Альмуханова Венера Иниятуллаевна оқытушы,

 Искакова Ляйла Маратовна оқытушы, магистр

Қазақстан Республикасы. Алматы қ. Абай атындағы ҚазҰПУ

 

ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕРНЕТТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 Әлемдік білім беру кеңістігіне енуімізге байланысты қазіргі кезде  еліміздің білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер жүруде.

«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді.  Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды  түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыруда  төмендегідей әдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады:

·       білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу; білім алуға мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау және  т. б.

·       жеке тұлғаны жетілдіру ( түлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен  шұғылдану іскерлігін дамыту, ақпараттық  мәдениетін қалыптастыру және  т. б.

·       әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман дайындау және  т. б.)

·       оқу-тәрбие жүмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды тереңдету  және т. б. [1].

Шет тілін оқытудың мақсаты – бұл студенттердің коммуникативті əрекетін жүзеге асыру, яғни шет тілін практикалық тұрғыда игеру. Оқытушының міндеті – оқыту процесінде əр студенттің белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық (творчестволық) жұмыс жасауы үшін жағдай туғызу.

Оқытудың компьютерлік бағдарламалары, Интернет-технологиялар, бейне- жəне аудиоматериалдары сияқты заманға сай құралдарды қолдану мұндай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Осылайша, «шет тілі» пəнінің ерекшелігі, оны оқытудың мақсаты тек ғана пəн туралы білім беру, яғни тіл туралы (тілдік компетенция) білім беру ғана емес, іс-əрекеттің тəсілі жайында алған білім негізінде тілдік сөйлеу əрекетінің төрт түріндегі (оқу, жазу, тыңдап түсіну жəне сөйлеу) белгілі бір дағдыларды жəне біліктіліктерді қалыптастыру. Сөйлеу əрекетінің кез келген түріне үйретуге тек осы əрекетті орындау барысында ғана қол жеткізуге болады.

Осыдан түйетініміз, шет тілін оқыту кезінде студенттердің өзіндік іс-əрекетін оны оқытып жатқан тілдік əрекет түрінде ғана ұйымдастыруға болады. Мысалы: тыңдап түсіну дағдысына үйрету кезінде əрбір студент шет тілде жазылған, сол елдің адамдарының сөйлегенін естуге мүмкіндік алуы тиіс. Бұл жерде үлкен мүмкіндіктерді Интернет желісі ұсына алады [2].

Интернет ШТ (шетел тілін) үйренушілерге аутентті мәтіндерді қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен қарым-қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады. Дегенмен, Е. С. Полаттың көрсетуі бойынша, «қандай да болмасын оқыту құралы, ақпараттық-тақырыптық ортаның қандай да қасиеттерге ие болғанына қарамастан, дидактикалық мәселелер, білім берудің нақты мақсаттарымен шартталған танымдық қызметтің ерекшеліктері бірінші кезекті болып табылады».

Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет желісінің оқыту тиімділігінің әлеуетінің жоғары болуына қарамастан, оқытудың нәтижелері күткендей болмайды. Көптеген әдіскерлер компьютерлік оқытудың өзін ақтамай жататындығын, көптеген бағдарламалардың, Интернет сайттарының әдістемелік көзқарас тұрғысынан әлсіз болуымен, оқытудың міндеттеріне жауап бере алмайтындығына, елеулі шектеулері болуы мен дәстүрлі оқыту технологиясымен бәсекелесе алмайтындығымен байланыстырады. Басты мәселе, жаңа құралдардың кемшіліктерінде емес, компьютер мен соған сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етулердің болуымен қатар, оқытушының олардың пайдалану әдістемесін меңгергендігінде және осы әдістемені практикада іске асыра алуында. Оқу процесіндегі орнына қарай оқу құралдары орын басу құралдарына кейбір жеке жұмыстарда оқытушылардың орнын ауыстыра алатын – ереже, таблица, көрнекі құралдар, оқу материалдары және оқытудың көмекші құралдары (тақта, магнитафон және теледидар) жатады. Бірақ бұдан да күрделі оқыту құралдары бар. Бұл оқытудың кешенді құралдары, оларға фонграммалар, фильмдер және әрине, компьютер бағдарламалары жатады [3].

Интернетті білім беруде қолдану төмендегі байланыс құралдары арқылы жүзеге асады:

1.     сайттар;

2.     видеоконференциялар;

3.     қашықтықтан оқыту;

4.     оқу-телекоммуникациялық жобалар.

Телекоммуникациялық құралдарға келесілерді жатқызамыз: электронды пошта;

ü    Chat — бір арнайы уақыт бойынша сөйлесу;

ü    Web-сервис; Web- конференция;

ü    мобильдік Интернет;

ü    Интернет-дүкен.

Дидактикалық көзқарас тұрғысынан оқытудың дəстүрлі құралдары алдында Интернеттің ерекшелігі түпнұсқа жəне өзекті материалдарды қамтамасыз ете алуында, сонымен бірге мəдениаралық коммуникацияны қамтамасыз етуінде. Білім беру ұйымдарында (колледж, университет және т.б.) студенттерді оқыту кезінде шет тілі сабақтарында Интернет пəн бойынша жаңа ақпарат, түпнұсқа материалдардың қайнар көзі ретінде қолданылады. Студенттер рефераттар, курстық жəне дипломдық жұмыстарды, семинарлық жəне практикалық сабақтарға дайындалу кезінде Интернет-ресурстары көмегімен қосымша ақпаратты іздеуді жүзеге асырады. Ағылшын тілі сабағында біз үшін ағылшын тілдік газеттермен жұмыс жасаудың өзекті мүмкіндігі пайда болды. Мəдениаралық компетенцияны меңгеру жоспарында онлайндық газеттер – таптырмайтын көмекші. Ол студенттерді дəл осы сəтте болып жатқан əлемдік жаңалықтардың ортасына түсіреді. ВВС, World Service (http://www.bbc.co.uk/worldservice); CNN World News (http://cnn com/world) жəне тағы басқа ақпаратық агенттіктер ағылшын тілінде берілген жаңалықтарды тек оқуға ғана емес, көп тілде берілетін жаңалықтарды тыңдауға да мүмкіндік береді, тіпті ағылшын тілін меңгерудің өзіңе қолайлы деңгейін таңдап, жаңалықтарды Learning English режимінде тыңдауына болады [4].

Қазіргі заманда ғылымсыз жан - жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал бүгінгі заманға сай шет тілдерінің оқытылатын  сабақтары осы мәселелерді шешуде маңызды орын алады. Білім алушыларға Интернет арқылы білім бере отырып, олардың осы салада өз қажеттіліктеріне пайдалана алуға қатысты біліктілік, дағдылық, ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың маңызы зор. Сондықтан Интернетті қолдану білім алушылардың ағылшын тілін үйренудегі оңтайлы дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндіктерін береді, сонымен қатар студенттердің танымдық дағдыларын дамытуға оң ықпалын тигізері сөзсіз. Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы. Білім саласындағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне тікелей байланысты. Сондықтан біз тек әлем деңгейіндегі бәсекеге қабілетті жастарды дайындай білуіміз керек. Ал қазіргі кездегі заманның сабағы жаңа ақпараттық технологияны  меңгерусіз мүмкін емес.

 

Резюме

В статье рассматривается вопрос о перспективах развития иностранного языка при использовании интернета.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.                 Шетел тілін оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолданудың маңызы.Сулейменова  О. Я., Толебаев  Т.П., Кайбалдиева   Б.М. Вестник КазНМУ им. С.Ж. Асфендиярова. 2012. С. 56-59

2.                 Скибицкий Э.Г., Егоров В.В. Дистанционное обучение: теория, практика и перспективы развития. Моногр. - Алматы, 2004.

3.                 Полат Е.С. Интернет на уроках иностранного языка//М.,  ИЯШ, 2001, №2, с. 24-28.

4.                 Внедрение дистанционного обучения и информатизация управления учебным процессом в КарГУ им. Е.А. Букетова // Под общ. ред. Ж.С.Акылбаева. - Караганды, 2003.