Педагогические науки/3.Методические
основы воспитательного процесса
П.ғ.к. Жайлауова М.К., магистрант Арыстанова А.С.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті, Қазақстан
Бастауыш
сынып оқушыларының өзіндік бағалауын
қалыптастыруда отбасының алатын орны
Өзіндік бағалаудың пайда болуы және дамуы
проблемасы бала тұлғасы қалыптасуының маңызды
проблемаларының бірі болып табылады. Өзіндік бағалау –
өзіндік сана дамуының қажетті компоненті, яғни
адамның өзін, өзінің дене күштерін, ақыл-ой
қабілеттерін, қылықтарын, өз
мінез-құлқының мотивтері мен мақсаттарын,
өз айналасындағыларға, басқа адамдарға және
өзіне қатынасын түсінуі.[1]
Тұлға қалыптасуына әсер ететін түрлі
әлеуметтік факторлардың қатарында маңыздыларының
бірі-отбасы болып табылады. Дәстүрлі түрде
отбасы-тәрбиенің маңызды институты. Адам отбасында
алған нәрсені бүкіл өмір бойы сақтайды.
Отбасының мәні - онда адам өз өмірінің
маңызды бөлігін өткізетініне байланысты.
Тұлғаның негізі отбасында қалыптасады.
Өмірінің алғашқы күнінен бастап анасымен,
әкесімен, аға-апаларымен, ата, әжесімен және т.б.
туысқандарымен жақын қарым-қатынас барысында балада
тұлға құрылымы қалыптаса бастайды. Әрбір
адамның өмірінде ата-аналар маңызды және жауапты
рөл атқарады. [2]
Отбасы әлеуметтік институт ретінде балаға
құндылықтар жүйесін береді, одан бала
өзінің мәнділігі жайлы ақпарат алады. Өзіндік бағалауды
қалыптастыру – бала тұлғасын қалыптастырудың
маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Оңтайлы, қалыпты
өзіндік бағалау кезінде бала
өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін дұрыс
үйлестіреді, өзіне сыни тұрғыда қарайды,
өзінің сәтсіздіктері мен табыстарына шынайы
қарауға тырысады, жүзеге асыруға болатын қолжетімді
мақсатқа ұмтылады. Өзіндік бағалаудың
бұзылуы және өзіне теріс қатынас оқу
әрекеті мен қарым-қатынас саласында белгілі бір проблемаларды
тудырады. Өзіндік бағалауды қалыптастыруда отбасының
алатын орны ерекше. Баланың өзі жайлы түсінігі ол мектепке
келген кезге дейін қалыптаса бастайды. [3]
Балалық шақтағы өзіндік бағалау –
бұл баланың өз ата-анасынан алғашқы бағасын
алуы. Кейін өзіндік бағалау саралана бастайды. Отбасында
қабылданған тәрбие стилі өз күшіне енеді.
Бұл кезеңде баланың өзіндік бағалауы
отбасылық тәрбиелік саясаттың ерекшелігіне байланысты болады.
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік
бағалауының қалыптасуында отбасы тәрбиесінің
стилі, отбасында қабылданған құндылықтар
маңызды орын алады. Бұл жағдайда өзіндік бағалау деңгейі
жас ұрпақтың жүйке-психикалық
денсаулығының көрсеткіші ретінде көрінеді. Отбасы, ең алдымен, балаға
объективті пайда болатын қиындықтарды жеңуге
көмектеседі.
Баланың отбасында қалыптасатын өзіндік бағалауы
оның мектепке келгендегі бағдарларына әсер етеді.
Сондықтан достарының пікірімен санасу, басқа біреудің
көзқарасын сыйлау, өз беделін өзінің жетістіктері
есебінен арттыру қажет.
Әрбір ата-ана өз баласының тағдыры табысты
қалыптасқанын қалайды. Дегенмен көп нәрсе
баланың айналасындағы үлкендерге байланысты.
Осыны есепке ала отырып,
ата-аналарға төмендегідей кеңес беруге болады:
-Бала - тұлға, оны сол
күйінде сүйіңіз және қабылдаңыз.
-Бала төңірегінде
ұнамды ахуал тудыра отырып, оның бойында ар-намыс сезімін
тәрбиелеңіз, мақтаңыз, қолдаңыз.
-Өз балаңыздың
барлық табысын атап өтіңіз.
-Баламен
әңгімелесіңіз және оны тыңдай біліңіз.
-Қиын жағдаяттан
шығатын жол табуға көмектесіңіз.
-Балалардың қауіпті
мінез-құлқынан қашыңыз және баланың
өзіндік бағалауын арттырыңыз.
-Бала өмірінің адамгершілік
саласын қалыптастырыңыз.
Мектеппен ынтымақтаса отырып, ата-аналар балаларды
құндылықтардың дұрыс шкаласының
қалыптасуына қалыпты өзіндік бағалау мен өзіндік
құрмет ықпал жасауы тиіс. [2]
Балалардың өзіндік бағалауын арттыру үшін
оларға қолдау көрсету, шынайы қамқорлық
жасау және көбіне олардың әрекеті мен қылықтарына
ұнамды баға беріп отыру қажет. Баланың өзіндік
бағалауының қалыптасуына әсер ететін отбасындағы
тәрбиенің 3 стилін бөліп көрсетуге болады:
-авторитарлық;
-либералдық (бетімен жіберушілік);
-демократиялық.[3]
Тәрбиенің авторитарлық және диктаторлық
стиліне жылулық жетіспейді. Оған қатаң тәртіп
тән, «ата-ана-бала» режиміндегі қарым-қатынас «бала-ата-ана»
режиміндегі қарым-қатынастан басым тұрады. Әдетте
авторитарлық стильдегі ата-аналар өздерінің балаға
деген махаббатын аз көрсетеді, балалардың пікіріне назар
аудармастан, нұсқаулар мен бұйрықтар береді.
Мұндай отбасында тілалғыштық, дәстүрлерді сыйлау
және оларды сақтау жоғары бағаланады.
Тәрбиенің бұл стилі бала дамуындағы бірқатар
кемшіліктерге әкеліп соғады.
Бұндай балалар көбіне өз
құрдастарының күшті ықпалына түсіп
қалады. Олар ата-аналарынан алыстап кетеді және олардың
құндылықтары мен принциптеріне қарсы келеді.
Өзіндік бағалауы төмен балалардың өзіне-өзі
көңілі толмайды. Бала өз ата-анасының талаптарына
сәйкес келмейтінін сезеді.
Либералдық стиль үшін ата-аналар мен балалар
арасындағы жылы қарым-қатынас, төмен тәртіп
тән, «бала-ата-ана» қарым-қатынасы «ата-ана-бала»
қарым-қатынасынан басым болады. Либерал ата-аналар қамқор,
мейірімді болады, олар балалармен тығыз қарым-қатынас
орнатады. Бұндай ата-аналар балаларға өзін көрсетуге
мүмкіндік беруге ұмтылады. Оларға өз балалары
үшін жасауға болатын мінез-құлықтың
айқын шекарасын белгілеу қиын.
Тәрбиенің демократиялық стилі үшін ата-аналар
мен балалар арасындағы жылы қарым-қатынас, қалыпты
тәртіптік талаптар мен балалардың болашағына деген
үміт, сондай-ақ жиі қарым-қатынас тән.
Либералдық стильдегі ата-аналарға қарағанда олар
өз талаптарына қатал, бірізді және әділ.
Демократияшыл бағыттағы ата-аналар өз балалары
үшін мінез-құлықтың мүмкін шекаралары мен
стандарттарын белгілейді. Қажет болған жағдайда оларға
әрқашан көмектесетінін түсінуге мүмкіндік береді.
Егер ата-ананың талаптары орындалмаса, онда олар бұған
түсіністікпен қарайды және өз балаларын
жазалағаннан гөрі оларды кешіруге дайын болады. [3]
Табысты өзара әрекет, қамқорлық және
балалардан күтілетін шынайы нәтижелер арқылы олар даму
үшін жақсы мүмкіндіктер алады.Сонымен бірге мұндай
ата-аналар балалардың оқудағы табыстарын қолдайды.
Сонымен, баланың өзіндік бағалауын қалыптастыруға
отбасының ұнамды әсерін күшейту үшін
тәрбиелік мәні зор отбасылық психологиялық факторларды
есте ұстаған жөн:
-
баламен сөйлесу үшін әрқашан
уақыт табу;
-
отбасы өміріне белсене араласу;
-
баланың проблемаларына
қызығушылық таныту, оның өмірінде орын алатын
қиындықтарды түсіну және өзінің
іскерліктері мен талантын дамытуға көмектесу;
-
өз бетінше шешім қабылдауға
көмектесе отырып, балаға ешқандай қысым
көрсетпеу;
-
бала өміріндегі түрлі кезеңдер жайлы
түсініктің болуы;
-
баланың өзіндік пікір айту
құқығын сыйлау;
-
балаға өмірлік тәжірибесі аз тең құқылы
әріптес ретінде қарау;
-
отбасының барлық қалған
мүшелерінің мансап құруға және
өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысына түсіністікпен
қарау.
Әдебиеттер:
1.Фомина Л.Ю. Что влияет на
формирование самооценки младших школьников//Начальная
школа.-2003.-№10-С.99-102.
3.Аспер К. Внутренний ребенок и
самооценка.-М.: Добросвет, 2008.-356 с.
2.Акимова Г.Е. Как помочь своему
ребенку.-М.: У-Фактория, 2006.- 366 с.