К.Т. Ауезова, А.Т. Ауезова, Ш.И. Каркинбаева, А.Ж. Жунусова

Л.Н.Гумилев атыңдағы Еуразия Ұлттық Университеті

 

ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПТЕУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

 

Шетелдік кәсіпорындардағы шығындарды есептеу  ерекшелігі - оның қаржылық және басқарушылық (өндірістік) жүйелерге бөлінуінде. Қаржылық есепті жүргізу және сыртқы қаржылық есептілікті атқару ережелері мемлекет тарапынан реттеледі.

Басқарушылық (өндірістік) есепті ұйымдастыру кәсіпорынның ішкі жұмысы болып табылады. Кәсіпорын әкімшілігі шығындарды қалай жіктеу, қай деңгейде шығындарды тәптіштеу және жауапты орталықтармен байланыстыру, нақты немесе стандартты (жоспарлы, нормативті), толық немесе жеке (ауыспалы, тікелей, шектеулі) шығындарды қалай есепке алу мәселелерін өзі шешеді.

Шығындар төмендегі белгілер бойынша жіктеледі:

-  баламалы шығындар – бұл максималды пайдамен қамтамасыз ететін, өндірістік құралдарды қолданудың ең жақсы мүмкіндігін жоғалту құнының негізінде анықталатын игіліктерді шығару шығындары. Кәсіпорынның баламалы шығындары басқаша экономикалық шығындар деп аталуы мүмкін және бұл шығындар түрі бухгалтерлік шығындармен шатастырылмауы тиіс;

- бухгалтерлік шығындар – басқа шығындардан ерекшілігі кәсіпорын иегерлерінің меншігі болып табылатын өндірістік факторлардың құнында есептелмейді. Бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан кәсіпкердің айқын емес табысы, айқын емес жер рентасы және меншіктік  капиталдың  айқын емес пайызы мөлшеріне кем болады. Басқаша айтқанда, экономикалық щығындардан барлық айқын емес шығындарды шегерген кезде бухгалтерлік шығындар көлемі анықталады.

Өндірістік шығындар жіктелуінің тәсілдері көп. Оның ішінде негізгілері анық және анық емес шығындардың айырмашылығын анықтауға сүйенеді.

Анық шығындар - өндірістік құралдар иегерлеріне  ақшалай төлемдер түрде аударылатын баламалы шығындар. Олар құралдарға (шикі зат, материалдар, жанар май, еңбек күші және т.б.) төленетін кәсіпорын шығындарының сомасы негізінде анықталады.

Айқын емес шығындар – кәсіпорын меншігінде бар құралдарды қолданбау нәтижесінде жоғалтылған пайда көлемі. Яғни бұл шығындар  кәсіпорын меншігіндегі құралдарды қолдану деңгейін анықтайды және кәсіпорын меншігіндегі құралдар құнымен анықталады, сонымен қоса бухгалтерлік есепте көрсетілмейді. 

Өндірістік шығындар өндіріс факторларының жинақылығы негізінде жіктелімге жатқызылуы мүмкін. Бұл жерде шығындардың тұрақты, ауыспалы және жалпы түрлері болуы мүмкін.

Тұрақты шығындар (FC) – қысқа мерзімде мөлшері  өндірістің көлеміне байланысты өзгермейтін шығындар. Мұны «үстеме шығындар» немесе «қайтарымсыз шығындар» деп те атайды. Бұл шығындарға өндірістік ғимаратты қалпында ұстау, ренталық төлемдер, жабдықтарды сатып алу, қарыздар бойынша пайыздық төлемдер, басшылық аппараттың еңбек ақысы жатады. Бұл шығындарды кәсіпорын ештене өндірмеген жағдайда да төленеді.

Ауыспалы шығындар (VC) - мөлшері өндіріс көлеміне байланысты болып келетін  шығындар. Егер өнім немесе қызмет өндірілмесе, олар нольге тең болады.  Ауыспалы шығындарға шикізаттық құралдарды сатып алу, жанар май, энергия, көлік, келісімді еңбек ақы жатады.

Жалпы шығындар (ТС) – кәсіпорынның тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасына тең шығындарының жиынтығы. Жалпы шығындар мөлшері өндіріс көлеміне байланысты көбейеді немесе азаяды. Олар төмендегі формула негізінде анықталады:

 

                                                                                             (1)

 

Өндірілген өнім бірлігінің шығындары орташа тұрақты, орташа ауыспалы және орташа жалпы шығындар нұсқасында келтірілуі мүмкін.

Орташа тұрақты шығындар (AFC) – өнім немесе қызмет бірлігінің жалпы тұрақты шығындары. Олар келесідей анықталады:

 

                                                                                                (2)

 

мұнда Q – өнідірілген өнім немесе қызмет көлемі.

Орташа ауыспалы шығындар (AVC) – өнім немесе қызмет бірлігінің жалпы ауыспалы шығындары. Олар төмендегідей анықталады:

 

                                                                                                 (3)

 

Орташа жалпы шығындар (AC) – өнім немесе қызмет бірлігінің жалпы шығындары. Олар екі тәсіл негізінде анықталуы мүмкін:

1.   Жалпы шығындар (TC) сомасын өндірілген өнім немесе қызмет көлеміне (Q) бөлу арқылы:

 

                                                                                                   (4)

 

2.   Орташа тұрақты шығындарды (AFC) және орташа ауыспалы шығындарды (AVC) қосу арқылы:

 

                                                                                         (5)

 

Жоғарыда көрсетілген шығындардан басқа өнім өндіру немесе қызмет көрсету үдерісінде шекті шығындар айқындалуы мүмкін.

Шекті шығындар (МС) – қосымша өнім бірлігін өндірумен байланысты шығындар. Шекті шығындар (МС) жалпы шығындар өзгерісін  өнім көлемінің өзгерісіне () бөлу арқылы анықталады, яғни, өндірілетін өнімнің көлеміне байланысты шығындар көлемінің өзгерісін сипаттайды.

 

                                                                                                      (6)

 

Шекті шығындарды әрбір қосылған өнім бойынша анықтауға болады. Бұл шығындар түрі қосымша өнім бірлігі өндірілетін жағдайдағы шығын көлемінің өсуін немесе осы өнім өндірілмеген жағдайдағы шығынның азаю көлемін көрсетеді. Орташа шығындар түрлері мұндай ақпарат бермейді.

Тұрақты шығындардың өндіріс үдерісінде өзгермеуіне байланысты шекті тұрақты шығындар әрдайым нөльге тең болады (MFC = 0), сондықтан шекті шығындар шекті ауыспалы шығындарға тең болады (MC = MVC). Басқаша айтқанда, ауыспалы факторлар қайтарымдылығының өсуі шекті шығындарды азайтады, ал қайтарымдылықтың төмендеуі, керісінше, оларды көбейтеді.

Шетелдік басқарушылық есеп жүйесінің негізгі ерекшелігінің бірі - шығындар есебінің жеделділігі. Бұл көзқарас негізінде шығындарды есептеу тәсілдері  келесі түрлерге бөлінеді:

-  нақты (өткен шақтағы, тарихи) шығындарды есептеу жүйесі;

-  «стандарт-кост» жүйесі негізінде есептеу.

Нақты (өткен шақтағы, тарихи) шығындарды есептеу жүйесі өткен жылдардағы (көбінесе 2-5 жылдар аралығын қамтиды) шығындарды есептеудің жалпы қабылданған әдісі болып табылады.

«Стандарт-кост» жүйесі еңбек, материалдар, үстеме шығындардың нормаларын (стандарттарын) бекіту, нормативті (стандартты) калькуляцияны және нормалардан (стандарттардан) ауытқуларды ескеру арқылы нақты шығындарды анықтау үдерістеріне негізделеді.

Шетел қонақ үйлеріндегі шығындарды есептеу жүйесі келесі негізгі элементтерден тұрады:

-  шығындар түрі негізінде есептеу;

-  шығындарды пайда болу орындарына байланысты есептеу;

-  шығындарды тасымалдаушы негізінде есептеу (өнім бірлігінің құнын калькуляциялау);

-  «директ-костинг» жүйесі негізінде есептеу;

-  уақыт аралығының нәтижесі бойынша есептеу.

Шығындар түрі негізінде есептеу кәсіпорын шығындарының тік (вертикалды) құрылымын сипаттайды, оның ерекшелігі белгілі уақыт аралығындағы шығындарды өнім түрлері бойынша жүйелік есептеу болып табылады. Бұл отандық жалпы өнім немесе қызметтің толық өзіндік құнын есептеу тәсіліне сай келеді.

Шығындарды пайда болу орындарына байланысты есептеу кәсіпорын шығындарының көлбеу (горизонталды) құрылымы туралы ақпарат береді, бұл жүйе негізінде жанама шығындарды жоспарлау, есептеу және бақылау үдерістері жүзеге асырылады. Бұл жүйеде көрсеткіштер ретінде машина/сағат және адам/сағат алынады. Шығындардың бұл есептеу жүйесінің артықшылығы - нормативтер ауытқуларын есептеу және ауытқуларды шығындарды есептеу парағында пайда болған жерінде көрсету мүмкіндігі.   

Шығындарды тасымалдаушы негізінде есептеу (өнім бірлігінің құнын калькуляциялау) – шығындарды тасымалдаушыларына жатқызу, яғни нарықта өткізуге арналған өнімдер немесе қызметтер құны негізінде есептеу.

«Директ-костинг» жүйесі негізінде есептеу әдісі басқаша «шығындар статистикасы» деп аталады, мұнда тасымалдаушылар шығындары орташа көрсеткішке келтіріледі. «Директ-костинг» жүйесі негізінде есепті ұйымдастырғанда өнім бірлігінің ауыспалы шығындары өнім бағасынан шегеріледі, осының негізінде өнімнің брутто-пайдасы анықталады (маржиналдық пайда). Маржиналдық пайда көлемі тұрақты шығындарды жабудағы өнімнің үлесін көрсетеді. Кәсіпорынның нетто-пайдасын есептеуде брутто-пайдадан тұрақты шығындар сомасы шегеріледі. «Директ-костинг» әдісінде белгілі уақыт аралығындағы тұрақты шығындардың жалпы сомасын шығындар пайда болған есептік мерзімнің нәтижесіне жатқызады.

Уақыт аралығының нәтижесі бойынша есептеу жүйесі кәсіпорынның жалпы пайдасын толық шығындар мөлшерімен салыстыру негізінде жүзеге асырылады. Нәтижесінде уақыт аралығындағы қызмет атқару тиімділігі анықталады (нетто-пайда немесе нетто-шығын).

Шет мемлекеттердегі кәсіпорындарда осы әдістерден басқа бәсекелестер өндірісіндегі шығындарды салыстырмалы талдау әдісі қолданылады.

Қорыта келгенде, біздің  Республикамызда  қонақ үй кәсіпорындары өзінің  жоғары  тиімділігі  арқылы  ұлттық  экономиканың  табысты  бағыттарының  бірі  болып  табылады.  Қона үй секторы дамуының әлемдік үрдістері мен Қазақстандағы оның жай-күйінің арасындағы алшақтық шынайы резервтер мен потенциалды мүмкіндіктер болған жағдайда ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттағы проблемалар кешенін шешуді талап етеді, ондай проблемалардың қатарына туризм инфрақұрылымының жеткілікті дәрежеде дамымағандығы, көрсетілетін қызметтердің деңгейі төмен болуы, көрсетілетін қызметтер сапасының баға деңгейіне сай келмеуі, қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі, т.б. жатады. Аталмыш проблемаларды шешу үшін қонақүй қызметтерінің қазіргі даму деңгейін талдап, тиісті ғылыми зерттеулер жүргізу қажет. Сонымен қатар, шетел тәжірибесіне жүгіне отырып, кәсіпорынның ішкі және сыртқы саясаты мен факторларын шешу керек.

Жұмыс барысында шетелдік тәжірибемен алмаса отырып, қонақ үй қызметіндегі шығындарды есептеудің әдіс-тәсілдері мен формулалары анықталды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Кабушкин Н.И. «Менеджмент туризма». Уч. пособие. МН:, БГЭУ, 1995ж 2006ж.«Международное гостиничное хозяйство». Уч. Под. ред. проф. Эконом.наук. Чудновского А.Д. – М:, Ассоциация авторов и издателей «ТАНДЕМ». Изд-во ЭКМОС, 2000

2.Кибанов А. Я., Мамед-Заде Г.А., Родкина Т. А. «Управление персоналом». Москва, 1998ж

3. Лукичева Л.И. Управление персоналом М.: Омега–Л баспасы, 2004 ж.

4.Кучер Л. С., Шкуратова Л. М. «Ресторанный бизнес». Сочи, 2002ж.

5.Қазақстанның қонақ үйлер мен мейрамханалар Ассоциациясының статистикалық ақпараты (КАГиР).

6.Омаров Қ.М. «Қонақ үй шаруашылығы». 2012ж