ӘОЖ 33:311.313

ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР  МЕН ОНЫ РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ

Нурманалиева Г.А., Қалымбетова С.Д.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.

 

 

Қазақстан дамудың жаңа дәрежесіне шықты, нарықтық бағытқа өтудің негізгі шаралары іске асырылды. Экономиканың келешекте дамуы оның барлық салаларын модернизациялау жолымен жүреді.

Елдің     экономикасының     негізін     құрайтын     және барлық қоғамдық өнімінің жартысын беретін Қазақстанның ұлттық шаруашылығының жетекші саласы, оның дамуы өндірістік күштерді рационалды орналастыруға, елдің экономикалық аудандарының жан-жақты дамуына, бай табиғи қорларды мақсатты қолдануға мүмкіндік береді. Бұдан басқа өнеркәсіптің дамуы біздің еліміздің экономикалық потенциялының жандануының маңызды алғы шарты және әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуды қамтамасыз ететін міндеттерді табысты шешудің алғы шарты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылдың  жолдауында елдің дамуының негізгі бағыттарыңың бірі инновациялық экономиканы құру және оның шикізаттық емес секторын дамыту болып қала беретіні аталып өтті. Қазақстандағы қалыптасқан технологиялық құрылым әлемдік стандарттардан әлдеқайда тым алыс. Қазақстандық өндіріс негізінен көне технология және ескірген техникаға негізделеді. Қазіргі кезде экономиканың құрылымында қазіргі заманға сай ғылыми сиымды өндіріс аз.

Республикасының инвестициялық тартымдылығы жақсарғаны байқалды, ол өз кезегінде елдің қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін жақсы базаны қалыптастыруға көмек берді. Бұл жағдайда жасалған индустриалды - инновациялық стратегия елдің экономикасын жақсартудың маңызды факторларының бірі бола алады. Индустриалды-иновациялық дамудың негізгі мақсаты болып өңдеуші өнеркәсіп және қызмет көрсету сферасында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауар, жұмыс және қызметтерді өндіру, өндірілетін өнімге халықаралық сапа стандартын енгізу табылады.

Қазіргі кездегі экономикалық даму жағдайында құрылымдық қайта өзгеруінің мақсаты болып өнеркәсіптің тиімді, экономикалық негізделген, өнеркәсіп кешеніндегі барлық бөлімдері бойынша теңестірілген, территориялық еңбек бөлінісі факторын және жалпы халық шаруашылығының даму міндеттерімен ұштастырылған құрылымын талдап қалыптастыру табылады. Ұтымды пропорционалдыққа қол жеткізу тиімділікті көтерудің  маңызды факторларының қатарында қарастырылады. Өтпелі кезеңдегі экономика жағдайы, соның ішінде, өндірістің құлдырауы, қоғамдық өнімді ұдайы өндіру жағдайларының нашарлауы, өндіргіш күштердің дамуының жалпы деңгейінің төмендеуі, сөз жоқ, құрылымдық қайта құру сферасында оның мүмкіндіктерінің төмендеуіне елеулі түрде әсер етті. Осы қиыншылық жағдайларға қарамастан, олар қажет, себебі бұл экономиканы дамытуда әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізудің қажетті, міндетті алғы шарты. Мақсатқа жету қорларда өндіріс құралдары үлесінің және жеке өндірісте тұтыну заттарын көбейтуді ұйғарады.

Экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыру және даму қарқынын көтерудің мақсатты саясатын іске асыру өнеркәсіптің дамуынсыз мүмкін емес, себебі гүлденген және қарқынды дамыған қоғамның іргетасы тек шикізат секторымен шектелмеген қазіргі бәсекеге қабілетті және ашық нарықтық экономика болуы мүмкін.

Халықаралық маңызы бар «жарылыс» жобаларын іске асыру, индустрияны, әлемдік нарықтың белгілі бір қуысында бәсекеге қабілетті бола алатын тауарлар мен қызметтерді өндіруді дамыту елдің экономикалық дамуында сапалы жарылыстың негізі болады.

Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің себебін екіге бөлуге болады: ішкі және сыртқы. Мұнда екеуінің жиі араласуы орын алады, бұл өз кезегінде ғылыми талдауды соңына дейін жүргізуге жол бермейді.

Ғылыми-техникалық прогресс, қоғамның материалдық-техникалық базисін, техника және технологияны өзгерте отырып, экономика құрылымының өзгерісіне әкеледі. ҒТП экономиканың салалық құрылымындағы өзгерістерге әсері өндірістік қорларды қайта үлестіру түрінде болады. Өндірістің салалық пропорцияларының өзгеру негізін бір жағынан технологиялардағы өзгерістер, екінші жағынан қоғамдық қажеттіліктердің қиындауы құрады.

Айта кету керек, экономикалық әдебиеттердегі кездесетін қоғамдық технологиялар және олардың өзгеруі туралы сипаттамалар толық емес, негізінен сандық сипат алады, ол тек технологиялық өзгерістердің негізгі бағыттарын ғана көрсетеді. Өндірістің технологиялық құрылымындағы өзгерістер ғылыми білімнің материалдануының бастапқы сферасы болып табылады, өндірістік қорлардың өзгерісімен, құрылымымен сипатталады, экономиканың құрылымдық қайта құру процесінің қажетті кезін құрады.

Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің тағы бір себебі бұл - еңбек бөлінісі және оның ары қарай мамандануы, қоғамның шаруашылық өміріндегі стратификациялау процессі негізделетін іргетасы болып табылады. Еңбек бөлінісі категориясы тек техникалық емес, сонымен бірге халық шарушылығы құрылымының жеке экономикалық базасымен сипатталады.

Құрылымдық өзгерістердің келесі себебі, экономиканың құрылымының барлығында болатын - меншік қатынастары, ең бірінші, өндіріске. Меншік классикалық саяси-экономикалық түсінікте өндіріс құралдарын беру және алу қатынасы тұрғысында өндірістік қатынастар көзқарасынан нақты бар экономика құрылымын сипаттайды - жұмыскерлерді өндіріс құралдарымен біріктіру тәсілдері және соған байланысты өндіріс, тұтыну, айырбас және өндірілген өнімді тұтыну құрылымын анықтайды.

Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің табиғатының ерекшеліктерінің бірі болып олар тек процесс ретінде ғана емес, экономикалық дамудың нәтижесі ретінде де болуы. Меншік категориясымен олардың осындай ұқсастығы бар, яғни ол әрбір уақыт кезеңінде шаруашылықтың әлеуметтік-экономикалық маңызын сипаттайды.

Сондықтан меншік құрылымындағы өзгерістер экономикадағы құрылымдық өзгерістердің бір түрі болып табылады.

Қоғамның экономикалық құрылымының дамуы - бұл бір меншік түрлерінің басқаларға қозғалысы. Әрбір келесі меншік түрі алдыңғыларды қоса, солардың қасында болады.

Құрылымдағы бір элементтің аз ғана өзгерісі олардың қарама-қарсысымен теңеседі және негізгі жүйелік сапаның және тұтас жүйенің өзгерісіне әкелмейді. Сонымен, бірқалыпты эволюциялық даму процесі жүреді. Оның белгілі бір кезеңінде мынадай кезі келеді (құрылымдық дағдарыс), яғни белсенді басталудың өзгерісі қарама-қарсы жақтағы сәйкес өзгерістермен алмаспаса, себебі   олар осы құрылымның төңірегінде   қалып қояды. Өзгеріс жүреді, бірқалыптылық үзіледі, құрылым тұтас жүйелік сапа және де құрылымның өзі де өзгереді. Жаңа тепе-теңдік кезеңі басталады.

Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің негізгі қарама-қайшылығы келесі теоретикалық алғы шарттарға негізделеді:

Ø                       Аймақтағы құрылымдық өзгерістер кем дегенде екі экономикалық элементтердің арасында    сандық, үлестік, салмақтық   және    пропорциялық   өзгеріс болса ғана болады;

Ø                       Экономикадық процесс көрсетілген   элементтердің  экономикалық  қызығушылық және қажеттіліктердің өзгеруімен бірге жүреді.

Шектелген экономикалық құрылымда бір элементтің үлесінің өсуі басқа элемент үлесінің төмендеу есебінен жүреді. Кез-келген құрылымдық өзгеріс екі құраушы түрінде көрсетілуі мүмкін: бір элементтің үлесінің көбеюі (өзгеріс) және басқа элемент үлесінің азаюы (антиөзгеріс). Мұнда өзгеріс және антиөзгеріс - бұл екі түрлі құрылымдық процесс, ал бір нәрсенің екі жағы. Бұдан, экономикадағы құрылымдық өзгерістің негізгі қарама-қайшылығы болып, құрылымдық  өзгерістердің әртүрлі элементтерінің қызығушылығы және қажеттіліктерінің сипаты болатын, оның жақтарының арасындағы қарама-қайшылық табылады - өзгеріс және антиөзгеріс.

Қазіргі кезде дағдарыстың қарқыны бәсеңдеп, экономикада тұрақтану кезеңі басталды. Соңғы жылдары экономикада реформалардың тиімді нәтижелеріне жатқызуға болатын бірқатар өзгерістер болып жатыр. Трансформация кезеңіндегі мемлекеттер үшін тұрақты экономикалық өсу жалпы ішкі өнім жыл сайын 7-8%-ға өсіп отырғанда ғана мүмкін болады. Оған дәлел ретінде Оңтүстік Шығыс Азия және ҚХР тәжірибесі бола алады. Осы қарқынға аталған кезеңдегі мемлекеттер ұмтылуы керек, ол үшін экономиканы ынталандырудың факторлары және басқа механизмдері қажет.

Әдебиет

1.  Назарбаев Н.Ә. «Дағдарыс арқылы жаңарудан дамуға». ҚР Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Егемен Қазақстан», 6 наурыз, 2009 жыл.  

2.  Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: «Білім», 1997                                                     

3.  Назарбаев Н.Ә «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2010 жылғы 28 ақпан , Ақжол, 2007 жыл 3 наурыз.

4.   ҚР Президентінің 2006 "ҚР 2006-2015 жылдарға индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы" 2006 жылдың 17 мамырынан N 1096 Қаулысы.

5.  Пять больших дел. План совместных действий Правительства РК, Национального банка РК, Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций по стабилизации экономики и финансовой системы на 2009-2010 годы. Казахстанская правда, 25 декабря 2008 г.