СЕЛ - ҚАУІП ҚАТЕРІНЕН САҚТАНДЫРУДАҒЫ МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР

 

Ғылыми жетекші: Байдаулетова Г.Қ.,

Азимбаева Арайлым Био-212-1,3 тобының студенті

 

Сел қауіп-қатерінен сақтандырудың идеясын әзірлеу және оны іс жүзінде енгізу маркетингтік зерттеулер жүргізуді талап етеді.

Маркетинг – бұл атқарылымның сан алуаны ең ақырында тауарды тұтыну сферасына (өрісіне) дейін жеткізуге және сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекет.

Қазіргі уақытта сақтандырудағы маркетинг сақтандыру ұйымдарының технологиялық арсеналының толық құқықты құрамдасы болуда. Сел қауіп-қатерінен сақтандыруда маркетингтік зерттеулер маркетингтік ғылымның жалпы қағидаларына сәйкес қамтамасыз етілуі, сондай-ақ сақтандырылатын қауіп-қатердің өзіндік ерекшеліктерін ескеруі керек.

Кез келген сақтандыру маркетингінде жүргізілетін ғылыми зерттеулердегі сияқты, түгелдей алғанда сел қауіп-қатерінен сақтандыру маркетингісінде де мақсаттарды құрудың және міндеттерді күнтәртібіне қоюдың, зерттеулердің әдістемесін әзірлеудің, деректер банкін құрудың, талдаудың құралын таңдаудың, үлгілеу мен болжаудың, қорытындылар мен ұсыныстар жасаудың кезеңдеріне  бөлінеді.

Сел қауіп-қатерінен сақтандырудағы маркетингтік зерттеулердің мақсаты – сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы қаржылық-экономикалық қатынастарды оңтайландыруды қамтамасыз ететін сел қауіп-қатерінен сақтандыру бойынша шешімдер қабылдау үшін ақпараттық – талдаулық база құру, ол сақтандырушыны – селдердің кері әсерінің реципиентін өте жақсы үлгіде қанағаттандыратын және сақтандырушының тілеген табысына қол жеткізуін қамтамасыз ететін сақтандыру қызметтерін соншалықты және сонша мөлшерде көрсету болып табылады.

Маркетингтік зерттеулер барысында алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін міндеттердің тұтас кешенін шешу қажет.

Сел қауіп-қатерінен сақтандыру сақтандыру нарығында жаңа өнім болып табылатын болса, онда оның ең маңызды міндеттерінің біріне сақтандыру идеясын – бар қауіп-қатерлерден сақтандырудың қажеттілігін өркениетті қоғамның экономикалық өмірінің табиғи элементі есебінде қалың жұртшылықтың сана-сезіміне енгізу жатады, демек әр адам сел құбылыстарының зиянды зардаптарының азаюы туралы өз бетінше айналысуы керек. Қазіргі уақыттағы маркетингтік ғылымда қоғамдық пайдалы сана-сезім идеялардың маркетингі деп аталады.

Қаралып отырған қырда маркетингтік идеялардың басты міндеттерінің бірі өмірі мен іс-әрекеттері сел сел қауіп-қатерімен түйіндес келетін халықтың, мемлекеттік қызметшілердің, шаруашылықпен айналысатын субъектілердің сақтандыру мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Маркетингтік зерттеулердің міндеттері нарықтың жай-күйі, оның әрі қарай дамуы, нарықтық ахуалды ғылыми негізде алдын ала айту, нарықтық механизмнің үрдістері мен заңдылықтары туралы шынайы ақпарат алу, нарықтық процестерді реттеу және оларға бейімделу болып табылады. Сел қауіп-қатерінен сақтандырудағы маркетингтік зертетулердегі мұндайлар: әлеуетті сақтандырушыларды табу, олардың қажеттілігі мен болашақ сұранысын зерделеу болып табылады, бұл сақтандырушы өзінің сақтандыру қызметтерін табысты іс жүзіне асыратын мақсатты нарықты негізді таңдауды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда сақтандыру нарығының болжамдық сегментациясын талдау, сақтандыру өнімін әзірлеген кезде сақтанушылардың қажеттіліктерін, сақтандыру қоржынын болжау жүзеге асырылады.

Маркетингтік зерттеулердің әдістемелері күрделі құбылыстар мен процестерге қойылатын жалпы талаптарға: жиналатын бастапқы ақпараттың дұрыстығына; жеке құрылымдық элементтер бөлуді және олардың баспалдақты құрылысымен өзара байланыстарын анықтауды қамтитын олардың заңдылықтары мен серпінін зерделеуде жүйелілігіне; кешенділігіне, демек олардың процестері мен құбылыстарын түгелдей толығымен зерделеуіне; ғылыми құралдарын пайдалануы мен талдаудың әдістеріне негізделген.

Сел қауіп-қатерінен сақтандыруды маркетингтік зерттеулерде сақтандырудың пәні – сел қауіп-қатері туралы ақпарттарды жинау мен талдауға айтарлықтай рөл беріледі. Зерттеулердің бұл сферасының әдістемесі сел құбылыстарының пайда болуы қауіп-қатері мен әсерінің қауіп-қатерін бағалаудың ғылыми негіздерге негізделуі керек.

Шынайы ақпарат жиналмаса маркетинг өзінің арнауын толық орындай алмайды. Ақпаратты жинау, өңдеу және жүйелеу сел қауіп-қатерін сақтандыру маркетингісінің ақпараттық-талдаулық процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Дәстүр бойынша ақпарат маркетингтік зерттеулер барысында кейбір мәліметтері бар және нарықтық іс-әрекетімен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың арасында жиналады. Ақпаратты таратушылар ҚР-сының Статистика агенттігі мен оның жергілікті органдары, сондай-ақ басқадай мемлекеттік және қоғамдық  ұйымдар (ғылыми мекемелер мен оқу орындары бар), оның ішінде ресми басылымдар (ЖАК-ғы), бюллетеньдер, анықтамалықтар болып табылады.

Сел қауіп-қатерінен сақтандырудағы зерттеулердің маркетингісінің ауқымында ақпараттық жинау үшін жоғарыда атап өтілген көздерді пайдаланудан басқа сел құбылыстары туралы ақпарат жинау бойынша арнайы зерттеулер жүргізу қажет болады.

Сел қауіп-қатерінен сақтандырудағы маркетингтік зерттеулердің құралдары статистикалық, эконометрикалық, әлеуметрикалық және меншікті маркетингтік әдістер тапсырылуы керек.

Статистикалық әдістер сел қауіп-қатерінің кеңістік бойынша таралуы мен серпінінің заңдылықтарын бағалауда, әлеуметрия сақтандыру өнімін тұтынушылардың мінез-құлқын зерделейді, эконометриялық тәсілдер сақтандыру нарығында үлгілей және болжау процестерінің кезінде қолданылады.

Сақтандыру нарығы – бұл ерекше әлеуметтік-экономикалық орта, экономикалық қатынастардың саласы (сферасы), мұнда сатып алу-сату қатынасына сақтандыру арқылы қорғау жатады, оған сұраныстар мен ұсыныстар қалыптасады. Сақтандыру нарығы сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы органикалық байланысты қамтамасыз етеді. Сақтандыру нарығы құрамдас бөліктердің: сақтандырушылардың, сақтандыру өнімінің, сақтандырушылардың ұдайы өзара әрекеттегі күрделі көпфакторлы серпінді жүйе болып табылады.

Сақтандыру нарығының маңызды құрамдас бөлігі сақтандыру өнімін сатып алуға қатысатын немесе қатысуға қабілетті нағыз және әлеуетті тұтынушылар болып табылады.

Сел қауіп-қатерінен сақтандыру нарығы – бұл селдердің кері әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын,  оларға уақытша тұруға келген немесе қызмет ететін жеке және заңды тұлғалар. Олардың бір бөлігі сақтандырудың әр түрлері бойынша (өмірді, мүлікті, автоазаматтық жауапкершілікті және т.б. сақтандыру) тіпті полистерді иеленушілер болып табылуы мүмкін. Екінші бөлігі әлі де болса кез келген сақтандыру өнімін сатып алуға қатыспауы мүмкін. Бұлардың бірінші және екінші бөлігі де сел қауіп-қатерінен сақтандыру нарығының әлеуетті қатысушылары болып табылады және оларды нарықтың шынайы қатысушыларына аудару сақтандыру маркетингісінің ең маңызды атқарымдарының біріне жатады.

Нарықты зерттеу оны сегментациялауды – демек, қабылданған критерийлерге сәйкес ішінде клиенттері (әлеуетті сақтанушылар) бір біріне барынша ұқсайтын фрагменттерге бөлуге бөлуді болжайды. Сегментация сақтандыру өнімінің тұтынушылардың қажеттілігіне барынша бейімделудің мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Сел қауіп-қатерінен сақтандыру нарығының сегментациясы сел қауіп-қатерінің деңгейі, сақтандыру қызметтерін әлеуетті тұтынушылардың құрамы, сақтандыру өнімінің типі бойынша жүргізілуі керек. Бірінші жағдайда әр түрлі қуаттағы сел тасқындарының жүріп өту жиілігі және оған сәйкес келтірілген зиянның мөлшері ескерілуі керек. әлеуетті сақтанушылар міндетті, ерікті және ерікті-мәжбүрлі сақтандырулардың қатысуларына бөлінулері керек; құқықтық мәртебесінің деңгейі бойынша жеке және заңды тұлғаларға; мінез-құлықтық ерекшеліктері бойынша сақтандыру өнімін пайдалануға әр түрлі қатынасы және сипатымен топтарға бөлінуі керек.

Сақтандыру өнімдері қауіп-қатерден сақтандырудың қабылданатын тізбесі, сақтандыру арқылы жабудың дәрежесі, бағасы, таратылуының жүйесі бойынша ажыратылуы мүмкін.

Нарықты сегментациялаудың негізгі критерийлері географиялық, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, мінез-құлықтық болып табылады.

Географиялық белгісі бойынша сел қауіп-қатерінен сақтандырудағы сегментация – бұл сел қауіп-қатерінің әр түрлі деңгейіндегі аумақтар бойынша әлеуетті клиенттерді бөлу, сондай-ақ оларды ауылдық жерлер, кенттер, қалалар, өнеркәсіп орталықтары және т.б. орналасулары бойынша саралау. Географиялық орны бойынша сегментацияға жеке тұлға және заңды тұлға есебінде сақтандыру нарығы жатады. Кейінгісі әрі қарай салалық бағыныштылығы, қауіп-қатерлерден қосымша сақтандыру типі, кәсіпорынның мөлшері, олардың табыстылығы және т.б. бойынша саралануы мүмкін.

Сел қауіп-қатерінен сақтандырудағы демографиялық сегментация нарықты әлеуетті сақтандырушыларға бөлу – жеке тұлғаларды жасы, жынысы, отбасының жағдайы, отбасының құрамы, діні, ұлты сияқты сипаттамаларына қарай топтарға бөлу.

Әлеуметтік-экономикалық  сегментация әлеуметтік және кәсіби керек-жарақтың, білім мен табыстардың деңгейінің жалпылығы негізінде сақтандыру қызметтерін тұтынушылар топтары білуді болжамдайды.

Мінез-құлықтық сегментация нарықты білім деңгейі, қатынастары, өнімді пайдалану сипаты немесе оған реакциясы сияқты тұтынушылардың сипаттамаларына қарай топтарға бөлуді болжамдайды.

Сақтандыру нарығын зерттеудің маңызды міндеттерінің бірі оның сиымдылығын анықтау болып табылады. Сақтандыру нарығының сиымдылғы дегеніміз – сақтандыру өнімін таратудың болуы мүмкін көлемі.

Әлеуеттік сиымдылық көпшілік жағдайда жеке бастың және қоғамдық қажеттіліктеріне байланысты болады. Көпшілік жағдайда ол жеке адам мен бүкіл халықтың (жұртшылықтың) қауіпсіздікке қажеттілігін іс жүзіне асыруымен байланысты.

Сақтандырудағы қажеттілікті маркетингтік зерттеулер басқарудың немесе әлеуметтік инженерингінің әлеуметтік теориясының негізгі ережелерін пайдалануы керек. Әдістемелік негіз есебінде «ізгіліктік психологияның» негізін салушы А. Маслоудың қажеттілік теориясы, Т. Парсонстың «Структуры потребностных диспозиций» атты еңбегі, А. Пригожиннің мақсатты болжау және мақсатты жүзеге асыру, сондай-ақ өзін өзі ұйымдастыру идеялары пайдаланылуы мүмкін.

А. Малоу адамдардың қажеттілік жүйесінде қауіпсіздік, тұрақтылық, тыныштылық, қолайсыз әрекеттерден қорғану, болашаққа сенімділік, жалпылық, адамдар қоғамдастығына қатыстылық, әлеуметтік топтарға қажеттіліктерін бөледі. А. Парсонның пікіріне орай әлеуметтік субъектілерінің өзара әрекеттері бір бірімен «өзара күтулерінің» жүйесімен байланысты, олардың дәйекті үлгісі мәдени, әлеуметтік және өзара айырбаста тұрған жеке адамдық жүйешікті қамтиды. Ол былайша атап өтеді: ахуалды жеке адамның бағалауы тек жеке адамның қажеттіліктеріне (оның ішінде қауіпсіздік қажеттілігіне) ғана емес, онымен бірге мәдениеттің стандарттылығынан туындайды.

Әлеуетті сақтандырушылардың қажеттіліктерін таратудың дәрежесі мен, тиісінше, сақтандыру қызметкерлерінің көлемі көп жағдайда олардың тіршілік деңгейіне тәуелді болады. Халық пен заңды тұлғалардың төлем қабілеттілігін зерделеу сақтандыру нарығының болжауда маңызды болып табылады.

Халықтың тіршілік деңгейін зерттеу статистикалық көрсеткіштер жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта бір бірінен көрсеткіштердің құрылымы мен жиынтығымен айырма жасайтын бірнеше жүйе бар. Олардың ең толығы 40-қа дейін көрсеткіштерді қамтиды, олардың жиынтығы ішінен сақтандыру жүйесіне сел қауіп-қатерінің реципиенттерін тарту мүмкіндігін бағалау үшін ең көп ақпараттылығы жан басына шаққандағы тұтынылатын жалпы ұлттық өнім (тұтыну қоры, жеке бастың тұтыну қоры, халықтың ақшадай табысы, жұмыс ақының орташа мөлшері, зейнетақы, жәрдемақы; халықтың ақшадай шығысы, орташа жұмысақының сатып алу қабілеттілігі, халықтың ақшадай жинағының сомасы, жинақталған жеке бастың мүлігінің құны, халықтың жан басына шаққандағы жиынтық табысының бөлінісі, күнкөрістің ең төменгі деңгейі, кәсіпорындардың пайдалылығы және т.б. болып табылады. Халықтың тіршілігі сапасының кешенді көрсеткіші есебінде Халықаралық Ұйым ұсынған БҰҰ-ның даму бағдарламасы (БҰҰБ), адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ) пайдаланылуы мүмкін.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.                        Мукина Л. Экологическая ответственность в странах Европы // Страховое ревю,  1999. февраль-март. - С. 6. - 14

2.                        Закон Республики Казахстан от 18 декабря 2000 г. № 126-П "О страховой деятельности"

3.           Аскарова М.А., Ботбаев  А.К.  Страхование рисков социо-, техно-, биосферы в зонах проявления селевых  процессов. Известия НАН РК.  Серия геологическая, №2 (400), 2006. С.56-61

4.           Медеу А.Р., Ботбаев А.К, Машукова Н.К. Сел қатерлерінен сақтандырудың тұжырымды негіздері. География және табиғат, №4, Алматы, 2006. С. 5-8 .