Т.ғ.к., аға оқытушы Б.С.Нұрмұхамед, Г.С.Серікбай

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты, Қазақстан

Көлік техникасының динамикалық қасиеттерін анықтау тәсілдері

 

Кез келген өндірісі дамыған мемлекет үшін экономиканың негізі ретінде дамыған көлік жүйесі алынады. Өйткені барлық өнеркәсіп саласы шикізатты тасымалдау, жинақтау, еңбек құралдары мен дайын өнімді, жұмысшыларды тасымалдауда көлік техникасынсыз ешнәрсе жасай алмайды.

Барлық автокөлік мекемелері үшін автомобильдердің  техникалық күйін қалыпты жағдайда ұстап отыру үшін көлік техникасының динамикалық қасиеттері талапқа сай болуы тиіс. Төменде осыны анықтау жолдары берілген.

1.    Автомобильдің әмбебап динамикалық сипаттамасы

  Автомобильдің динамикалық сипаттамасы оның әртүрлі берілістерде бірқалыпты қозғалысы кезіндегі динамикалық сапасын сипаттайды. Абцисса осіне қозғалыс жылдамдығының сипаттамасын, ал ордината осіне автомобильдің динамикалық факторларының мәнін белгілейді:

                     ;                                                 (1)

Динамикалық фактордың мәні басқа да жағдайлармен қоса трансмиссия санына imр байланысты. Сондықтан динамикалық факторлар сипаттамасын жеке-жеке әрбір беріліс үшін тұрғызады. Қисық сызықтар саны берілістер санына тең болады.

Динамикалық фактордың мәні сонымен қатар автомобильдің салмағына да байланысты. Осыған байланысты алдымен сипаттаманы бос автомобиль үшін, яғни қорабында жүк жоқ және тіркеме жегілмеген. Содан кейін қосымша тұрғызулар арқылы оларды әмбебап, автомобильдің кез-келген салмағына немесе тіркемемен жұмыс атқарғандағы динамикалық фактордың мәнін табуға болатындай етіп түрлендіреді.

 

1.1.       Жүксіз автомобильдің динамикалық

сипаттамасын тұрғызу.

 Жүксіз автомобильдің салмағы Спар  оның өз салмағы мен жүргізушінің салмағын қоса есептегенге тең болады.

 Автомобильдің басты жылдамдығы қозғалыс кезіндегі динамикалық фактордың мәнін анықтаймыз. Есептеулер  әрбір беріліс үшін жеке-жеке келесі тәртіппен жүргізіледі: двигательдің айналу санының бірнеше мәндері үшін пqmin  және пV – ның  сол беріліске сәйкес келетін қозғалыс жылдамдығы мәндері.

                                       ,  м/с                                          (2)

Сурет 1. Автомобильдің динамикалық әмбебап сипаттамасы.

Двигательдің алдында тұрғызылған (сыртқы) сипаттамасы бойынша айналу моментінің мәнін қарастырылып жатқан айналу жиілігінің мәніне байланысты анықтаймыз. Келесі өрнекпен  қозғалыс жылдамдығы кезіәндегі ауа кедергісін анықтаймыз.

                                                 ,  Н                                 (3)

Оның мәні двигательдің бастапқы айналу жиілігіне тең болады.

Динамикалық фактордың өрнегіне МК және Р W   мәндерін қойып, бірқатар қозғалыс жылдамдығы сәйкес келетін динамикалық фактордың мәндерін анықтайды.

Әртүрлі берілістердегі қозғалыс жылдамдықтары үшін анықталған МК, Р W және D  мәндерін кестеге толтырамыз. Соның мәндеріне сәйкес динамикалық фактордың қисық сызықтары тұрғызылады.

 

1.2.Әмбебапты динамикалық сипаттаманы алу үшін қажетті қосымшаларды тұрғызу.

 

 Тұрғызылған сипаттаманың жоғарғы жағынан екінші абцисса осін жүргіземіз, оған автомобильдің жүктемелік коэффициентінің мәндерін белгілейміз.

                                                                                                    (4)

Жоғарғы абцисса осінің ең сол бөлігіне Г=1 коэффициентінің мәнін белгілейміз. Бұл жүксіз автомобильдер үшіг. Осьтің ең оң бөлігіне Гmaх  мәнін белгілейміз, оның мәні тапсырмада берілген. Ол автомобильдің ең жоғарғы салмағына тең болады. Абциссаның жоғарғы осіне жүктемеліе коэффициентінің бірқатар аралық мәндерін белгілейміз және олардан төменгі абциссамен қиылысатын түзулер түсіреміз.

Г=2 нүктесіне түсірілген тік сызықты сипаттаманың екінші ордината осі деп қабылдаймыз. Г=2 болған жағдайда динамикалық фактордың мәні жүксіз автомобильдің динамикалық факторы мәнінен екі есе аз болады. Сондықтан екінші ордината осіндегі динамикалық фактордың масштабы бірінші осьтегі Г=1 нүктесінен өтетіннен екі есе  үлкен болуы тиіс. Екі ординатадағы ұқсас бөліктерді еңсік сызықпен қосамыз. Қалған тік сызықтардың қиылысу нүктелері автомобильдің жүктемелік коэффициентінің әрбір тік сызықтардағы шкалалық масштабын құрайды.

Тұрғызылған сипаттамада стрелкамен жүктемелік коэффициентінің мәні екі түрлі болған кезде таңдап алынған жолмен, қандай жылдамдықпен автомобильдің бірқалыпты қозғалуына мүмкіндік беретінін анықтауға болатындығын көрсету қажет.

Автомобильдің әмбебап динамикалық сипаттамаларының есептелінген мәндерін  1- кестеге толтырамыз.

 

Автомобильдің  динамикалық сипаттамаларын тұрғызуға

қажетті мәндер

1- кесте    

Бері-лістер

V,

м/с

Ηq,

айн/мин

MK,

н.м.

PK,

н

PW,

н

D

Г=1

Г=2

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.  Алиев Б. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы). Алматы, 2005-296 бет.

2.  Николаенко А.В.  Теория, конструкция и расчет автотракторных двигателей. М.Высшая школа. 1984-356 бет.

3.  Скотников В.А., Основы теории и расчеты трактора и автомобиля. Агропромиздат, 1986-383 бет.