеке
меншік кооперацияға мүше болу, акционерлік ұйымдарға
қатысу, жұмыс істеу, бизнеске қатысу және т.б.
Саяси
құқық - қоғамды, мемлекетті,
өндірісті, шаруашылықты басқару, қоғамдық
ұйымдар, партия құру, жиналыс, митинг, демонстрация
өткізу, сайлауға қатысу, сайлану т.б.
Әлеуметтік
құқық - қоғамның экономикалық,
материалдық дамуы сол арқылы адамдардың әлеуметтік
жағдайын жақсарту, еңбек, үй
құқығы, денсаулықты жақсарту т.б.
Мәдени
құқықтар - білім алу, рухани сананы жақсарту,
әдебиет, өнермен шұғылдану, тіл, дін
құқықтары т.б.
Экологиялық
құқық - адамды, қоршаған ортаны,
табиғатты жақсарту, ол туралы мәліметтер алу, зиянға
ұшыраса төлету, т.б.
Ақпараттық
құқық - ойлау, сөйлеу бостандығы,
газет-журнал шығару, мақалалар жазу
құқықтары.
Халықаралық
құқықтар - жоғарыда көрсетілген
құқықтардың көпшілігін адамдар басқа
елдерге барғанда да пайдаланады. Адамдардың саяхат жасауына,
жүріп тұруына шектеу қойылмайды.
Табиғи
міндеттер табиғи кұқықтармен сәйкес болады.
Заңды міндеттер - нормативтік актілер арқылы
қалыптасқан міндеттер. Мысалы: азаматтардың табиғатты
жақсарту, қоғамдық тәртіпті сақтау т.б.
Азаматтардың
негізгі міндеттерінің көпшілігі Конституцияда көрсетіледі.
Адамдар құқықты қалай талап етсе, олар сол
дәрежеде міндеттерді орындауы қажет. Құқық
пен міндет бірге қалыптасады, өмірге бірге келеді, бірге дамиды.
Бұл объективтік процесс, адамдар өз міндеттерін дұрыс,
уақытында жақсы орындаса құқықтары да
кедергісіз орындалуға тиісті.
Қазақстан
Республикасының Конституциясының 1-бабында:
"Қазақстан Республикасының ең қымбат
қазынасы - адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары" деп атап
көрсетілген. Осы нормалар Қазақстанға
әлемнің дамыған елдерінің қатарында
тұруға моралдік кұқық береді. Адам
құқықтары мен бостандықтары туралы заңдарды
дамыту жолында Қазақстан басқа өркениетті
елдердің тәжірибесін қолдана бастады. Соның бір
айғағы Қазақстан Республикасының
Президентінің жарлығымен Президент жанында елдегі адам
құқығы мен бостандығын сақтауға
бақылау жасайтын, өкілеттік қызмет жөніндегі
комиссияның құрылуы. Қоғамның өтпелі
кезеңінде еліміздегі адам құқықтары жоніндегі
заңдар қызметін үйлестіріп, олардың осал тұстарын
ретке келтіріп, қалпына келтіруде қазақстандықтар
комиссияға зор үміт артады. Бұрынғы кеңестік
дәуірде азаматтар өз құқықтарын
қорғау үшін жоғары билік орындарына, тіпті Коммунистік
партияның Бас хатшысына жүгінетін. Қазіргі уақытта
адамдар өздерінің бұзылған
құқықтарын қорғау үшін
құқық қорғау орындарына, сотқа, Адам
құқығы жөніндегі комиссияға
шағымданатын болды. Бұл біздің қоғамның
құқықтық мемлекет құруға бет
бұрғандығымызды көрсетеді [5, 40 б.].
Еліміз
егемендік алып, Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетке
айналды. Тәуелсіз мемлекеттің бүтіндігін қорғап,
ішкі және сыртқы саясатының да пәрмендігін арттыру
үшін, оның мызғымас заңы және заңды қорғайтын
әділ сотының болуы басты шарт. Сот әділдігін жүзеге
асыру мемлекеттік өкімет билігінің ерекше түрі. Азаматтар
құқығы заңдармен қорғалады, ал заңдар
бұзылса әділ сот билігімен қорғалады. Сондықтан
сот билігі жүйесіндегі мәселелер терең қамтылып, заңдарымыз
уақыт ағымымен сәйкестендірілу бағытында.
Жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстан Республикасы адам
құқықтарын қорғау саласында оң
қадамдар жасауда. Біздің республикамыз келешекте де адам
құқығы жөніндегі айтулы халықаралық,
экономикалық және саяси пактілерге қосылуға бет
бұрып, мәселені үнемі басты назарда ұстауға
кепілдік берді.
Әдебиеттер:
1
Нысанбаев
Н.А. Судебная защита прав человека в Республике Казахстан. 2010.-87б.
2
Реализация
прав человека в Республике Казахстан посредством международных инструментов.
Под общей редакцией д.ю.н. Ж.Д.Бусурманова. Астана: ГУ «Институт
законадательства Республики Казахстан», 2011. -182 б.
3
Искакова
Г.К. Права человека в
Республике Казахстан. Часть 2. Алматы, Білім, 1999. -201б.
4
Старожилова
Н.П., Процессуальные аспекты международной защиты прав человека // Вестник
КазНПУ серия юридическая. - 2001. - № 1. – 63 с.
5
Айкимбаев
А. Проблемы соотношения административной и судебной юрисдикции при рассмотрении
обращений граждан // Правовая реформа в Казахстане. - 2003. - № 4. – 80с.
Резюме
В статье
рассматриваются некоторые аспекты эффективности судебной защиты прав и свобод
гражданина. Автор анализирует развитие судебно-правовой системы и рассматривает
вопросы дальнейшего совершенствования специализированных институтов, связанных с
защитой прав и свобод граждан.
Curriculum
vitae
This article considers some
aspects of the effectiveness of the judicial protection of the rights and
freedoms of citizens. The author analyzes the development of the judicial
system and considers further improvements in the specialized institutions dealing
with the protection of the rights and freedoms of citizens.