География и геология/1. Регионоведение и региональная организация

общества

 

аға оқытушы Жорабеков Е.У., оқытушы Ибраимов Н.Л.

 

Тараз мем лекеттік педагогикалық институты, Тараз мем лекеттік университеті, Казахстан

 

Туған өлкенің туристік мүмкіндіктері

 

        Туризм үшін табиғи ортаның ресурстарына баға беріп, жарамдылығын анықтау – туризм мен өлкетанудың ең басты мақсаты. Мәдени-тарихи және археологиялық объектілерінің туристік-рекреациялық ресурстардағы маңыздылығына қарай, табиғи жағдайлардың алатын орындары да ерекше, себебі олар рекреация мен туризмнің дамуында негізгі алғышарттар жасайды.

Рекреациялық табиғи алғы шарттар - деп ең алдымен табиғи-территориялық және аквальды кешендердің әр түрлі дәрежелерін айтатын болсақ, олардың компоненттері мен жеке қасиеттерін, оның ішінде географиялық орнының ерекшеліктерін және тағы басқаларын атап көрсетуге болады. Сонымен туризмді жан-жақты дамыту үшін ең басты анықталатын мәселе ол елдің географиялық орны. Н.В.Гоголдың айтқанындай, елдің географиялық орналасуы арқылы, елдің тұрмыс тіршілігін көруге болады. Қазақстанның географиялық орнына келетін болсақ Қазақстан орасан зор Еуразия материгінің орталығында орналасқан. Ол жер көлемі жөнінен дүние жүзіндегі аса ірі, яғни Ресей, Канада, АҚШ, Қытай, Бразилия, Австралия, Үндістан, Аргентинадан кейін 9 орында, ал Евразия материгі бойынша Ресей, Қытай, Үндістаннан кейін 4 орында екендігі белгілі. Жерінің ауданы 2,7 (2724, 9 км.) млн.шаршы километр.

        Республика батыс, солтүстік-батыс және солтүстікте Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстік шығыста Қырғыстанмен, оңтүстікте Өзбекстанмен, оңтүстік-батыста Түркіменстанмен шектеседі.Қазақстан аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 км. және батыстан шығысқа қарай 3000 км-ге созылып жатыр. Орасан зор алапты алып жатуының нәтижесінде мұнда алуан түрлі табиғат кешендері орын алады. Осыншама зор аймақтың табиғат жағдайлары сан алуан. Жер беті Каспий маңы ойпатында теңіз деңгейінен көп төмен жатса, Алтай мен Тянь-Шаньның жоталары 4000-5000 м. биіктікке дейін жетеді. Ал бүкіл Орталық Қазақстанды Сарыарқаның биік жазықтары, аласа таулары және шоқылары қамтиды. Дегенмен Қазақстан аумағы негізінен жазық болып келеді. Солтүстігінде Оралмен, оңтүстігінде Каспий, Арал теңіздерімен және Орта Азия тауларымен көмкерілген кең жазираны бойлап ежелгі заманнан-ақ б.э.д. II – XVI ғасырға дейін Азия мен Еуропаны, Батыс пен Шығысты жалғастырған көпір “Ұлы Жібек жолы” да қазақтың кең далаларын басып жүрген. Қазақстан Еуразия материгінің терең түпкірінде, мұхиттардан алыс жатуына байланысты климаты шұғыл континентті болып келеді. Еліміздің жер бедерінің алуан түрлігіне қарай туризмнің барлық түрін ұйымдастыруға болады. Қазақстанда тарихи-мәдени туризммен қатар, қорықтар мен ұлттық табиғи саябақтарда экологиялық туризмді дамытуға бол мүмкіндік бар. Кейінгі жылдары қорықтар мен ұлттық саябақтарда экологиялық туризммен бірге танымдық, жаяу, экскурсиялық туризм түрлері де өткізіліп тұрады.Елімізде 10 мемлекеттік қорық және 8 табиғи ұлттық саябақ құрылған. Экономикалық-географиялық белгілеріне қарай Қазақстан аумағы – Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан болып 5 экономикалық ауданға немесе аймаққа бөлінеді. Әрбір экономикалық аудан бірнеше облыстарды біріктіреді. Қазақстанның қай облысын алсақта туризм түрлерін оның ішінде танымдық, емдік, спорттық-сауықтыру, діни және басқада түрлерін дамытуға өте қолайлы. Солтүстік Қазақстан - Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары жатады. Солтүстік Қазақстан аймағы республикамыздың солтүстік қиыр шетінде Есіл, Тобыл және Обаған бассейнінде жатыр. Басты өзендері – Ертіс және оның екі сол жақ саласы Есіл және Тобыл. Ірі көлдері – Қостанай облысындағы Құсмұрын және Сары Қопа, Ақмола облысындағы Теңіз және Қорғалжын, Солтүстік Қазақстандағы Шағала, Ақмола облысында Шортан, Бурабай. Солтүстік Қазақстанның кейбір көлдері емдік минералды тұзымен және емдік батпағымен ерекшеленеді. Олар: Павлодардағы Мойылды, Солтүстік Қазақстан облысындағы Майбалық көлдері. Климаты шұғыл континентті. Солтүстік Қазақстан өлкесінің көптеген мәдени-тарихи, археологиялық орындармен көрікті аймақтарын туристерге көрсетуге мүмкіндіктер мол. Солардың бірі, Бурабай. Солтүстік Қазақстанда, Астана мен Көкшетау қалаларының ортасында нағыз оазисті, көрікті аудан Бурабай орналасқан. Бұл географиялық бұрыш Қөкшетау қыраты деп аталады, ал жергілікті жол сілтеуіштер оны “Қазақстан Швейцариясы” деп біледі. “Бурабай”, “түйе”- деген мағынаны білдіреді. Бурабай емдік-сауықтыру орталығы ретінде XIX ғасырдан бері белгілі. 1920 жылы Бурабай (бұрын орман шаруашылығы) жалпы мемлекеттік деңгейдегі курорт болып жарияланады. Қазір Бурабайда бірнеше санаторийлер мен демалыс үйлері ашылған: “Бурабай”, “Шортанды”, “Оқжетпес”, “Светлый”, “Жасыл орман, “Золотой бор” және т.б. Солтүстік Қазақстанның тағы бір туристерді өзіне тартатын өңірі ол Баянауыл өңірі. Павлодар облысындағы Баянауыл табиғи ұлттық саябағы еліміздің ең көрікті жері. Бұл ұлттық саябақта өсімдік жамылғысының 4 түрі қарастырылады: орман, орманды дала, дала және шалғынды.. Палеонтологтар бұл жерден осыдан 7-10 млн. жыл бұрын жирафтардың сүйектерін, мүйіз тұмсық тәрізді, қорқау қасқыр жануарлардың қаңқаларын тапты. Баянауыл – Павлодар облысының күнбатысында, қарт Ертістің сол жақ жағалауында орналасқан. Ең биік жері Ақбет тауы (1026м). Баянауыл өңірінен адамның тасқа салған суретін, ежелгі қазақ қоныстарының орнын, қасиетті Әулиетас үңгірін және басқа да археологиялық ескерткіштерді кездестіруге болады.

        Ескерткіш – кең мағынасында елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарихи-мәдени ескрткіштердің жиынтығы, мұражай және көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді қамтиды. Баянауыл тауларындағы табиғаты аса көркем жерлерідің бірі – Жасыбай. Жасыбай көлінің оңтүстік таулы қабырғасындағы жартаста – көне замандағы адамдардың болашақ ұрпақтарына қалдырған сурет мұражайына ұқсас “Драверт” гроты (қуысы) бар, ол сол кездегі адамдардың өмір салты мен күнкөріс әрекеттерін бейнелейтін көне мәдени ескерткіш болып саналады. Күрең қызыл, яғни охра түстес бояулар мен салынған тастағы суреттерді 1926 жылы орыс географы және саяхатшысы Драверт тауып, суреттеген.  Баянауыл өңірінде көптеген аты аңызға арналған орындар бар. Олар Қоңыр әулие үңгірі, Әулие бұлақ және т.б.Қоңыр әулие үңгірі Жамбақы тау құзының батысындағы “Қоңыр әулие” үңгірінің ортасында табиғи жаратылған “қазан тасқа” төбесіндегі гранит тастан су тамшылап тұрады. Судың емдік қасиеті бар және бұл жерге адамдар тәңірден тілек тілеп түнейтін орны болған. Сондықтан үңгірді “Қоңыр әулие” деп атаған. Таңғажайып үңгірінің ұзындығы 30м. ені 2,5м. Көл жиегінің “Найзатас” пен “Үңгір тас” аралығындағы өзекті ала біткен қанды қара ағаш орманын осыдан 40 ғасыр өтіп кеткен “мамонт” заманының ескерткіші ретінде қалаған, табиғаттың “ғасырлар саябағы” іспеттес. Бұл саябақты сақтап қалған, Ақбеттау тауынан ағып шығатын бұлақ, Халық оны “Әулие бұлақ” деп атайды. Оның құрамында қажетті мөлшерде йод, фтор және натрит хоспалары асқазанға шипалы “асханалық су” болып табылады. Оңтүстік Қазақстан. Оңтүстік Қазақстанға Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары кіреді. Басты өзендері – Сырдария, Шу, Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі. Ірі көлдері Арал теңізі, Балқаш, Алакөл, Сасықкөл. Алматы облысы аумағы жөнінен Ұлыбританиядан азғана кіші. Бұл территория әртүрлі жер бедерімен ерекшеленеді. Келген туристер бір күннің ішінде барлық ландшафт және климат зоналарын, құмды шөлдерден мәңгі мұздықтар мен биік шыңдарды кездестіре алады. Шөл және жартылай шөлейт ерекше өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен танысуға болады. Алматы обылысы туристік жоспар бойынша Шарын шатқалын, реликтовая Ясеневая рощаны, Іле және Тамғалы жыраларын, Үлкен Алматы, Көлсай көлдерін сонымен қатар Іле Алатауы тауларын қарастырады. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан жері өзінің ежелгі мәдениеті мен тарихымен, көне Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауийдің, Тараздағы Айша бибі, Қарахан және Бабаджа Хатун кесенелерін мақтан тұтады. Байқоңыр ғарыш айлағы - Қызылорда облысының дүние жүзі туристерін өзіне тартатын басты аймағы. Оның жер көлемі 6 717 кв.км. Бұл жерде зымранның (ракета) ұшырылуын және Космонавтар мұражайын сонымен қатар Юрий Гагарин мен Сергей Королевтың тұрған үйін тамашалауға болады. Алтынемел - Жоңғар Алатауының Батыс сілемінде Қазақстандағы ірі саябақтардың бірі Алтынемел ұлттық саябағы орналасқан. Ауданы 460 000 гектар. Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері сақталған. Мұнда әртүрлі гүлдердің қайталанбас түрлерін Ақтау тауын, құмды Қатутау тауларын көруге болады.Саябақ аумағында тарихи ескерткіштер сақ қорғаны Бесшатыр (б.э.д.мың жылдық), Тамғалы тас (б.э.д. 16-14 ғғ.). Іле өзенінің оң жақ жағалауында әйгілі Әнші құм орналасқан. Көптеген жануарлардың Сібір тауешкісі, теке, құлан, тау қойы, арқар, қасқыр, түлкі, бүркіт, кекілікті және дүние жүзі бойынша қызыл кітапқа енген жануарларды көруге болады. Бесшатр қорғаны - б.э.д. мыңжылдықта Қазақстан территориясында тұрған ежелгі сақтардың тұрағы болған. Мұндағы аумақтар 2 кв.км. диаметрі 9м, биіктігі шамамен 2,5 м. болатын 18 хан қорғаны бар. Тамғалы тас (петроголифы) - Алматыдан 170 км-де Тамғалы тас шатқалы орналасқан. Мұнда бірнеше тарихи кезеңді байқауға болады. Қола кезеңіндегі көшпенділер мен түркі кезеңіне жататын 4000 сурет табылған. Шатқалдан көлденең жазықта металлмен ойылып жасалған күн құдайы, арқар, ешкі, марал, аңшының, әйел адамның, үй малдарынан: түйе, жылқы, бұқа, ит және т.б. бейнеленген. Тамғалы тас ЮНЕСКО-ның қарауында.

        Қазақстан экономикасындағы туризмнің рөлі әрқашан өсуде. Соңғы жылдары (2001-2003) елімізде туристік сапарлардың орташасы 176,3 мың адамды құрайды. Өқінішке орай Қазақстандағы туризм әлі аз нәтижелі.

ӘТҰ-ның (Әлемдік туристік ұйым) анықтауы бойынша мемлекеттер  «ең бірінші туристерді жабдықтаушы-мемлекеттер» және «ең бірінші туристерді қабылдаушы мемлекеттер» болып бөлінеді. Қазақстанда бұл градиация бойынша туристерді жабдықтаушы мемлекеттер қатарына жатады. Әлемдік тәжірибеде жабдықтаушы мемлекеттер жоғары дамыған, зор көлемде өнеркәсіптік потенциалымен сипатталады. Қазақстан көптеген экономикалық параметрі жағынан бұл мемлекеттерге жол береді және туристерді қабылдаушы мемлекеттер қатарына кіреді. ҚР Агенствосының статистикасы бойынша 2003 жылы туристерге қызмет көрсетудің ең жоғары пайызы ішкі туризмге 73,8%, ал кіру туризмге 1,6 % болды. Егерде ТМД елдердің байланысын қарайтын болсақ, ТМД елдерінде сыртқы туризм-31,6%, қалғаны-68,4% құрайды. Егер осы көрсеткішті 2001 жылғымен салыстырсақ кіру туризмінің 16,2%-дан (45,8%) 1,6%-ға қысқарғанын, шығу туризмі 2 есе немесе 45,8%дан 24,6%-ға дейін қысқарған. Бұл шетелдіктердің Қазақстанға қызығушылығы қысқарғанын  көрсетеді.

        Біздің көзқарастар бойынша бұл жағдайлар 2003 жылғы 11 қыркүйектегі оқиғамен байланысты. Сонымен қатар, орталық Азиядағы шиеленіскен саяси жағдайлармен байланысты.

 

Әдебиет:

 

1. Бейсенова А.С. Современное состояние развития туризма в Казахстане. А., 2000.

 

2. Управление туристским персоналом  «Турист» №3 (33), А., 2005.

 

3. Саипов А.А. Теория и практика туризма Казахстана. А., 1999.

 

4. Аджигалиев С.Е. Архитектура кочевников - феномен истории и культуры       Евразии. А., 2002.

 

5. Аджигалиев С.И. Генезис традиционной погребально-культовой   архитектуры Западного Казахстана. А., 1994.