ӘӨЖ 338.1
Индустриалды-инновациялық
үрдістердің мәнісі және негізгі бағыттары
Алибеков Дастан Сериккалиевич
Шахмардан Есенов атындағы Каспий
мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Инновациялық үрдіс өзіне
тән ерекшеліктерге байланысты ғылымды, техниканы, өндірісті,
кәсіпкерлікті, қаржы секторын, маркетинг және менеджментті
біріктіреді. Инновациялық процестің барысында сапалық
қатынасындағы әртүрлі міндеттер шешіледі, сондай-ақ
айтарлықтай дифференцияланған экономикалық нәтижелерге
қол жеткізілуі мүмкін.
Қазақстанның
экономиканы нарықтық негізде ұйымдастыруға өтуіне
байланысты кәсіпорындардың қызмет жағдайлары
түбегейлі өзгеріске ұшырады. Нарықтық
жүйенің толық құқылы субъектісі болу үшін,
кәсіпорын қаржыландыру көздерін іздестіруді, шағаратын
өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ете алатын тиімді технологияларды таңдап алуды, өткізу
нарығын талдауды, жаңа тауар жеткізушілермен байланыс орнатуды
және басқа да көптеген, яғни ресурстарды барынша тиімді
пайдалану мақсатында «жаңа комбинацияларды» өз бетінше
жүзеге асыруы тиіс. Отандық инновациялық қызметті
жүргізудің жеткілікті тәжірибесі жоқ. Сол себепті соңғы
уақыттарда инновациялық үрдістерді микро және макро
деңгейлерде реттеумен, инновациялық қызметті мемлекеттік
реттеудің тікелей және жанама әдістерін пайдаланудың
тиімділігімен байланысты мәселелер ерекше маңызға ие болып
отыр.
Алайда
«инновация» ұғымының кейбір теориялық аспектілері
нақтылауды және одан әрі зерттеуді талап етеді, атап
айтқанда, ұлттық инновациялық жүйені қалыптастырудың
ғылыми тәсілдері, экономикалық теория пәні
тұрғысынан зерттелуі тиіс.
Инновациялар
уақытша монополияны қамтамасыз ететін өзіндік ерекшелікті
білімнің нәтижесі, сонымен бірге шығындарды
қайтарудың және пайда алудың жағдайы болуы
себепті нарықтық айналыстың объектісі болады. Заңи
ұғым ретіндегі «интеллектуалдық меншіктің» пайда
болуымен және авторлық құқықтардың
алынуымен инновацияаны жасақтаушылардың, соның
қатарында инновацияның аса маңызды көзі ғылымды
ұйымдастырудың жүйесіне ықпал етуші институт ретіндегі
мемлекеттің де ролі айтарлықтай өзгеріске ұшырайды.
Әртүрлі
зерттеушілердің инновация ұғымына көзқарастарын
қарастыра отырып, біз инновацияның, біздің пікірімзше,
отандық ғылымның қазіргі талаптарына жауап беретін
келесідей анықтамасын ұсынамыз. Инновация – бұл мемлекеттік
қолдаудың және бәсекелестіктің
нарықтық тетігінің негізінде жүзеге асырылған
«пайдалы инновациялық тиімділікке» ие болатын инновациялық процестің
түпкі нәтижесі болып табылады.
Бірқатар
факторларға байланысты күрделі саяси, экономикалық
жағдайларда жүргізіліп отырған тұрақты
экономикалық дамуды қамтамасыз ету – Қазақстан
үшін ағымдағы кезеңдегі өзекті мәселе болып
табылады. Республика экономикасында жағымды тенденциялар пайда болып,
шаруашылық байланыстардың үзілуінен, төлемсіздік
дағдарысынан, бартерлік тауарайырбастаудың, толлинг
операцияларының басымдығынан, отандық өнімдерге деген
төлемқабілетті сұраныстың төмендеуінен
болған қиындықтар біртіндеп еңсеріліп келеді /1, 2, 3/.
Кәсіпорындардан,
министірліктер мен ведмоствалардан келген инновациялық қызмет
бойынша құжаттармен жұмыс жасау, сондай-ақ
жарияланымдар және мерзімді баспасөзді талдау «инновация»
және «инновациялық қызмет» терминдерінің бірегей түсіндірілуін
бекітудің қажеттілігін көрсетіп отыр, себебі бұл
ұғымдарды қабыл алу, қабылданатын
басқарушылық шешімдерге және өндірістік қызметті
ұйымдастырумен, қарыжландыру мен салық салу
мәселелерімен, шараларды жүзеге асыруға жұмсалған
шығындарды есептеумен, интеллектуалдық меншікті
қорғаумен байланысты әрекеттерге ықпал етеді.
Әдеби бастауларда
«инновация» терминін түсіндірудің көптеген үлгілері
анықталған.
Инновация – бұл
жаңа немесе жетілдірілген тауар (жұмыс, қызмет көрсету)
немесе экономикалық айналымда пайдаланылатын жаңа жетілідірілген
технологиялық үрдіс түрінде жүзеге асырылған
интеллектуалдық шығармашылық еңбектің түпкі
нәтижесі.
Инновация – бұл
қызмет үрдісін немесе оның нәтижелерін жетілдіруге
бағытталған интеллектуалдық (ғылыми-техникалық)
қызметтің нәтижесін қоғамның әлдебір өрісінде
пайдалану.
Инновация – жаңа
өнімді, затты, процесті, технологияны, қызмет көрсетуді
енгізудің үрдісі.
Инновация – (жаңа
құрылым, жаңадан енгізу) жаңа немесе жетілдірілген
өнім, тенологиялық процесс түрінде жүзеге
асырылған біріккен интеллектуалдық және өндірістік
қызметтің нәтижесі.
Инновация –
нарыққа енгізілген жаңа немесе жетілдірілген өнім,
практикалық қызметте немесе әлеуметтік қызмет
көрсетулердегі жаңа тәсілдерді пайдаланылатын жаңа
немесе жетілдірілген техникалық процесс ретінде көрінісін
тапқан инновациялық қызметтің түпкі нәтижесі.
«Инновация» термині
анықтамасының көптігі және оны әртүрлі
түсіндіру заңи тұрғыдағы мәселелерді пайда
қылады, қаржыландыру, есепке алу, инновациялық қзымет
бойынша есеп беру мәселелеріне әсерін тигізуі мүмкін.
Инновацияның
ғылыммен байланысын ерекше атап көрсету керек. Көптеген
әдеби бастауларда олардың қатарында отандық
әдебиеттерде де, инновация ғылыми-зерттеу үрдісінің
тікелей салдары ретінде түсіндіріледі. Дегенмен өздерінің
экономикасын дамудың инновациялық жолына бағыттаған
дамыған елдердің тәжірибесі инновацияның, тіпті
олардың нәтижесін пайдаланудың барынша жоғары
деңгейінде де тек ғылыми-зерттеу және тәжірибелік
конструкторлық жұмыстардың нәтижесі болып
табылмайтындығын көрсетіп отыр. Инновациялық процесс,
яғни инновацияның өзі де кәсіпорындарда (және
басқа да тұтынушыларда) таза ғылыми жетістіктердің
арқасында, сондай-ақ тауар өндірушілердің клиенттермен,
жеткізушілермен және бәсекелестерімен байланыстарының,
яғни нарықтың конъюктурасына қатысты
ақпараттың негізінде пайда болады.
Осыған байланысты
инновацияның дамуы үшін қажетті білім, ғылыми
процестің барысында қалыптасатын білімнен
айырмашылықтарға ие болады. Бұл айырмашылықтар
өзара байланысты, солардың қатарындағы
технологиялық эксперименттер, нарық мониторингі сияқты
қызметтердің кешеніне негізделген, сонымен бірге көп
жағдайда бұл кәсіпкерлік болып табылады.
Инновациялық
қызмет – идеялардың (әдетте ғылыми зерттеулердің
және ойлап табулардың немесе ғылыми-техникалық
жетістіктердің) нарыққа енгізілген жаңа немесе
жетілдірілген өнімге, практикалық қзыметте
пайдаланылған жаңа және жетілдірілген технологиялық
процеске немесе әлеуметтік қызмет көрсетулердің
жаңа тәсіліне айналуымен (трансформациялануы) байланысты
қызмет. Инновациялық қызмет ғылыми,
технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық
және коммерциялық шаралардың тұтастай кешенін
қарастырады, нақ осылар өзінің жиынтығында
инновацияларға алып келеді. Әдетте, инновациялық
қызметтің алты негізгі түрін айырып көрсетеді.
1)
құрал-жабдықтарды дайындау және өндірісті
ұйымдастыру (өндірістік құрал-жабдықтарды
және саймандарды алу, олардағы және өндірістің
процесіндегі, әдістеріндегі және стандарттарындағы және
жаңа өнімді дайындау немесе жаңа технологиялық
үрдісті қолдануға қажетті сапаны
бақылаудағы өзгерістер);
2)
өндірісті
және өндіріс алдындағы игерулерді қосу (өнімді
және технологиялық процесті модификациялау, жаңа
технологиялар мен жабдықтарды қолдану үшін
қызметкерлерді қайта дайындықтан өткізу, егер
конструкцияны одан әрі жетілдіру қажет болса сынақ ретіндегі
өндіріс);
3)
жаңа
өнімдердің маркетингі (алдын ала нарықты зерттеуді қоса
есептегендегі жаңа өнімді нарыққа шығарумен
байланысты қызметтер түрі, өнімді әртүрлі
нарықтарға бейімдеу, нарықта өткізу үшін тарату
жүйелерін құрмай жарнамалау);
4)
затқа
айналдырылмаған технологияларды сырттан алу (патенттер, лицензиялар,
ноу-хау, сауда маркалары)
5)
затқа
айналдырылған технологияларды алу (өздерінің
технологиялық мазмұндары бойынша кәсіпорындарда өнімдік
немесе үрдістік инновацияларды енгізумен байланысты машиналар мен
құрал-жабдықтар)
6)
өндірістік
жобалау (өндірістік үрдістерді, техникалық спецификацияларды,
пайдалану сипаттамаларын айқындау үшін қарастырылған
жоспарлар мен сызбаларды дайындау, өндірісті игеру және жаңа өнімдер
мен үрдістердің маркетингі). Ол өнімнің немесе
процестің бастапқы концепциясының, яғни ғылыми
зерттеулер мен игерулердің бөлігі болуы да мүмкін,
бірақ ол онымен бірге жабдықтық дайындықпен,
өндірісті ұйымдастырумен және іске қосумен, жаңа
өнімдердің маркетингімен байланысты да болуы мүмкін.
Инновациялық
қызмет жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді,
өндірістің әртүрлі өрістеріне және
нәтижелері экономикалық өсім және бәсекеге
қабілеттілік үшін пайдаланылатын қоғамды басқару
саласына енгізуге бағытталған.
Инновациялық
қызмет – инновацияны құру және жүзеге асыру
үрдісі.
«Инновация» терминіне бізбен
берілген анықтаманы басшылыққа ала отырып,
«инновациялық қызмет» терминін түсіндірудің келесідей
нұсқасын ұсынамыз – инновациялық қызмет
өндірістік өнімдердің жаңа түрлерін
өндіруге, тауарлардың, қызмет көрсетулердің бәсекелестік
басымдылықтарына қол жеткізуге және басқа да
жаңалықтарды пайдалану негізінде өткізу нарығын
кеңейту және нарықты игеруге бағытталған
қызмет болып табылады.
Тұрақты
экономикасы ІЖӨ жыл сайынғы жоғарғы өсуі жан
басына шаққандағы ІЖӨ жоғарғы
деңгейімен, әлемдік нарықта басым жағдайға ие
экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі осындай
нәтижелерге көп жағдайда мемлекеттік органдардың тарапынан
қолдау қөрсетудің арқасында жеткендігін
көрсетеді.
Экономика ғылымы
инновацияның 5 түрін айырып көрсетеді:
1.
Жаңа
өнімді енгізу
2.
Өндірістің
жаңа әдісін енгізу
3.
Жаңа
нарықты құру
4.
Шикізатты
немесе жартылайфабрикаттарды жеткізудің жаңа көздерін игеру
5.
Басқару
жүйесін қайта ұйымдастыру
Жоғарыда
көрсетілген тізбенің 1, 2 және 4 пунктері жаңа
өнеркәсіптік немесе өзгелей өнімдерді және
технологиялық процестерді құруды, сондай-ақ
өнімдер мен үрдістердің айтарлықтай технологиялық
өзгерістерін қарастырады, яғни инновацияның осындай
технологиялық инновацияларға жатқызу керек. Осыған
сәйкес технологиялық инновациялардың екі типін ажыратады -
өнімдік және үрдістік (процестік).
Өнімдік инновациялар өнімнің функционалдық сипаты, қасиеттері немесе
пайдаланылған материалдары мен компоненттері бұрын шығарылып
келген өнімнен айтарлықтай айырмашылықтарға ие болатын
жағдайдағы радикалды өнімдік инновация ретінде
анықталатын жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді енгізу
процесін қамтиды. Бұл арада тауардың немесе қызмет
көрсетудің жаңа түріне сұранысты және
ұсынысты қалыптастыру бөлігінде нарықтың тиісті
өрісінің конъюктурасына инновацияның болашақтағы
ықпалы маңызды мән-жай болып табылады. Егер өндіріс үрдісіне
қолданылатын болса, бәсекелестік басымдығына және
нарықта тұрақты сұранысқа ие болса, инновацияны
жүзеге асырылған деп санауға болады.
Процестік (үрдістік) инновациялар – бұл өндірістің жаңа
технологиялары, автоматизацияның барынша жоғарғы
деңгейі, жаңа технологияларға қатысты өндірісті
ұйымдастырудың жаңа әдістері. Әдетте, процестік
инновациялар өнімдік инновациялармен бірге жүргізіледі және
де процестік инновациялардың белсенді түрде дамуы
технологиялық тараптың дамуына алып келеді.
Мақсатты
бағытталған әрекеттер және тиісті экономикалық
жағдайларды жасау, өз кезегінде, әлемдік нарықта
бәсекеге қабілетті болып табылатын, ғылыми және
жоғары технологиялық өнімдерді шығаратын
салалардың, республикада дамуына жағдай туғыза алады.
Қазіргі
уақыттағы инновациялардың топтастырылуын талдау бізге
қосымша төмендегідей түрлерін бөліп көрсетуге
мүмкіндік береді:
▪
Пайда
болуының бастауы бойынша: «өсіру» инновациясы - өзінің
ғылыми-техникалық әлеуетімен жаңа өнімдер мен
процестерді құру; «имитация» немесе «көшіріп алу» инновациясы
– болашақта модификациялау, елдің жағдайына бейімдеу жолымен
шетелдік инновацияларды игеру;
▪
өнімнің
типі бойынша: қоғамдық; аралас (клубтық); жеке;
▪
тиімділігінің
түрі бойынша: экономикалық тиімділікке ие болатын инновациялар;
әлеуметтік тиімді инновациялар; экологиялық тиімділікке ие болатын
инновациялар; ғылыми-техникалық тиімділігі бар инновациялар.
Осыған дейінгі
топтастырудың толықтырылуын біріншіден, қазіргі
уақыттағы инновациялық қызметтің сипатты
ерекшелігі бұл ішкі бастаулармен салыстырғанда жаңа
технологиялардың сырттан келуі каналының кеңейе түсуі
болып табылады.
Екіншіден,
инновациялардың институционалдық аспектілері, соған
сәйкес, инновацияларды енгізудің пайдалы тиімділіктерін иеленуді
реттеудің мүмкіндіктері инновациялық жобаларды жасақтау
барасында ескерілмейді.
Үшіншіден, қазіргі
жағдайда Қазақстан экономикасы дамуының
бағыттарын ескере отырып, болашақтағы инновациялардың
тиімділігін бағалауда және оларды нарыққа енгізу туралы
шешім қабылдауда ғылыми-техникалық, экономикалық,
әлеуметтік және экологиялық тиімділігін назарда ұстау
қажет /4, 5, 6, 7/.
Экономикалық талдау
үшін «инновация» категориясының төрт аспектісі маңызды:
▪
Біріншіден,
инновация интеллектеуалдық еңбектің нәтижесі ретінде
кәсіпкердің инновациялық қызметі арқылы
инновациялық өнім түрінде нақты өмірге
енгізіледі;
▪
Екіншіден,
инновация – бұл нарықтық тепе-теңдікті бұзатын
бәсекелестік күш;
▪
Үшіншіден,
инновация пайдалы тиімділікті қамтамасыз ететін жаңа тип немесе
жетілдірілген өнім немесе үрдіс ретінде;
▪
Төртіншіден,
инновация экономикалық өсудің факторы ретінде.
Осылайша, бәсекелестік
басымдықты ұстап тұруға және дамытуға
бағытталған инновациялық экономика және
инновациялық қызмет тек өндіріс пен технологияларды,
өндірілетін өнімнің түрлері мен сапасын үзіліссіз
жаңартудың негізінде ғана мүмкін болады, бұл
өз кезегінде ғылымды қажет ететін салаларды және технологияларды
дамытуды керек етеді, олардың арқасында ҒЗТКЖ
нәтижелері жүзеге асырылады және пайдаланылады. Ғылымды
қажет ететін салалар және өндірістер ғылым
жетістіктеріне, тұтынушылық тауарлардың, қызмет
көрсетулердің жаңа түрлеріне деген сұранысты
қалыптастыруға қабілетті /8, 9, 10/.
Әдебиеттер тізімі
1. Программа действий Правительства на
ближайшие три года//
Казахстанская правда, 26
февраля 2002г.
2.
Задача
науки способствовать развитию экономики. Выступление Н.А. Назарбаева на встрече в
Национальной Академией наук с ведущими учеными страны // Казахстанская правда, 16 апреля 2002г.
3.
Ежегодное
Послание Президента РК народу Казахстана «О положении в стране и об основных направлениях внутренней и
внешней политики на
2002 год» // Наука и высшая школа Казахстана. - 2001 г. - №16.
4.
Мартынов А.
Активизация
инвестиционной политики
//Экономист. - 1997. - №9. - С.54-61.
5.
Указ
Президента Республики Казахстан "Об инвестиционной
программе Республики
Казахстан на 1997г // Казахстанская правда "от 4
февраля 1997 года.
6.
Липсиц
И.В., Коссов В.В. Инвестиционный проект: методы
подготовки и анализа. -
М.: Издательство БЕК, 1996, 304 с.
7.
Закон
Республики Казахстан "Об инвестиционных фондах в
Республики
Казахстан" // Казахстанская правда, 1997, 12 марта.
8.
Инвестиционное
проектирование: практическое руководство по
экономическому
обоснованию инвестиционных проектов. - М.: 1995.
9.
Смирнов
А.Л. Организация финансирования инвестиционных
проектов.".
-М.:АОКонсатлбанкир. - 1993, 103 с.
10. Вернер Беренс, Питер М.Хавранек. Руководство по оценке эффективности инвестиции. М., 1995, 527
с.