Б.Қ.Абдрақов,
Д.И. Минарбеков, Н.С. Бекнурманов
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Қазақстан
АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ҮШІН – НЫҒАЙТУ
ТӘСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ҚАЖЕТ
Адам баласы ерте
кезден –ақ жастық шақты, өз денсаулығын
сақтап,өмірді ұзарту жолдарын іздеген болатын. Ғасырлар
бойы нешебір ғұламалар адам өмірін қалай ұзарту
керек деген сұрақ төңірегінде толғанып, іздеу
жүргізді. Адам өзінің денсаулығы үшін,
табиғаттың силаған
құбылыстарын кең пайдалана бастаған [1,2]. Мысалы,
сонау Ежелгі Грекияның дәрігері Эскулаптың ұсынысы
бойынша храмдар табиғаттың нешебір сұлу, ауасы жанға
шипа орман мен тау аңғарларына салынған. Ежелгі Қытайда
осыдан 3500 жыл бұрын өмір сүрген дәрігер ФУ-Су
жылдың мезгіліне байланысты ауруларға неше тұрлі ем
қолданып отырған. Біздің ғасырдан 700 жыл бұрын
жазылған тибет медицинасының канондарында ауа райына байланысты
өзгеріп отыратыны жайлы баяндалыпты. Онда, мысалы, жауынды, желді
күндер, буындағы аурулар күшейе түсетіні жайлы
мәлімет бар екен. Жыл мезгіліне байланысты тамақ түрін
өзгерту туралы да осы тибет медицинасында айтылыпты.
Ежелгі
Грекияның ғұлама философы Платон да, дене шынықтырусыз
денсаулықты сақтау мүмкін емес екені жайлы мәлімдеме
жасапты.Денесіндегі бұлшық еттері жетілмеген әлсіздік солбыр-
салақ жалқау, аурушаң адамдарға ғана тән
деп есептелген. Ежелден сақталған ауызда мынадай
қызықты оқиға айтылыпты.
Ежелгі Рим
көшесімен қыстың аязды күнінде жылы киінген бір жас
жігіт келе жатып, өзіне қарсы жеңіл киімді (тек қана
трусы киген) қартты кездестіріп, оған таңғалғаны
сонша, мынадай сұрақ қойыпты. Мынадай суықты
жеңіл жүргеніңіз қалай, тоңбайсызба? Сен
күн қанша ызғарлы болса да бетіңдегі бүркемей
келесің ғой? Деп қарт сұраққа жауап
беріпті. Біздің ғасырдан бұрынығы заманда өмір
сүрген дәрігер әрі философ Абу Али Ибн-Синаның
(Авиценаның) «Дәрігерлік ғылымының канондары» атты
еңбегінде таза ауа көптеген аурулардан сауықтыратыны жайлы
жазыпты. Таза ауаның, суға шомылудың, моншаның емдік
қасиеттері жайлы мәліметтерді немістің жазушысы, ғалым-физик
Лихтенбергтің, орыстың апостолы Андрейдің, қолбасшысы
А.В. Суворовтың, жазушысы Л.Н. Толстойлың, ақын А.С.
Пушкиннің, физиолог И.П.Павловтың, ежелгі қазақ
ғалым-дәрігерлері Әб-Райхан-ал-Беруни, Әбіл Қасым
Хальф иби Аббас аз-Захрави, Өтей бойдақ Тілеуқабылұлының
еңбектерінен кездестіруге болады.
Медицинаның
қазіргі заманда дамуына, оның жетістіктеріне қарамстан дене
шынықтыру арқылы ленсаулықты қалыпты ұстау
және нығайту бағытындағы басты мәселе болып отыр.
Аурудың 50 пайызын осы денсаулықты төзімдікке шындау
арқылы, дене тәрбиесін жақсарту жолымен жеңуге,оларды
болдырмауға қол жеткізуге болады екен. Денсаулықты
нығайтудың тиімді тәсілі-дене қимылын, белсенділікті арттырып, дене
шынықтыруға ерекше көңіл бөлу. Олар тек күш
қайратты, шыдамдылықты, төзімділікті ғана арттырып
қоймай, күнделікті өмірде қажет ұстамдылық,
батылдық, өзін-өзі ұстай білу, тапқырлық,
жинақылық секілді жақсы мінездерге тәрбиелейді екен
[3,7].
Дене шынықтыру
арқылы организімді төзімділікке үйретіп, қалыптастыру
жолдары аз емес. Атап айтқанда-таза ауада жүріп серуендеу,
жүгіру, суға жүзу, шаңғы немесе велосипедид тебу,
конькимен сырғанау және т.с. дене қимылын ететін физкультура
түрлері адам денсаулығын нығайтып, көптеген аурулардан
іргемізді аулақ ұстауға себеп болады. Жалпы шынығу адамның
сыртқы ортаға тұрақтылығын, физиологиялық
резервтерін күщейтетін, жұмыс қабілетін өсіретін
пайдалы зат. Шынығу үшін сыртқы ортаның табиғи
және жасанды факторларын пайдаланамыз [4,5].
1. Ауамен шынығу. Ауа ваннасының денсаулыққа
пайдалы екені жайлы көпшілік жақсы біледі. Адамның терісі мен
ауа температурасының арасындағы айырмашылық алшақ
болған сайын, ауа ваннасының емдік қасиеттеріне
тоқталар болсақ, олар мыналар: жүйкенің
шарашағанын басады, ішкі секреция бездерінің қызметін, ас
қортыу процесін жақсартады, жүрек пен қантамырлар
жүйесін, тыныс алуды реттейді, сергектік пен жеңілдену сезімі пайда
болады. Эмоциялық салмақты жеңілдетіп, тыныштандырады. Ауа
ваннасының қабылдау еш қиындық тудырмайды. Оны 15-16
градустен жоғары 3-5 минут қабылдаудан бастайды.
Көңіл-күй жақсы болса, күнделікті 1 минут
қосып, жалпы 20-25 минутқа жеткізуге болады.
2. Су
процедуралары (салқын сумен
жуынып, сүртіну, душ қабылдау, ашық су көздеріне шомылу
және т.б.)
3. Күн
сәулесі.
4. Жаяу
жүру. Адам баласы
табиғатынан жаяу жүруге дағдыланған.
Физиологтардың мәліметтеріне қарағанда, жаяу
жүрген кезде ағзаларға айтарлықтай зор күш,
түспейді екен. Соған қарамай, адам жүрудің
қарқынын арттырса, не ойлы-қырлы жерлермен жүрсе,
организмге түсетін күштің мөлшері арта түседі
сөйтіп жаяу жүрісті жүрек-қан тамырын, аяқ
бұлшық еттерін, тыныс ағзаларын, буындарды шынықтыру
мақсатында кең пайдалануға болатыны белгілі [6,8,9].
Егер адам бір
орнында қимылсыз ұзақ тұрса аяқтағы
қан тамырларға елеулі күш түсіп, олар кеңейе
түседі. Олардың көпшілігінің аяқтары ісіп,
ауырсынады. Дене салмағы бар семіздікпен ауыратын адамдар үшін
аяқ тамырларындағы мұндай өзгерістер ізсіз қалмайды, олардың көк
тамырлары кеңейіп көктамырларының қабынуы, яғни
тромбофлебит, лимфостаз сияқты аурулар пайда болады. Жүрген кезде
қан тамырларындағы қанның қысымы тенеледі.
Сондықтан жұмысты сіресіп тұрып бір орында істеуге болмайды,
мезгіл-мезгіл аяқтарды қимылдатып, салмақты әр кезек
салып тұрған жөн. Бір орыннан тұрғанан гөрі
жүрген әлдеқайда оңай.
Жаяу
жүрудің ұзақтығы адамның
көңіл-күіне, денсаулығына байланысты. Жаяу
жүргенде тыныс алу ауырламаса (бір қалыпта болса),денесі жіпсіз
аздап тер шықса, қанағат сезіміне бөленсе, жеңіл
ғана шаршағанын сезсе, жүрек соғуы жай
кезден10-20-ға артса және ол 5-10 минуттан кейін бастапқы
қалпына келсе, онда сіздің денсаулығыңыз үшін
жаяу жүрістің пайдалы болғаны. Жаяу жүрген кезде тыныс
алудың дұрыс болуын қадағалаған жөн. Ол
үшін бастапқы кезде сапалы түрде қозғалысты тыныс
алумен сәйкестендіру қажет. Мысалы,2-3 адам аттағанда демді
ішке алып, 4-5 қадам бойына демді сыртқа шығарып
отырған жөн. Одан кейін тыныс луға көңіл
аудармаса да болады, үйрене келе ол өзі ретке келеді.
Жүрумен
айналысу үшін арнайы спорт кешені, стадион қажет емес. Ол
үшін қалалық скверлер, саябақтар, автотранспорттар аз
жүретін көшелер жарай береді. Ал ауылда тұратындар үшін
ешбір кедергі жоқ. Жүріп, бойды сергету үшін өзен,
көл жағалары, тау шатқалдары, белді далалар, жолды
қыраттар, тау беткейдеріндегі соқпақтар жарап жатыр. Тек
өзіңіз жалқаулыққа салынбай, енжарлыққа
мойын ұсынбай, ынжахатыңыз болса болғаны. Тіпті жұмыс
орны 2-3 аялдамадан аспайтын қала тұрғындары үшін
автотранспортқа отырмай-ақ қысы-жазы жаяу жүріп
барып-келу таптырмайтын денешынықтыру.
Жаяу жүру
алдында бірнеше рет керіліп-созылып гимнастикалық жаттығулар жасап,
жүріп келгеннен кейін бұлшық еттерді босаңсытып
жаттығулар жасаған артық емес. Содан кейін жылы душ
қабылдау да пайдалы. Дендері сау адамдардың тез жүргендері, ал қартың,
әлсіз адамдардың жай, бірақ ұзақ жүргендері
дұрыс. Ұйқыға
барар алдында күніге 20-30 минут таза ауада серуендеп қайту
пайдалы. Демалыс күндері мүмкіндік тауып қала сыртына
шығып, саяжайда қол жұмысымен айналысып, табиғатпен
сырласып келген артық емес. «Өмір дегеніміз- қозғалыс»
деп кім айтса да тауып айтқан.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Амосов Н.М. Раздумья о здоровье. М., ФИС, 1987
2.
Белов В.И. Энциклопедия здоровья. М., 1993
3.
Змановский Ю.Ф. К
здоровью без лекарств. М., Советский спорт, 1990
4.
Иванченко В.А. Как быть здоровым. СПГ, «Комплект», 1994
5.
Ордабеков С.О. Тәжбенов С. Денім сау болсын
десеңіз. Алматы «Қазақстан»,
1982, 80 бет.
6.
Өмешұлы Ә. Салауатты
өмір-денсаулық кепілі. Алматы «Білім» - 1999, 96 бет.
7.
Шынтаев Ш. Өмір өзегі-денсаулықта.
Алматы, 2002,120 бет
8.
Ордабеков С. Медицина негіздері. Тараз. Тараз
университеті, 2003, 314 бет.
9.
Ордабеков С.О., Абдрақов Б.Қ. Валеология,
Қарағанды «Ақ Нұр» 2012,352 бет