Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-ның «әлеуметтік педагогика
және өзін-өзі тану» мамандығының 2-курс магистранты Алғабек
Мәруә
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУҮЛГЕРІМІНЕ
ТҰЛҒАНЫҢ ҰМТЫЛЫС
ДЕҢГЕЙІНІҢ ӘСЕРІ
Бүгінгі
таңдағы
заманауи білім беру
жүйесіндегі өзекті
мәселелердің бірі мектептегі
білім
деңгейінің
төмендігі болып
табылады. Мұның себебі,
мұғалімдер
тарапынан бала психикасының дамуының заңдылықтары, соның
ішінде оқушы тұлғасының талаптану деңгейінің ескерілмейтіндігінен деген
пікір қалыптасқан.
Оқушылардың үлгерім деңгейі мен
тұлғаның талаптану деңгейі арасында өзара
байланыс бар екендігі дау тудырмайды.
Мен тұлғаның талаптану деңгейінің
оқушының үлгеріміне әсерін зерттеп көруге
тырыстым.
Ұмтылыс деңгейін зерттеу жиырмасыншы
ғасырдың 20-30 жылдары К. Левиннің жетекшілігімен қолға
алынды. Курт Левиннің шәкірті Тамара Дембо қиын және
шешімі жоқ тапсырмаларды шешу кезінде индивид бастапқы
мақсатқа жақындататын жеңіл тапсырмаларды белгілейтінін
және оған адам кезең-кезеңмен қол жеткізуге
тырысатындығын дәлелдеді. Осы мақсатты ол «ұмтылыс
деңгейі» деп атады [1].
Кейінірек, Ф. Хоппе «ұмтылыс деңгейі»
феноменінің ұғымын кеңейтті, оның мазмұнына
әрбір жетістік сайын жылжып отыратын келешектегі жетістіктерге деген
айқын емес немесе анық күтулердің,
мақсаттардың және талаптанулардың жиынтығын
кіргізді. Жалпы алғанда кезекті әректтердің мақсаты
ретінде анықтады. Ф. Хоппе мақсатты таңдау кезінде
нақты әрекеттің шынайы мақсатынан бөлек
индивидтің мінез-құлық стратегиясын ауқымы
кең «идеалды» мақсат айқындайды деп маңызды
тұжырым жасады [2].
Одан кейінгі кеңестік және шет елдік
ғалымдардың түрлі зерттеулерінде ұмтылыс деңгейі
феномені мазмұны мен көлемі жағынан кейде тарылып, кейде
кеңейіп көрініс таба бастады. Мысалы, А.И. Самошин ұмтылыс
деңгейіне оның төрт аспектісін қосады [3]:
1.
Индивид қаншалықты осы іс-әрекетті қалаулы деп
есептейді.
2.
Индивидтің осы іс-әрекеттегі өзінің
қабілеттерін бағалауы қаншалықты.
3.
Индивидке бұл іс-әрекет қаншалықты маңызды.
4.
Осы іс-әрекетті орындаудың қажеттілігі
қаншалықты.
5.
Ол ұмтылыс деңгейін «субьектінің өз
мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін бағалауды ескере отырып
қол жеткізуге тырысатын мақсаттың деңгейі» ретінде
қарастырады.
Е.А. Серебрякова [4] ұмтылыс деңгейін адамды
қанағаттандыратын өзіндік бағалау қажеттілігі деп
түсінді. Н.Л.Коломинский болса тұлғаның өзіне
тиісті деп санайтын өзін-өзі жүзеге асыруының,
құрылуының моделі ретінде қарайды. Б.Г. Ананьев [5]
белгілі бір оң бағалауға деген қалыптасқан
тұрақты қажеттілік деп санайды.
В.К. Гербачевскийдің [6] пікірінше,
индивидтің ұмтылыс деңгейі оның алдыңғы
жетістігінің деңгейін біліп, қол жеткізуге міндеттелетін
өнімділік деңгейі болып табылады.
В.Г. Маралов ұмтылыс деңгейін
тұлғаның іс-әрекеттің мақсатына
қатынасы деп ұғады. Ол іс-әрекет белгілі бір
деңгейдегі мақсатқа қол жеткізуге деген дайындықтың
күйінің негізінде жүзеге асатын мақсаттың
мүмкіндіктері мен деңгейлерін болжаудан тұрады.
Б.В. Зейгарниктің ойынша, ересек адамның ұмтылыс деңгейінен оның
өткен өмірінде жинақталған мақсат
құрылымның қалыптасқан тәсілі
айқындалады.
Т.А. Полозованың тарапынан ұмтылыс
деңгейі «жалпы талаптанудың негізінде пайда болатын іс-әрекет
мақсатының белгілі бір жоғары деңгейіне қол
жеткізуге деген талпыныс» ретінде қарастырылады.
Кейбір психологтардың (Дж.
Аткинсон, Ф. Робайе, М. Строс-Романовск) «күту деңгейі»
ұғымын енгізу бастамалары негізсіз болды. Л.В. Бороздинаның
пікірінше, «ұмтылыс деңгейі» және «күту деңгейі»
арасындағы пікірталас таза терминологиялық әрі жасанды болып
табылады.
Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдары
зерттеулердің кең масштабтығы мен санына қарамастан
кеңестік және шетелдік педагог-психологтардың алдында
ұмтылыс деңгейінің маңызын айтарлықтай
дұрыс сипаттайтын – таңдалатын мақсаттардың
күрделілік деңгейі деген анықтамасы жалпыға ортақ
түсінікке айналды.
Ұмтылыстың спецификалық ерекшеліктерін
түсіну үшін маңызды мәселе оның детерминанттарын
анықтау болып табылады. К.Левин эксперименттік тұрғыда
әрекеттің мақсатын бекіту жетістікке
сәйкестіксіздің деңгейімен байланысты қалыптасатынын,
яғни белгіленген мақсат пен жетістік және сәтсіздік
сезімінің пайда болуын анықтайтын шынайы орындаудың
айырмашылықтарын анықтап, негіздеп берді. Оларды кезектегі
әрекеттердің мақсатының жағдаяттық
детерминанттары деп атады және олар квазиқажеттіліктердің
қанағаттандырылуын тудырады.
Ф. Хоппе, одан кейін М. Юкнат және Л. Фестингер [7]
жетістік пен сәтсіздіктің ұмтылыс деңгейінің
динамикасына әсері анықтады: ұмтылыс деңгейінің
жетістіктен кейін жоғарылауы және сәтсіздіктен кейін
төмендеуі.
Одан кейінгі кеңестік және шетелдік
педагог-психологтардың жүргізген эксперименттерінде бұл
заңдылық үнемі дәлелденіп отырды.
Ұмтылыс деңгейінің тұрақты
детерминанттарын талдауға тоқталайық. Ф. Хоппенің
алғашқы кездегі эксперименттерінің өзінде ұмтылыс
деңгейінің динамикасы тұлғаның өзекті
құндылықтарымен байланысты екендігі анықталған
еді. Оның пікірінше, олар адамның өзіндік сана-сезіміне
жатады және ұмтылыс деңгейіне қарама-қарсы,
жекеленген әрекеттерге тиесілі, адамның «Мен-деңгейі» болып
табылады. Ол тағы былай деп тұжырымдады: индивидтің бойында
әлеуметтік негізделген «Мен-деңгейін» жоғары деңгейде
ұстап тұруға деген жалпы тенденция бар және
айтарлықтай жоғары деңгейде жоғары табысқа жетуге
деген. «Мен-деңгейі» ұғымын Ф. Хоппе, М. Юкнат,Дж. Френк
«өзіндік бағалау» ұғымына сәйкес ретінде
қолданады, ал П. Спирз шынайы емес және шынайы сыналушыларды
анықтады және шынайы сыналушылардың ұмтылыс
деңгейі айтарлықтай адекватты болып табылды.
Ұмтылыс деңгейінің өзіндік
бағалаумен байланысын басқа да шетелдік (Р. Гоулд, Дж. Гарднер, X.
Хекхаузен) және кеңестік ғалымдар(Е.А. Серебрякова, Б.В.
Зейгарник) айтқан болатын.
Кейбір зерттеушілердің (Л.И. Божович, А.И. Липкина,
В.В. Николаева, Е.И. Савонько, Е.А. Серебрякова) пайымдауынша, «өзіндік
бағалау» мен «ұмтылыс деңгейі» ұғымдарын синоним
ретінде қолдану керек
Т.А. Полозова ұмтылыс деңгейін өзіндік
бағалаудың әртүрлі формаларымен байланысты деп санайды.
Мектепке дейінгі жаста өзіндік бағалау жекеленген
әрекеттерден асып түседі (бастапқы ұмтылыс), бастауыш
сыныптағы оқушыларды өзі және өзінің
мүмкіндіктері туралы көзқарастары жалпылай қалыптасады
да, олардың бойында өзіндік бағалаудың тағы бір
формасы – жалпы ұмтылыс көрініс табады, осының негізінде
өзіндік бағалаудың үшінші формасы – ұмтылыс
деңгейі қалыптасады. Өзіндік бағалаудың
төртінші формасы – өзі туралы пікірі, жасөспірім шақта
қалыптасады, ал ересек адамның өзіндік бағалауы
өзіндік бағалаудың барлық формаларының
күрделі өзара әсерлері болып табылады.
Өзіндік бағалаумен қатар,
көптеген эксперименттердің пәніне айналған
ұмтылыс деңгейінің басты детерминанттарының бірі –
мотивация.
Дж. Френк тұжырымы бойынша, мақсат
құрылым мынадай қажеттіліктерді айқындайды: ұмтылыс
деңгейін жоғары деңгейде ұстап тұру, шынайы
мақсаттар қою және сәтсіздіктен қашу.
Ф. Хоппе мен Т. Дембо мақсат таңдау кезінде
мақсат құрылымда екі тенденцияның болатындығын
айтты: адам өте жоғары деңгейдегі қиындықта
жетістікке жетуге тырысады және сәтсіздіктен қашады. С.
Эсколоне мен Л. Фестингер мақсатқұрылымды жетістік пен
сәтсіздіктің сипатын жанамалайтын табысқа жету және
сәтсіздікке ұшыраудың субьективті ықтималдылығымен
байланыстырды.
Оқушылардың ұмтылыс деңгейлерін
талдау және диагностикалау біріншіден, оның жартылай
мотивациялануымен, екіншіден, нақты іс-әрекетте түрлі
жастағы балалардың спецификасын анықтаған
зерттеулердің жоқтығымен, үшіншіден және ең
бастысы, әдістердің, әдістемелердің, зерттеу
жүргізу жағдайларының, тапсырмалардың мазмұны мен
көлемінің біркелкі еместігімен және психологиялық
«өрістер» мен қалыптасу механизмдерінің алуандығымен
қиындық туғызады.
Осылайша, К.
Левиннің мектебіндегі ұмтылыс деңгейінің түрлі
аспектілерін зерттеуге арналған ұзақ уақыттық
зерттеулер ұмтылыс деңгейінің қалыптасуындағы екі
басым факторды анықтады: өзіндік бағалау және
мотивация. Бұл кеңестік психологтар тарапынан да
қолдауға ие болды. Сонымен қатар, жекеленген нақты эксперименттік
жұмыстарда өзіндік бағалау мен ұмтылыс
деңгейінің сәйкес келмеуін негіздейтін көптеген
мәліметтер де жинақталды (Л.В. Бороздина, Н.Л. Коломинский, В.А.
Комогоркин, Л.И. Божович, Л.С. Славина, В.Г. Маралов, Л.В. Семина, В.Н. Семин
және т.б..)
А.Д. Глоточкин мен В.П. Каширин
тұлғаның ұмтылыс деңгейінен
құндылық бағдарларын, іс-әрекетте белгілі бір
жетістікке қол жеткізудегі, мойындалудағы, қоршаған
орта тарапынан құрметтелудегі қажеттіліктерді байқай
отырып, ұмтылыс деңгейін түрті болушы күш, өзін-өзі
дәлелдеу мотиві деп санайды. Өзін-өзі дәлелдеуді олар
тұлғаның қоршаған ортамен өзара
әрекеттесуінің әлеуметтік-психологиялық
механизмдерінің бірі ретінде қарастырады және
тұлға мен ұжым дамуының маңызды факторы ретінде
мойындайды. Ал, талаптанулар құндылықтарды,
бағдарларды, белгілі бір нәтижеге жетудегі қажеттіліктерді
сипаттайды деп біледі.
Осылайша, бұл ғалымдардың
еңбектерінде ұмтылыс деңгейінің
әлеуметтік-психологиялық факторлармен жалпы байланысы емес, шынайы
топтың тұлғаға әсер етуінің түрлі
механизмдерінің әсері қарастырылады.
Еріктік регуляция Л.В. Семинаның пікірінше, тапсырмалардың
күрделілігін таңдау кезінде және сабақта нақты
жағдайда мақсатқа жету кезінде, сондай-ақ,
мақсатқа жетуге дайындалу кезінде де қажетті.
Еріктік қасиеттердің
тұлғаның ұмтылыс деңгейіне әсері бірнеше
зерттеулерде анықталды. А.И. Самошин студенттерге жүргізген
эксперименттерінде ұмтылыс динамикасының «табандылық» еріктік
қасиетінің дамуына тәуелді екендігін көрсетті. Ал,
тұрақсыздық ұмтылыс деңгейінде қашу мотивациясымен,
ерік-жігерінің дамуының әлсіздігімен түсіндіріледі.
Ұмтылыс деңгейі мен ерік арасындағы
байланыс С.И. Хохлов, В.Н. Семин, В.А. Комогоркин, В.П. Чибалин зерттеулерінде
анықталды.
Көптеген зерттеушілер ұмтылыс
деңгейінің интеллектімен байланысын күмәнсіз деп
есептейді. Мысалы, К. Левин интеллектінің мақсатқа жетудегі
ықтималдылық дәрежесін болжамдау кезіндегі рөлін
және ұмтылыс деңгейінің субьектінің
мүмкіндіктеріне тәуелді екендігін айтты. П. Сирз үлгерімі
жоғары оқушылардан төмен деңгейдегі озі мақсаттық
айырмашылықтарды анықтады.
В.К. Гербачевский көрсеткендей, талапкер-студенттердің
ұмтылыс деңгейлері интеллект деңгейіне тәуелді, ол
өз мүкіндіктерін барынша адекватты бағалауға
мүмкіндік береді. Интеллек ұмтылыс деңгейіне жалпы және
арнайы қабілеттіліктер арқылы әсер етеді және индивид
өз мүмкіндіктерін бағалау кезінде специфмкалық
іс-әрекетті жүзеге асырады деп есептеді.
Ұмтылыс деңгейінің интеллект
құрылымына тәуелділігін И.М. Палей мен О.Г. Мельниченко да
растады.
Қабілеттіліктердің ұмтылыс
деңгейіне әсерін В.К. Калин, А.И. Само- шин, В.Г. Маралов, А.Я.
Миленький анықтады. Олар жоғары қабілетке ие
сыналушылардың күрделі мақсаттарды таңдайтынын
байқады.
Г. Айзенк ұмтылыс деңгейінің
темпераментпен байланысын анықтады. Экстраверттердің ұмтылыс
деңгейі интроверттерге қарағанда адекватты және
жоғары жетістікке жету деңгейісен ерекшеленеді. О.Г.
Мельниченконың мәліметтері бойынша, интроверттер мақсат
таңдау барысында бейімделуі төмен, алайда ұмтылыс
деңгейі жоғары.
Дж. Аткинсон және Я. Рейковский сәтсіздіктен
қашу мотиві басым сыналушылардың ұмтылыс
деңгейінің үреуленумен байланысын тапты. Алайда, Дж.
Тейлордың адамдарда үнемі үрейленудің бола
бермейтіндігі туралы мәліметін ескерген жөн. Оның пікірінше,
үрей сәтсіздікке ұшырау қауіпі туған жағдайда
пайда болады.
Ұмтылыс деңгейінің көрінуі мен
динамикасының жыныстық айырмашылықтарын анықтауға
қатысты зерттеулерде анықталғандай,
ұмтылысдеңгейі әйелдерге қарағанда ерлерде
жоғары (Р. Холт, О.Г. Мельниченко, И. Моханти, Л.В. Бороздина, Е.Е.
Данилова).
Сондай-ақ, ұмтылыс деңгейі мен
жүйке жүйесінің арасындағы байланыс та
анықталған. О.Г. Мельниченконың зерттеулерінде жүйке
жүйесі күшті (қозу процесіне қатысты)
сыналушылардың ұмтылыс деңгейі адекватты емес жоғары
деңгейге ие болған. Дәл осындай нәтижелерге А.Н.
Капустин де қол жеткізген. Жүйке жүйесінің
әлсіздігі ұмтылыс деңгейінің төмендеуіне негіз
болады.
Энергетикалық факторлардың ұмтылыс
деңгейіне әсері В.К. Гербачевскийдің зерттеулерінен
табылған. Ол студенттердің физиологиялық көрсеткіштерін
(артериалдық қысым, оксигемоглобин, ЧСС, КГР) тіркеген.
Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге шолу
жасаудың негізінде көз жеткізгеніміздей, ұмтылыс
деңгейін зерттеу шет елде К. Левиннің заманынан бастап және
кеңестік психологияда өте кең масштабқа ие.
Ұмтылыс деңгейінің көптеген детерминанттары
анықталды, мақсатқұрылымның механизмдері
анықталды, түрлі жастағы оқушылардың жетістік
мотивациясын арттыруға арналған курстар мен оқушыларға
және мұғалімдерге арналған жетістік мотивациясын
қалыптастыратын тренингтік бағдарламалар, оқу
құралдары, жетістік мотивациясын анықтайтын әдістемелер
әзірленді. Талаптанудың динамикасына әсер ететін
оқушыларға арналған тренингтер даярланып, басылып
шығарылды. Оқушылардың мінез-құлқын
түзетуге бағытталған түрлі бағдарламалар жасалды,
оқушылардың себептік сызбаларды қабылдауы талданды,
мұғалімдер мен ата-аналардың өзара
әрекеттестіктері сараланды. Р.Де Чармстыңтұлғалық
себептілік пен оның тәжірибелік қосымшасы, М.
Ксикзентмихамидің ішкі мотивация тренингі, К.Р. Роджерс пен Дж.
Фрейбергтің гуманистік ілім беру туралы еңбектері айтарлықтай
зор маңызға ие.
Көптеген оқушылар мен студенттердің
ұмтылыс деңгейінің динамикасы өзіндік бағалаумен
емес, жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивімен емес,
әртүрлі жастық кезеңдерге тән өзара
әрекеттесуші тұлғалық және
әлеуметтік-психологиялық детерминанттардың күрделі
иерархиялық құрылымымен айқындалды. К. Левин, Х.
Хекхаузен, Ф. Робайе мойындаған тұлғаның ұмтылыс
деңгейіне әсер ететін топтың басқа адамдарының
қатысуын жағдаяттық әлеуметтік факторы, шынайы
іс-әрекетте көп жағдайда тұрақты
әлеуметтік-психологиялық детерминат болып табылады және ол
топ мүшелерінің ұмтылысын ғана емес, тұтас
тұлғаның ұмтылыс деңгейін тиімді
қалыптастырушы.
Сондықтан, ұмтылыс деңгейінің
көрініс, оның қалыптасуы мен түзету механизмдері
және ең бастысы – мұғалімдерге практикалық
ұсыныстар әрбір жас кезеңіндегі топқа және
іс-әрекет түріне байланысты жекеленген түрде әзірленуі
керек.
Жалпы оқу іс-әрекетінің спецификасы мен
сабақ барысындағы психологиялық жағдайды зерттеген Б.Г.
Ананьевтің пікірінше, тұлғаға тәрбиелік
әсер ету тек пән арқылы ғана әсер етумен
шектелмейді, оқушыға білімдерді меңгеруге жағдай
жасаған бүкіл қатынастар жүйесі арқылы
жүзеге асырылады. Бұл жүйеде мұғалім,
оқыту, педагогикалық әсер, баланың дамуы және
оның жастық ерекшеліктерінің қалыптасуы үздіксіз
бірлікті құрайды.
Б.Г. Ананьев педагогикалық бағалауға
үлкен мін береді, оның пікірінше, ол жетістік пен сәтсіздікті
бастан кешіру, ұмтылыс мен ниеттердің, шешімдер мен
қатынастардың қалыптасуы негізінде бағдарлаушы
(оқушының оқыту процесі мен өз білімдерін
ұғынуы), ынталандырушы және әсер етуші
функцияларға ие. Осыған байланысты, бағалау интеллектуалды
және аффективті сфераларға, яғни тұтастай
тұлғаға әсер етеді.
Зерттеу жұмысымның барысында
тұлғаның ұмтылыс деңгейіне әсер ететін
тұлғалық және әлеумсеттік-психологиялық детерминанттар
кеңінен талданып, талқыланды. Сондай-ақ, ұмтылыс
деңгейінің іс-әрекеттің басқа да түрлеріне
әсері қарастырылды. Біздің жұмысымыздың
тақырыбы мен зерттеу мақсаттарына байланысты, ұмтылыс
деңгейінің оқушылардың оқу үлгеріміне
әсері зерттелінді. Жоғарыдағы мәлімттерді саралай келе,
оқушылардың оқу үлгеріміне олардың
тұлғалық ұмтылыс деңгейі оң әсер
етеді деп есептеймін.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Dembo T. Der Argeralsdynamisches Problem // Psychol. Forsch. 1931. – 356
p.
2.
Т.А. Ратанова, Н.Ф. Шляхта. Психодиагностические методы изучения
личности. – М. 1998. стр. 78–80. Психология личности. Тексты/Под ред.
Ю.Б.Гиппенрейтер, А.А.Пузырея. М.: Изд-во МГУ,1982. С.85-89.
3. Самошин А.И. Психология
характеристики настойчивости студентов в учебной работе:. Дис.... канд. психол.
наук. Рязань, 1967.- 556 c.
4. Серебрякова Е.А.
Уверенность в себе и условие ее формирования у школьников // Ученые записки
Тамбов, пед. ин-та. Тамбов, 1956. – C. 25-27.
5. Ананьев Б.Г. Избранные
психологические труды: В 2 т./ Под ред. A.A. Бодалева и др. М.: РАУ, 1980.
Т. 2.– С. 15-17.
6. Гербачевский В.К.
Исследование уровня притязаний в связи с индивидуально-типическими
характеристиками эмоциональности и интеллекта:. Дис.... канд. психол. наук,
Л., 1976. – C. 119 – 120.
7.
Левин, К., Дембо, Т., Фестингер, Л.,Сирс, Р. Уровень притязаний. / Психология мотиваций и эмоций. Ред.
Ю.Б. Гиппенрейтер, М.В. Фаликмана. М.: ЧеРо, 2002. -192 с.
8. Festinger L. Wish, expectation and group standards as factors
influencing level of aspiration // J. Abn. Soc. Psychol. 1942. Vol. 37. Frank
J. D. Individual differences in certain aspects of the level of aspiration //
Am. J. Psychol. 1935. – P. 14- 15.
9. Зейгарник Б.В. Теория личности
К. Левина, М.: РАУ. 1981. –C. 120- 122.
10. Гельмонт, А.М. О
причинах неуспеваемости и путях ее преодоления. – М.: Просвещение, 2004.
– 326 с.
11. Цетлин, В.С.
Неуспеваемость школьников и ее предупреждение. – М.: Педагогика, 1977. –
243 с.
12. Бударный, А.А. Пути и
методы предупреждения и преодоления неуспеваемости и второгодничеств:автореф.дис. ...канд. психол. наук.–
М.: Просвещение, 2005. – 521 с.