Қазақстан Республикасы Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ Заң факультеті Азаматтық
құқық және азаматтық іс жүргізу,
еңбек құқығы кафедрасының доценті,
з.ғ.к. Гулия Бөкешқызы Мұқалдиева,
2 курс магистранты Айғожанова Д.
Қазақстан Республикасы заңнамасы
бойынша факторинг шартының түсінігіне қатысты туындайтын
құқықтық мәселелер
Факторинг шарты бойынша бір тарап (қаржы агенті)
ақшаны басқа тараптың (клиенттің) билігіне береді
немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің
(кредит берушінің) осы үшінші тұлғамен
(борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзінің
ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.
Борышқорға ақшалай талабын клиент қаржы агентіне
сонымен бірге клиенттің қарыжы агенті алдындағы
міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз ету мақсатында да беруі
мүмкін.
Факторинг шарты бойынша қаржы агентінің
міндеттемелері клиент үшін бухгалтерлік есеп жүргізуді және
берудің нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай
талаптар бойынша шоттар ашу) қатысты құжаттар ұсынуды,
сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты өзгеде
қаржылық қызмет көрсетуді қамтуы мүмкін.
Факторинг шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық
Кодексінің 346-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып жазбаша
түрде жасалынуы тиіс.
Факторнг
шарты екі түрлі белгіге ие, оның мазмұны цессия (талап етуді
беру) сияқты міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы нысанын еске
салады. Екінші жағынан, онда агенттің арнайы сипаттағы
қызметтерді көрсетумен сипатталатын агенттік келісімнің де
элементтері бар. Факторингтің мәнісі – қаржылық немесе
ұйымның (фактор) тауар сатушысын сатып алу бағасын алудан
босату арқылы оның жағдайын елеулі түрде
жақсартуында болып табылады. Сатушы бұл кезде оның
кәсіби құзырет аясымен қамтылатын функцияларды
ғана атқарады, ол тауарлармен құжаттарды
жөнелтуді және тағы басқаны жүзеге асырады [2, 54
б.].
Факторинг
экспорттық-импорттық операциялар аясында кеңінен
қолданылады. Мұнда субъектілерді мемлекеттік заем
қатынастарына тартудың тікелей және жанама факторларын
ажыратады.
Тікелей
факторинг кезінде бір ғана қаржы агенті болады: ол
экспортердің (сатушының) елінде факторнг туралы келісімді
экспортермен бекіткен экспорт бойынша қаржы агенті. Жанама факторинг
кезінде сатушының факторинг туралы келісімі белгілі болған шетелдік
сатып алушы төлемді өз елінде жүзеге асырады. Импорт бойынша
қаржы агенті экспорт бойынша қаржы агентіне төлемді сатушы
елінде төлейді, ол алынған соманы экспортерге береді. Экспортермен
импорт бойынша қаржы агентінің, жергілікті клиентпен іскерлік
қатынаста болуында. Сондықтан, халықаралық жеке
құқықтық сипатқа ие емес факторингтің
азаматтық құқықтық қатынастары
туындайды. Факторингтің құқықтық нысандары
ретінде ашылған және ашылмаған факторинг ажыратылады.
Факторинг
шарты екі жақты ақылы шарт. Факторинг шартының
ақылылығы алдын ала келісілген соманы беруге жауап ретінде
клиенттің факторға мүлікті ұқыпты беруден
көрінеді. Факторинг шарты реалды да, консенсуалды да сипатқа ие
болуы мүмкін. Кейбір заем шартындағыдай ақшалай талапты беріп
қаржыландыру шартының мақсатына
құқықтық маңыз берілуі мүмкін. Жалпы
ереже бойынша факторинг шартының мақсаты маңызды болып
табылмайды, тараптар көздейтін мақсаттар айқын болады,
мәселен клиент шарт бойынша төлемді өз уақытында
және кепілді түрде алуды көздесе, фактор қандайда
себептер бойынша берілетін мүліктік
құқықтық өзіне өтуіне мүдделі
болады.
Факторинг
шарты міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің ерекше
тәсілі ретінде қолданылуы мүмкін. Борышқорға
ақшалай талабын клиент, сонымен бірге қаржы агенті алдындағы
міндеттемелерін атқаруды қамтамасыз ету мақсатындада беруі
мүмкін (Қазақстан Республикасы Азаматтық
Кодексінің 729-бабы). Мұндай жағдайларда факторинг шарты
ақшалай талапты беріп қаржыландырудың кәдімгі шартынан
өз мазмұны бойынша ерекшеленуі мүмкін және клиент
пайдасына төлемді тоқтатуы немесе оның мөлшерін шектеуі
мүмкін. [3, 123 б.]. Факторингтің жалпы
құқықтық негізін қалау үшін 1988 жылы
халықаралық факторинг туралы Конвенция қабылданды. Осы
Конвенция қабылдаудан факторинг түсінігінің мазмұны
біріңғайланды және соның арқасында оны
әлемде қолдануды кеңейту мүмкіндіктері арта
түсті.
Дегенменде
факторингтік қызмет көрсету ерекшелігін сипаттағанда,
әсіресе ол түсінікке енгізілетін операциялар жиынтығында,
әлі күнге дейін мемлекет аралық айырмашылықтар бар.
Мысалы, АҚШ-да: жабдықтаушыға әкімшілік қызмет
көрсету, оған берілген комерциялық несие бойынша
қарыздарын басқару (сату есебін жүргізу, дебиторлық
қарызды дер кезінде инкассалау); несиелік тәуелділіктен
сақтандыру (регресс құқығының болмауы),
алдын-ала төлем бойынша несиелеу. Әрбір елде дерлік факторингттік
операциялардың оны басқада активті операциялардан айырып
тұратын ерекшелігі жіне табиғаты түрліше түсіндіріледі.
Халықаралық факторингтік операциялар бойынша УНИДРУА Оттавалық
конвенцияның 1 бабына сәйкес факторлық операциялар бойынша
контракт деп факторлық операция бойынша бір тараптың
(жабдықтаушы) екінші тараппен (фактор-фирма) келісім шарты, бұл
келісім шарт бойынша: жабдықтаушы тауарларды сатып алушылармен сату-сатып
алу туралы контрактысы бойынша пайда болған қарыздық
міндеттемелерді фактор компанияға өткізуі тиіс, ал фактор
өзіне төменде келтірілген міндеттердің кемінде екеуін
өз міндеттемесіне алуы керек.
Сонымен,
факторинг операциялары кәсіпкерлер үшін ең тиімді және
преспективті құрал ретінде танылады
1.Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексі, Алматы: ЖШС «Издательство Норма-К», 2014, 244б.
2.Агарков
М.М. Основы банковского права. – М.: Бек, 1995. – 413 с.
3.Банковское дело.
Справочное пособие. Под ред. Ю.Я.Бабичевой-М.: Экономика, 1993 г.