КӘСІПОРЫН БЮДЖЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰРУДЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті
Оспанова Г.А.
ҚР-ғы
қазіргі экономикалық жағдай кәсіпорындарға
микроэкономикалық деңгейде ішкі фирмалық жоспарлауда
және макроэкономикалық деңгейде стратегиялық
жоспарлауда жаңа қадамдар жасауды қарастырады. Кәсіпорынның
қабілеттілігі нарықтық қатынастардың зәру
мәселелерінен шығады, яғни оның мақсатын
бюджеттеу арқылы ертерек кәсіпорынның өз күшімен
орындауға мүмкіндігін
және қаржыландырудың тартылған көздері
арқылы өндірістік бағдарламаны орындауды қамтамасыз
ететінін, материалдық-техникалық базаны нығайтатын және
басқа да міндеттерді шештінін анықтауға болады. Бюджеттеуді
басқа экономикалық пәндерден бөлуге болмайды,себебі,
оны кәсіпорынның қызметін, басқару процесінде
жоспарлау, бақылау және басқару қызметі арқылы
пайдаланады.
Бюджеттеу–
бұл жоспарлау, бақылау, басқарушылық қызметті
реттеу және кәсіпорынның даму стратегиясы негізінде тиісті
өндірістік жобаларды орындау мақсатында шешімдерді қабылдау процесі
арқылы экономикалық субъектіні басқару.
Бюджеттеудің негізінде
материалдық, еңбек, қаржылық және басқа да
ресурстарды тиімді басқару жүйесі жатыр. Нарықтық
экономика жағдайында кәсіпорын өз бетінше жоспарлауды, өндірістік
бағдарламаларды дайындайды, өнімдерді өндіру мен
өткізу, баға, әлеуметтік-экономикалық саясаттар
жөніндегі стратегияны анықтайды. Осы және басқа да
міндеттерді орындау үшін, сонымен қатар басшылар мен менджерлерге
шешімдер қабылдау үшін өндірістік бағдарламалар мен
жобалардың орындалуына байланысты барлық шығындардың
түрлері бойынша, тартылған инвестициялар туралы сенімді және
объективті ақпарат қажет.
Нарықтық
экономика шаруашылық және қаржылық дербестікті
болжайды.
Шаруашылық дербестік– кәсіпорынның
ұйымдастыру формасын, қызмет түрін,
бизнес бойынша серіктерді, өткізу нарығын, бағаларды
белгілеу және басқаларды
анықтауда өз таңдауын білдіруі, ал
қаржылық дербестік – оның толық өзін-өзі
қаржыландыруы, қаржылық стратегияны, баға
белгілеу саясатын жасаудан тұрады.
Осыған
байланысты тиісті бағдарламалар мен жобаларды орындау мақсаттары
мен міндеттерінен туындайтын жоспарлау, бақылау және
реттеуді қамтамасыз ететін
бюджеттеу қажеттілігі көрініс табады.
Бюджет
– кәсіпорынның шаруашылық (операциялық),
инвестициялық және қаржылық қызметінен болатын
шығындар мен түскен қаржыларды көрсететін
операциялық қаржылық жоспар.
Бюджет
кәсіпорынның қызметінен және даму жоспарының
сандық түрінде көрінісі болып табылады, ол кәсіпорын
әр түрлі баламаларда қандай пайда табатындығы туралы
сұраққ жауап береді.
Кәсіпорында
бюджетті қолданудың бірқатар артықшылықтары бар:
1.
стратегиялық және тактикалық жоспарлау
өндірістік жағдайларды бақылауға көмектеседі;
2.
бюджет басқарушылық бақылаудың
құрамдас бөлігі болып табылады, ұйымның
және оның бөлімшелерінің қызметінен
нәтижелерін бағалауға объективті негіз жасайды;
3.
бюджет кәсіпорынның әр түрлі
бөлімшелерінің қызметін үйлестіруші құрал
болып табылады;
4.
бюджет – жауапкершілік орталықтарының
жоспарды орындауын бағалау үшін бағалау негізі: менеджерлер
жұмысы бюджеттің орындалуы туралы есеппен бағаланады; нақты
нәтижелерді бюджет мәліметтерімен салыстыру менеджерлер
жұмысын қай аймаққа бағыттау керек екендігін
көрсетеді;
5.
бюджеттің көмегімен ауытқуларды талдау
жүргізіледі.
Қаржылық
стратегияны жоспарлаудың мақсаты инвестицияны тарту жоспарын
құру болып табылады. Кәсіпорындар үшін күрделі
салымдар оның материалдық-техникалық базасын жаңарту және
бәсекеге қабілетті өнім өндіру мақсатында
жаңа технология мен техниканы ендіруде маңызды болып табылады. Осыған
сәйкес бюджеттеу кәсіпорынның инвестицияға
қажеттілігін анықтау мен қаржылық стратегияны
жүзеге асыруда негізгі роль атқарады.
Күрделі
салымдар туралы шешім – бұл күрделі салымдар сметасын
құру мен оның қайтарымдылығын бағалаумен
байланысты ұзақ мерзімді шешімдерді қабылдау. Бұл
процесс мына бағытта қолданылады:
а) компания
қандай инвестициялық жобаларды таңдау керектігін
анықтау;
ә) жобаны
жүзеге асыруда компания күрделі салымның жалпы сомасын
анықтау;
б) жобаның
қалай жүзеге асырылатындығын анықтау.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Хруцкий В.Е. Внутрифирменное бюджетирование:
Настольная книга по постановке финансового планирования. М.:ФиС, 2007.
2.Ержанова А.К., Айтанаева
Ә,К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Бақару
есебі. Оқу құралы. Алматы: 2009. -304б.
3.Төлегенов
Э.Т., Басқару есебі. Оқулық – Алматы, Экономика, 2006