Бикенова Ж.М., Медиева С.Х.,Скакова А.К.

«№92гимназия»КММ

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ 

 

           Білім беру ұйымдарындағы тәрбие үрдісін

          басқарудың тиімді әдістері мен тәсілдері

 

                       

      «Басқару»- дегеніміздің өзі-кен мағынада айтқанда, белгілі бір жүйенің жағдайын реттеу, одан қажетті деген нәтижеге жету. Басқаруды ұйымдастырудың жүйелі түрі- тәрбие жұмысының алға қойған мақсаттарына бағытталған әдіс-амалдар оларды қоршаған орта жағдайы мен жаңа талаптарға лайықтап іске асыру міндет. Ендеше мектептегі тәрбие үрдісін басқару басты екі мақсатқа сай құрылады:

-   бірінші тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыру;

-   екінші мектеп педагогикалық ұжымының және оқушылардың қажеттіліктері мен қиыншылығы бірге жүретін педагогикалық үрдіс әрі аса жоғары міндет.

         Мектеп- жас өспірімдерге, шәкірттерге өмірдің ағымына қарай үнемі сапалы білім, саналы тәрбие беруді мақсат ететін мекеме. Сондықтан, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тәрбие қызметіне жан- жақты жауапкершілікпен қарап, өзіне жоғары талап қоя отырып, ұжым алдындағы мақсатқа жету тиіс. [1].

         Ұлттық мектеп деп өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін, тәрбиесін беретін мектепті айтады. Ұлт мектебі болудың басты белгісі- оқушының ұлттық рухта тәрбиеленуі. Сондықтан, ұлттық мектептегі тәрбиенің негізгі міндеті- оқушыларды ұлттың алдында тұрған проблемаларды шешуге дайындау, өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарын құрметтеуге тәрбиелеу. Ендеше, жас ұрпақты ата- баба салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын сақтауға тәрбие шаралары арқылы бағыттап отырған жөн. Әр оқушыға терең білім бере отырып еліне еңбек етуге, Отанын қорғауға дайындау бағытында ұлттық мектептің берері аз емес. Ол үшін қазіргі ұрпақтың ой еңбегі мен дене еңбегін жетілдіру мақсатында да педагогикалық ұжымның тер төгуі қажет.  

                Тәрбие үрдісін бақылаудың бірнеше түрлері бар.

-        Жалпылама (мысалы, бірнеше күн оқушылардың сабаққа

қатынасуы, яғни сабаққа келушілер санын бақылау).

-        Тақырыптық (тәрбие жұмыстарының кейбір жақтарын арнайы

тақырып бойынша тексеру)

-        Дербес (кейбір сынып жетекшілердің, мұғалімдердің іс- әрекетін

бақылау)

-        Ұжымдық (сынып ұжымының, оқушылардың, үйірме

жұмыстарының іс-әрекеттерімен танысып бақылау) [2].

        Тәрбие әдісі- қойылған мақсатқа жетудегі оқушылар ұжымы мен тәрбиешілер іс- әрекетінің күрделі жиынтығы. Оның көмегімен, тәрбие процесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мақсатты түрде іске асырылады. Әрбір әдіс- құрал болып табылады, оның көмегімен тәрбиеші оқушы санасына, сезіміне, тәртібіне әсер етіп, әртүрлі іс- әрекеттер жасалуы керек.

       Этикалық әңгіме- этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез- құлқына, жүріс- тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс- қылықтарын талдайды.

       Пікірталас. Сынып жетекшілері оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады. Пікірталасты өткізбес бұрын, оның тақырыбын, сұрақтарын тұжырымдап, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып, пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді.

        Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамды құрметтеу,өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. Партаға сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті болмағандықтан, басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірн сұрап, оқушыны жақсы қасиеттердің қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.

Сендіру. Мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былай дейді: «Ақымақ- жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермейді». Оқушыға сабаққа кешігудің зияндығын дәлелдеу үшін: «Бәріміздің ойымызды бөліп жібергендіктен, адамдардың кешіккені ұнамайды»- дейді.

Жаттығу әдісі- мінез- құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс- әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары- тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасап, қуанышқа бөленуі.

          Мадақтау-оқушылардың тәртібін, мінез- құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы. Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез- құлқы мен көңіл- кұйіне бақылау жасауға, өзін- өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез- құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез- құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады.

          Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау. Жазалау- жағымсыз мінез- құлқы мен іс- әрекетінің теріс екендігін балаға ұғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына өте сақтықпен қарауы тиіс [3].

        Жарыс оқушылардың бір-бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс- әрекетіне жаңа серпін, жаңа өріс беріп, өзіне талап қоюына мүмкіндік туғызады.

Тәрбие әдістеріне педагогикалық- психологиялық талаптар:

-  Оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу- тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру;

-  Тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру;

-  Педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы.

          Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады. Олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Өйткені, сынып жетекші- сынып оқушларының «бағдаршамы». Бағдаршам істен шықса, алуан түрлі жол апаттары болары анық, ендеше, тәрбие беруде сынып жетекші ол қылықтарды жіберсе, өскелең жас жеткіншектердің әр қилы қателіктерге ұрынуы мүмкін. Сондықтан, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда, жүйелі түрде жоспар құрып алып, жұмысқа кіріскен дұрыс [4].

         Қорытындылай келгенде, басқару- нәтижеге жетудің бір жолы. Ең бастысы, біз, тәрбиелеуде қателік жібермей, белгілі жүйемен жан- жақты жұмыс жүргізсек, жас ұрпақ салауатты, адамгершілігі мол болары даусыз. «Тәрбие- ұлағатты іс» деп ұлы ойшыл, Әл-Фараби айтпақшы, тәрбие қызықты, қиын, өнегелі бала болашағына жол сілтейтін ғажайып жұмыс екендігі ақиқат.

        

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.   Ғаламдық жаһандану кеңістігі һәм ұлттық тәрбие // Современные тенденции управления развитием человеческих ресурсов в системе образования. Мат.научно-практ.конференции (12-13 апреля 2005 г). – Алматы, 2005. – ІІ б, Б.353-358.

2.   Ұлттық тәлім-тәрбиенің тарихи кезеңдері // Гуманитарное образование в условиях модернизации казахстанского общества: опыт и перспективы. Сб.материалов республиканской научно-практической конференции (21-22 апреля 2005 г) / ЕАГИ. – Астана: Изд-во ЕАГИ, 2005. – Б. 291.

3.   Оқушылар ұйымының тарихы: Скаутизмнен пионеризмге дейін // Білім берудегі менеджмент.– 2005. – № 2 (37). – Б.56-63

4.    Мектептегі оқушылар ұйымының тәрбиелік моделі // Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика. – 2005. – №6. – Б. 62-64.