Экономические науки/ Экономика промышленности

Елпанова М.А.

к.э.н., доцент (КГУ им. Коркыт Ата, Казахстан)

Казбекова Л.А.

к.э.н., доцент (КГУ им. Коркыт Ата, Казахстан)

Ибрагим А.Ж.

(магистрант (КГУ им. Коркыт Ата, Казахстан)

Даден А.А.

(магистрант (КГУ им. Коркыт Ата, Казахстан)

 

Өнеркәсіп саласының әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытуда алатын орны мен рөлі

 

Қазақстан өз дамуының жаңа сатысында - өзінің жаңа қоғамдық құрылғысын қалыптастыру сатысында тұр. Қазақстанның бұл сатыда одан әрі дамуы көбіне оның экономикалық әлеуетінің ауқымдылығына байланысты. Қазақстан экономикасы жүргізіліп жатқан қоғамдық қайта құрудың материалдық базасы ретінде күрделі салалар кешенін құрайды, оның ішінде ерекше орынды дәстүрлі түрде өнеркәсіпке береміз. Өнеркәсіп - материалдық өндірістің ең басты және жетекші саласы. Ол өндірістік күштер мен өндірістік қарым-қатынастардың дамуына шешуші ықпал жасайды.

Өнеркәсіп және әсіресе ауыр индустрия экономикадағы кеңейтілген ұдайы өндірістің негізі болып табылады. Ауыр индустрия бүкіл халық шаруашылығында техникалық прогресті қамтамасыз ете отырып, өнеркәсіптік өндірістің, ауыл шаруашылығының, көліктің, байланыстың, құрылыстың, сауданың барлық салаларын озық технологиялармен қаруландырады. Өнеркәсіпті, ең алдыменен ауыр индустрия салаларын одан әрі дамыту біздің еліміздегі экономикалық әлеуетті қайта өрлетудің және әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуды қамтамасыз ету міндеттерін ойдағыдай шешудің маңызды шарттары болып табылады.

Өнеркәсіп ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейді және халық тұтынатын    тауарлардың    негізгі    бөлігін    өндіреді,    қоғам    қажеттілігін қанағаттандырады, оның материалдық игіліктерін арттырады. Мемлекеттік жинақтауда өнеркәсіптің орны өте орасан. Өнеркәсіпті дамыту өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруға, елдің экономикалық аудандарын жан-жақты дамытуға, бай табиғи ресурстарды мақсатқа сай пайдалануға мүмкіндік береді. Оның үстіне өнеркәсіп өзінің дамуында үлкен жолдан өтті. Қазіргі таңда ол өзінің астына 134-тен астам саланы біріктіреді. Өнеркәсіптің ағымдағы жіктемесінде 11 кешенді саланы бөліп қарауға болады. Өнеркәсіптің базалық кешендері - бұл отын-энергетикалық, металлургия және орман-құрылыс материалдары кешендері.

Соңғы жылдары ғылыми-техникалық прогресс әсіресе машина жасау өндірісінің салалық құрылымына үлкен ықпал етті, бұл электр-энергетика, құралдар жасау секілді салалардың: есептеу техникалары құралдары, компьютерлер өндірісі, күрделі технологиялық процестерді бақылау және реттеу құралдары, роботтар және т.б. ішкі салаларының дамуына қол жеткізді. Металлургия, химия және өнеркәсіптің басқа да салаларының жаңа бөлімдері ашылды. Өнеркәсіптің жаңа саласы - микробиология пайда болды.

Мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың ең басты сипаты нарықтық қатынастар үстемдік еткен жағдайда өнеркәсіпке мемлекеттік ықпал ету жүйе болуы керек. Бұл ретте мемлекеттің және оның органдарының өнеркәсіптік қызметке араласу шегін анықтау қажет және оған мемлекеттік ықпал әдістерінің мейлінше жеткілікті тізімін беру керек. Осыған байланысты мемлекеттік өнеркәсіптік саясатты жүзеге асырудың негізгі мақсаттарын, ұстанымдарын, бағыттары мен механизмдерін, оның ішінде мемлекеттік мақсаттық бағдарларамалар арқылы бекіту ұстанымы түрде маңызды болып табады, мемлекеттік органдардың, билік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өнеркәсіптік қызмет саласына қатысты функцияларын, құқықтары мен міндеттерін нақтылау қажет.

Осыдан келіп, Қазақстанның стратегиялық өнеркәсіптік саясаты Қазақстанның барлық аймақтарында, ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өзара пайдалы кооперациялық және серіктестік негіздерге интегралданған, бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісін қамтамасыз ететін елдегі кәсіпорындар мен жоғары және ғылыми сыйымды технологиялар салаларын бір ізбенен жүйелі және біртіндеп, саты бойынша қалыптастыруға бағытталуы тиіс [1].

Соңғы уақытта бәсекеге қабілеттіліктің үкімет саясатымен басқарылатынын бекіту жоғары бағалануда: мақсаттылық, лоббизм, импорт пен субсидияны жеңілдету жапондық және оңтүстіккореялық автомобильдерді таратуға, болат құятын өнеркәсіпті, кеме құрылысын, жартылай шала өткізгіш индустриясын әлемдік көлемдегі деңгейге дейін дамытуға мүмкіндік беруде.

Ұлттық деңгейдегі бәсекеге қабілеттіліктің табиғи ақылды концепциясы - бүл өнімділік. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты қазақстан халқына жолдауында айтылған: «Еңбек өнімділігінің кешенді артуы аса маңызды міндет болып табылады» [2]. Кез-келген мемлекеттің негізгі мақсаты өз азаматтарының өмір сүру деңгейінің тұрақты және жоғары жетістікте өсуінен тұрады.

Сонымен, бәсекеге қабілетті ел болу үшін өндірістің жеке салаларының бәсекелестігін арттыру, сонымен қатар, өндірістің бәсекеге қабілетті деңгейіне шығу үшін өндірісті жаңарту немесе технологиялық қайта жарақтандыруға ынталандыру керек, басқару қызметінің маңызды бөлігін, жаңа мамандықтар мен кәсіптердің жұмысшы кадрларын даярлау және қайта даярлау, өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфракұрылымдарды дамыту жөніндегі іс-шараларды қалыптастыру және жүзеге асыру қажет.

Қазақстанның             ғылыми-өндірістік           әлеуетінінің бәсекелік артықшылықтарын бір сөзбенен жүйелі импорттың орнын басу салалары мен индустрияның өңделген өнімдерін экспорттауды кеңейту үшін барынша пайдалану керек. Мемлекеттің өнеркәсіп саясатының маңызды аспектісі дамыту ең алдымен жалпы экономикалық жағдайға ықпал ету үшін қажетті болатын өнеркәсіптік қызметтің, секторлардың немесе салалардың басым бағыттарын айқындайтын құрылымдық саясат болып табылады.

Өнеркәсіптік қызметтің басымдық бағыттары халық шаруашылығы кешенінің (станок-аспап өнеркәсібі, электр-энергетикалық) техникалық базасын жасау мен дамытуды қамтамасыз ететін төртінші және бесінші технологиялық құрылыстар (электроника, әуеқұрылысы, автомобиль құрылысы, XXI ғасырдың технологиясын талдау бөліміндегі салалық ғылым) ядросын қалыптастыратын; инфрақұрылымдар (жол-коммуналдық машина құрылысы, құрылыс материалдары өнеркәсібі) саласы үшін шығарылатын өнімдер; тұрғындарды бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттандыратын (тамақ, жеңіл және текстиль, медицина өнеркәсіптері) салаларымен тікелей байланысты.

Осылайша, өнеркәсіп саясатының орталық міндеті қазіргі техникалар мен материалдардың прогрессивтік базалық өндірісін сақтау және дамыту болуы тиіс. Бұл өндірістер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының және қазақстандық экономиканың гүлденуінің негізін құрауы мүмкін.

Тау-кең шығару өнеркәсібі көлемінің өсуі отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды шығаруды арттыру есебінен қамтамасыз етілді. Бұл секторға бүкіл өндірілетін өнеркәсіп көлемінің 90%-ына жуығы келеді. Және соңғы жылдары өсу деңгейі орташа есеппен 10,2%, ал басқа секторларда (отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіруден басқасы) небәрі 2,8% құрады. Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 40%-дан астамы металлургиялық өнімдерге және дайын металл бүйымдары өндірісіне тиесілі, ал тамақ өнімдері өндірісіне 1/4 астамы тиесілі, онда өсу деңшейі 4,1% және 8,5% құрады. Мейлінше жоғары өсу қарқыны машина жасауда, металл емес минералдық өнімдер және химия өнеркәсібінде байқалып, тиісінше 35,%, 23,4%, 11,5% құрады.

Еліміздің экономикасының тұрақты дамуы инновациялық-технологиялық даму перспективаларымен тікелей байланысты. Аталмыш мәселенің күрделілігі тұрақты технологиялық прогресті қамтамасыз ету үшін оның негізгі бағыттарын анықтап қана қоймай, сонымен бірге, бірінші кезекте мемлекеттік қолдаудың қажет ететіндігімен және олар қол жеткізуге тиіс технологиялық дәрежеге келіп саясды. Басымдық дамуда мемлекет өз күшін қандай технологиялық құрылысқа бағыттайтынына байланысты бізді негізінде әр түрлі нұсқадағы технологиялық және экономикалық болашақ күтіп тұр. Әлемдік экономикалық жүйедегі Қазақстанды ойдағыдай біріктіру үшін инновациялық саясат саласында, әсіресе, мемлекеттіктен бастап жекелеген экономикалық   өз   бетінше   жүмыс   істейтін   кәсіпорындарға   дейін   барлық деңгейде инновациялық басқару саласында ең маңызды өзгерістер керек. Халық шаруашылығының жоғары өнімді және тармақтанған ерекше секторын ғылыми-техникалық кешенге айналдыруда мемлекет тарапынан бағдар жасалатын ғылым саласын басқарудың барлық жүйесін жетілдіру қажет.

Экономиканы дамытудың қазіргі сатысынан және еліміздің БСҰ-ына кіру мәселесінің өзектілігінен туындайтын басымдықтардың бірі Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында қарастырылғанындай, ұлттық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады [3].

Әлеуметтік-экономикалық дамытуға ықпал ететін басты факторлардың бірі өнеркәсіп өндірісі болып табылады. Өнеркәсіп өндірісінің дамуымен мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайына әсерін тигізеді.

Бұл факторлар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалык дамуының ойдағыдай болуының шарттары, индикаторлары болып табылады. Сондай-ақ аумаққа кәсіпорындарды орналастыру, инвестиция тарту үшін қосымша мүмкіндіктер жасау, еңбекпен қамтуды арттыру және басқа да өзекті мәселелерін шешу үшін қолайлы (1 сурет).

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық кеңістігі бірлігін сақтау және барлық аймақтағы тұрғындардың өмірін қамсыздандырудың қол жетімді әлеуметтік деңгейін қамтамасыз ету мемлекеттік аймақтық әлеуметтік саясатты жүзеге асыру қажеттілігіне байланысты. Аймақтық мүдделердің мейлінше маңызды әлеуметтік параметрлеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

 

 

1 сурет - Әлеуметтік-экономикалық дамуға әсер ететін басты факторлар

 

         әр түрлі аймақ тұрғындарының өмір деңгейі мен сапасының мемлекеттік әлеуметтік стандарттарға сәйкес келуі;

         аймақтардың    экономикасы    мен    экономикалық    әлеуетінің    басым бағыттарын дамыту негізінде жүмыс орындарын ашу және сақтау;

         ұдайы өндірістің және адам капиталын дамыту негізі болып табылатын әлеуметтік саланы сақтау, қолдау және дамыту;

         тұрғындардың еңбек, кәсіби және рухани әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау;

         әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қаржы көздерінің болуы;

         аумақтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

         жергілікті орындарда әлеуметтік тұрақтылықты және орнықтылықты сақтау.

 

Әдебиет

1. Бердалиев К.Б. Стратегиялық менеджмент: Оқулық.-Алматы.-2011.

2.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері.

3.    «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2014.