Сағаев Әбдіжаппар Әбілтайұлы
Тобжанова Ақбота Сұлтанәліқызы
Алтынбекова Гүлзат Алтынбекқызы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы
ҚАЗАЛЫ СУАРМАЛЫ АЛҚАБЫНЫҢ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-МЕЛИОРАТИВТІК ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАҚСАРТУ
ЖОЛДАРЫ.
Қарастырылып отырған аймақ
Қызылорда облысы Қазалы ауданыңың территориясында
орналасқан. Облыстағы егіншілік негізінен суармалы.
Бұндағы экологиялық жағдай, екі бағытта өрбіген.
Біріншіден, аймақтағы жердің экологиялық-мелиоративтік
жағдайына өзен суының сапасының нашарлауы теріс
әсерін көрсетеді. Бұл өнімнің сапасының
нашарлауына, қоректігінің төмендеуіне, химиялық құрамының
нашарлауына, құрамындағы ниграттардан шекті
рұқсат етілген концентрациясынан жоғары болуына
әкеледі. Бұл оптимальді мелиоративтік режімінің жасалмауынан,
суармалы жүйелерді тұрғызудағы және
пайдаланудағы кемшіліктерінен үлғайтылады. Екіншіден, Арал
теңізінің тартылуы және теңіздің
құрғаған табаныңан
тұзды-шаңдардың ұшуының күшеюі және
олардың ландшафтардың бетіне отыруы ауа-райына (климатқа)
жағымсыз әсер етуде.
Ғылыми-зерттеу
жұмысының міндеттері:
Алқапта ыза су деңгейінің
көтерілуі суармалы жүйе бөліктерінің кемшілігінде. Осы
бөліктердің қазіргі жағдайы анықталуы
қажет. Ол үшін суармалы алқаптың техникалық
жағдайы бағалануы тиіс, суармалы желі бөліктерінің
жағдайы зерттеліп, олардың қазіргі уақытта жасап
отырған әсері, әрбір бөліктерді бұрынғы
қалпына келтіру жолдары аныкталуы керек.
Қазіргі уақытта алқапта ерекше
экологиялық-мелиоративтік жағдай калыптасқап. Осыған
байланысты бұрынғы уақытта негізгі дақылдардың
(күріш, жоңышка, жүгері, бидай т.б) зерттеліп
ұсынылған суару режимдері қазіргі жағдайға сай
емес. Сондықтан алқапта бүгін орын алып отырған
топырак-мелиоративтік, гидрогеологиялық, экологиялық
жағдайларға аталған дақылдардың суару
тәртібіне күрделі өзгерістер енуі қажет. Бұл осы
бағытқа арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарды
орындауды қажет етеді.
Осы міндеттерді орындау үшін Қазалы ауданы
«Жалаңтөс батыр» шаруашылығында жүргізілген ғылыми-зерттеу
жұмысарынан нәтижелері келтірілген.
Суармалы территорияның
табиғи-климаттық жағдайы. Алқаптың климаты континенталды,
және ауа температураларының тербелісі өте жоғары.
Климаттық көрсеткіштері жылдан жылға тұрақсыз
болып келеді.
Зерттеліп жатқап алқап территориясында қар қабаты
желтоқсан айында болады.
Ауаның ылғалдылығы бойынша
Қазалы ауданы шөлейт ауданға жатады. Өйткені
ылғалдылығы 50%-60% аралығында. Ауаның 80-82%
жоғарғы ылғалдылығы желтоқсан-ақпан
айларында, ал төменгісі 39-48% мамыр-маусым айларында байқалады.
Аяздары онша қатты емес және
қардың қалыңдығы аз болғандықтан,
топырактың тоң тереңдігі 0,67 м. Кейбір жылдары қатты
аяздарда ол 1,5 м дейін жетеді.
Топырақтың тұрақты қатуы
желтоқсан айының орталарында байкалады. Ең ерте қатуы
10 қарашада, ең кеші 20 қаңтарда.
Алқаптағы жел режимі солтүстік
және солтүстік-шығыс бағыттырымен сипатталады.
Бірақ жылдың жылы кезеңінде (шілде-тамыз)
солтүстік-батыс желдері де байқалады. Желдің орташа айлық
жылдамдығы жыл бойында 3,7-4,6 м/с аралығында өзгеріп
тұрады. Жылдамдығы өте жоғары 15 м/с желдер де
кездеседі, олардың соғу ұзақтығы 20-26 күн
аралығында тербеледі.
Алкапта вегетациялық кезең жоғары
температураларымен және ауа ылғалдылығының
тапшылығымен сипатталады. Сондықтан су бетіндегі булану өте жоғары-1370
мм.
Топырақ-мелиоративтік жағдайы. Сырдария өзенінен Арал
теңізіне дейін Қызылорда облысының әкімшшілік
шеқараларында құмды-сазды Туран тегістігі орналасқан.
Оңтүстік жағында Қызылқұм шөл даласысымен,
ал солтүстік жағында Арал. Қарақұм
құмдарымен шеқараласады. Осы кең аймақ
геологиялық жағынан қарасақ өзеннің атырауы
болып келеді.
Қазалы ауданыңың топырақ
қабаты негізінен Сырдария өзені атырауының тақыр
топырақтарымен сипатталады. Суармалы территориясының көп
бөлігі Сырдария өзенінің аллювиалды даласында орналаскан
және еңісі тегіс, жалпы еңістік
солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай.
Шаруашылықтың суармалы жері аллювиалды
бассейнінде орналасқан және екі немесе көп қабатты
топырақтардан тұрады. Жер бетінен 1,0 - 10 м
аралығындағы қабат құмды-саздақ,
құмшауыт және құмды
қабаттардан тұрады. Төменгі қабаттарында
қалындығы 2-3,5 м тығыз майлы саздар орналасқан.
Шаруашылықтың топырақтары зерттеу
әдістемесіне байланысты талданған. Топырақтың
үлгілері вегетацияға дейін және кейін екі мезгіл алынып лабораторияда
зерттелді.
"Жалаңтөс" ЖШС - топырақ
кабаты, жоғарыда келтірілгендей,
негізінен, Сырдария өзенінің атырауындағы тақырлы
топырақтар. Суармалы территорияның негізгі бөлігі Сырдария
өзенінің төменгі ағысындағы аллювиальды
топырақтарда орналасқан, жер бедері тегіс, жалпы еңісі
солтүстік-шығыстан оңтүстік- батысқа қарай
бағытталған болып сипатталады.
Топырақты зерттеу нәтижелері
төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 1. Күріш
дақылы орналасқан танаптардағы химиялық
талдауларының нәтижелері % мг*экв 100 г
топыраққа
|
Вегетация
кезеңі |
Терең-дігі, м |
Хлоридтар |
Сульфаттар |
Карбо-наттар % |
Кальций |
Магний |
Сортаң-дану
түрі |
|
Вегетацияға |
0-20 |
7,7/11,7 |
1,7/10,3 |
0/1,7 |
0/4,3 |
4,3/7,7 |
Хс |
|
дейін |
20-40 |
15,4/14,7 |
2,1/12,0 |
0/2,0 |
0/2,6 |
2,6/15,4 |
Хс |
|
|
40-60 |
11,6/14,3 |
1,8/6,3 |
0/1,7 |
0/3,7 |
4,0/10,4 |
Хс |
|
|
60-80 |
9,1/13,3 |
2,1/6,1 |
0/2,2 |
0/3,7 |
2,9/10,5 |
Хс |
|
т |
80-100 |
10,9/18,8 |
2,4/5,6 |
0/2,9 |
0/2,6 |
2,8/9,2 |
Хс |
|
|
0-100 |
54,7/72,8 |
10,1/40,3 |
0/10,5 |
0/16,9 |
16,6/53,2 |
Хс |
|
Вегетациядан кейін |
0-20 |
2,6/3,8 |
2,3/4,3 |
0/1,8 |
0/1,2 |
1,9/2,6 |
Хс |
|
20-40 |
8,0/10,1 |
2,3/7,0 |
0/2,1 |
0/1,2 |
1,9/8,1 |
Хс |
|
|
40-60 |
5,6/6,1 |
1,7/4,3 |
0/1,7 |
0/1,2 |
1,9/6,3 |
Хс |
|
|
60-80 |
6,0/8,1 |
2,8/5,1 |
0/1,1 |
0/1,8 |
2,1/7,2 |
Хс |
|
|
80-100 |
5,6/9,2 |
3,1/7,2 |
0/1,8 |
0/2,1 |
1,7/5,1 |
Хс |
|
|
0-100 |
27,8/37,3 |
12,2/27,9 |
0/8,5 |
0/7,6 |
9,5/29,3 |
Хс |
|
|
Айырмашылығы |
±0-100 |
26,9/35,5 |
-2,1/12,4 |
0/2,0 |
0/9,4 |
7,1/23,9 |
Хс |
Сортаңдану түрі –
хлорлы-сульфатты.
Кестенің нәтижесі бойынша атыздағы
тұздар режімінің динамикасы келтірілген (сурет 1.).
07.05. 05.11
Сурет 1.
Күріштегі тұздар режимінің динамикасы
Күріш дақылы егілген атыздың 0-100
см қабаттан алынған топырақтардың тұз теңдігінің
химиялық талдаулары, топырақтың шайылатандығын көрсетеді.
Есепті жылы бір метр топырақ қабатындағы
тұздардың шайылуы 7.5%-ден 75% құрады. Оның
ішінде тығыз қалдық – 7,5%, хлор- 12%, сульфаттар —
75%-ға дейін, кальций — 7,0%, магний - 14,1%. Топырақты
жоғарғы 0-20 см қабатындағы қарашірінің
вегетациядан кейін 7,0-8,0%-ға шайылатыны байқалады. Яғни,
топырақтағы тұздар ғана шайылып қоймай сонымен
қатар, коректік заттардыңда шайылатыны да байқалады.
Ауыспалы егістікте күріштен басқа
дақылдар орналасқан топырақтарында зерттеу жұмыстары
жүргізілген. Олардың нәтижелері басқа (келесі)
мақаланың материалдарына кіреді.
Әдебиеттер
1.
Айдаров И.П., Голованов А.И.
Мелиоративный режим орошаемых земель и пути его улучшения. // Гидротехника и
мелиорация -1986 г. -№ 8. С.44-47.
2.
Голованов
А.И., Кошкаров С.И. Регулирование гидрогеохимического режима ландшафтов в
низовьях Сырдарьи: Алатау, 1996 г-95с.
3.
Зайцев В.Б. Рисовая оросительная
система “Колос”., М. 1975.
4.
Кошкаров С.И. Сагаев А.А.
Мелиоративное состояние орошаемых земель в Кызылординской области//Теория и
практика комплексного мелиоративного регулирования.-М: 1991 г.-с.73...83.
5.
Мустафаев Ж.С., Умирзаков С.Ы.
ж.б. Ауылшаруашылығы мелиорациясының негіздері - Тараз, 2003-390 б.