Ауыл шаруашылығын
дамытудағы инвестицияның
орны және оны
жетілдіру бағыттары
Жетекшісі: Есқара М.А. – а.-ш.ғ.д., профессор
Сейтжанова Э. – 2 курс
магистранты, ҚИПХДУ, Шымкент қ., ҚР
Ауыл шаруашылық саласында мемлекетпен
инвестициялық саясатты жүргізу
жеке секторды ынталандыру бойынша
және шикізаттық өндірісті дамыту мақсатында мемлекеттік инвестицияны жүзеге
асыруда кешенді шаралары жүргізілуде. Мемлекеттің
инвестициялық саясаты барлық мүмкін тетіктерді
қолдануды қарастырады. Орталықтандырылған жоспарлы
жүйеде «жалпы капитал салым» ұғымы қолданылған.
Аталған капитал салымы ұдайы өндірістің негізгі
қорының барлық шығындары мен оны жөндеу
шығындарын қамтиды.
Стратегияның ең маңызды міндеті
ауыл шаруашылығын мақсатты инвестициялық және
ғылыми-техникалық
бағдарламаны жүзеге асыру қажет. Белгілі Стратегиямен
мақсатқа жету үшін ауыл шаруашылық саласын
инвестициялық қаржыландыру мен оны мемлекеттік даму институтында
қатайтуда арнайы мамандандырылған институттар құру
керек, Қазақстанның
аграрлық секторының инвестициялық қорын,
Қазақстанның АӨК дамыту Банкі, Ауыл шаруашылық
инновациялық қор, ауыл шаруашылық кәсіпкерлерінің
Несиелік Комитетін, Жер Банкісін және инвестицияны сақтандыру
бойынша басқалай корпорациялар. Осы аталған институттар бірдей
жүйені қалыптастыру керек. Мұндай жүйе
орталықтанбаған, маманданған, бәсекелік және
транспаренттік қағидалар негізінде тұрақты қызмет жасауы керек.
Іс-тәжірибеде мемлекет бір ғана даму институтына
қаржылық пен ақпараттық ресурстарды жұмылдырып
қана қоймайды, ол мынадай мүмкіндіктерді береді: біріншіден, шешім қабылдау кезінде
потенциалды жүйелік қателіктерден арылады; екіншіден, қолдау көрсету сәтінде ашық
саясатты жүргізуде бәсекелік үшін негізін қалау; үшіншіден, жеке секторға
тереңдетілген талдау жүргізу.
Сондықтан, мемлекетпен жүргізілген
стратегиялық бағыттың нәтижесінде Оңтүстік
Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласын
тұрақты дамытуды жетілдіру барысында бөлінген қаржыны
мына 6-шы кестеден көруге болады.
Кесте 6. Оңтүстік Қазақстан облысының
2008-2012 жылдардағы ауыл шарушылық саласын дамытуда
жұмсалған инвестицияның көлемі.
млн.теңге
|
N |
Қарастырылған іс-шаралар |
Жұмсалған шығындар |
||||
|
2008ж. |
2009ж. |
2010ж. |
2011ж. |
2012ж. |
||
|
1. |
Ауыл шаруашылық
салаларындағы техникалық жарақтандырудың сапалы
өсуі |
745 |
753 |
762 |
773 |
785 |
|
2. |
Ауыл шаруашылық
салаларында ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтау |
1683,8 |
1705,3 |
2189,2 |
2672,2 |
3253 |
|
3. |
Ауыл шаруашылық салаларын ғылыми қамтамасыз
ету және инновациялық әзірмелерді енгізу |
91,25 |
93,25 |
93,25 |
93,25 |
93,25 |
|
4. |
Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
771,4 |
771,4 |
773,4 |
776,4 |
781,4 |
|
5. |
Ауыл шаруашылық саласын
қаржылық және сақтандыру инфрақұрылымын
қалыптастыру |
3840 |
3840 |
3850 |
3860 |
3870 |
|
6. |
Ауыл шаруашылық саласын
мемлекетпен реттеу және елдің азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету |
100 |
110 |
121 |
133 |
146 |
|
7. |
Ауыл шаруашылық
өнімдерінің сапасын субсидиялау |
166 |
266 |
216 |
216 |
216 |
|
8. |
Ауыл шаруашылық өнімдерін
дайындау жүйесі |
59,5 |
63,5 |
47,7 |
52,4 |
57,6 |
Демек, осы аталған бағыттағы инвестицияларды тиімді
қолданып және басқару арқылы іс-шараларды жүзеге
асыра отырып, өзіндік құны төмен, жоғары сапалы
өнім өндіру арқылы ғана дүниежүзілік
бәсекелестікте өз орнымызды таба аламыз, яғни мынаған қол жеткіземіз деп
айтуға болады:
-
өндірілген
өнімді тиімді бағамен сатуға және нарықтық
жағдайда бәсекелестігі жоғары өнім өндіруге;
-
жаңа
инновациялық тұрғыда техникалық
құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі арқылы
олардың тиімділігі жоғарылайды;
-
зиянкестермен күрес
жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік аламыз;
-
агротехникалық іс-шараларды жүргізгенде қуатты,
өнімділігі жоғары техникаларды кеңінен пайдалану
мүмкіндігі артады;
-
минералды тыңайтқыштар жүйелі түрде
пайдаланылады.
Біздің ойымызша, ауыл шаруашылық саласында инвестициялық
үрдісті мемлекет тарапынан
басқаруды жетілдіру арқылы мына бағыттар ұсынылады:
Біріншіден, ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартуда
және оны басқаруда ең алдымен аймақтық
ерекшеліктерін зерттеп алып, ауыл шаруашылық құрылымдарын
ірілендіруді ынталандыру мақсатында мемлекетпен берілетін
жеңілдетілген несиелер, жанар-жағар май, субсидия беру,
механизмнің құқықтық базасын дайындау
қажет;
Екіншіден, облысымыздың ауыл шаруашылық саласында
инвестицияны басқару үрдісін жетілдіру мақсатында шет
елдердің тәжірибесін зерттеп, оны жүзеге асыру қажет.
2009 жылдан бастап минералды
тыңайтқыштар ендірілетін егіс көлемін ұлғайту
мақсатында, ауыл шаруашылық тауар өндірушілері пайдаланатын
минералды тыңайтқыштардың құнын 50 пайыз
арзандатуға бағытталған жаңа бюджеттік бағдарлама
жұмыс істей бастады. Сондай-ақ, мал шаруашылығы
өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында
жыл сайын мал тұқымын асылдандыруға, ірі қара мал,
қой, шошқа, құс еттері мен сүт,
жұмыртқа өндіруге керекті құрамажем бағасын
төмендетуге кететін шығындарға субсидиялар берілуде.
Сондықтан, БСҰ-ға кірер алдында
біз ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау және оның тетіктерін жетілдіруге барынша
күш жұмсауымыз керек. Мемлекеттік қолдау арқылы біз
ауыл шаруашылық субъектілерінің жұмыс істеу жағдай
жасауымыз қажет. Міне, ауыл шаруашылығында шешімін таппаған
үш үлкен мәселені жетілдіру керек: біріншіден, техниканың жетіспеушілігі, екіншісі қаржының жетіспеушілігі, үшіншісі ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу,
өңдеу мәселесі секілді.
Елбасымыздың халыққа берген
Жолдауында сала басшылығы мен мамандарының алдына ауыл
шаруашылығын бәсекеге қабілетті өнімдерді мол
өндіріп, оны экспортқа шығарып, еліміздің бюджетін
тұрақты түрде толықтырып отыратын рентабельді
салаға айналдыру міндетін қойды. Осыған байланысты және
әлемдегі экономикалық және қаржылық
дағдарысынан шығу мақсатында
2009-2011 жылдарға арналған 3 жылдық бюджетте жыл
сайын ауыл шаруашылығына 1 миллиард теңге АҚШ доллары
көлемінде қаржы қаралатынын айтқан болатын. Осы
негізде, 2009 жылдан бастап Ұлттық қордан экономиканы
тұрақтандыру үшін бөлінген 10 миллиард АҚШ
долларының 1 миллиарды ауыл
шаруашылығын дамыту үшін «КазАгро» ұлттық холдингіне
бөлінді. Ал қосымша бөлінген қаржы, негізінен, ауыл
шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру мен
кооперациялауға жұмсалады. Атап айтатын болсақ, дамыған
экспорттық инфрақұрылымдары бар жылыжай,
көкөніс, мал
бордақылау мен тауарлы сүт
кешендері, құс фабрикалары салынды. Қазіргі заманғы ет,
сүт, көкөніс өңдеу кешендерінің
құрылысы жүргізілді,
тамшылатып суару технологиясы енгізіліп, жеміс-көкөніс дақылдары
өндірілді, ауыл шаруашылығы жаңа қуатты техникалармен
жарақтандырылды, яғни ауыл шаруашылығын
индустрияландыруға бағытталады[50].
Республика көлемінде жыл сайын көктемгі
егіс жұмыстарын жүргізуге шаруаларға миллиардтаған теңге несие бөлініп отырады.
Бірақ, екінші деңгейлі банктер мен «Казагро» ұлттық холдингіне қарайтын
қаржы ұйымдарының
несие беру жолдарының қиын және үстеме
сыйақыларының жоғары болуына байланысты Үкімет
тарапынан ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бөлінген
қаржыларды көптеген шаруашылықтар пайдалана алмай
отырғаны бәрімізге белгілі, себебі олардың кепілі
қоятын мүлкі жоқ. Айталық, Оңтүстік
Қазақстан облысы бойынша «Азық-түлік келісім шарт
корпорацисы» АҚ арқылы берілетін несие көлемі 2006
жылғы 1 миллиард теңгеден 2008 жылы 70 миллион теңгеге дейін немесе 15 есеге азайғанын
көруге болады.
Қазіргі таңда Қазақстанда
ауыл шаруашылығы саласының бәсекелік қабілеттілігіне
қол жеткізу үшін алғы шарттар жасалған:
заңдылық база қалыптасқан; жоғары ғылыми
потенциалға ие зерттеу лабораториясы мен тәжірибелі
шаруашылықтары бар. Ғылыми-зерттеу институтының кең
желісі бар; енгізуге дайын жоғары тиімді технологиялардың
қатары дайындалған. Енді ауыл шаруашылық саласындағы
кәсіпорындарда венчурлық фирмаларды құру керек.
Оңтүстік Қазақстан
облысында ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі
отандық ауыл шаруашылығының өнімділігі мен
бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Осыған
байланысты, облысымыздың ауыл шаруашылық саласында экономиканы
тиімді өркендете алатын, бәсекеге шыдамды мақта-мата, тігін
және жүзім кластерлерін одан
әрі жедел дамыту болып саналады. Оңтүстік
Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылы 17 тамыздағы
N450 қаулысымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық
аймақты дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі
құрылды және арнайы экономикалық аймақтың
дирекциясы инвесторларды кәсіпорындарға тарту жұмыстарымен
айналысты. Инвестицияларды тарту мәселелерін шешуде бұл
өңірде облыстың экономикалық даму стратегиясының
басты элементтерінің бірі болып саналатын «шарапшылық,
көкөніс пен жеміс-жидекті қайта өңдеу» кластерін
қалыптастыруға қажетті алғы шарттар жасалынды.
Кластерге біріктіру қайта өңдеу кәсіпорындарына
өндіретін жеміс өнімдерін әлемдік нарыққа
бәсекеге түсу қабілетін арттыруға мүмкіндік бар.
Осыған орай, облысымыздың ауыл шаруашылығы саласында екінші
деңгейдегі банктер мен несие серіктестері арқылы
қаржыландырудың қаржы-несие жүйелерінің
жаңаландырылған жұмыстары басталып кетті. Демек, ауыл
шаруашылығы өндірісін мемлекет тарапынан қолдау шаралары
қазіргі таңда ерекше қолға алынып отыр.
Бүгінде әртүрлі
бағыттағы мүдделер мен қоғамдық
өндірістің түрлі салаларында алуан түрлі қызмет
түрін жүзеге асыратын инвестициялық қызметтің
объектілері мен субъектілерінің кеңейтілген шеңбері
ұлттық экономика көлемінде олардың қызметін
басқару мен реттеудің объективті қажеттілігін айғақтайды.
Мемлекеттің инвесторларға қолайлы жағдайды
қалыптастыру негізінде әр түрлі реттеуші құралдар
формаларын, әдістерін пайдалану арқылы инвестицияның
барлық субъектілерінің іс-әрекетін еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы
бағыттылығымен сипатталатын көрсетеді. Сонымен қатар
инвестициялық үрдістегі барлық тұлғалардың
экономикалық мүддесінің үйлесімділігін және
олардың инвестициялық қызметінің белсенділігін
арттыруды қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылық саласында инвестициялық
үрдісті мемлекет тарапынан басқарудың және
реттеудің объективті қажеттілігі тікелей жер мен тірі
табиғатты өндіріс құралы, зат және еңбек
сайманы ретінде пайдалануы, капиталдың төменгі дәрежелі
құрылымы, маусымдық жұмыс, қор
қайтарым деңгейінің төмендігі,
капиталға деген қажеттіліктің өсуі мен тағы да
басқа ерекше факторларда өз әсерін тигізеді. Ауыл шаруашылық саласында
инвестициялық қызметті мемлекет тарапынан басқарудың негізгі мақсаты – ең алдымен
өндірісті іске қосып,
халықты азық-түлікпен және басқалай тауарлармен
қамтамасыз ету, экспорттық әлеуетті қалыптастыру,
халықты жұмыспен қамту, ауылдың әлеуметтік
жағын дамыту және инвесторлардың инвестициялық
белсенділігін арттыру. Міне, ауыл шаруашылық саласын дамыту үшін
инвестициялық ресурстар тапшылығын жеңу мақсатында
барлық ішкі және сыртқы мүмкін көздерді
жұмылдыру керек. Ол үшін барлық инвесторларға
мемлекетпен кепілдетілген түрде қолайлы жағдай жасау
қажет.
Мемлекет
тарапынан ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық белсенділікті
арттыру үшін бірқатар мәселелерді шешу жоспарлануда:
сақтандыру және қайта сақтандыру жүйесін дамыту
негізінде экономиканың нақты секторын инвестициялау кезінде
тәуекелді төмендету, жер нарығын қалыптастыру, шетел
инвестициясын тартудың нормативті-құқықтық
базасын жетілдіру қажет. Мемлекеттің халықты әлеуметтік
жағынан қорғаудағы маңызды жолы өз
экономикасының басқару рөлін күшейту, жалпы
ұлттық өнімде мемлекет үлесін ұлғайту болып
табылады, мұндай жағдайда мемлекет ұлттық қаржы
капиталын шоғырландыра бастайды.
Жалпы әр салада инвестицияны басқару
бағыты бойынша қазақ ғалымдарының профессор
С.Сатыбалдин мен Т.Жандәулеттің ой-пікірлеріне тоқталатын
болсақ: «аймаққа инвестициялық үрдісті
ынталандыруда мемлекеттік іс-шаралар жергілікті және жоғарыда
тұрған билік органдарының ынталандыру шараларынан
тұрады. Өзара іс-әрекет дәрежесі мен мемлекетті
реттеуші осы екі құраушы мемлекеттің аймақтық инвестициялық
саясатының тиімділігін анықтайды. Келешекте, бұл қай
жерге қажет болса, біз сол аймақтағы жоғары
тұрған органдардың инвестицияны ынталандырудағы
экономикалық шараларын орталықтандырылған мемлекеттік
шаралары деп атаймыз». Осы орайда аталған мәселе бойынша
Н.К.Мамыров пен Ж.Ихдановтар: «мемлекеттің құрылымдық
саясатын жүзеге асыру тек ең алдымен макроэкономикалық
деңгейде инвестициялық шешімді қабылдау мен орындау кезінде ғана,
яғни құрылымдық саясаттың инвестициямен
тығыз өзара байланыстылығы болған жағдайда нақты іске асады», - деп атап
көрсетті.
Мемлекет тарапынан ауылды дамытуда үш
басымдылық белгіленген: азық-түліктің жеткіліктілігі,
экспортқа шығатын өнім өндірісін ұлғайту
және ауылда лайықты өмір сүру дәрежесін
көтеру, шикізатты қайта өңдеу бойынша
инвестициялық жобаны қалыптастыру мен талдау деңгейінде ауыл
шаруашылығын жалпы экономикалық
жағдайын бағалау. Ол
инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігін
көрсететін анықтаушы фактор болып келеді, сондай-ақ осы
саладан қолайлы жағдайды күтуді қалыптастырады,
олардың қарым-қатынасын, дұрыс және теріс
тенденцияларын айғақтайды. Мәселен,
республикамыздың
биоклиматтық әлеуеті басқа Батыс Еуропа және
АҚШ елдеріне қарағанда үш есе төмен. Осы орайда
біздің ауыл шаруашылығымыздың бәсекеге қабілеттілігі төмен және
шығындылығы жоғары болғандықтан,
мемлекеттің қолдауынсыз нарықтық
жағдайларға бейімделу мүмкін болмайды. Осыларды есепке ала
отырып, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырудың
маңызды факторы аграрлық секторға мемлекеттік, жеке, отандық
және шетелдік инвестицияны тарту болып табылады. Демек, ауыл
шаруашылығында мемлекеттік инвестициялық саясатты анықтау
кезінде оның негізгі үш бағытта жүзеге асырылып
жатқанын нақтылап көрсету қажет:
1.
Мемлекеттік
бюджет қаржыларын қолдану арқылы.
2.
Ішкі
несиелік ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы жеке және
заңды тұлғалардың меншіктік қаржы
құралдарын тартуды ынталандыру арқылы.
3.
Шетел
инвестициясын ұтымды пайдалану және жұмылдыру тетігін
жетілдіру негізінде.
Жоғарыда аталған басымды
бағыттарды таңдау мен олардың үйлесімділігін
қамтамасыз етуде экономиканың аймақтық-салалық
құрылымының ең тиімді жағын қолдау
мақсатында мемлекеттік инвестициялық саясат негізі жасалынады. Елімізде ұлттық
инвестициялық стратегияны дайындауда мемлекет пен бизнестің рационалды
қатынасын құру қажет. Мұнда мемлекеттің
кәсіпкерлік және кәсіпорындардың ісіне тікелей емес,
керісінше бизнесті үйлестіру, ықпал ету, бизнес ережелерін
қалыптастыру және бақылау қажеттілігі
айқындалады. Сондықтан, мемлекет кәсіпкерліктің тиімді
жұмыс істеуіне жағдай жасау арқылы барлық
шаруашылық қызметтерге бірдей тәртіпті орнатуы және
қолдауы қажет. Барлығына бірдей
заңды-құқықтық, қаржы-несиелік,
салықтық, амортизациялық, сыртқы экономикалық
саясат пен басқа да мемлекеттің қызмет түрлеріне
бағытталуы шарт. Олардың барлығы еліміздегі
инвестициялық ахуалдың жақсаруына, экономикаға
инвестицияның ағылуына жағдай жасау, ұлттық
көлемде инвестициялық үрдістің белсенділігін арттыруы
керек.
Инвестициялық үрдісті басқаруда
маңызды орынды қаржы құралдарының ерекшелігі зор.
Ол шарттарды қарау арқылы бір жағынан, іске
қосылған ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыру,
басқа жағынан, оны тартудың экономикалық
мақсаттылығын қамтамасыз ететін жағдайларға
ықпал ету тәсілдерін қосады. Бұл топтағы
құралдар инвестициялық
үрдіске мемлекеттік емес ақшалай құралдардың
тартылуына бағытталуы тиіс. Бұл инвестициялық үрдісті
жүзеге асырудың барлық мерзімі ағымында таңдау
және кепілдік сияқты оны қолданудың ерекше белгілерін
анықтайды. Мұндай топқа инвесторлар үшін салық жеңілдіктері,
қаржы салымдары (субсидия және субвенция түрінде) және
әлеуметтік бағыттағы займдар (мемлекеттік және
мемлекеттік емес) қосылуы қажет. Біздің еліміз де ауыл
шаруашылық саласының ерекшеліктерін ескере келе, әлемдік
тәжірибенің инвестицияны басқару мен қолдануда
объективті талдау мен бағалауға жанасуы қажет. Мысалы, Азия
аймағындағы дамушы елдер алдыңғы қатарлы
технологияларды басымды салалар мен өндіріске тартты. Демек,
тартылған инвестиция ауыл шаруашылық саласының
инновациялық қызмет саласына бағытталғанда республикамыз жалпы әлемдік интеграциялық үрдіске
қатысу мүмкіншілігіне ие болады[51].
Қазіргі таңда
Қазақстанның аграрлық секторында
құрылған инвестициялық қордың мақсаты
ауыл шаруашылық саласында өз ынтасымен қатысушыларға
қаржылық қолдау көрсету. Осы қордың
құрылуы қор нарығының дамымауынан, отандық
компаниялардың төменгі капитализациясы, отандық нарықта
инвестицияның ауыл шаруашылығының өңдеуші
өніміне ағылуын қамтамасыз ететін нарықтық
механизмдердің болмауынан негізделеді. Қор қаржы секторы
үшін қызмет жасаудағы ең жаңа сапалы белгілі
деңгей болып келеді. Қордың банктер мен басқалай
қаржылай институттарымен
серіктестігі жаңа өндіріс пен қор
нарығының дамуы үшін белсенді соққы болып
табылады. Қор толығымен Қазақстанның Даму
Банкісінің кооперациясымен
жұмыс істеуі қажет. Осы екі институт бірін-бірі
толықтыра отырып, несиелеу мен бастапқы капиталды орналастыру
арқылы қаржыландырады. Болашақта шетелдің
маманданған қаржылық ұйымдар қорын тарту
мәселесі алға қойылып отыр.
Қазақстанда 1998 жылы
құрылған «Қазинвест» ЖАҚ орталығының
міндеті барлық елдердің ішінде инвестицияны салу жөніндегі
негізгі беделін көрсету. Содан кейінгі мақсаты инвесторларды іздеп,
біздің мүмкіншіліктерімізді әлеуетті инвесторларға
ақппараттандыру жүйесін құру болып табылады.
Қазіргі таңда консалтингтік қызмет өте белсенді
қызмет атқаруда. Бір сөзбен айтқанда, ауыл
шаруашылық саласында қызығушылық танытқан
компаниялар бірін-бірі тауып және бірлесіп жұмыс істеуі керек. Осы мақсатта 2003-2015 жылдар аралығында Стратегияның индустриалды
және инновациялық дамуында ең басты мемлекеттік
институттар мен жеке сектордың
арасында серіктестік қатынасты орнату мүмкіндіктері болады.
«Қазинвест» пен даму институттарының алдына осындай
жауапкершіліктегі тапсырмалар қойылған. Жоғарыда
аталған ұйымдармен мемлекет бірлесе жалпы өнімнің
бәсекеқабілеттілігін дамытуға өз күш-жігерін
қосады. Аталған Стратегияны жүзеге асыруда
қойылған мақсаттарға жетуде жыл сайын
инвестициялық шығындар 1,2 млрд. долларды, мұнда
мемлекеттің үлесі 200-300 млн. долларды құрайды. Шет
мемлекеттерінде статистикалық көрсеткіштерде инвестициялау бойынша
ең бірінші АҚШ (7 млрд.$), сосын Ұлыбритания (3 млрд.$)
және Италия (1,5 млрд.$) тұр.
Осы елдердің инвестициялық белсенділігі республикамызда аз
табыс әкелмейтін мұнай-газ секторын дамытуға
бағытталған. Қазақстанда инвестицияны
өңдеуші өнеркәсіпке салған Голландия (1,5 млрд.$)
болып келеді. Сондай-ақ, ол
көлік және коммуникация, қозғалмайтын мүлік
операциясы, газ және су қызмет түрлерін инвестициялайды.
Инвестиция Швейцария, Қытай, Ресей елдерінен де ағылып келуде, ал
басқа салалармен салыстырғанда
ауыл шаруашылық саласында инвестиция салу әлі де болса
төмен.
Сондықтан, мемлекеттің алда
тұрған міндеті ауыл шаруашылық өндірісіне жеке
инвестицияны тартуда қолайлы инвестициялық климатты
құру болып табылады, ал Стратегия ауыл шаруашылық
саласының басымды дамуын қамтамасыз етуі қажет. Ауыл
шаруашылық саласында инвестицияны басқару үрдісін
ынталандыруда экономикалық тетіктер ретінде инвесторларға
«Инвестиция туралы» ҚР-ның
заңына сәйкес мемлекеттік кепілдіктер мен гранттар,
инвестициялық салықтық преференциялар қолданылуы керек.
Осыған байланысты оларды фискальды салық саясатының
шараларымен толықтыру керек.
Сондай-ақ, ҚР-ның аграрлық өндірісіне,
оның аймақтарына инвестициялық мүмкіндіктер туралы
ақпарат көлемі мен сапасын ұсыну, экономиканың ауыл
шаруашылық саласына капиталды салу инвесторлар жағынан
маңызды шешім қабылдауға әсерін тигізетіні анық.
Осыған орай, инвестициялық мүмкіндіктер презентациясы бойынша
жүргізілген жұмыстар ауыл шаруашылық саласында
индустриалдық-инновациялық сектор салаларын дамытуда
табандылық танытуда. Ол потенциалды инвесторлардың келешекте тиімді
кәсіпорындарға инвестицияны салуда жеке инвесторлардың
қызығушылығын таныту мүмкіндігін ашады. Әсіресе,
ақпараттық-презентациялық шараларды жүргізумен
қатар АӨК-гі трансұлттық компанияның
инвесторларымен белсенді келісім жүргізу қажет. Айналым капиталы
мен күрделі қаржы салымын қаржыландыру қажеттілігін
ұлғайтуда өндіріс көлемінің өсуі
басқа жағынан кәсіпорындардың шетел инвестициясымен
тапқан табысының өсу есебінен борыш міндеттемелерін жабуда
төлемдерді ұлғайту мүмкіншілігін арттырады.
Еліміздің бюджеттік инвестициясы ауыл
шаруашылық саласындағы инвестициялық белсенділік пен
іскерлігін күшейтуге қабілетті, сонымен қатар ауыл шаруашылығын өндірістік
жоғары технологиямен қамтамасыз ету маңыздылығымен ауыл шаруашылық саласының
базалық және әлеуметтік инфрақұрылымын
дамытуға бағытталған. Ауыл шаруашылық саласына тікелей
бюджеттік инвестицияның құрылған мемлекеттік
қаржылық даму
ұйымдары арқылы жүзеге асырылуы керек.
Бүгінде ауыл шаруашылық саласын
дамытуда мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асырудың
басқа құралы бұл ұлттық компания болуы
қажет. Мемлекет сол компанияның меншігі ретінде шикізаттық
секторда жоғары технологиялық өндірісті дамытуға
оның ресурстарын белсенді түрде тарту өз ықпалын
тигізеді. Ауыл шаруашылық
саласында шетелдік инвестицияны тиімді басқару қажеттілігін
мойындай отырып, шетелдік инвесторлардың белсенділігін арттыруда инвестициялаудың
ұлттық тәртібін оларға ұсыну қажет.
Мұндай жағдайда: біріншіден,
сырттан келетін шетелдік инвестицияны тиімді қолдану; екіншіден, инвестициялық қызметті басқаруда
мемлекеттің рөлін күшейту; үшіншіден, елімізде ішкі инвестициялық капитал
көздерін қалыптастырып және оны қолдану қажет.
Біздің ойымызша, ауыл шаруашылық
саласында шетел инвестициясын тиімді басқаруды және қолдануды
ұлғайту барысында келесідей кешенді шараларды қарастыруымыз
қажет:
1.
шетел
заемдары мен несиені тартуда алдыңғы қатарлы технология мен
құрал-жабдықтарды сатып алуға қолдану;
2.
шетел
инвестициясын ауыл шаруашылық саласындағы шаруа
қожалықтарына тартуды ынталандыру;
3.
мемлекеттік
бақылауды күшейту жолымен тартылған шетел инвестициясын
ұқыпты қолдану;
4.
шағын
және орта кәсіпкерлік саласына шетел инвестициясын тартуды
ынталандыру;
5.
шетел
инвестициясын тиімді қолдану
және басқарудың негізгі ынтасының бірі ретінде еркін
экономикалық аймақты белсенді қалыптастыру;
6.
шетелдік
компаниялардың басқаруына берілген немесе сатылған
кәсіпорындарға мемлекеттік бақылауды күшейту;
7.
шетел
капиталына ақталмаған жеңілдіктерді біртіндеп алып тастау
және шектеу.
Әлемдік тәжірибеде дәлелденгендей, ішкі салымның
төменгі деңгейі сыртқы инвестицияның
құйылуына алып келеді. Демек, мұндай жағдайда біздің
елімізде шетел инвестициясы шешуші рөлі атқарып, бірақ сонда
да инвестициялық белсенділік генераторы рөлін орындауда
қосымша инвестициялық ресурстар көзі болып қала
беретіні анық.
Ауыл шаруашылық саласындағы
инвестициялық үрдісті басқару мәселесіне
соңғы жылдары үлкен мән берілуде, себебі ол нақты
және бір ғана қаржыландыру көзі болып табылады.
Қазақстанда жүргізіліп
жатқан инвестициялық саясаттың басты бағыты отандық және шетелдік
инвестицияны басқару жүйесін тиімді құру. Бүгінгі
таңда Қазақстанда ауыл шаруашылық саласында
қолайлы инвестициялық климатты қалыптастырудың
тетіктерін жүзеге асырудың жолдарын қарастыруымыз керек.
Мұны іске асыруда мемлекеттің тікелей қатысуымен
инвестициялық үрдісті басқару өз шешімін табады (сурет
1).
Міне, мемлекет тарапынан инвестициялық
үрдісті басқарудың тиімді саясатын жүргізе отырып, ауыл
шаруашылығындағы инвестицияны басқарудың қолайлы
жағдайын қалыптастыру арқылы онда жеңілдетілген салық
пен несиелер беру, амортизациялық саясатты орнату, қаржылық
қолдау сияқты әртүрлі мәселелерді көтеру
арқылы отандық өндірушілердің бәсекеге
қабілетті өнімдерді өндіруге
өз ықпал тигізетінін көруге болады.
Болашақта шетел инвестициясын тартуды
ұлғайту бірінші кезектегі тапсырма ретінде ішкі инвестиция
көзін қалыптастыру мен белсенділігін арттыру болып қала
береді. Демек, ауыл шаруашылық саласына ішкі инвестиция көзін
қалыптастыру мәселесі маңызды.
Инвестиция – бұл халық
шаруашылығының барлық салаларында негізгі қордың
ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұлғайтуға
бағытталған материалдық, еңбек және ақшалай
ресурстар шығындарының жиынтығы болғандықтан,
инвестиция агрофирмалардың серпінінің дамуын қамтамасыз етеді
және келесідей міндеттерді шешеді: біріншіден,
қаржылай және материалдық ресурстарды жинақтау есебінен
меншікті кәсіпкерлік қызметті кеңейтеді; екіншіден,
жаңа кәсіпорындардың қалыптасуы; үшіншіден, бизнестің жаңа аумағын игеру
салдарынан қызметтің диверсификациясы.
Елімізде мемлекетпен ішкі инвестицияны
басқаруды қалыптастыру келесідей міндеттерді шешуді
қамтамасыз ету қажет:
1.
отандық
ауыл шаруашылық өндірушілердің өнімдерінің
бәсекеқабілетілігін арттыру;
2.
импорт
алмасу өндірісін дамыту;
3.
алдыңғы
қатарлы технология, басқару мен өткізу әдісі негізінде
өндірістің ғылыми-техникалық деңгейін
көтеру;
4.
шағын
және орта кәсіпкерліктің дамуына қатысу;
5.
жаңа
жұмыс орнын қалыптастыру мен халықты жұмыспен
қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, мемлекетпен аймақты инвестициялаудың
мүмкін бағыттарын таңдау кезінде келесі мәселелер мен
көрсеткіштерге аса мән беріледі:
-
облыстағы
әртүрлі ауыл шаруашылық өндіріс салаларының
шығындылық деңгейінің жағдайы;
-
ауыл шаруашылық
өнімдерінің сақталу мерзімінің
ұзақтығы;
-
агроөнеркәсіптік
кешендегі соңғы өнім түрлерін кеңейту және
сақтау мүмкіндіктері.
Басқа да мемлекетпен алда тұрған келесідей
мәселелердің арасынан мыналарды атап өткен жөн:
-
мемлекеттік реттеу тетіктерінің әлсіз дамуы;
-
өндіріс нәтижелілігін арттырудағы
шаруашылық ішілік қатынастар мен маркетинг рөлінің жете
бағаланбауы;
-
агроөнеркәсіптік
кешендегі кооперация мен интеграция қағидаларына негізделген
шаруашылық басқару жүйесінің баяу қалыптасуын
айтуға болда.
Жоғарыда аталған
мәселелердің шешімінен әр түрлі аймақтардың
ауыл шаруашылық саласындағы инвестициялық
кеңістіктің қалыптасу жылдамдылығы тәуелді
болатындығына кәміл сенеміз.
Инвестициялық белсенділікті мемлекет тарапынан
басқаруды жүзеге асыру кезінде облысымыздың мүддесін
есепке алу әдістері мыналар:
- облысымыздың басымды инвестициялық саясатына
сәйкес инвестицияны қаржыландыру үшін берілетін несие бойынша
ссудалық пайызды субсидиялау немесе дифференциялау;
- облыстың әкімшілігі және банктің
кепілдігімен жеңілдетілген орталықтандырылған
инвестициялық несие беру;
- мемлекеттік
және жергілікті бюджеттен инвестициялық жобаны бірлесіп
үлестік қаржыландыру.
Аймақтың инвестициялық қызметке әсер ететін
іс-әрекеттегі құралдардың бірі жеделдетілген
амортизация болып табылады. Демек, аймақтардың ерекшеліктерін
есепке ала отырып, амортизациялық саясатты қатаң
қарастыру керек.