Н.Н.Aяз
М.Х.Дулaти aтындaғы Тaрaз мeмлeкeттік унивeрситeті,
Қазақстан
AЙМAҚТA
ИНВEСТИЦИЯЛЫҚ СAЯСAТТЫ ДAМЫТУ ЖОЛДAРЫ
Қазіргі ғылым, экономиканың маңызды
құрамдас бөлігінің бірі – тартылған инвестициялар
туралы білімдердің елеулі жиынтығын қамтиды. Барлық
салалардан экономико-заңдық танып білуді өкілдерінің
ғылымдағы көптеген дискуссияларынан кейін, осы жағдайдың спецификасы мен
оны құқықтық реттеу қажеттілігі мойындалды.
Бұл
проблемаға ортақ көзқарас П.Массемен қарастырылған,
ол инвестициялауды “инвестициялау көмегімен бүгінгі
қажеттілік қанағатын келешекте күтілетін
қанағатқа айырбастау актісі” деп түсінеді.
Инвестицияны
“Қазіргі кезеңдегі өндірістік қызмет
нәтижесінің капиталды меншік құндылығының
ағымдағы өсімі” ретінде, немесе, “тұтыну үшін
қолданылған, қазіргі кезеңдегі табыстың сол
бөлігі” ретінде анықтайтын Дж.Кейнстің жұмыстарында
инвестициялау процессінің ғылыми негіздері қарастырылған.
Экономикалық
теорияда сәйкес саланы дамыту сатысы инвестициялаудың
көкейтесті проблемалары бойынша көп санды аспектті зерттеулерді
өрістетумен сипатталады[1].
Жоспарланатын
шығындар мен ұлттық өнім, және мультипликатор
арасындағы мұндай байланыс жалпы экономикалық
тепе–теңдіктің ортақ түсініктерінің бірі болып
келеді. Және де шығындар бабында жеке тұтыну,
инвестициялық және мемлекеттік шығындарды бөліп
көрсетеді .
Бұлардың
әр қайсысының көлемінің өсуі
шығындардың ортақ сомасының артуына алып келеді.
Сонымен қатар, жинақ ақшалар мен инвестициялар
тепе–теңдігінің проблемасына классикалық мектептің
көз қарасы бар екені әйгілі. Бірақ, бұл мектеп
қаржыландыру көзін оның жалғыз формасына қосып –
жинақ ақшаға және оған несиені қоспай –
механизмді шамадан тыс оңтайландырған. Өкінішке орай,
кейнсианстық теория күшті, әрі жеткілікті болып келмейді.
Мұнда, қаржы нарығы сұраныс пен ұсыныс
заңының күші капиталдың тек бір түріне және
бір проценттік мөлшерлемеге таралатын абстракция болып ұсынылады
Ал, нақтылық күрделірек болып келеді “сандық аспект
капиталдың сұранысы мен ұсынысы сапалық сипаттамамен
толықтырылмаса оны ешқандай экономикалық талдау
дәлме-дәл кескіндемейді”[2].
Инвестициялар,
төлемақылардан басталатын, әрі қарай түсімдер
күтуге мүмкіндік беретін, ақша төлемдерінің
ағымын сипаттайды. Инвестициялық қызмет
шаруашылықтың нарықтық жағдайында
кәсіпкерлік қызмт болып келеді және табыс табу
мақсатында инвестициялық нарықта шаруашылық
жүргізуші субьектілермен жүзеге асырылады[3].
Облыста
Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес экономика салаларын әртараптандыру бойынша
жүйелі жұмыстар жүргізуде. Облыс кәсіпорындарында
жаңа өнім түрлері игерілуде, жаңа технология желісі
ендірілуде, қосымша құны жоғары бәсекеге
қабілетті өнім шығару артуда. Өнеркәсіптік
кәсіпорындар өндірістік желісін компьютерлеу процестерін кең
қолдануда және өндірісте жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалануда.
Сондай-ақ,
2015-2018 жылдары жалпы сомасы 471,3 млрд. теңгеге 7
инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, онда 3112 жаңа
жұмыс орындары құру жосапарланған («Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС – ферроқорытпа
өндірісі мен оның шикізат базасын кеңейту және
әртараптандыру 2 кезең, «AlinaHolding»
ЖШС - өндіріс кешендерінің құрылысы, «Жамбылгипс» АҚ - өндірісті
кеңейту және жетілдіру - жаңа цех құырылысы
және қолда бар цехтарды жаңғырту, "Біріккен химия компаниясы" ЖШС - глифосат
өндірісі, «Еврохим-Удобрения» ЖШС
- Қаратау қаласында минералдық тыңайтқыштарды
өндіру бойынша химзауытының құрылысы, «КазБарит» ЖШС – барит рудасын
өндіру және қайта өңдеу бойынша тау-кен байыту
кешені, «Біріккен химиялық
компаниясы» ЖШС – калий сульфатының өндірісі).
Қaзaқстaн Рeспубликaсын 2050 жылғa дeйін
дaмытудың стрaтeгиялық міндeттeрінің ішіндe шeтeл кaпитaлы
үшін eл экономикaсының aшықтығынa, хaлықaрaлық
қaуымдaстыққa интeгрaциялaнуғa, экономикaлық
өсудің көзі рeтіндe ішкі инвeстицияғa
бaғдaрлaнуғa eрeкшe көңіл бөлінeді.
Экономикaның нaқты сeкторынa сырттaн инвeстициялық
кaпитaлдың кeлуін қaмтaмaсыз eту экономикaлық дaмудың
мaңызды фaкторы болып тaбылaды.
Әдeбиeт:
1.
Кaрaвaeв В. Шeтeл
инвeстициялaрын мeмлeкeттік рeттeу // Проблeмa тeории и прaктики
упрaвлeния.-2002-№2
2.
Мороз С. Қaзіргі
кeздeгі инвeстициялaр жaғдaйы // Қaзaқстaн жоғaры
мeктeбі – 2003-№1 б. 161-166.
3.
Оспaнов М.Т., Мухaмбeтов Г.И.
Инострaнный кaпитaл и инвeстиции: вопросы, тeории, прaктики привлeчeния и
использовaния. – Aлмaты: 1997-293 б.