экономика магистрі Абжанова Жаухазын

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы

 

Елдегі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері

 

        Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңына сәйкес, ұлттық қауіпсіздіктің бір қатері ретінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне залал келтіру, сондай-ақ елдің мүдделеріне қарамастан стратегиялық ресурстарды пайдалану, инвестициялық белсенділіктің өсуіне, соның ішінде Қазақстан Республикасына шет ел инвестициясының құйылысына кедергі келтіру, ел шегінен бақылаусыз капитал шығару екендігі айқындалған.

   Экономикалық қауіпсіздіктің қатері ішкі немесе сыртқы факторлардың (немесе олардың жиынтығы) әсерінен қауіп тудырып, жағдайдың төменде көрсетілген сипаттамаға сәйкес дамуына ықтимал мүмкіндік береді: экономиканың негізгі буындарының, оны басқару жүйесінің құлауы, ұлттық байлыққа нұсқан келу, технологиялық қалыс қалу, қаржылық-несиелік және валюта жүйелерінің бүлінуі, ғылыми және әлеуметтік құлдырау,қоғамдық ықпалсыздық, жеке адамға конституциялық, әлеуметтік құқық пен кепілдікті қамтамасыз ете алмау [1].

   Экономикалық қауіпсіздік ұлттық экономиканың қоғамдық қажеттіліктерді отандық және халықаралық денгейде тиімді қанағаттандыруды қамтамасыз етуге қабілеттілігін көрсетеді. Басқаша айтқанда экономикалық қауіпсіздік  - ұлттық экономиканың тиімді, динамикалық өсуіне қолайлы әсер ететін ішкі және сыртқы жағдайлардың жиынтығы, оның қоғам, мемелекет, индивид қажеттіліктерін қанағаттандыру, сыртқы және ішкі нарықтағы әртүрлі қауіп – қатермен шығындарға кепіл беретін бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету мүмкіншілігі.

     Экономика  мен барлық қоғамдық өмірді реформалаудың жоғарғы қарқындарымен байланысты қалыптасып отырған жағдай қоғамдық қатынастырдың, бірінші кезекте эконмиканың барлық нысандарында көрініс тапты: меншік құрылымы елеулі өзгерді, экономикалық қатынастардың аясы кеңіді, сыртқы экономикалық байланыстарды ырықтандыру жүзеге асырылды, барлық шаруашылық субъектілеріне экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға рұқсат берілді [2].

Өзіміздің сарапшылардың да, халықаралық сарапшылардың да зерттеулері экономикалық қауіпсіздікке төнген қатердің әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты әсер ететін өзіне тән кешенді сипаттамасы болатынын көрсетеді. Олар:

   макроэкономикалық тұрақтылыққа төнетін қатерлер

   өндірістік технологиялық қауіпсіздік

   сыртқы экономикалық қауіпсіздік

   азық-түлік қауіпсіздігі

   энергетикалық қауіпсіздік

   қаржы қауіпсіздігі

   ақпараттық қауіпсіздік

   қазақстандық товарлардың ішкі-сыртқы рыноктардағы

      бәсекелестігінің төмендігі

   сыбайлас жемқорлық пен экономиканың қылмыстануы

   республика облыстары, қалалары мен ауылдарындағы әлеуметтік-

     экономикалық дамудың ала-құлалығы

   мемлекеттік мүдделерді қалыптастыру және қорғау

     институттарының дамымауы

   қаржы саласының даму деңгейінің экономиканың нақты

     секторындағы нақты сұраныспен сәйкеспеуі [3].

Осының ішінде макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау үшін жасап жатқан шараларына тоқталсақ, макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап тұру үшін Ұлттық банк пен Қазақстан Республикасының Үкіметі қажетті қаржы-несие және салық бюджет саясатын жүргізу, сыртқы экономикалық және валюта бағамын реттеу және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету арқылы макроэкономикалық саясаттың басты мақсаттарын жүзеге асырып жатқанына қарамастан, сарапшылар оған төнетін қауіп елімізде әлі де орын алып отыр деген пікірді ашық айтуда.

   Қазақстанның экономикасының қарқынды өсуі мұнай, түсті және қара металл бағасының әлемдік рыноктағы жоғары көрсеткіштеріне орай болып отырған жағдай

    Экономикалық тұрақты өсу траекториясына шығу және еліміздің тұрақтану кезеңінде экономиканы реттейтін қатаң құрылған және негізделген мемлекеттік саясаттың жоқтығын алға тартады. Ұлттық банктің макроэкономикалық саясаты классикалық емес концепцияларға құрылып, ол өзінің мәселесін монетарлық теорияға  сәйкес шешсе, сарапшылар пікірінше, Үкіметтің макроэкономикалық саясатында нақты айқындалған база жоқ.

Сондықтан да осы екі жоғарғы экономикалық органның ұсынатын шараларының бір-біріне қайшы келіп қалатын кездері жиі екен. Бұл, сарапшылардың пікіріне сүйенсек, сыртқы экономикалық коньюктура күрт өзгеріске ұшырайтындай жағдай бола қалса, жаңа экономикалық және қаржы дағдарысына баруы әбден кәдік [4].

    Айтылған сынға айқын мысал ретінде үкіметтің нақты секторға берілетін несие ставкасын төмендету керек деген ниетіне Ұлттық банк керісінше, қайта қаржыландыру керек деген ұсынысты айтатындығын келтіруге болады.

   

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.     М.Нигматулина Приоритеты экономической безопасности в глобально-региональном контексте. /Транзитная экономика, №5,2004

2.     О.Курманов Развитие мировой экономики и внешнеэкномическая деятельность Казахстана. /Саясат,№6, 2005

3.     М.Когабаев Политика безопасно сти и современный мир./Саясат,№5,2005

4.      Кайрогцев А. Проблемы продовольственной безопасности Казахстана. / Саясат, №1, 2006