экономика магистрі Абжанова
Жауказын
э.ғ.к Талапбаева Гульнар
Едиловна
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақстан
Республикасы, Қызылорда қаласы
Туристік
қызметтер нарығында маркетингті қолданудың
ерекшеліктері
Туризм
саласында маркетингті колдану туристік қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылардың
мүдделерінің келісілгендігіне мүмкіндік береді. Туристік
фирма кызметінің масштабы, турфирма дамуының жалпы стратегиясы
мен қызметкерлердің кәсіби мамандану деңгейіне байланысты маркетингті
қолдану бағыттары да әртүрлі болуы мүмкін.
Маркетингтің
мақсаты - фирма ұсынатын қызметтерге нақты және
жасырын сұранысты анықтап, фирманың бар ынтасын осы
қызметтерді өндіру, қайта бөлу, өткізу және
жылжытуға бағыттау. Яғни, туристік маркетинг
турфирманың туристік өнімдері мен қызметін өткізу
нарығын кеңейту мақсатында турфирма әкімшілігімен
жүзеге асырылатын функциялардың
жиынтығы болып табылады.
Туризмдегі маркетинг коммерциялық мақсаттағы тұтынушылардың туристік қызметтерге сұранысын, қажеттіліктерін
анықтау бойынша стратегиясын қалыптастырады. Сонымен қоса,
туристік маркетинг турфирмалар
қызметін, туризм саласындағы аймақтық, ұлттық және
шықаралық деңгейдегі мемлекет саясатын ұйымдастырады.
Туризмдегі
маркетинг аса маңызды болып табылады, себебі туристік қызметтерге сұраныс өте икемді болып келген
және «қанығу феномені» деп аталатын
маусымдық ауытқулармен ерекшеленеді.
Әлемдік
туристік ұйым туристік маркетингтегі негізгі 3 міндетті бөліп көрсеткен:
-
тұтынушылармен байланыс орнатып,
ұсынылып отырған демалыс
орны олардың талаптарына сай
келетіндігіне сендіру;
-
туристік
өнімді өткізуге мүмкідік туғызатын
жаңалықтарды өндіру;
-
қызметтерді
нарықта жылжыту шаралары қорытындыларын талдау
және осы қорытындылар туризм саласындағы мүмкіндіктерді
қаншалықты
қолданғандығын
көрсететіндігін бағалау.
Туристік бизнестегі маркетингтің алар орны ерекше және ол сұранысты мақсатты түрде
басқару үшін қолданылатын құралдардың байланысқан жүйесі болып табылады.
Туризмнің
әрі
қарайғы дамуында маркетингтік қызметтің әсері
зор. Өкінішке орай, туризмдегі маркетингке қажетті мән берілмейді. Туристік маркетинг белгілі
бір міндеттерді шешу үшін қолданатын әдістердің
жүйесі болып табылады. Ол
психологиялық және әлеуметтік факторлар
тұрғысынан қарағанда тұтынушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандырып, туристік кәсіпорындар мен ұйымдардың
қаржылық жағынан тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Туристік
нарық субъектілерінің қызметінде маркетингті
қолданудың мәні - тұтынушылар
және сыртқы ортамен (демографиялық, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік – мәдени, саяси, ғылыми -
техникалық) тиімді байланыс орнату арқылы нарықта
тұрақты қызмет ету жолдары мен әдістерін іздестіру болып табылады.
Туристік
фирманың тиімді қызмет етуі үшін маркетингтің негізгі
міндеттері келесідей болуы тиіс: жаңа бизнес - идеяларды
қалыптастыру; маркетингтік ақпаратты қолдану және
синтездеу; тұтынушылармен (нақты және потенциалды),
партнерлармен бизнес — орта динамикасын, өндірістік потенциалын және фирма мүмкіндіктерін
ескере отырып фирма шеңберінде және одан тыс жұмыс жасау.
Бұл міндеттерді шешуде тиімді іскерлік
ұсыныстарды қарастырып, олардың негізінде фирма
қызметінің стратегиясын анықтаудың маңызы зор.
Осы таңда нарық сегменті тұсындағы әртүрлі
туристік өнімнің потенциалды тұтынушыларын іздестіру
жұмыстарын жүргізу қажет. Нарық конъюнктурасын талдау
(нарық сыйымдылығы; туристік өнім номенклатурасы; тұтынушылардың төлем
қабілеттігі; құқықтық, сауда -экономикалық
және экологиялық жағдайлар; географиялық орналасу;
табиғи орта), туристік
өнімді өткізу жүйесін қалыптастыру, фирманың
ұйымдық құрылымын ұйымдастыру және нарық (бір немесе бірнеше) мүмкіндіктерін жүзеге асыру
перспективаларын ескере отырып қызметкерлерді
жұмысқа алу сияқты сұрақтар актуалды болып
табылады.
Отандық
турфирмалар қызметін талдау көпшілік турфирмалардың
маркетингтік әдістерді жергілікті ғана қолданып, маркетингтік
құралдардың жеке дара түрлерімен шектелгендігін
көрсетті. Қазіргі кезде турфирмалар ең жиі қолданатын
маркетинг құралдары - әртүрлі коммуникация құралдары болып
табылады.
Маркетингтік
коммуникация құралдары туристік өнімді нарықта жылжытуға мүмкіндік береді. Алайда,
турфирмалар жарнаманы басқаларынан жиі қолданады. Жарнамалық
ақпараттың кең таралған тасымалдаушысы баспа
құралдары, радио және теледидар болып табылады.
Туристік
индустриядағы жарнаманың өзіне тән ерекшеліктері бар.
Олар келесідей:
-
туристік жарнамадағы ақпараттың неғұрлым шынайы және нақты
болуы үшін жауаптылық;
-
дәстүрлі тауарлар
сияқты туристік
қызметтердің сапасы, дәмі,
пайдалылығы болмайтындықтан,
олар жарнаманың ақпаратпен
қамтылғандылық және пропаганда сияқты
функцияларының дамуын қажет
етеді;
-
туристік қызметтер ерекшелігі
объектіні неғұрлым
кең түрде
сипаттайтын құралдарды қолдануды қажет етеді.
Сондықтан туристік
индустрияда кино, фотоматериалдар, суреттер жиі қолданылады;
- туристік өнім
жарнамасында ерекше сауда ұсынысы болуы керек.
Қазақстанда жоғары табысты және қарқынды
түрде дамыған туристік
қызметтер
нарығын қалыптастыру үшін жалғыз жарнаманы
қолдану жеткіліксіз.
Ол үшін туристік агенттіктер мен турфирмалар өздері
қолданатын маркетинг құралдарының өрісін
кеңетуі қажет.
Туристік
қызметтерге тұтынушылар
қоятын талаптардың жоғарылауы мен бәсекелестіктің
күшеюі туристік ұйымдардың маркетингке бет бұрып,
сыртқы орта өзгерулеріне бейімделу және бәсекелестік
күрестегі жетістіктерді
қамтамасыз ету үшін стратегиялық маркетингтік жоспарларды қалыптастыруына әкелді.
Туристік
нарықтың микродеңгейде дамуы нарық пен сұранысты жан -жақты зерттеуге негізделген маркетинг
әдістерін қолдану, турфирма қызметін ұйымдастырумен анықталады.
Қазақстанда
туризмде маркетингті қолдану баяу қарқынмен өтуде. Тәжірибенің, ғылыми -
әдістемелік бағдарламалар, кәсіби мамандардың жетіспеушілігі әрбір фирма мен
кәсіпорынның
маркетинг сияқты қызметті өз қызетімен игеруіне итермеледі.
Еліміздің
әлеуметтік - экономикалық жағдайын тұрақтандырудың бірден - бір
бағыты ретіндегі туризм дамуының перспективасы, аймақтар экономикасының
динамикалық дамуы, валюталық түсімдердің
жоғарылауы ше т.б.
маркетингті микро және макро деңгейде қолданудың
жаңа бағыттарын қалыптастыруды талап етеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1 Курбанова Р. «Современное состояние
туризма в Казахстане: проблемы
и перспективы».Транзитная экономика. - 2006. - № 1.
2 Пивоварова М.А. «Стратегия
привлечения клиентов в индустрии туризма».
Маркетинг. - 2000. - № 2.
3 «Реалии и возможности туристского рынка
Казахстана». Деловой мир. -
2000.- № 5.
4 Яновский А.М. «Маркетинговая
деятельность на рынке турпродукта». Маркетинг.
- 2005. - № 4.