9.Гражданское право.
Азаматтық істер бойынша - сот актілерін орындау мәселелері
Утегенов Нұрсұлтан Серікұлы, ММ-301-13 тобының магистранты.
Arafat_nur@mail.ru, Түркістан қаласы.
Қазақстан
Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағында, «Әркімнің өз
құқықтары мен бостандықтарының сот
арқылы қорғалуына құқығы бар», - деп
атап көрсетілген [1].
Қазақстан Республикасы
Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі –
АІЖК) 253-бабында қарастырылған тәртіпте
шығарылған жеке ұйғарымдар – соттардың заңдылықты
бұзушылық жағдайына назар аудару актісі болып табылады. Сот
отырысында анықталған заңдылықты бұзушылық
жағдайлар жеке ұйғарымдар шығару үшін негіздемелер
болып табылады. Нормативтік құқықтық
актілердің талаптарына сәйкес келмейтін әрекеттерді заңдылықты
бұзушылық деп түсінген жөн. Іске қатысушы
тұлғалардың дәлелдеу жөніндегі іс жүргізу
міндеттерін тиісінше орындамауы жеке ұйғарымдар шығару
үшін жеткілікті негіздеме бола алмайды. Соттар тиісті
ұйымдарға, басқару қызметін атқаратын лауазымды
немесе өзге де тұлғаларға қатысты жеке
ұйғарымдар шығарады. Мемлекеттік органдарда, жергілікті
басқару органдарында, сонымен қатар Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа
әскерлерде және әскери құралымдарда
тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша билік
өкілінің қызметін жүзеге асыратын немесе
ұйымдастыру-әкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық
қызмет атқаратын тұлғалар лауазымды
тұлғалар болып танылады.
Ата Заңымыз - Конституцияның 76 бабының 3
тармағы және ҚР Азаматтық іс жүргізу
кодексінің 21 бабына сәйкес соттардың шешімдері,
үкімдері мен өзге қаулылары барлық мемлекеттік
органдармен, жеке және заңды тұлғалармен міндетті
түрде орындалуы тиіс. Сот шешімін орындау тәртібі ҚР Азаматтық іс
жүргізу кодексінің 236 бабында көрсетілген. Аталған бап
бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару
парағы жазылады, ол өндіріп алушыға беріледі не оның
жазбаша өтініші бойынша сот оны борышкердің мекен жайына
байланысты, аумағы бойынша атқарушылық іс
жүргізудің тиісті органына орындау үшін жібереді. Жалпы сот азаматтық істер бойынша сот
актілерін шешімдер, ұйғарымдар, қаулылылар мен
бұйрықтар нысанында қабылдайды. Заңды күшіне
енген сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулыларымен бұйрықтары,
сондай-ақ соттар мен судьялардың заңды өкімдері,
талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен басқа да жолданыстары
барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі
басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа
да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін
бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының
бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс. Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық
емес деп таныған заңға немесе өзге де нормативтік
құқықтық актіге негізделген сот актілері
орындалуға жатпайды. Сот актісінің міндеттілігі іске
қатыспаған мүдделі адамдардың бұзылған
немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын
және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды. Сот
актілерін орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де
көрінісі заңда көзделгенжауаптылыққа әкеп соғады деп ҚР АІЖК-нің
21-бабында көрсетілген [2].
Сот актілері, қолданыстардағы
заңнамада белгіленген тәртіппен дереу орындалуға жататын сот
актілерін қоспағанда, заңды күшіне енуі бойынша орындауға
жіберілуге жатады.
1.Мүлікті тәркілеу, мемлекет кірісіне өндіру, қылмыспен келтірілген залалды өндіріп алу, алименттерді өндіру, жарақаттанудан немесе денсаулыққа өзге де зиян келуден, асыраушысынан айырылғаннан келтірілгензалалдардың орнын толтыру жағдайларында сот
өз бастамасымен атқару құжатын аумағы бойынша тиісті атқарушылық ic жүргізу органына орындау үшін жібереді.
2.Сот бұйрығының алимент орындау бөлігі дереу орындалуға жатады және сот оны аумағы бойынша тиісті атқарушылық ic жүргізу органына жөнелтеді.
3.Борышкерден жергілікті бюджет пайдасына мемлекетік бажды өндіріп алу үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйырығының жеке данасын орындау үшін тікелей сот жолдайды.
4. Азаматтық немесе қоғамдық бірлестіктің сайлау құқығы бұзылғандығы анықталған соттың шешімі дереу заңды күшіне енеді және тиісті мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе сайлау комиссиясының өкіліне жіберіледі. Сот шешіміне жол берген заң бұзушылықтарды жою үшін шешімдер мен әрекеттеріне дау айтылған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның басшысына, лауазымды адамға, мемлекеттік қызметкерге не бағыныстылығы бойынша жоғары тұрған органға, ұйымға немесе лауазымды адамға шешім заңды күшіне енгеннен кейін үш күн ішінде жіберіледі. Шешімнің орындалғаны туралы сотқа, азаматқа немесе заңды тұлғаға сот шешімі алынған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей хабарлануға тиіс.
5.Сот некені бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімнің көшірмесін шешім шығарылған жердегі, сондай-ақ некені қию мемлекеттік тіркеуден өткізілген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына жіберуге міндетті.
6. Сот некені жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімін некені мемлекеттік тіркеу өткізілген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберуге міндетті.
7.Баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген соттың шешімі үш күн ішінде соттың орналасқан жері бойынша баланы асырап алуды мемлекеттік тіркеу үшін азаматтық хал актілерін жазатын органға және шешім шығарылған жер бойынша қорғаушы немесе қамқоршы органға жіберіледі.
8. Сот ата-анақұқығынан айырутуралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде бұл шешімнің көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы мен қорғаншы және қамқоршы органға жолдауға міндетті. Сот бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің үзіндісін бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органына, қорғаншы және қамқоршы органдарға жіберуге міндетті.
9. Соттың азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп тануы туралы судьяның қолымен және соттың елтаңбалы мөрімен куәландырылған шешімін ол заңды күшіне енгеннен кейін үш күндік мерзімде сот отырысының хатшысы азаматтың соңғы тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) ішкі істер бөліміне жібереді.
10.Азаматты әрекетке қабілетті немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі ол заңды күшіне енген күннен бастап үш күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурысының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті (бұдан әрі- ҚС және АЕК-ге) ҚР БП БААТЖ арқылы электронды түрде жіберіледі.
11. Мамандандырылған қаржылық сот қаржы ұйымын қайта құрылымдауды өткізу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін қаржы нарығы мен
қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі
уәкілетті органға; қаржы ұйымына және
атқарушылық іс жүргізу аумақтық органдарына
жіберуге міндетті. Шетелдік
бұқаралық ақпарат құралдарының
өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында
таратуды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды
күшіне енген сот шешімінің көшірмесі тиісті мемлекеттік
органға жіберіледі.Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ
адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары
шығарып жіберу заңды күшіне енген сот шешімінің
көшірмесі дереу халықтың көші-қоны
мәселелері бойынша мемлекеттік органға орындау үшін
жіберіледі.
12. Атқару құжаттары нақты және сауатты толтырылуға тиіс. Азаматтық істер бойынша атқару құжаттарында АІЖК 236-бабының 4-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуға тиіс. Атқару құжаттарында ешқандай түзетулерге жол берілмейді.
Ұйымның
пайдасына ақша сомаларын өндіріп алу туралы атқару
құжаттарын толтыру кезінде өндіріп алушының
атауы мен мекен-жайы көрсетілген бағанаға сот ici материалдарындағы
бар мәліметтердің негізінде оның есеп шоты туралы
мәліметтер енгізілуге тиіс. Егер өндіріп алынған сома
мемлекет кірісіне ұсталса, онда атқару
құжатында міндетті түрде өндіріп
алынған сома аударылатын шоттың банктік деректемелері көрсетілуге
тиіс [3].
АІЖК-нің 237 бабына сәйкес дереу
орындауға жататын шешімдер олар: 1) алимент алып беру
туралы; 2) қызметкерге жалақы, бірақ үш айдан
аспайтын уақытқа алып беру туралы; 3) жұмысқа
қайта орналастыру туралы; 4) мертігуден немесе денсаулықты
өзгедей зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысынан айрылуынан
келген зиянды, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа
өтеу туралы; 5) ереуілді заңсыз деп тану туралы;
6) қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк
конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын
ұйымдарды қайта құрылымдау туралы шешімдер дереу
орындалуға тиіс. Жалпы ҚР АІЖК-нің 241-бабына сәйкес
іске қатысушы, сот отырысына келмеген тараптар мен басқа да
адамдарға түпкілікті нысандағы шешім шығарылған
күннен бастап бес күннен кешіктірілмей шешімнің
көшірмелері жіберіледі немесе беріледі. Сот актісіне сот
ұйғарымы да кіреді. Іс мәні бойынша шешілмейтін бірінші
сатыдағы сот актісі ұйғарым түрінде шығарылады.
Іске қатысушы, сот отырысына келмеген тараптар мен басқа
адамдарға іс бойынша іс жүргізудің тоқтатыла
тұруы немесе тоқтатылуы туралы, не арыздың қараусыз
қалдырылуы туралы сот ұйғарымының көшірмесі
ұйғарым шығарылғаннан бастап бес күннен
кешіктірілмей жіберіледі [2].
Жалпы азаматтық істер бойынша сот
актілерінің орындалу мерзімдері осындай. Сот актілерінің мерзімін
өткізіп алмау, уақытымен жолдау сот хатшыларының міндеттері
болып табылады. Ал сот актілерінің ары қарай орындалуына, сот
актісі жіберілген мекеме жауапты.Орындалуға жіберілген мекемелерге сот
актілерін, орындау (атқару) парақтарын алғаннан бастап
сотқа орындалғандығы жөнінде жазбаша хабарлама беру
сұралады.
Қазылар
еңбегінің өлшемі болып табылатын сот актілерінің алатын
орны ерекше. Сот шешімдерінің мазмұны мен олардың іс
жүргізу нысандары, сот актілерінің заңдылығы мен
негізділігінде де кездесетін кемшіліктер жоқ емес. Соған орай,
консультативтік кеңес отырысында сот актілерінің
бірыңғай нысанын әзірлеу мақсатында бір жүйеге
келтірілген үлгі де әзірленген болатын. Бұл жүйеге
келтірілген әдістеме апелляциялық және кассациялық,
сондай-ақ, бірінші сот сатыларына қолдану үшін арналған.
Және де азаматтық, қылмыстық және әкімшілік
істер бойынша жекелеген іс жүргізу құжаттарының
үлгілері дайындалған. Аталған жинақтың негізгі
мақсаты сот актілерінің мәдени құндылығын
арттыру болып табылады. Нақты айтқанда, сот жүйесін
реформалау барысында құрылған қылмыстық істер
жөніндегі апелляциялық, азаматтық және әкімшілік
істер жөніндегі апелляциялық сот алқаларының қаулылары
мен анықтамаларына тиісінше өзгерістер енгізілді [4].
Сонымен
қатар, Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стретегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты
Қазақстан халқына Жолдауында «Құқықтық
саясаттың маңызды мәселесі азаматтардың Конституция
кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқын
жүзеге асыруы болып табылады. Бұл үшін сот төрелігін
жүзеге асыру процесін оңайлату, оны басы артық
бюрократиялық рәсімдерден арылту керек. Жаңа
ақпараттық технологияларды белсенді енгізген жағдайда
мұны істеу қиын емес. Сонымен бір мезгілде соттардың
жұмысын жеңілдету мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу
институттарын дамытуды жалғастырған жөн. Болмашы
мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен
жүргізілетіндей тетіктер қарастыру қажет. Сот билігінің
беделі орындалмаған сот шешімдерінен төмендейді. Осыған
байланысты, бұл жағдайды түбегейлі өзгерту
жөніндегі шаралар қабылдануға тиіс» - деген болатын [5].
Бұл өте дұрыс бастама. Жеке өз басым Президент жолдауын
қолдай отырып, сот жүйесіне қатысты бұл бастамаларды
өте дұрыс деп санаймын.
Қазіргі таңда біз алға
қойған мақсатымызға жетуге үлкен қадам
жасап жатырмыз деуге болады. Мәселен, қазіргі сот жүйесіне
жаңа ақпараттық технологиялар енгізілуде. Республика бойынша
ортақ ақпараттық жүйе құрылып, сот
жұмысы жайлы барлық бұқара халықтың
қажетті мәлімет алуға мүмкіндігі туындап, сот
жүйесі жайлы нормативтік-құқықтық актілер
мен басқа да маңызды құжаттар қолжетімді болды.
Қазақстан
Республикасының Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан -2050 стратегиясы: қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа
Жолдауында сот жүйесінің алдына қойылған міндеттерді
жүзеге асыру жөніндегі шаралардың орындалуына, сонымен
қатар, сот жүйесін одан әрі жетілдіруге септігін тигізетін
өте маңызды құқықтық
құжат деп, есептеймін. Сондықтан, Президент
Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа жолданатын
Жолдауының маңызы өте жоғары деп, айтуға болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ