УДК 374.3:329.78
«Елдің
ертеңі-жастар»
З.ғ.к Бисенова М.Қ., аға оқыт.
Алмешова А.Қ.
Арун Сандуғаш
Ю-13 топ студенті
almeshova.altynaj
@ mail.ru
Ақмешіт
гуманитарлық-техникалық институты, Қызылорда
Бүгінгі
ұрпақтың заман ағысынан қалмай, сапалы білім беру
жолы өзекті мәселе болып бермек. Осы себепті де мемлекет басшысы
биылғы Жолдауында білім саласын реформалауға қатысты
мәселелерді міндет етіп жүктеп, көрсетті. Білім беру
жүйесін жаңғырту мақсатында, оқу үдерісінде
қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу,
педагогтар құрамының сапасын арттыру болып отыр. Мұнай,
өзге де шикізат байлықтардың бітетінін, ал білім
байлығының өмір бойы жалғасатынын елдің дамуына
сол білім байлығының қосар үлесі ерекше екені айтылды.
Шындығында жаhандану заманында әр ұлттар мен
мемлекеттердің өзара бәсекелестігі мен
ықпалдастығы артып отырған жағдайда, елдің
бірінші кезекте адамның ақыл-ойына, оның біліміне көп
күш салынатыны белгілі.
Сонымен
бірге жас ұрпақтың құқықтық
мәдениетін көтеру, құқықтық білім
беру, құқықты насихаттау білім беру
қызметінің құрамдас бөлігі болып отыр.
Осыған орай жастардың құқықтық
санасын, қарапайым құқықтық
сауаттылықты арттыру жөніндегі жұмысты қарқынды
түрде жүргізу қажет. Халық арасында
интернет-ресурстарды қоса отырып, бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы
құқықтық насихаттың сапасын арттыру мен
көлемін кеңейту, күнделікті өмірде жиі
қолданылатын құқық салаларында
ғылыми-зерттеулерді жандандыру қажет.
Президент
жолдауын басшылыққа ала отырып, біз жас ұрпақтың
тәрбиелі, еңбекқор елі үшін адал болуына
көңіл бөлудеміз. Қоғам дамуындағы ең
басты бағыт-оқушыға жүйелі, жан-жақты білім беру
мен тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі кезде
оқушыларымыз білімді, талантты, талапты болуы керек. Осыны жүзеге
асыру-мұғалімнің жұмысына тікелей байланысты.
Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңының
8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің
бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру
жүйесінің алдында оқыту үрдісінің
технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың
әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл
педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, институт өміріне
енуде. Сонымен бірге, оқыту үдерісінің тәрбиелік
құрамдасын күшейту қажет. Олар патриотизм, мораль мен
парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен
толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға
мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар
жастардың санасына сіңірілуі тиіс. Қоғам
жастардың руын көтеріп, ұлттық идеялар мен
ұлттық бастамалардың ошағы болуға ұмтылды.
Егер рух болмаса, ол өлі қоғам. Жансыз, тұғырсыз
қоғам. Сондықтан ұлттың рухани санасы биік болса,
білімді болуға да ұмтылары даусыз.
Қорытынды
Жас
ұрпақтың құқықтық
мәдениетін көтеру, құқықтық білім
беру, құқықты насихаттау білім беру
қызметінің құрамдас бөлігі. Осыған орай
жастардың құқықтық санасын,
сауаттылығын арттыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу
қажет.
Резюме
Для
предоставления качественного образования и достойного воспитания учащимся
нашего покаления преподавателями были анализированые различные технологии
обучения и исследованы опоты передовых педагогов.
The summary
This year our
President has sent the messages. In him enters problems of training new
techniques of education.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ж. Ибрагимов «Жолдауда құқықтық
жүйенің тарихи сабақтастығы аңғарылады»
«Айқын» газеті. № 45, 07.03.2012ж.
2. Ө. Айтбайұлы «Сөз
түзеледі, тыңдаушы сен де түзел»
«Айқын» № 3. 27.02.2012ж.